Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Слесардың жұмыс орнын ұйымдастыру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Слесардың жұмыс орнын ұйымдастыру
Жұмыс орны дегеніміз- белгілі бір адамға немесе бригадаға бекітілген, белгілі бір жұмысты орындауға арналған және сол жұмыстарға сай құрал-жабдықтармен, саймандармен, материалдармен жабдықталған өндірістік алаңның, цехтың, шеберхананың белгілі бір аумағы.
Жұмыс орнын ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастырудың қажетті бөлігі болып табылады. Құрылғыларды, саймандарды және материалдарды дұрыс таңдап, орналастыру жұмыс орнында жұмыстың қолайлы жүргізілуіне септігін тигізеді. Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырудың негізгі элементі оны дұрыс жобалау болып табылады. Жұмыс орнындағы қозғалысты және қажет емес заттарды азайту мақсатында құралдарды көп қолданылатын және сирек қолданылатын деп бөледі де бұларға арнайы орындар тағайындайды. Негізгі құрылғылар өлшемдері және еңбек ұйымдастыру формасы, шеберхананы жобалаудың бірден бір түп негізі болып табылады. Жұмыс орнында тек қана берілген жұмысқа қолданылатын құрал-саймандар болуы керек.
Жұмысшы қолданатын құралдарды өзіне жақын орналастырады. АБ және ВГ доғасы (1-сурет).
а б
1- сурет. Жұмысшының қолы жететін аумақ:
а- көлденең жазықтықта отырып немесе тұрып жұмыс жасағанда, б-тік жазықтықта тұрып жұмыс жасағанда
Жұмыс кезінде сирек қолданатын құралдарды өзінен қашық жерге орналастырады, бірақ ДЕ, ЖЗ доғаларынан алшақ орналаспауы керек.
Саймандарды, материалдарды және бұйымдарды арнайы орындарға қойылған жәшіктерге орналастырады. Өлшеуіш құралдарды арнайы футлярға немесе ағаш қорапта сақтау қажет. Кескіш құралдарды (егеу, метчиктер, бұрғылар және т.б) ағаш сөрелерде сақтайды.
Жұмыс аяқталған соң қолданылған құралдармен саймандарды ластардан тазалап, сүртеді. Верстак бетін металл қалдықтарынан, лас заттардан металл щеткалармен тазалайды.
Слесардың жұмыс орны өндірістік тапсырмаға сай әр түрлі болып ұйымдастырылуы мүмкін. Бірақ көп жағдайда верстакпен жабдықталады. Верстакта іскенжелер, қажетті құрал-жабдықтар, материалдар орналасады. Арнайы планшетте құжаттар -технологиялық карта, сызбалар және т.б. орналастырылады. Бөлек орналасқан жұмыс орындары, сондай-ақ слесарлық верстактар аралығы 1,5-1,6 м болуы шарт. Бұл өлшемдер техникалық, технологиялық және қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында қажет. Жұмыс орны жекелеген жақсы жарықпен қамтамасыз етілуі тиіс. Жарық жұмысшы бетіне емес, өңделетін бетке түсуі қажет. Бұл жарық басқа жұмысшыларға кедергі келтірмеуге тиіс.
Слесарлық верстак-жұмыс орнының негізгі құрылғысы болып табылады. Верстак үстел түрінде жасалады және мұнда негізгі слесарлық қол жұмыстары жүргізіледі. Ол мықты әрі тұрақты болуы тиіс. Верстак қаңқасы шойын немесе болат құбырдан пісіріліп дайындалады. Верстак қақпағын қатты ағаштан дайындайды және оның қалыңдығы 50-60 мм. Жұмыс түріне байланысты верстак бетін 1-2 мм қалыңдықтағы қаңылтырмен, линолеуммен немесе фанермен қаптайды. Қақпақтың бетінің шеттерін көмкереді. Себебі одан құрал-саймандар түсіп кетпеуі үшін. Қақпақ астында жылжымалы орналасқан (екеуден кем емес) тартпа жәшіктер болуы қажет. Бұл жәшіктер белгілі ретпен құралдарды, ұсақ бөлшектерді және құжаттарды сақтауға
арналған. Слесарлық верстактар бір орындық және көпорындық болып бөлінеді.
