Материалдар / «Smart nation» жабыстырмалы ойындары (мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бағдарлама)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Smart nation» жабыстырмалы ойындары (мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бағдарлама)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жабыстырмалы ойындар арқылы алған білімін бала өз іс – әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп – салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы кезеңде баланың ойлауы нақты – бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2021
1567
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

3 «Елочка» МКҚК бөбекжай



















«Smart nation»

жабыстырмалы ойындары





Құрастырған:

педагог-психолог А.А.Нургалиева











Орал 2021




Мақсаты – мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың танымдық қабілеттерін жабыстырмалы ойындар арқылы дамыту.


Міндеттері:


  • Бала бойындағы танымдық белсенділікті жабыстырмалы ойындар арқылы дамыту;


  • Баланың шығармашылық ойлауы мен логикалық ойлауын дамыту;



  • Балаларды отырықшылыққа тәрбиелеу.


Жаңалығы: Мектепке дейінгі білім берудің мазмұндық аспектілерін қамтыған баланың шығармашылық және танымдық қабілеттерін  дамытуға бағытталған қосымша бағдарлама.


Өзектілігі: «Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен білімге қолжетімділігі» (ҚР-да білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасынан)


Ерекшелігі: Жабыстырмалы ойындар балаларды бақылау, салыстыруды үйретеді;  зейін, ой, ес, шапшаң т.б. психикалық сапаларды, тапқырлық, зеректік, есептеу  т.б. математикалық қабілеттерін дамытады; баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді.


Өткізілу мерзімі мен уақыты: ІІ жартыжылдық, қаңтар-мамыр айлары, 2021 жыл


Күтілетін нәтиже: ойындардың алуан түрлілігінің арқасында бала ерте жастан қызықты түрде есте сақтау, көру, ойлау, түстерді қабылдау және шығармашылық қабілеттері мен дағдыларды дамытады.












Кіріспе


Баланың ақыл – ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу – бүгінгі күн талабы. Баланың ақыл – ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті.
Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту – тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп – салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағы сын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік - жігерлі, дүниетанымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан – жақты дами алады.

Жабыстырмалы ойындарды үстел үсті ойындарға жатқызуға болады, ол тек қана таным қабілетін дамытып қана қоймай, сонымен қатар, ұсақ моторикасын, шығармашылығын дамытады, сыртқы әлеммен танысады, назар аударуға және табандылыққа үйренеді. Балалар білімді қызықты түрде қабылдайды және сөздік қорын кеңейтуге, байытуға, үйлесімді сөйлеуді дамытуға ықпал етеді.

Мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің дамуына зерттеу әдістерінің тигізетін әсері өте үлкен. Қазіргі мектепке дейінгі балалардың барлық ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын ескере отырып жасалған, жабыстырмалы ойындар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Мектепке дейінгі білім берудің алдында тұрған негізгі мақсат – балаларға білім бере отырып ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту болса, жабыстырмалы ойындар осы мақсатқа жетудің құралдарының бірі деуге болады.

Жабыстырмалы ойындар арқылы алған білімін бала өз іс – әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп – салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы кезеңде баланың ойлауы нақты – бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды.






Тақырыптық жоспар

Тақырыптың аты

Өткізілген күні

1

«Көлеңкесін тап» ойыны

Кіші топ – жемістер мен көкөністер

Ортаңғы топ – жануарлар (аңдар, үй жануарлары)

Ересек топ – жануарлар (аңдар, үй жануарлары, экзотикалық жануарлар)

Мектепалды даярлық тобы – (аңдар, үй жануарлары, экзотикалық жануарлар, динозаврлар)

