С.Мұратбеков "Жусан иісі"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

С.Мұратбеков "Жусан иісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" шығармасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Ұзақ мерзімді жоспардың

бөлімі: 3-бөлім.

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

МЕКТЕП: «Б.Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ

КҮНІ: 30.01.2026

Мұғалім: Шаметова А.Б.

СЫНЫП: 6 «Г»

Қатысқандар :

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.Т\Ж.4.Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.

Сабақ мақсаты

Жусан исі шығармасынан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқи алады;

Жусан исі шығармасынан орта көлемді үзінділерді жатқа айта алады.

Жоспар:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың басы

10 мин

























































































































Сабақтың ортасы

25 мин



















































































































Сабақтың соңы

10 мин








І. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары түгенделеді.

Психологиялық ахуал «Жүректі тазарту» Оқушыларға таза парақшалар таратылады. Оған дәл қазіргі кездегі ойындағы кірбіңді, ренішті, қолайсыз көңіл күйді жазу ұсынылады. Жазып болған соң, қоқыс жәшігіне тастайды. Осылайша барлық жағымсыз көңіл күйден арылып, тазарған жүрекпен,

көтеріңкі көңіл күймен сабақ басталады.

Топқа біріктіру:

Стикердің артына жазылған кейіпкерлердің аттары арқылы топқа бөлінеді.

1-топ: «Аян» тобы

2-топ: «Садық» тобы

3-топ: «Есікбай» тобы

Қызығушылықты ояту


Wordwool платформасы арқылы тест сұрақтарына жауап беру.


1. Сайын Мұратбеков қай жылы дүниеге келген?
A) 1934
B) 1936
C) 1938
D) 1940

2. Жазушының туған жері қай өңірде?
A) ШҚО
B) Жамбыл облысы
C) Алматы облысы, Қоңыр ауылы
D) Қарағанды облысы

3. 2014 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясымен ұсынылған шығармалар:
A) «Менің қарындасым», «Ауыл оты»
B) «Көгорай», «Жабайы алма»
C) «Жусан иісі», «Басында Үшқараның»
D) «Дос іздеп жүрмін», «Ауыл оты»

4. «Жусан иісі» повесінде қай жыл оқиғалары суреттеледі?
A) 1939
B) 1941
C) 1942
D) 1945

5. «Жусан иісі» повесінің басты кейіпкері кім?
A) Нартай
B) Ержан
C) Аян
D) Талғат

6. Сайын Мұратбековтің алғашқы әңгімелер жинағы:
A) «Ауыл оты»
B) «Көгорай»
C) «Менің қарындасым»
D) «Жабайы алма»

7. Алғашқы жинақ қай жылы жарық көрді?
A) 1959
B) 1961
C) 1964
D) 1967

8. 1977 жылы түсірілген көркем фильм:
A) «Жусан иісі»
B) «Тел өскен ұл»
C) «Басында Үшқараның»
D) «Ауыл оты»

9. Жазушы шығармаларындағы басты кейіпкерлер:
A) Қала жастары
B) Тарихи тұлғалар
C) Ауыл тұрғындары мен балалар
D) Ғалымдар

10. С. Мұратбеков қандай шығармаларды қазақ тіліне аударды?
A) Поэмалар
B) Әңгімелер
C) Роман мен повестер
D) Өлеңдер


11. Шығармадағы басты кейіпкер кім?

A) Садық

B) Есікбай

C) Аян

D) Бапай


12. Аян ауылға қай жылы көшіп келді?

A) 1941 жылы

B) 1942 жылы

C) 1943 жылы

D) 1945 жылы

13. Аянның әжесі қайтыс болғаннан кейін ол қайда тұрады?

A) Өз үйінде

B) Мектепте

C) Бапай шалдың үйінде

D) Балалар үйінде

14. Аянның аяғына не болған?

A) Сынып қалған

B) Тобығы тайған

C) Ауырып қалған

D) Жараланған

15. Балалар Аянның ертегілерін көбіне қай жерде тыңдайды?

