Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сиқырлы қолшатырлар әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Сиқырлы қолшатырлар әлемі»
Мақсаты: Балаларды түрлі музыкалық шығармашылық әрекеттерге қатыстыра отырып, өнерге, ән айтуға, би билеуге бейімдеу. Мерекелік іс – шараға ұжымдық ауызбіршілікпен қатыса отырып, бір – бірін тыңдай білуге, сыйлауға баулу. Күздің кереметтерін, күзгі табиғат құбылысындағы өзгерістерді ұғындыру арқылы табиғатқа сүйіспеншілікке, қамқорлыққа баулу. Осы арқылы балалардың, көрермендердің эмоционалдық көңіл – күйін көтеру.
Кейіпкерлер: Бұлт,Күз ханшайымы.
Зал іші күздің түрлі – түсті жапырақтарымен көркемделген. Ағаштан төгіліп жатқан жапырақтар ерекше мерекелік көңіл – күй сыйлайды. Айналаның барлығы сары түспен көмкерілген.
Сахна ашылып,музыка әуенімен ортаға 3бала шығады.Балалар үш тілде күз мезгілінің құбылыстарын сипаттайды.


Айым : Қарашы, күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.


Алидар: Осень, осень наступила,
Листья осыпаются.
Солнца нет и потемнело,
Дождик начинается.


Ясмина: Rain, rain go away.
Come again another day.
Little Jonny wants to play,
Rain, rain go away.


Барлығы бірге: Келіңдер, достар, келіңдер!
Алтын күзді тойлайық!
Музыка әуенімен барлық балалар сахнаға шығады.




Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекесі құтты болсын! «Ұлан»ортаңғы тобы бүлдіршіндері дайындаған «Сиқырлы қолшатырлар әлемі» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ән салыңдар, күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық!

Қызықтыру сәті. Кенеттен желдің дыбысы шығады. Желмен бірге жапырақ ұшып келеді.

Жүргізуші:
Балалар, бізге жапырақ ұшып келіпті. Онда жазу бар сияқты. Оқимыз ба?
Балалар: Иә!
-Сәлеметсіңдер ме,сүйкімді балақайлар! Мен-Алтын күзбін! Сендермен бірге мерекені тойлауға кешігіп жатырмын. Себебі, әлі жапырақтар мен шөптерді сары түске бояуым қажет, құстарды жылы жаққа ұшыруға тиіспін. Ал сендер, мерекені менің сиқырлы қолшатырларыммен бірге көңілді өткізіңдер.
-Балалар, қараңдаршы! Қандай әсем қолшатырлар. Күз ханшайымы оларды сиқырлы дейді. Тексеріп көреміз бе?
Балалар: Иә!
Тәрбиеші бірінші қолшатырды алады. Қолшатыр өз-өзінен айналады.
-Кім қолшатыр астында,
Тақпақтап айтар расында.


А.Алан:Алтын, сары, қызыл,көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.


Самира:О,алақай,тамаша!
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап?!


Амир:Қамба толды астыққа,
Алғыс саған Алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап – қап бидай алдық біз.

Мөлдір:Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.


Алихан:
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі
Күз әуені төгілді.



Айзере:
Сары жапырақ төгілген,
Тоғайды да көрдім мен.
Енді сары бояумен,
Күз суретін салам мен.



Тәрбиеші екінші сиқырлы қолшатырды алады:
Ән: «Күз мезгілі тамаша»


Тәрбиеші үшінші сиқырлы қолшатырды алғанда найзағай жарқылдап, ортаға бұлт шығады:
Бұлт ( ):
Күзгі көк бұлт мен болам,

Көтеріліп теңізден,

Аспанға биік барамын,

Қаласам қазір сендерге,

Жаңбыр болып жауамын.


Жүргізуші:
Жаңбыр жаумай тоқтай тұр,

Дабылыңды соқпай тұр!

- Біз сен жайлы би білеміз.

Би: «Бұлттар» (ұлдар биі)


Тәрбиеші келесі сиқырлы қолшатырды қолына алып:
Ал, достарым, келіңдер!
Ойын ойнап көріңдер.
Ойын: «Жемістер мен көкөністерді орындарына орналастыр»

Жұлдыз:Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.

Алишер:Сап - сары ғып даланы,

Бояпты ғой күз деген.

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.




Дария:Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.


Жалғас:
Келді міне, Алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен,
Риза етіп халқын қыз.


Тәрбиеші келесі сиқырлы қолшатырды алады:
Мына жерде жаңбырдан кейін шалшықтар пайда болған сияқты. Шалшықты басуға бола ма, балалар?
-Жоқ, киіміміз былғанады.
-Ендеше, шалшықтан секіріп өту арқылы шашылып жатқан жапырақтарды жинайық.
Ойын: «Жапырақтарды жинау»

Осы кезде әуен ырғағымен Күз ханшайымы билеп кіреді.
Күз ханшайымы:
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Мен - Алтын күзбін!
Жайдары, жарқын жүзбін.
Сендерге менің сиқырлы қолшатырларым ұнады ма?


Жүргізуші: -Иә. Біз сиқырлы қолшатырлардың көмегімен ән шырқап, би биледік, күз туралы тақпақтар айттық, ойын да ойнадық.
Күз ханшайымы кезекті қолшатырды алады:
-Қолшатыр кімге барады,
Әсем әнге салады.
Ән: «Қолшатыр»

Жанайым:Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Жауғаның қызық-ау.

Дамир:Бүгін мейрам,бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.

Серік Алан:Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.

Томирис:Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтіп.


Би: «Күзгі жапырақтар» (қыздар биі)
Күз ханшайымы: Өздерің қандай әдемісіңдер! Сендердің өнерлеріңе тәнтімін. Жомарт күздің тартуын қабыл алыңдар!
Жүргізуші:
Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын,
Көңілдердің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Біздерге бірлікпенен ортақтассын!
Құрметті ата – аналар, қонақтар,сүйкімді бүлдіршіндер! Біздің «Сиқырлы қолшатырлар әлемі» атты мерекеміз осымен тәмам.Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.10.2020
307
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12