Қаңтар 2021ж

2

«Төлдерін тап» ойыны

Кіші топ – үй жануарлары мен аңдар

Ортаңғы топ – үй жануарлары мен аңдар

Ересек топ – үй жануарлары мен аңдар

Мектепалды даярлық тобы – үй жануарлары мен аңдар

Қаңтар 2021ж

3

«Түстер әлемі» ойыны

Кіші топ – қызыл, сары, жасыл

Ортаңғы топ – қызыл, сары, жасыл, көк

Ересек топ – қызыл, қызғылт, жасыл, сары, көк, қызғылт сары

Мектепалды даярлық тобы – ақ, қара, қызыл, қоңыр, сары, жасыл, ақшыл көк, қою көк, қызғылт, сұр, қызғылт-сары, күлгін

Қаңтар 2021 ж

4

«Геометриялық фигуралар» ойыны

Кіші топ – дөңгелек, үшбұрыш, шаршы

Ортаңғы топ – дөңгелек, үшбұрыш, шаршы

Ересек топ – дөңгелек, үшбұрыш, жұлдыз, сопақша, төртбұрыш, шаршы,

Мектепалды даярлық тобы – дөңгелек, үшбұрыш, көпбұрыш, төртбұрыш, шаршы, жүрек

Қаңтар 2021 ж

5

«Суреттің жартысын тап» ойыны

Кіші топ – жануарлар

Ортаңғы топ – жануарлар (аңдар, үй жануарлары)

Ересек топ – жануарлар (аңдар, үй жануарлары, экзотикалық жануарлар)

Мектепалды даярлық тобы – (аңдар, үй жануарлары, экзотикалық жануарлар)

Ақпан 2021 ж

6

«Қайда мекендейді?» ойыны

Кіші топ – үй жануарлары мен орман жануарлары

Ортаңғы топ – үй жануарлары мен орман жануарлары

Ересек топ – жануарлар (аңдар, үй жануарлары, экзотикалық жануарлар)

Мектепалды даярлық тобы – (аңдар, үй жануарлары, экзотикалық жануарлар)

Ақпан 2021 ж

7

«Жануарларды тамақтандыр» ойыны

Кіші топ – қоянға тамақ бер

Ортаңғы топ – бақаға тамақ бер

Ересек топ – қолтырауынға тамақ бер

Мектепалды даярлық тобы – қолтырауынға тамақ бер

Ақпан 2021 ж

8

Сәйкестендіру

Кіші топ – балақай жемістер

Ортаңғы топ – балақай жемістер

Ересек топ – жемістер (жеміс тілімдері)

Мектепалды даярлық тобы – жемістер (жеміс тілімдері)

Ақпан 2021 ж

9

«Көңілді математика» ойыны

Кіші топ – үлкен және кіші

Ортаңғы топ – біреу және көп

Ересек топ – сандарды сәйкестендір

Мектепалды даярлық тобы – 1-10 сандарын сәйкестендіру

Наурыз 2021 ж

10

«Үлгіге қарап орналастыру» ойыны

Кіші топ – түрлі-түсті кәмпиттер

Ортаңғы топ – түрлі-түсті бал

Ересек топ – түрлі-түсті бал

Мектепалды даярлық тобы – шардағы ойыншықтар суреттері

Наурыз 2021 ж

11

«Логикалық тізбек» ойыны

Кіші топ – жануарлар

Ортаңғы топ – жануарлар

Ересек топ – мур-мур мысықтар

Мектепалды даярлық тобы – су асты өмірі

Наурыз 2021 ж

12

«Екінші жартысын тап» ойыны

Кіші топ – көбелектер

Ортаңғы топ – көбелектер

Ересек топ – аяқ киім

Мектепалды даярлық тобы – аяқ киім, пончиктар

Наурыз 2021 ж

13

«Дене мүшелері және эмоциялар» ойыны

Кіші топ – көз, мұрын, ауыз, аяқ, бас, құлақ, қол, саусақ, табан

Ортаңғы топ – көз, мұрын, ауыз, аяқ, бас, құлақ, қол, саусақ, табан

Ересек топ – көз, мұрын, ауыз, аяқ, бас, құлақ, қол, саусақ, табан, эмоциялар

Мектепалды даярлық тобы – көз, мұрын, ауыз, аяқ, бас, құлақ, қол, саусақ, табан, эмоциялар