A) Мектепте

B) Үйде

C) Ат қораның төбесінде

D) Өзен жағасында


Оқушылардың жауабы тыңдалады және сабақтың мақсаты мен бағалау критерийі таныстырылады.

1-тапсырма

Топтық жұмыс. «Сен жалғастыр» әдісі.

Оқушыларға шығармадан үзінділер таратылып беріледі. Сол үзінділерді байланыстыра отырып, мәтін құрайды.

Мәтін бойынша кейіпкерді тауып мінездеме береді.

І топ - «Аян» тобы


Есікбай – сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала еді. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін. Қазір де ол Аянның алдында қыр көрсеткісі кеп:

- Тырнағының қайсы – ей, мысық? – деп, Қосымды аяғынан шалып қалды. Қосым жалп етіп ұшып түсті де, терісі сыдырылған тізесін ұстаған күйі, көзі жасаурап қайта тұрды. Біраз жүргеннен кейін Есікбай оның басынан түйе тоқай ала бастады. Жылап жіберген Қосым тырнамақ боп ызақорлана ұмтылған, Есікбай оны ұзын қолымен тұмсықтата салып жіберді. Қосымның мұрнынан қан дірдектеп, бақырып үйіне кетті.

(Есікбай - сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала. Жаман әдеті – әркімге бір ұрынады, әлі жеткенді аяқтан шалып қалады. )



ІІ топ- «Садық» тобы

Менің де мынадай ақ көйлегім бар. Үлкен сандықта жатыр, апам кигізбейді, – деді көп үндемейтін Қосым тырнауық та. 2 Қосым төбелескенде ылғи баж етіп кеп бетті тырнайтын, сондықтан оны тырнауық дейтінбіз, өзінен көп балалар қорқатын. Оған тек Есікбай ғана тік келуші еді. Қазір де ол: – Ой, кетші ары, тырнауық мысық. Сенің үйіңде алтын барын да білеміз, – деп ентелеп келе жатқан Қосымды көкірегінен итеріп жіберді.

(Қосым – мақтаншақ, көп үндемейді, төбелескенді жақсы көреді. Ылғи баж етіп кеп бетті тырнайды. Сол себепті ауыл балалары тырнауық мысық деп келемеждейді.)



ІІІ топ – «Есікбай» тобы

Сол күні біз суға түсіп, күнге қақталып, кешке дейін тоспа басында ойнадық. Аян бұрыннан таныс адамдай етене боп кетті. Ол өте ақ көңіл, ақылды бала екен. Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі, не десең де тез көне кететін жұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті. Ең жақсы қасиеті – ешкіммен төбелсіп, сөзге келмейтіндігі еді. Бірекі рет кейбір шатаққұмар балалар тиісіп ие көрген өзіне. Аян үндеместен қабағын түйіп, ондайлардан сырт айналып кетіп жүрді. Өзінің жауап қайыра алмағанына налығандай боп: – Менің көкем де жоқ, апам да жоқ, сондықтан төбелессем әжем ұрсады ғой, – деп қойды ол.

(Аян - өте ақкөңіл, ақылды, зерек бала екен. Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі,не десең де жұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті. Ең жақсы қасиеті – ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейтіндігі еді.)

2-тапсырма

Жұптық жұмыс

Символды түсіну

Жусан – шығармада маңызды символ.

  • Жусан нені білдіреді?

  • Неліктен жусан Аянның әкесіне, туған жерге деген сағынышымен байланыстырылады?

  • «Жусан иісі» атауы шығарманың мазмұнын қалай ашады?

? Қорытынды жаса:
Жусан – бұл __________________________________________

Кейіпкер тағдырын талдау

Аян – соғыс жылдарындағы жетім баланың бейнесі.

  • Аянның қандай қиындықтарды бастан өткергенін атаңдар;

  • Ол қиындықтарға қалай төзді? (ертегі айтуы, үміті, мінезі);

  • Әңгіме соңында Аянның тағдыры қалай аяқталды?

? Қорытынды жаса:
Аян – _______________________________________________ бала.

