жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сиқырлы пішіндер. Шеңбер
Тақырыбы: Сиқырлы пішіндер. Шеңбер.
Мақсаты:
Білімділігі : Балаларды геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, шеңбер фигурасымен таныстыру. Көру және түйсіну арқылы қоршаған ортадан дөңгелек пішінді заттарды табу дағдысын дамыту. Бір –біріне беттестіру арқылы фиуралардың шамасын салыстыруды үйрету.
Дамытушылығы: Балалардың ой өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту. Зейіндерін, белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: интерактивный тақта, геометриялық фигуралар, үлестірмелі материалдар . Билинвальды компонент: шеңбер- круг. Әдіс- тәсілдер: 1. Жылулық шеңбері. 2. «Сиқырлы пішіндер» әлеміне саяхат. 3. «Пішіндер» әні. 4. Шеңбермен танысу. 5. «Шеңберге ұқсас затты тап?» ойыны. 6. Сергіту сәті. 7. Ғажайып сәт. 8. «Автомобильді жөндейміз» ойыны. 9. Қорытынды.
|
Оқу іс-ірекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
Жылулық шеңбері Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық. Жүрекке жылу салайық, Жиналған жылы шуақты, Қонақтарға шашайық! |
Балалар жылулық шеңберіне тұрып, тәрбиешімен бірге жылы сөздерді айтады. |
|
Ұйымдастырушылық –ізденістік |
«Сиқырлы пішіндер» әлеміне саяхат -Балалар сендер, «Сиқырлы пішіндер» әлеміне барғыларың келеді ме? Ендеше, «Сиқырлы пішіндер» әлеміне саяхаттауға сиқырлы таяқша көмегімен барайық. Көзімізді жұмайық (музыка ойнайды). «Сиқырлы пішіндер» әлеміне келіп те қалдық. Сиқырлы пішіндер бізге дайындаған тамаша әні бар екен, бәріміз бірге тыңдайық. «Пішіндер» әні. -Балалар бұл пішіндерді геометриялық фигуралар деп атайды. Бүгінгі сабағымызда біз шеңбермен танысатын боламыз. Шеңбермен танысу Тәрбиші балалар назарын экрандағы геометриялық фигура шеңбермен таныстырады. -Бұл геометриялық фигура –шеңбер. Шеңбердің бұрыштары жоқ, тегіс дөңгелек. Ол сондықтан домалай алады. Тәрбиеші балаларға өз үстелдерінің үстінде геометриялық фигуралар бар екенін айтады. Ол қызыл түсті шеңберді табуды ұсынады. -Бұл шеңбер. Мен сияқты алып жоғары көтеріңдер. Жарайсыңдар. Ал, енді шеңберді саусақпен айналдырып шығамыз. Міне, былай. Қане, бәріміз бірге қайталайық. Енді оны үстел бетімен домалатамыз. Көріп тұрсыңдар ма, ол жақсы домалайды. Оның кедергі келтіретін бұрыштары жоқ. Шеңберге қандай заттар ұқсайды? Мысалы: Күн, ай, алма, доп, моншақ, машинаның дөңгелегі. «Шеңберге ұқсас затты тап?» ойыны. Суреттегі әртүрлі заттар ішінен шеңберге ұқсас затты табу. Сергіту сәті. Ал, балалар тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Дөңелектей дөңгелеп, Шыр айналып тұрайық. Қолды аспанға созайық, Түзу болып тұрайық. Бір біріне қосқанда, Үшбұрышты құрайық! Ғажайып сәт. Балаларға Мишка келеді де, автомобильмен серуендегісі келетінін ал, ол неге екенін қайдам жүрмейтінін бір орыннан қозғалмайтынын айтады. -Балалар, машина неге жүрмейді? Қызық. Кабинасы бар, орындығы мен рулі де бар, қорабы да бар... -Дұрыс, өйткені дөңгелектер дөңгелек қой олар домалай алады, сондықтан машина жүреді. Дөңгелексіз машина жүре алмайды.Сендер қалай ойлайсыңдар, біздің машинамыз үшін көлемдері бірдей дөңгелектер ме, немесе біреуі үлкен, екіншісі кішісі керек пе? -Ал, машина жөндеуді үйренгілерің келе ме? Міне, менің машинам. Маған екі бірдей дөңгелек керек. Мына дөңгелек жарай ма? Тәрбиеші үлкен дөңгелекті көрсетеді. Дөңгелекті машинаға тақалып көреді, балалар оның шынында да тым үлкен екеніне көздері жетеді. Ал мына дөңгелек келе ме? Қане, байқап көрейік. Дәл келді! Осындай тағы бір дөңгелек керек. Тәрбиеші екі фигураны салыстыру үшін бір біріне беттестіру тәсілін көрсетеді. Балалар екі дөңгелектің бірдей екенін көреді. -Міне, сөйтіп машинаны да жөндедік. «Автомобиль жөндейміз» дидактикалық ойыны Балалар қажетті көлемдегі бірдей дөңгелектерді тауып алады да, өз машиналарын жөндейді. Мишка өзіне машина жөндеуді үйреткені үшін алғыс айтады. Балалар машиналарын жөндеген кезде ол да өз машинасын оңдап алды, енді онымен серуендеуге болады. |
Барамыз. Көздерін жұмады. Әнді тыңдайды. Балалар тыңдайды. . Қызыл түсті шеңберді тауып, жоғары көтереді. Шеңберді саусақпен айналдырып көреді, домалатады. Шеңберге ұқсас заттарды тауып көрсетеді. Қимыл қозғалыспен орындайды. Балалар машинаның дөңгелектері жоқ екенін байқайды. Әрине, бірдейлері. Ия. Жоқ, ол үлкен. Беттестіру арқыла бірдей дөңгелектерді тауып, машинаны жөндейді. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
-Қандай пішінмен таныстық? -Шеңбердің бұрыштары бар ма? -Шеңбер қандай заттар ұқсайды? Балалар, сендерге «Сиқырлы пішіндер» әлемі ұнады ма? Енді сиқырлы таяқша көмегімен өз балабақшаға қайтайық. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. «Поезд» әнін айтып қайтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:геометриялық фигураларға ұқсас заттарды ажыратуды;
Игереді: беттестіру арқылы бірдей заттарды табуды ; Меңгереді:геометриялық фигура шеңберді .
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген