Сабақтың тақырыбы: С.Мәуленов «Мен
Республикам»
өлеңі
Мақсаты:
1.
Білімділік
С.Мәуленовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
айта отырып,өлеңнің идеялық мазмұнын талдау. 2.
Дамытушылық
Өз ойларын ашық айтуға үйрету,мәнерлеп оқуға
дағдыландыру. 3.
Тәрбиелік
Елін,жерін,Отанын сүюге,құрметтеуге
тәрбиелеу. Сабақтың
әдісі: Мәнерлеп оқу,сұрақ
жауап,түсіндіру. Сабақтың
түрі: жаңа
сабақ. Көрнекілігі:
Ақын суреті,өмірі мен шығармашылығы туралы
видео монтаж,интербелсенді
тақта.
Сабақтың
барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі
а)Амандасу ә) Оқушыларды
түгелдеу б) Сыныпты топқа
бөлу
2.Үй тапсырмасын сұрау Ж. Молдағалиев «Ар-ұят
туралы» өлеңінен өздеріне ұнаған шумағын жаттап
келу.
Жаңа
сабақ: І. Қызығушылықты
ояту.
(Үнтаспадан Бекболат
Тілеухановтың орындалуында «Менің елім» әнінен үзінді
тыңдау.)
-Балалар, тыңдаған әндерің не туралы? -Отан туралы -Ал Отан дегеніміз не? -Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері.Туғандарымен бірге тұратын жері. –Ал, біздің Отанымыз қалай аталады? -Қазақстан Республикасы. –Олай болса, балалар біздің көптеген ақын аталарымыз осы Республика туралы өлеңдер шығарған.Соның бірі Сырбай Мәуленов атамыз.Ендеше, біз бүгінгі сабақта С.Мәуленовтың «Менің Республикам» өлеңімен танысамыз.
Мағынаны таныту.
Сырбай Мәуленов 1922 жылы
Қостанай облысы Жанкелдин ауданының Торғай кентінде дүниеге
келген.Ұлы Отан соғысына қатысқан.Абай атындағы Алматы Мемлекеттік
Университетін бітірген.Ақынның «Өлеңдер» атты тұңғыш жинағы 1948
жылы жарық көрді. «Жолдас», «Жас жүрек», «Жұлдыз жырлар», «Жол
үстіндегі жалындар» т.б. қырыққа жуық жыр жинақтардың
авторы.Балаларға арнап «Барлаушы бала», «Құлыншақ», «Бала
жолбарыс», «Қорқақ торпақ» т.б. жазған.А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов,
Т.Г. Шевченко, Ә.Науаи шығармаларын қазақ тіліне
аударған.
Кітаппен жұмыс
1.Өлеңді мәнерлеп оқимын 2.Оқушыларға мәнерлеп оқыту
Сөздік жұмысы (Дәптермен жұмыс)
Ай мен күнге жол ашқан- аспан айдың,күннің еркін жүретін жолы
Көкжиек-Аспан мен жердің қиылысу сызығы
Түскі аспан-ашық аспан деген ұғымда
Ұлан байтақ-кең байтақ
Талдау (постермен жұмыс)
І топ-өлеңнің авторы,тақырыбы,жанр түрі,идеясын анықта
ІІ топ-шумақ,тармақ,бунақ,буын саны,ұйқасын тап
ІІІ топ-әдеби теориялық ұғымдар,тәрбиелік мәнін тап
Қолдану
І топ-«Менің елім» тақырыбына ойтолғау жазу
ІІ топ- Отан,туған жер тақырыбына сурет салу
ІІІ топ- Отан,туған жер тақырыбына коллаж жасау
Сергіту сәті «Көңілді күн»
Жинақтау
-Балалар,өлең сендерге ұнады ма?
-Өлең ұнады.Өлеңді оқығанда кеудемді мақтаныш сезімі биледі.Қазақстанда туғаныма.өмір сүргеніме қуандым.
-Өлең несімен ұнады ?
-Өлең жеңіл оқылады.Өлеңде туған елін,жерін сүйген ақынның сырлы сезімі бейнеленген.
-Қандай әсер алдыңдар ?
-Ақынның сөздері сезімі арқылы біз Отанымызды одан да қатты жақсы көріп кеттік.Отанға деген патриот сезіміміз күшейді.
-Жарайсыңдар, балалар.Өте дұрыс айтасыңдар.Өлең-Отанға деген сүйіспеншіліктен тұрады.
Қорытынды (Мұғалім сөзі)
-Олай болса бүгінгі сабағымызды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауымен аяқтаймын. «Еліміздің болашақта көркейіп,бәсекеге барынша қабілетті елу мемелекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алғанына тікелей байланысты.»
Үйге тапсырма: «Менің Республикам» өлеңін жаттау
Рефлексия
Мұғалімнің сабағына өзіндік талдау
Сабақтың тақырыбы: С.Мәуленов «Менің Республикам» өлеңі
Сабақтың мақсаты: Өлеңнің көркемдік қуатын, мәнін түсіндіру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.Оқушылардың ойлау қабілетін, тілдерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге, сатылай талдай білуге, ой ұшқырлығына баулу.Балаларды туған жерін, елін сүюге құрметтеуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
1.С.Мәуленовтың өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып,өлеңнің идеялық мазмұнын талдау.
2. Өз ойларын ашық айтуға үйрету, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
3.Оқушыларды Отанды сүюге, оның құндылықтарын бағалап, қастерлеуге, өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу; елім ,жерім деп тебіренетін патриот тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Ақын суреті,өмірі мен шығармашылығы туралы видео монтаж,интербелсенді тақта.
Интербелсенді тақта арқылы пысықтау жұмысы қатар жүргізіліп отырды. Тақтаға назар аудара отырып, оқушыларға жаңа сабақ бойынша түрлі сұрақтар қойылды. Жаңа сабақты түсіндіру барысында кітаппен жұмыс, сөздік жұмысы, тақтамен жұмыс қамтылып отырды. Оқушыларға ең алдымен өлеңді өзім мәнерлеп оқып бердім. Содан соң оқушылар жеке-жеке мәнерлеп оқыды. Өлең ішіндегі кездескен түсініксіз сөздерге тоқталып кеттім. Талдау кезеңінде топ оқушылары постермен жұмыс жасап, әр топтан белсенді оқушылар тақтаға шығып қорғады. Қолдану кезеңінде әр топқа түрлі тапсырмалар берілді. І-топ «Менің елім» тақырыбына ойтолғау жазу, ІІ- топ Отан, туған жер тақырыбына сурет салу, ІІІ- топ Отан, туған жер тақырыбына коллаж жасау. Әр топ оқушылары өздеріне берілген тапсырмаларды орындады. Сабақ арасында оқушыларға сергіту сәті ұйымдастырылды. Сергіту сәтінен кейін оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, сабаққа деген қызығушылықтары одан сайын арта түсті. Сабақ соңында оқушыларға түрлі сұрақтар қойылып, тиісті жауаптары алынды. Жалпы бүгінгі өткізілген ашық сабақта өз мақсатыма жеттім.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
С.Мәуленов «Мен Республикам» өлеңі

шағым қалдыра аласыз