400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сиқырлы қорапша

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға денсаулықтың адам өміріне қаншалықты қажет екендігі туралы түсінік беру. Логикалық ой-өрісін,қиялын,зейінін,есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту.Балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру. Табиғатты аялауға,қорғауға,тазалық сақтауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Shape1

Аймаханбетова Жанар Ермековна
Нұр – Сұлтан қаласы
№53 «Мерей» балабақшасының
I санатты тәрбиешісі
tolbasieva1999@mail.ru



Тақырыбы: Сиқырлы қорапша.
Мектепалды даярлық
логопедтік тобы.
Білім беру саласы: «Денсаулық».
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қауіпсіз мінез құлық негіздері.
Тақырыбы: «Сиқырлы қорапша»
Мақсаты: Балаларға денсаулықтың адам өміріне қаншалықты қажет екендігі туралы түсінік беру.
Логикалық ой-өрісін,қиялын,зейінін,есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту.Балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру. Табиғатты аялауға,қорғауға,тазалық сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кедір жолдар,айналар,жапырақтар кейіпкер
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу,түсіндіру,өлең шумақтары.

Шаттық-шеңбері:
Шуағын шашады,
Күн шықса жиектен.
Жылу алып нұрынан
Денсаулықты түлеткем.
Денсаулық-ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай
Денсаулық –ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай

  1. -Сәлеметсіңдерме Балалар! (балалар амандасады)


  2. -Ал енді орнымызғы ақырын жайғасып отырамыз.


  3. Сұрақ –жауап:

а) – балалар денсаулық бізге не үшін қажет?
ә) – денсаулықты сақтау үшін не істеуіміз қажет?
б) – денсаулығымыз жоқ болса,біз қандай боламыз?
в) –Бір жылда неше мезгіл бар? Атап беріңдер (балалардың жауабы).
г) –Қазір жылдың қай мезгілі? (балалардың жауабы).
ғ) – Күз мезгілінде неше ай бар? Қазір қандай ай? (балалар жауабы).
д) – бір аптада неше күн бар? Атаймыз (балалардың жауабы).
е) – күз мезгілігінің ерекшеліктері қандай?
(балалардың жауабтары е-1: Мади-Күн суытады бірақ күн шығып тұрады. е-2: Таир- аспанда бұлттар болады; е-3 Райяна: Жаңбыр жауады: е-4 Искандер: құстар жылы жаққа ұшып кетеді, е-5 Нурали- жапырақтар сарғайып жерге түседі: е-6 Жасмин-жемістер піседі, е-7 Али-көкөністер піседі, е-8 Эмирхан- жапырақтанр түседі ).


  1. Есік қағылып Жаңбыр кіріп келеді:
    -Сәлеметсіңдерме балалар! Мені таныдыңдарма? Мен Жаңбырмын. Сендер мені шақырдыңдарма?Мен сендердің Жаңбыр деген сөздеріңді естіп қалдым.Менімен қызықты ойын ойнағыларың келеді ме?
    Сергіту Сәті: Нөсер жауын

(балаларға сергіту сәтін өткізеді)

  • Жарайсындар балалар,бір сергіп қалдық,Жаңбыр жауғаннан кейін не шығады? Ой балалар ,ал менің кемпірқосағым қайда? Жаңа мен сиқырлы аралда болғанмын.Сендер шақырған соң асығып кетіп қалдымал кемпірқоасқ қалып қойған секілді.Кемнірқосақты әкелуге сендер маған көмектесіңдер.
    - Ал балалар Сиқырлы аралына барамыз ба? Ендеше кеттік.Бәріміз сиқырлы кілемге отырамыз.Жайғасып отырамыз және көзімізді жұмамыз. (балалар көздерін жұмып жайғасады).

  1. Сиқырлы аралына келу:
    - балалар міне аралымызға де келдік.Мұнда да кемпірқосақ көрінбейді,қане жан-жағымызды қарап көрейік.Балалар мұнда бір қорапша тұрған секілді,бірақ оны алу үшін мына кедергілерден өтуіміз қажет.
    1-тапсырма: Жалпы маторикасы
    -Балалар мына кедір жолдармен жүріп өту керек.(балалар кедір жолдармен жүріп шығады).

2- тапсырма:
-Балалар мына судан аттап ары –бері өтуіміз керек.Суды басып қалмаймыз.Жарайма. Ал кеттік (балалар айнадан ары бері өтіп шығады).
3-тапсырма: Тыныс алу- «Жапырақ үрлеу»:
-Балалар судың бетіндегі жапырақты үрлейміз (балалар айна бетіндегі жапырақты үрлейді).
4. тапсырма: Артикуляциялық жаттығу:
- Сағат (тілдерін оңға,солға қимылдату)

-Алтыбақан (жоғары төмен қимылдату)
-Тәтті тосап (тілмен ерінді жалайды)
- Ат шауып келеді (тілмен таңдай қағу)


5.-
Логоритмика: Балалар ортада тұрып қимыл-қозғалыспен әнді орындап береді.
Ән: «Күз келіпті тамаша»
-Жақсы балалар біз барлық кедергілерден өткен секілдіміз,себебі қорапшаға жол ашылды,ал енді қорапшаны ашып көрейік, Бұл не балалар? Өте жақсы біз кемпірқосақты таптық. Ендеше қорапшаны алып сиқырлы кілемшемізге отырып тобымызға қайтамыз.(балалар қорапшаны алып кілемге отырып көздерін жұмып топқа келеді).Топқа барып кемнірқосақты орнына қояйық.
- Балалар енді бұл қорапшада шатасқан кемпірқосақтың неше түрлі түстері жатыр екен.Бұны құрастырып қоюымыз қажет.Ал жаңбыр бізді жоғарыдан тамашаласын.Ой ,балалар мұнда түрлі-түсті хаттар жатыр екен.хаттардың сыртында сандармен белгіленген.Сандарды өсу ретімен орналастырып қоямыз.


Қорытынды:

-Балалар денсаулық бізге не үшін керек?(жауап берген бала тақтаға шығып кемнірқосақ түсін тақтаға қояды).

-Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек? (жауап берген бала тақтаға шығып кемнірқосақ түсін тақтаға қояды).

-Балалар бізге кім келді? (Жаңбыр) (жауап берген бала тақтаға шығып кемнірқосақ түсін тақтаға қояды).
-Жаңбырмен қандай ойын ойнадық? (жауап берген бала тақтаға шығып кемнірқосақ түсін тақтаға қояды).
-Жаңбырға қандай көмек көрсеттік? (жауап берген бала тақтаға шығып кемнірқосақ түсін тақтаға қояды).
-Кемпірқосақты алу үшін біз қайда бардық ? (жауап берген бала тақтаға шығып кемнірқосақ түсін тақтаға қояды).
-Ол жерде біздер қандай тапсырмалар орындадық? Балалар біз тапсырманы бұлжытпай орындадықпа?Жарайсындар, сендер бүгінгі оқу-қызметінде өте ақылды ,тәртіпті болдыңдар.Сендерге көп-көп рахмет.





Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балаларға денсаулықтың адам өміріне қаншалықты қажет екендігі туралы түсінікті біледі.

Игереді: Логикалық ой-өрісін,қиялын,зейінін,есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін,балалардың өз бойындағы адамгершілік қасиеттерді игереді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
20.11.2023
294
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі