жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Смагулова Алмагуль Абзалбековна
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: «Қалың елім, қазағым» Мектеп: Балқаш қаласы «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ Мұғалімнің аты-жөні:Смагулова А.А. Күні: Сынып: 10 сынып Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Абайдың «Он жетінші» қара сөзі |
|||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
Т\Ж 4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану |
|||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
1. Көркем шығармадан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда ұтымды қолдана алады. 2. Өзіндік сыни пікір білдіреді; 3. Шығарма идеясын адами құндылық тұрғысынан талдауға нақты дәлелдер ұсына отырып, әдеби эссе жаза алады. |
|||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
* Көркем шығармадан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда ұтымды қолдана алады. *Өзіндік сыни пікір білдіреді; |
|||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: толық адам проблемасы, ақыл, қайрат, жүрек Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер: менің ойымша, болуы мүмкін, өзгелердің пайымдауынша, бүгінгі адамзат жағдаяты,тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні |
|||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Ақын өлеңдері мен қарасөздерін салыстыра отырып адами қасиеттерге, ойшыл көтерген проблемаларды өмірде қолдана білу құндылығы |
|||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Сабақта биология, өзін-өзі тану пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады |
|||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
Абай шығармашылығына шолу жасалды |
|||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||
Сабақтың басы |
1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері арқылы психологиялық ахуал туғызу. Жүрек пішіндегі шарды алып, өзінің жүрекжарды пікірін достарына тілейді 2.Үй тапсырмасын сұрау. ҰЖ. «Идеялар себеті» әдісімен өткен сабаққа кері байланыс жасалады. Оқушыларға қойылған сұрақтарға тезис түрінде жазып, идеялар себетіне салады.Себетке салған ақпараттарды бір-бірімен алмасып, оқиды, идеялармен алмасады.
Идеялар себеті 1. «Абай» деген есімнің мағынасы нені білдіреді?(мұқият, ұқыпты, зерек) 2. Абайға екінші атты берген кім?(әжесі Зере) 3. Абай ғашық болған кімдер? (Тоғжан, Әйгерім) 4. Абайды поэзияға қызығушылығын оятқан кім? (Әжесі Зере) 5. Адамның адамшылығы немен бағаланады? (адамгершілік) Қызығушылықты ояту. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты болжайды. Оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстырып, сабақ мақсатымен таныстырылады. |
Жүрек пішіндес шарлар
ОӘК материалдары, сабаққа қажетті материалдар |
||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Білу, түсіну 1-тапсырма Абайдың «Толық адам» философиясы туралы ойы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі көтерілген адамгершілік жайындағы философиялық ой толғауға негізделуі «Концептуалды кестеге »түсіреді
ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі Қолдану 2-тапсырма «Он жетінші»қарасөзінен алынған үзінді бойынша «Төрт сөйлем» әдісі бойынша өз көзқарасыңды жаз. (Қарасөздің адамгершілік жайындағы философиялық ой толғауға негізделуі) 1. Пікір. 2. Дәлел 3. Мысал. 4. Қорытынды ой. ҚБ. «Бас бармақ» Талдау 3-тапсырма «Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек» өлеңі мен он жетінші қарасөзіндегі үндестігін талдап жазу.
Бағалау 4-тапсырма. «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі Оқушыларға ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап алып, әдеби эссе жазады. 1. Қарасөздегі қайрат, ақыл, жүректің өзіне тән белгілері мен қасиеттерін жинақтап көрсетіңіз. 2. «Сіздің көзқарасыңыздағы «Толық адам» бүгінгі адамзаттың заңды жалғасы» тақырыбында өз ойыңызды білдіріңіз. Дескриптор *Абайдың «Толық адам» философиясы туралы ойы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі көтерілген адамгершілік жайындағы философиялық ой толғайды; *17 қарасөзінен алынған кейіпкерлер пікіріне «Төрт сөйлем» әдісі бойынша өзіндік сыни пікір жазады. *«Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек»өлеңі мен он жетінші қарасөзіндегі үндестігін талдап жазады. |
Кестелер
Кестелер
|
||||||||||||||||
Сабақтың соңы |
Оқушылар рефлексиясы: Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат; Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті; Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет. Үйге: «Тобықтай ой...» (Абай қозғаған толық адам проблемасынан алған тәлім-тәрбием) эссе жазу. |
Стикер |
||||||||||||||||
Саралау: |
Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||||
Сабақ құрылымы Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерерахиясына сай негізделіп жасалды. Нәтиже және жауап бойынша саралауда «Концептуалды кесте», «Идеялар себеті»әдісі бойынша А,В,С деңгейіндегі оқушылар өз деңгейінде жауап береді және әртүрлі нәтижееге қол жеткізеді. Ресурс және мәтін бойынша саралауда оқушыларға «Идеялар себеті» әдісі арқылы мазмұнды сұрақтар қойылады. Оқушылар әртүрлі ресурстарға сүйеніп, өз жауаптарын ұсынады. Мазмұн бойынша саралауда «Он жетінші»қарасөзінен алынған үзінді бойынша «Төрт сөйлем»әдісі бойынша өз көзқарасын жазады. |
Оқу мақсаты мен бағалау критерийіне сәйкес дайындалған тапсырмаларға тиімді кері байланыс арқылы бағалау жүзеге асырылады. Оқушылар «Идеялар себеті, «Концептуалды кесте», «Төрт сөйлем»әдістеріндегі іс-әрекеттері «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бас бармақ» әдістері бойынша бағаланады. «Жарайсың!», «Тамаша!»деген сөздерді қолданылып отырылады.
|
Сынып оқушыларына қолайлы ахуал туғыза отырып, берілген тапсырмаларды орындау барысында дербес қиындықтар тез шешілуіне жағдай жасалады.Қауіпсіздік ережелерін сақтауда, интербелсенді тақтаны тиімді пайдалануға нұсқау беріледі.
|
||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз |
|||||||||||||||||
Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?
Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?
|
||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек? |
||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген