Ашық ұйымдастырылған іс‑әрекеті
Бағыты: Танымдық зияткерлік дағдылар
Ұйымдастырылған іс‑әрекеті: Сенсорика
Тақырыбы: Сиқырлы түстер мен пішіндер.
Міндеті: Әртүрлі геометриялық фигураларды, пішіні, түсі бойынша топтастыруды, түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі түсі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру. Негізгі түстерді (сары, көк, қызыл), пішіндер (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш), заттарды көлемі танып ажырата білу дағдыларын жетілдіру. Құрдастарымен бірге құрастыруға баулу, олармен ойнау, қарапайым құрастыру дағдыларын, секіру дағдысын дамыту
Қамқорлық сезімін тәрбиелеу.
Кіріктірілген ұйымдастырылған іс‑әрекет: Дене шынықтыру, құрастыру, сөйлеуді дамыту
Әдіс‑тәсілдер: Ойын, сұрақ‑жауап.
Ресурстар: «Бауырсақ» ертегісі кейіпкерлерінің суреті, түрлі түсті қима пішіндер (Қызыл, сары, көктүсті үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш) 3 түсті үйшік макеті, 3 түрлі пішіндер салынған 3 қатар дорожка.
Барысы:
Ұйымдастырушылық кезең. Шаттық шеңбері: Біз әдепті баламыз, Айтқан тілді аламыз. Қонақтармен алдымен, Амандасып аламыз.
Негізгі бөлім: Тәрбиеші: Балалар, сендер мына суреттен қандай ертегіні көріп тұрсыңдар? («Бауырсақ» ертегісінің суреттерін көрсетеді) Т:Дұрыс айтасыңдар. Олай болса, бізге сол ертегідегі бауырсақ қонаққа келіпті. Ол өзін қояннан құтқаруға көмектесіңдерші дейді. Көмектесеміз бе? (ия) Т:Айтыңдаршы қоян қалай жүреді? (Секіріп) Т:Онда қоян бізге мынадай пішіндерді беріпті. Т:Кәне пішіндерді атайықшы. (дөңгелек, үшбұрыш, шаршы) Ендеше біздің алғашқы тапсырмамыз осы қоянға байланысты. Ал, енді қолымызда қандай пішіндер болса едендегі сол пішіндермен қоян сияқты секіріп өтейік. 1 тапсырма: «Пішіндермен секіріп өт!» Т:Қоянның тапсырмасын орындадық, Енді не шықты алдымыздан? (қасқыр) Т:Қасқыр қандай? (Қорқынышты) Т:Қасқырдан қорқамыз я? (ия) Т:Енді не істейміз бауырсақты бере саламыз ба?(Жоқ) Т:Ендеше қасқырдың тапсырмасын орындайық. Ол: қолдарыңдағы пішіндердің түсін атаңдар дейді. Және менен қашып құтыла алсаңдар сендерді жібере салам дейді. 2 тапсырма: «Үйіңді тап» Т: Енді осы пішіндердің түстерін атайықшы.(Қызыл, сары, көк) Т:Жарайсыңдар! Енді одан қашып жасырынып қалайық я. Кімнің қолында қандай түс болса, сондай түстес үйге кіріп кетейік. (Балалар қолындағы пішіннің түсіне сәйкес көк түсті пішіндегілер көк түсті үйшікке, сары түсті пішіндегілер сары түстіүйшікке, қызыл түсті пішіндегілер қызыл түсті үйшікке бөлініп тұрады. Әр үйшіктің жанында отыратын үстөлдер болады. Балалар сол үстөлдерге отыралы) Т:Бұл тапсырманы да орындадық, балалар. Жарайсыңдар! Бауырсақты қасқырдан құтқардық па? (Ия) Т:Енді неге кездесеміз? (Аюға) Т:Аю қандай? (Дәу, үлкен) Т:Ол қандай пішінге ұқсайды? (Дөңгелекке) Т:Жақсы. Не істейміз, Бауырсақты аюдан да құтқарамыз ба? (Ия). Т:Аю нені жақсы көреді? (Балды. Ұйқыны) Т:Қазір бізде қыз мезгілі я, балалар? Т:Қыста аю не істейді? (Ұйықтайды) Т:Қайда ұйықтайды? (Апанда) Балалар, лезде кеш болып қалыпты. Ендеше аю қараңғыда жата берсін біз өзімізге жарық беретіндей қолдан күн жасап алайық, аюды оятып алмайық. Сөйтіп бауырсақты аюдан да өткізіп жіберейік. 3 тапсырма: Ол үшін алдымыздағы дөңгелек қатты қағазға сары мен қызыл түсті қыстырғыштарды кезек кезегімен қыстырып шығайық, сонда ол сәуле шашқан күнге ұқсайдыды. (Балалар сары түсті дөңгелек қатты қағазға бір қызыл, бір сары ретпен қыстырғыштарды қыстырып шыңады) Т:Міне, балалар аюды оятпай бауырсақты оданда құтқарып өткіздік. Т:Енді неге жолығады? (түлкіге) Т:Дұрыс айтасыңдар. Бірақ түлкі қандай аң? (Қу) Т:Әрине, қу. Одан құтылу оңай бола қоймас. Міне, түлкінің өзі де келе жатыр. Тосынсый. Түлкі: Ой балақайлар, мен білемін сендер бауырсақты менен құтқарамын деп келе жатырсыңдар. Бірақ ол сендерге оңайға түспейді. Алдымен сендер менің көңілімді көтеріп білеңдер менімен. Сергіту сәті. Музыка әуенің ырғағымен би қимылдарын жасайды. Түлкі: Жарайсыңдар! Көңілім бір көтеріліп қалды ғой. Ендігі менің шартым мынадай. Бауырсақты менен алып кеткілерің келеді екен, онда орнына маған бірнәрсе қалдырыңдар, мысалы, балық немесе әтеш. Немесе жоғалтып алған түлкішегімді тауып беріңдер. Т: Балалар шартын орындаймыз ба? (Ия) 4 тапсырма: «Көңілді құрастыру» Балалар түрлі түсті қиылған пішіндерден 1-үстөл балықты, 2-үстөл әтешті, 3-үстөл түлкішекті құрастырады. Т: Міне түлкі, сенің шартыңды орындадық, енді бауырсақты жібересің! Түлкі: ия, балақайлар, сендер өте көңілді, әрі тапқыр екенсіңдер, мен сендерге риза болдым. Рахмет сендерге, мен кетейін. (Түлкі шығып кетеді) Т: Міне балалар, біз барлық тапсырмаларды орындап, бауырсақты ешкімге жегізбей алып шықтық. Қорытынды. Бүгінгі іс‑әрекетіміз сендерге ұнады ма? Біз кімге көмектестік? Қандай пішіндермен (қандай түстермен) жұмыс жасадық? Сендердің де бүгінгі ойынға қатысқандарың маған да ұнады. Сендер ақылды, білімді бала екенсіңдер. Жарайсыңдар, балалар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сиқырлы түстер мен пішіндер

шағым қалдыра аласыз