2-сурет. Бір орындық слесарлық верстак:
1-қаңқа, 2-үстел беті, 3-іскенже, 4-қорғаныш экраны,
5-сызбаларға арналған планшет, 6-жарықтандырғыш,
7-аспаптарға арналған сөре 8-жұмысшы аспаптарға арналған планшет, 9-жәшік, 10-сөре, 11-орындық
Бір орындық слесарлық верстактар ұзындығы 1200-1300 мм, ені 700-800 мм, биіктігі 800-900 мм, ал көп орындық верстактар ұзындығы 2400-3600 мм немесе 3000-4500 мм (жұмысшылар санына байланысты) ені бір орындық верстактармен бірдей болады. Көп орындық слесарлық верстактар өз деңгейіндегі кемшіліктерге ие: бір мезгілде бірінші жұмысшы дәлдікті қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргізіп жатқанда, екінші жұмысшы соқпа жұмыстарды жүргізіп жатуы мүмкін, соның салдарынан бірінші жұмысшының жұмыс нәтижесі төмендейді.
Верстакқа іскенжелерді орнатады. Іскенже орнатылған верстактар биіктігін жұмысшы бойының ұзындығымен анықтайды.
Параллельді іскенжелер биіктігін таңдағанда, сол қолды бүгіп, іскенжелер ерніне қояды да, саусақтарды иекке тигізеді. Жұмысшының бойы аласа болса, онда аяқ астына реттеуші тақтайды орналастырады.
3-сурет. Іскенжелер биіктігін орнату:
а-егеулеу кезінде, б-параллельді іскенжелерде шабу жұмыстарын орындаған кезде, в-үстелдік іскенжелерде шабу жұмыстарын орындаған кезде
Зауыттарда қолданылатын слесарлық верстактар, металл қанқадан, верстак бетінен және қорғаныш экраннан тұрады.
Верстакта параллельді іскенжелер, сызбалар орналасатын планшет, жарықтандырғыш, өлшеу құралдарына арналған сөресі бар кронштейн, жұмыс құралдарына арналған планшет орналасады.
Қақпақ астында дайындамалармен бөлшектерді сақтауға арналған екі сөре және құралдарды сақтауға арналған төрт жәшік орналасқан. Верстак аяғына жиналмалы отырғыш орнатылған.
Кәсіптік техникалық оқу орындарындағы шеберханаларда қолданылатын верстактарда сөрелер болмайды және іскенжелер биіктігі реттеледі. Бұл верстактың қаңқасында бұрандасы бар құбыр бекітілген. Іскенже винтке орналасқан маховикті қозғау арқылы қозғалысқа енеді. Верстак биіктігі 1 м болатын метал сеткадан тұратын қорғаныш экранмен, өлшеуіш құралдарға арналған сөрелермен, жұмыс құралдарына арналған планшетпен жабдықталған. Слепиннің планшет кассетасын пайдалану ұсынылады. Бұл планшет -кассетаның бір жағы қозғалмалы қақпақпен, ал екінші жағы әйнекпен жабылған. Планшетті тік және көлденең бағытта орналастыруға болады.
Планшет-кассетаны қолдану бірнеше сызбаны қолдануға, жабыстыру картонын қажет етпейді, сондай-ақ сызбаны көп уақытқа дейін ластамауға мүмкіндік береді.
Механикаландырылған құралдармен жұмыс жасау үшін верстакқа электрлік желі және сығылған ауа магистралы беріледі. Слесарлық жұмыстарды машиналарда жасағанда қозғалмалы верстактар қолданылады.
Слесарлық іскенжелер
Слесарлық іскенжелер өңделетін бұйымды қажетті бағытта қысып ұстап тұратын құрылғы болып табылады. Жұмыс мінездемесіне байланысты үстелдік, параллельді және қол іскенжелері қолданылады.
Үстелдік іскенжелер -алғашында ағаш үстелге орнатылып, артынша верстактарға орналастырылғаннан кейін үстелдік деп аталған.
Үстелдік іскенжелер соқпа болаттардан дайындалады да еріндер ені 100, 130, 150, 180 мм, еріндердің ашылғандағы ең үлкен қашықтағы 90, 130, 150 және 180 мм.
4-сурет. Үстелдік іскенжелер: а-жалпы көрініс, б-еріндердің үстіңгі бөлігімен қысу, в-еріндердің астыңғы бөлігімен қысу;
1-рычаг, 2-серіппе, 3-винт,
4-қозғалмалы ерін,
5-қозғалмайтын ерін
Үстелдік іскенжелер қозғалмалы және қозғалмайтын еріндерден тұрады. Қозғалмайтын бөлігі шетінде іскенжені үстелге бекітуге арналған табан орналасқан, ал оның ұзынша келген стержені ағаш үстелінен өтіп, ұстайды.
Еріндері тік бұрышты бұрандалы винт рычагымен қозғалысқа енеді, ал жалпақ серіппе арқылы кері ашылады. Үстелдік іскежелердің артықшылықтары құрылысының қарапайымдылығымен жоғары бекемділігінде болып табылады. Әр кезде еріндердің параллельді болмауы, соның әсерінен жұқа бөлшектерді тек үстімен қысып, ал жалпақ бөлшектерді астыңғы бөлігімен бекітеді. Жоғары бекімділікті қамтамасыз етпеуі үстелдік іскенжелердің негізгі кемшіліктері болып табылады. Сондай-ақ, іскенжелер еріндері қысқан кезде бөлшек бетіне ұсақ сызықтар түседі. Үстелдік іскенжелер көп қолданылмайды, тек ауыр жұмыстарды атқарған кезде мысалы: Шабуда, тойтарма шегемен жұмыс жүргізгенде, игенде және т.б қолданылады.
Параллельді іскенжелер құрылысына байланысты бұрылатын және бұрылмайтын болып бөлінеді. Бұл іскенжелер еріндері бір-біріне параллельді қозғалады.
Бұрылатын параллельді іскенжелер барлық бұрышқа бұрылады. Бұл іскенжелердің қозғалмайтын еріндер корпусында өтпелі тесік орналасқан, бұл тесікте қысу винтінің гайкасы бекітілген. Қозғалмалы ерін корпусы арқылы өткен винт тірек пленкасымен бекітілген. Қысқыш винтті рычаг көмегімен бұрау арқылы екі ерінді жақындатады да бөлшекті қысуды іске асырады. Ал бөлшекті ажыратқанда кері бағытқа рычагты бұрайды.
Қозғалмайтын ерін центрлік болт негізімен біріктірілген. Іскенжелердің бұрылу бөлігін қажетті бағытқа болт тұтқасы көмегімен іске асырады.
Параллельді іскенжелер қаңқасын сұр шойыннан дайындайды. Іскенжелердің жұмыс жасау ұзақтылығын қамтамассыз ету мақсатында еріндердің жұмыс бөлігіне винт арқылы крест тәрізді ойықтары бар болат призмалық еріндер бекітілген.
5-сурет. Бұрылатын параллельді іскенже:
1-болт, 2-тұтқа, 3-негіз, 4-бұру бөлігі,
5-рычаг, 6-тірек планкасы, 7-қозғалмалы ерін,
8- салмалы еріндер, 9- қозғалмайтын ерін,
10-гайка, 11-винттер
6-сурет. Бұрылмайтын параллельді
іскенже:
1-рычаг, 2-қозғалмалы ерін,
3- салмалы еріндер, 4- қозғалмайтын ерін,
5-винт, 6-негіз, 7-гайка, 8-тірек планкасы
Слесарлық іскенжелер өлшемдері олардың еріндерінің енімен анықталады,бұрылмалы іскенжелер үшін 80, 100, 120 және 140 мм, ашылу қашықтығы 65, 100, 140 және 180 мм.