Сәуір

2021 ж

14

«Мамандықтар» ойыны

Кіші топ – бұл кімнің көлігі (дәрігер, өрт сөндіруші, такси, құрылысшы, полиция қызметкері)

Ортаңғы топ – бұл кімнің көлігі (дәрігер, өрт сөндіруші, такси, құрылысшы, полиция қызметкері)

Ересек топ – өрт сөндіруші, бағбан, тазалықшы, полиция қызметкері, дәрігер, аспазшы, суретші мамандары Мектепалды даярлық тобы – өрт сөндіруші, бағбан, тазалықшы, полиция қызметкері, дәрігер, аспазшы, суретші мамандары

Сәуір

2021 ж

15

«Ертегілер елінде» ойыны

Кіші топ – «Бауырсақ» ертегісі

Ортаңғы топ – «Үйшік» ертегісі

Ересек топ – «Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Мектепалды даярлық тобы – «Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Сәуір

2021 ж

16

«Жануарлар немен қоректенеді?» ойыны

Кіші топ – қоян, аю, ит, сиыр

Ортаңғы топ – қоян, аю, ит, сиыр, тышқан, тауық

Ересек топ – маймыл, арыстан, аю, ит. Қоян, бақа, тышқан, панда, есек, сиыр, қой, піл, тауық

Мектепалды даярлық тобы – маймыл, арыстан, аю, ит. Қоян, бақа, тышқан, панда, есек, сиыр, қой, піл, тауық

Сәуір

2021 ж

17

«Жыл мезгілдері» ойыны

Кіші топ – ауа-райы, өсімдік, кірпі

Ортаңғы топ – ауа-райы, өсімдік, кірпі

Ересек топ – ағаштар, ойындар, киімдер

Мектепалды даярлық тобы – ағаштар, ойындар, киімдер

Мамыр

2021 ж

18

«Үлгіге қарап қайтала» ойына

Кіші топ – «Көңілді чик чирик» ойыны

Ортаңғы топ – цирк ойыны

Ересек топ – көбелектерді үлгі бойынша орналастыру

Мектепалды даярлық тобы – түрлі-түсті ілгектер

Мамыр

2021 ж

19

«Кім мінеді?» ойыны

Кіші топ – су асты кемесі

Ортаңғы топ – су асты кемесі

Ересек топ – автобуска кім мінеді

Мектепалды даярлық тобы – автобуспен қайда барады, сюжеттік рөлдік ойын құрастыру

Мамыр

2021 ж

20

«Жәндіктерді тап» ойыны

Кіші топ – ханқыз, ара, қоңыз, құрт

Ортаңғы топ – ханқыз, ара, қоңыз, құрт

Ересек топ – ханқыз, ара, көбелек, жаңбыр құрт, шегіртке, құмырсқа

Мектепалды даярлық тобы – ханқыз, ара, көбелек, жаңбыр құрт, шегіртке, құмырсқа

Мамыр 2021 ж












Үлгілік ойын материалдары

  1. «Көлеңкесін тап» ойыны

Кіші топ – жемістер мен көкөністер















Ортаңғы топ – жануарлар (аңдар, үй жануарлары)















Ересек топ – жануарлар (аңдар, үй жануарлары, экзотикалық жануарлар)

















Мектепалды даярлық тобы – (аңдар, үй жануарлары, экзотикалық жануарлар, динозаврлар)















  1. «Төлдерін тап» ойыны

Кіші топ – үй жануарлары мен аңдар

Ортаңғы топ – үй жануарлары мен аңдар













Ересек топ – үй жануарлары мен аңдар

Мектепалды даярлық тобы – үй жануарлары мен аңдар











  1. «Түстер әлемі» ойыны

Кіші топ – қызыл, сары, жасыл

Ортаңғы топ – қызыл, сары, жасыл, көк





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!