Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

С.Машақов «Мәншүк»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмегі бар деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: С. Машақов «Мәншүк»
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың Мәншүк туралы білетіндерін жаңамағлұматтармен кеңейте түсу.Өлеңді мәнерлеп, қатесіз дұрыс оқуға машықтандыру. 2.Өлеңнің мазмұнын ашып,талдауға үйрету.
Оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға, ой – өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтандыру.
3.
Оқушыларды елін, жерін, халқын қорғай білуге, азаматтық пен адамгершілікке, Отанға деген сүйіспеншілікке, ержүректікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Типі: жаңа білім беру.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: Автордың, Мәншүктің портреттері,сызбалар, слайд
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық ІІ Үйге тапсырма сұрау І топ: Бауыржанның өмірі туралы мәлімет жинау ІІ топ: Н.Ғабдуллин «Батырдың мінезі» мазмұндау ІІІ топ: Бауыржан Момышұлының суретін салып,мақал-мәтел жазу ІІІ Өткен сабақты бекіту 1.Бауыржан Момышұлы кім? 2.«Батальон» сөзі қандай мағына береді? 3. Бауыржан қай жерде дүниеге келген? 4. Бауыржан кімнің тәрбиесінде өседі? 5. «Ұшқан ұя» әңгімесін кім жазған? 6. Баукең Майданда кім болған? Бауыржаннан басқа қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер?
(Әлия, Мәншүк,Бауыржан,Нұркен т.б.)
IV.Жаңа сабақ Видеокөрсетілім. «Қазақтың батыр қызы – Мәншүк»
1) Автормен таныстыру. 
Сәду Машақов (1906–1995). 27 қарашада Семей облысының Жаңасемей ауданында дүниеге келген . Алғашқы жыр жинағы «Колхоз жыры» деген атпен 1932 жылы жарық көрген. Одан кейін «Балға жыры» , «Жартас» , «Отан үшін» ,«Кезеңдер», «Жылдар мен жолдар» ,«Сапарда» , т.б. кітаптар жинағы жарық көрген.

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Орда ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес одағының Батыры (1944). Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Әмина. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медициналық институтында оқып жүрді.1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты 2) Оқулықпен жұмыс 1. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.түсіндіру

1- шумақты талдау: Қызу ұрыста ,соғыста ерлермен қатарласып жаудан тайсалмай алысқанын ;

2- шумақта: Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсеткені,оғымен талай фашисті жер жастанғандығы ;

3- шумақта: Өзіне қанша қауіп төнседе ол өлімнен қорықпай тайсалмағаны туралы айтылады

3) Тізбектеп оқыту. 4) Сөздікпен жұмыс: 
Қаһар – ашу, ыза.
Қатуланған – ашуланған, кектенген
Жасымаған – көңілі босамаған, әлсіздік көрсетпеген
Қауіп – қорқыныш, қатер. 5)Сергіту сәті жүргізіледі
6) Дәптермен жұмыс: 
Мәншүк Мәметова – пулеметші. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыз.
7) Топтық жұмыс:Сұрақтар мен тапсырмалар
1топ:1. Қызу ұрыстың жүріп жатқанын өлеңнің қай жолынан байқадың?
2топ: 1.Мәншүктің пулеметші екенін неден аңғардың ? 2.Сөз сандықта белгіленген сөздерді оқы. Ол сөздерді өлеңнен тап. 3топ:1. Ақын сөздерін пайдаланып, Мәншүкті сипатта.
------------------- Өлім қаупінен жасымаған
------------------- Отан үшін шайқасқан
Мәншүк
------------------- Көзінен ұшқан өрттей лапылдаған
------------------- Жаудан тайсалмаған.
V. Сабақты бекіту :Гул құрастыру ойыны
1. Мәншүк кім?
2. Қай жылы туған?
3. Неше жасында майданға аттанды?
4. Оның шын есімі кім?
5.
Өлеңде не туралы айтылған? 6. Өлең авторы кім? Бағалау: Смайликтер, жұлдызша арқылы Үйге: «Мәншүк» өлеңін жаттау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
974
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12