Бұрылмайтын параллельді іскенжелер қозғалмалы және қозғалмайтын еріндерден, верстак қаңқасына бекітілетін негізден тұрады. Еріндердін жұмыс бөліктерінің ұзақтылығын қамтамасыз ету үшін оларға саймандық болаттардан жұмсақ пластинкалар бекітілген. Бұрылмайтын параллельді іскенжелер еріндерінің ені 60, 80, 100, 120 және 140 мм, еріндердің ен үлкен ашылуы -45, 65, 100, 140 және 180 мм. Параллельді іскенжелер верстакқа
жақсы бекітілгенмен олардың еріндерінің қысу бекімділігі төмен болып келеді. Сондықтан да бұл іскенжелер ауыр жұмыстарға жарамсыз болып табылады.
Сайманды струбциналар - екі жалпақ болат еріндерден тұрады, бұл еріндерден бірінші винт өтеді де екінші винт тек бір ерінді қияды.
7-сурет. Көмекші саймандар (болат струбциналар):
а-аспаптық, б-ауыр жұмыстар үшін қолданылатын, в-барлық жұмыстар үшін қолданылатын әмбебап
Струбциналар ауыр жұмыстар үшін қолданылатын ең кең тараған құралдар болып табылады. Олар әртекті өлшемді болып дайындалады.
Пневматикалық іскенжелер. Бөлшектерді тез әрі берік орнатуға мүмкіндік береді. Қысу уақыты 2-3 сек, қысу күші 3000 кг.
Диафрагмалы қысқышы бар пневматикалық іскенжелер негізден, бұрылу бөлігінен, қозғалмалы еріннен және бұрылу бөлігіне бекітілген қозғалмайтын еріннен тұрады. Бұрылу бөлігінің ішінде қозғалмалы еріннің жүріс винтімен біріктірілген каретка орналасқан. Жүріс винті іскенжелер аралығын өзгертуге мүмкіндік береді. Іскенжелерге ауа бармаған кезде еріндер серіппе әсерінен шетіне дейін ашылады. Сығылған ауа қысыммен іскенжелер камерасына түскен кезде, шток түседі және кареткада
орналасқан рычагты бұра бастайды, рычаг түрткіш арқылы өзінің қысқа иінімен кареткаға қысады да бөлшекті қысып тұрған қозғалмалы ерінді тартады. Бұл іскенжелердің ауа камерасы негіздің резенкелері диафрагманың қабырғасын құрайды. Ауа диафрагма арқылы штоктың тірек сақинасын қысады да жұмыс күшін туғызады. Мұндай іскенжелермен өлшемдері 80 мм ден аспайтын бөлшектерді ғана қысады.
8-сурет. Пневматикалық іскенже:
1-тұрқа, 2-бұрылмалы бөлік, 3-болт, 4-қозғалмалы ерін,
5-қозғалмайтын ерін, 6-каретка, 7-винт, 8-серіппе, 9-шток,
10-рычаг, 11-түрткіш, 12-резеңкелі диафрагма, 13-сақина
Слесарлық қол іскенжелер
Егеулеу немесе бұрғылауда, қолмен ұстау қауіпті әрі ынғайсыз болғанда, кіші өлшемді бөлшектерді немесе дайындамаларды бекіту үшін қолданылады.
Қол іскенжелері екі түрлі болып дайындалады: бірінші түрі серіппелі және шарнирлі бекітілген, еріндер ені 36, 40 және 45 мм, еріндердін ашылуы 29, 30, 40 мм; екінші түрі кішігірім жұмыстар үшін, еріндер ені 6, 10 және 15 мм.
а-серіппелі және серіппелі қосылған, б-қарапайым жұмыстар үшін, в- қолданылуы