Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сирень ашық оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада ересек тобы. Дәстүрден тыс сурет салу. Қағазды бүктеу әдісі арқылы сурет салу. Балалардың шығармашылықтарын дамыта отырып, көңіл күйлерін көтеру. Сиқырлы кылқалам арқылы суретшіге айналу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы : Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу.

Тақырыбы : «Сирень гүлшоғы» .

Мақсаты: Сұйық тұзды қамыр арқылы сурет салу , губкамен бояу техникасын меңгерту.

Білімділігі: Көктем мезгілінің ерекшелігіне тән белгілерді ажырата білуге үйрету.

Дамытушылығы: Балалар бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Жас ұрпақты табиғатты сүюге, эстетикалық сезімге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, қорытындылау.

Керек құралдар: Ақ парақ, сұйық тұзды қамыр, шпажка сүлгі, су,слайд.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:суреттің мазмұнын нақты бейнелеуді.

Игереді:эстетикалық сезімін қалыптастыруды.

Меңгереді: сұйық тұзды қамырмен сурет салуды меңгереді.

Шаттық шеңбер

Көктем келді еліме ,

Көктем келді жеріме.

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне!

- Жарайсыңдар, балалар,бүгінгі көңіл-күйлерің қалай, жақсы ма? -Ия, көңіл-күйлеріміз жақсы.

- Мен сендерге сәттілік тілеймін.

- Ендеше , жақсы көңіл-күймен орнымызға жайғасайық.

Тәрбиеші балаларға интерактивті тақтаға назар аударуын сұрайды.

Көктем туралы слайд көрсетіледі.

Тәрбиеші балалардан қай мезгілді тамашалағандарын сұрайды.

- Балалар тамашалағанымыз қай мезгіл?

- Көктем мезгілі.

- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

- Үш айдан тұрады.

- Кім айлардың атауын атап береді?

- Наурыз,сәуір,мамыр

- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Күн жылынады,құстар қайта оралады,адамдар жеңіл киінеді, ағаштар бүршік атады, жәндіктер жер бетіне шығады т.б

- Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы жауап бердіңдер.

Ғажайып сәт:

«Сиқырлы қорап»

Ішінен бояулар, рамка, бұтақша шығады.

Балалар бұл ненің бұтағы?

Балалардың жауаптары

Қане мен сендерге жұмбақ жасырайын тауып көріңдерші.

Аламыз күлгін бұтақ

Бақшадағы бұтадан

Көктемде ғана көретін

Жұпар иісі аңқыған

(сирень гүлі)

Балаларға қораптан сирень гүлін алып таратады.

Балалар гүлдің пішіні?

Сопақша
Балалар бұл шын гүл ма?

Жоқ

Ендеше менің қорабымда шын гүл бар. Бір-бірімізге беріп иісін иіскеп көріңдерші

Иісі қандай екен?

Ғажап, керемет, табиғаттың иісі шығады.

Ал жапырағының пішіні қандай?

Жүрекше

Балалар сендер сирень гүлі туралы аңыз тыңдағыларың келе ма?

Интерактивті тақтадан сирень туралы аңыз көрсетіледі

Сирень гүлшоғының суреті көрсетіледі

Балалар суретші қандай түстерді қолданды екен?

Балалар: қызыл, жасыл, көк, ақ, қоңыр

Балалар сендер білесіңдер ме менде сурет салғанды жақсы көремін, қане видеодан бірге тамашалайық. (жұмыстың жасалу жолдарын видеодан көрсету).

Балалар бұл менің салған суретім, сендер бүгін суретшіге айналғыларың келе ме? Ал нағыз суретшілер бірінші саусақтарын жаттықтырады

Саусақ жаттығуы

Саусақтар шынжыр болады

Үзілмейді тартсаң да,

Ал піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр

Достық үшін пілге мен

Гүл сыйлағым келіп тұр.

Нағыз суретшіге айналу үшін шеңбер бойымен жүріп сиқырлы сөздерімізді айтайық:

Суретшімін тук-тук-тук

Сиқырлаймын суф- суф-суф

Қылқаламды алайын

Суретшіге айналайын

Жарайсыңдар олай болса шығармашылық орталығына жайғасайық

Мен сендерге көктемгі фон жасап қойдым.

Балалар көңілімізді ортада тұрған сирень гүліне аударайықшы.

Мен сендерге рамкалар таратып қойдым,жан-жақты қараңдаршы. Алыстан, жақындатып көрсеңдер болады. Тағы бір ескеретін жайт суретшілерге жақсы шабыттануы үшін иістер де көмектеседі.

Иіскеп көріңдерші, сендерге көктемнің нағыз гүлдің, нәзіктікті, әдемілікті елестетуі мүмкін.

Балалар жұмыс жасауға кіріседі.

Балалар негізі суретшілер өз суреттеріне ат қояды. Салып отырып, ойланып отырыңдар.

Балалар: көктемгі натюрморт, иісі аңқыған гүл, сирень гүлі, сүйікті гүлім т.б

Жұмыс жасап болсаңдар бояуларды басқа да заттарды орнына қойыңдар. Біз суретті көрсете алмаймыз, себебі бояуымыз ағып кетеді, мен өзім аралап көріп шығайын. Тамаша, керемет жұмыстар!

Балалар сендерге оқу- қызметімізден не ұнады?

Қане барлығымыз орнымыздан тұрайық, сендерді сирень бағын аралауға шақырғым келіп отыр. Кімнің калай салғанын көрейік.

Балалар сендердің бүгінгі жұмыстарыңа қатты риза болып тұрмын. Барлықтарыңда жарадыңдар, сендерге арнаған сыйлықтарым бар. Сау болыңдар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.07.2021
305
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12