Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сиқырлы сандық

Материал туралы қысқаша түсінік
Сиқырлы сандық туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:Қатынас,таным,әлеуметтік орта

Оқу іс-әрекеті:Сөйлеуді дамыту,қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Сиқырлы сандық»

Мақсаты:Балалардың жарты жыл бойына алған білімдерін тиянақтау.Берілген сұрақтарға ойланып дұрыс жауап беруге дағдыландыру,ойын арқылы ойлау қәбілетін,тіл байлығын танымын дамыту.

Әдіс тәсілдері:түсіндіру,сұрақ –жауап,көрініс,ойын, әңгімелесу,қорытынды

Көрнекілігі:бейнелі суреттер,сандықшалар,көрініске қәжетті атрибуттар.


Оқу-қызметі

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық

қозғаушы

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз

Қайырлы күн даламыз

Топқа келген қонақтар

Балалар қонақтармен амандасады.



Іздену-ұйымдастырушылық

Балалар бүгін бізде ерекше күн.Біз бүгін жарты жыл бойы алған білімдерімізді еске түсіріп қортындылаймыз.

-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

-Қәзір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мазгілінде неше ай бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Тосын сый.

Есік қағылып Қуыршақ келеді

Қуыршақ:Сәлеметсізбе балалар,

Мен сендерден көмек сұрағалы келіп тұрмын,Әжемнің маған тастап кеткен сиқырлы сандығы бар еді,қанша тырыссамда аша алмадым маған көмектесіп жібересіздерме?

Тәрбиеші:Қәне, мен ашып көрейін

Сандыққа «Бұл сиқырлы сандық оны ашсаң мол силыққа кенелесіңдер» деп жазылған

Балалар,қуыршаққа сандықты ашуға көмектесемізбе?



Төрт мезгіл бар.

Балалар жыл мезгілдерін атап айтады.

Қыс мезгілі.
















Ия,көмектесеміз



Ендеше үстелдің үстінде тұрған бір сандықты алып слайдқа қарап тыңдаймыз

Сұрақты балабақшамыздың әдіскері Еркемай Исенбаевна қояды.

- «Тәуелсіздік алдық» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Туған ел Отан туралы мақал мәтел білесіңдерме?

Ернар: «Тәуелсіздік алдық»дегеніміз тәуелсіздігіміздің жері, теңдңгң өзінде және Туымыз Елтаңбамыз,Әнұранымыз бар.

Мақал мәтелдер:

1.Отан отбасынан басталады.

2.Өзге елде сұлтан болғанша ,өз еліңде ұлтан бол.

3.Отан оттанда ыстық

4.Отан үшін отқа түс күймейсің

5.Өз елім өлең төсегім.

Сандық ашылып ішінен тағы бір сандық шығады.

Балалар тағы бір сандық алады

Келесі сұрақты «Самал»тобының тәрбиешісі:Шолпан Ерғалиевна қояды.

Сан санайық мүдірмей

Беске дейін кідірмей

-Қәне кім санайды?

Балалар 1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санауды.

Тәрбиеші:Бәріңде дұрыс санадыңдар,енді асықпай,5-ке дейін кім санамақ айтып береді?


Санамақ

Бір дегенім бала

Санды дұрыс сана

Екі дегенім ешкі

Таудан келер кешке

Уш дегенім үйім

Үйде жақсы күйім

Төрт дегенім түлік

Жүргін мұны біліп

Бес дегенім бесік.

Шықтым содан өсіп

Әлемге нұр таратқан.


Ортада сандық ашылып ішінен бір кішкентай сандықша шығады.

Балалар бұл сандықтың келесі сұрағын тыңдайды.

Орыс тілі пәнінің мұғалімі Бибигул Жадырасыновна.


-Балалар бұл қай ертегі?

Ойынг ойнауды ұсынады.

Ойынның шарты:Мұғалім бір ертегінің үзіндісін оқиды,балалар оның қай ертегі екенін табады,кішкентай сандықша ашылып ішінен сыйлықтар шығады.

Қуыршақ қуанып балаларға рахметін айтады


Сергіту сәті.

Көрдіңбе Қуыршақ біздің балалар достық,бірлік, мейрімділіктің не екенін біледі кез келген сәтте көмектесе алады.

Қуыршақ:Балалар достық мейрімділік деген не?

Тәрбиеші:Қуыршақ сен достық, мейрімділік деген не екенін білмейсің бе?

Ендеше біздің балаларымыздың «Мейрімділік мекені «көрінісін тамашала

Мейрімділік мекенінде бір еңбекқор мейірімді ана тіршілік етіпті.Ол қашанда тыным таппай еңбек етіп айналасындағы адамдарға қамқорлық жасап бауырмалдық танытып жүреді екен.Бір күні ол серуендеп жүрген балаарға уылжып піскен аманы береді

Ана:Балалар келіңдер мына алманы жеңдер дейді.

Балалар:Ана алмаңыз өте дәмді екен рахмет.

Ана:Алғысты маған емес жақсы алма өсірген бақшаға айтыңдар

Балалар :Бақша бақша тәтті алма бергеніңе рахмет

Бақша:Оныф бізге емес қара топырақты қайырымды жерге айтыңдар.

Балаларды:О-о жер ана тәтті алмаң үшін рахмет!

Жер:Ол алғыстарыңды маған емес жаңбырға айтыңдар,жаңбыр болмаса жер көктеп бақша гүлдемейді..

Балалар:Рахмет саған жомарт бұлт,сенің мейріміңе сусындаған алманы жеп біз рахаттандық.

Бұлт:Алғыстарықды маған емес,нұр үстіне нұр төгіп,бар мейірім шапағатын сепкен құдертті Күнге айтыңдар.

Балалар:Бар әлемге шексіз жылуын берген мейрімді Күн.сенің сәулеңнен нәр алған алма қандай тәтті еді.Саған көп көп рахмет!

Күн:Ағыстарыңды маған емес,алманы көшет кезінен отырғызып дамылсыз баптап,қамқорық жасап,бар мейрімін төккен Адамға алғыс айтыңдар.Оны дәмді еткен Адамның еңбегі.

Балалар:Апа ,апа бұл алма сіздің мейіріміңіздің арқасында тәтті болған екен,көп рахмет сізге.

Ана:Не нәрсе болсын жеміс өсірген бақташы болсада.бала тәрбиелеген ұстаз болсада,бар істе ынта ықласымен қамқорлық көрсетіп,мейрімін аямаса,ол еңбегінің жемісін көреді,сендер еңбекқор мейрімді азамат болып өсіңдер балаларым.

Міне Қуыршақ мейірім тек адамдарға ғана емес барлық тіршілік табиғатқа жан жануарарға да қәжет екен

Қуыршақ:Балалар сендер кішкентай болсаңдарда мейрімділік туралы біесіңдер.ал мен сандықтың ішінен шыққан сылықтарды сендермен бөліспей кеткелі тұрмын.қуыршақ сыйлықтарды бөліседі.

Тәрбиеші:Балалар енді біз ойын ойнаймыз,ойнымызды осы екі дөңгелек арқылы ойнайтын боламыз.

Ойынның шарты:дөңгелекті айналдырып жануарлардың төлдерін тауып орналастырамыз.

-Балалар сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Баалар енді біз қонақтармен қоштасамыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2025
100
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11