Өмірмен байланыстыру

Шығармадағы оқиғаларды қазіргі өмірмен салыстырыңдар.

  • Қазіргі заманда Аян сияқты балалар бар ма?

  • Олар қайда тәрбиеленіп жатыр?

  • Барлық балалар бірдей толық жетім бе? Айырмашылығын түсіндіріңдер.

? Қорытынды жаса:
Қоғамдағы балаларға қамқорлық – _________________________ .



3-тапсырма

Жеке жұмыс

https://youtu.be/vC-2CE612JU

Сілтеме арқылы Аян туралы бейнероликті көріп, Аянға хат жазыңыздар.



«Рефлексиялық хат»

Оқушылар сабақ соңында мұғалімге хат жазады, онда сабақ туралы ойларымен бөліседі. Хатта олар келесі сұрақтарға жауап береді:

Сабақта не ұнады?

Қандай қиындықтар болды?

Нені түсіндіңіз?

Бұл әдіс оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуға да көмектеседі және олардың сабаққа қатысуын арттырады.

Үйге тапсырма: Шығармадан өзімізге ұнаған жерінен үзінді жаттап келеміз.

Егер мен Аян болсам....

Оқиғаны немен аяқтар едің... Қазіргі қоғам мен ертедегі қоғамдағы жетім баланың айырмашылығы. Осы тапсырма бойынша өз ойларыңды жазыңдар.

Оқушылар назарын сабаққа аударады.















Сұрақтарға ой тұжырымдап, жауап береді.





























Сұрақтарға ой тұжырымдап, жауап береді.





























































Сұрақтарға ой тұжырымдап, жауап береді.



































Үзінділерді байланыстыра отырып, мәтін құрайды. Сол мәтін бойынша кейіпкерді тауып мінездеме береді.





































Жұппен бірлесе жұмыс істейді. Серіктесінің пікірін тыңдайды, толықтырады.

Ортақ шешімге келіп, қорытындыны бірге ұсынады. Өз ойын нақты, түсінікті тілмен жеткізеді.



















Берілген сілтеме бойынша бейнероликті мұқият қарайды. Бейнеде көрсетілген оқиғалар мен сезімдерді жазбаша өз сөздерімен түсіндіреді.



Оқушылар сабақ соңында мұғалімге хат жазады, онда сабақ туралы ойларымен бөліседі.



ҚБ:

Жарайсың!

Керемет!

Жақсы!

















Дескриптор:

- Сұрақтарға толық жауап береді – 1 б

- Өз ойын еркін айтады- 1 б



















































ҚБ:

Жарайсың!

Керемет!

Жақсы!

























































ҚБ:

Жарайсың!

Керемет!

Жақсы!















Дескриптор:

- үзінділерді байланыстыра отырып, мәтін құрайды – 1 б

- сол мәтін бойынша кейіпкерлерді табады- 1 б

- кейіпкерлерге мінездеме береді-1 б














Дескриптор:

-жұппен бірлесе жұмыс жасайды- 1 б

-бір-бірінің пікірін тыңдайды және толықтырады-1 б

-ортақ қорытынды жасайды-1 б

























Дескриптор:

өз ойын анық, жүйелі түрде жазады- 1 б

Аянға тілек, кеңес, қолдау сөздерін білдіреді- 1 б






6-сынып қазақ әдебиеті

























А4 парақтары, түрлі түсті қарындаштар, маркерлер




























А4 парақтары, түрлі түсті қарындаштар, маркерлер

























А4 парақтары, түрлі түсті қарындаштар, маркерлер





























А4 парақтары, түрлі түсті қарындаштар, маркерлер

































А4 парақтары, түрлі түсті қарындаштар, маркерлер







































А4 парақтары, түрлі түсті қарындаштар, маркерлер





























А4 парақтары, түрлі түсті қарындаштар, маркерлер
















«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





«Бекітемін»

Мектеп директоры: Н.М.Нұрсеитова



С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі

Shape1

ДӘІЖО: А.Қ.Бейсекенова

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: А.Б.Шаметова



2025-2026 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі