жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
С.Мұратбеков «Жусан иісі» Шығарманың құрылымдық ерекшелігі 6-сынып Әдеби.ет
Қазақ әдебиеті пәні бойынша 6 –сынып оқушыларына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспарының
тапсырмалары 3- тоқсан
|
3-бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған... |
«Ұзақбай Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясы» Сынып: 6«ә» №11 |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: 16. 02.2021 |
Мұғалімнің аты-жөні: Ш.Нурымбетова |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
С.Мұратбеков «Жусан иісі» Шығарманың құрылымдық ерекшелігі |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқубағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
Б/С.6.3.4.1 шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: шығармада көтерілген әлеуметтік мәселені анықтайды; Көпшілігі: шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөліне пікір білдіреді, сыни хабарлама жасайды; Кейбір оқушылар: шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөліне сыни хабарлама жасап, өз көзқарасын білдіреді; |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
-шығармада көтерілген әлеуметтік мәселені анықтайды; -шығармадағы әлеуметтік мәселеге сыни хабарлама жасауда өз көзқарасын білдіреді; |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар отбасы мүшелерінің туыстық атауларын және ана туралы көркемдегіш сөздерді меңгереді. Шығармадағы мұң, қасірет, жетім сөздерінің мағынасын түсінеді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтар |
Оқушылардың отбасына деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті , досқа деген адалдықты арттырады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Қазақстан тарихы, бйнелеу өнері түрлерімен байланыс жүзеге асырылады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ойлау дағдағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну,қолдану; |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың кезеңі уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 7 минут |
Психологиялық ахуал қалыптастыру: « Мені отбасында қалай еркелетеді?» (кластер жасау)
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.
С.Мұратбеков «Жусан иісі» шығармасындағы Аянның бейнесін танытатын үзінід көрсетіледі.
- Бұл үзіндіде кімді байқадыңыз? Ол кейіпкер туралы не айтасыз? - Фильмді көре отырып, қандай ой түйдіңіздер? - Шығармада көтерілген әлеуметтік мәселенің бүгінгі таңдағы көрінісі туралы не айтасың? |
Оқушылар назары сабаққа аударылады Оқушылар өзінің отбасында ғы орны туралы кластер құрастыра ды "Жетімдер" фильмінен үзінді көріп, сұрақтарға жауап береді. |
ҚБ. Бас бармақ арқылы
|
Қазақ әдебиеті 6-сынып Алматы. «Атамұра»-2018
|
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы Жаңа материалды игеру 15 минут
Орында
|
Мағынаны тану: Ертегіші Аянның тағдыры бар Сайын ағаның балалық шағында... «Балалар, тоқтаңдаршы. Мен сендерге кешегіден де қызықты ертегі айтып беремін» деп аяғын сылти басып, балалардың соңынан еріп жүретін Аянның аянышты тағдыры бүгінгі оқырманға таңсық болмас. «Жусан иісі» әңгімесін оқыған сайын, әуелі есімізге жусанның иісі оралады. Жусанның иісі ауылда өскен, ауылда дүниеге келген, ауылдың қара топырағын иіскеп өскен әр баланың есіне оралатыны анық. Аян тағдырына қатысты сауалыма Сайын аға бір кездері: «Бұл біздің ауылдағы соғыс кезіндегі балалардың барлығының тағдырынан жинақталған» деп еді. Аянның прототипі — Науқан Керімов. Сайын Мұратбеков бұл шығармасының желісін өзінің балалық шағынан алған екен. Демек соғыстан кейінгі ауыл балаларының тағдыры. Аян, яғни Науқан Керімов бүгінде Ескелді ауданының Ақын Сара ауылында тұрады.1937 жылы туған. Науқан аға балалық шағын, өткен өмірін былайша еске алады: — Біз Сайынмен қатар өстік. Бірге ойнап, бірге жүрдік. Ол менен үш жыл бұрын мектепке бұрын барды. Жетімдіктің зардабынан мен кейінірек оқыдым. Колхоз бұрын «Біріншілік», кейіннен «Қызыл жұлдыз» деп аталды. Ауылда отыз шақты бала сиыр қораның төбесіндегі шөпке жиналып, әңгіме құрамыз.Ол кезде менің әке-шешем жоқ. Жастайымнан таудан отын таситындықтан аяққа шөңге кіріп, содан жүруім қиындай түскен еді.Аяқ ауырса да анда-санда шөптің төбесіне барамын.Қайдан шығатынын білмеймін, ептеп ертегі айтамын. Мен ғана емес, басқа балалар да айтады. Өзімізге сондай қызықты. Бала кезінен Сайын қайырымды еді. Кейін жоғары сыныптарға барғанда да менің жағдайымды біліп тұрды.
1-тапсырма: «Қысқа да, нұсқа» (әр бөлімде не туралы екенін еске түсір) I бөлім Кішкентай Аян жастайынан шешесінен айырылып, әжесімен бірге бір ауылға көшіп келеді. Осы ауылдың балалары ойнап жүріп жаңа баланы кездестіреді. Балалар Аянмен тез достасып, Аян екінші атаман атанады. Ол ақкөңіл,ақылды бала болған. Негізі ол ешкіммен төбелеспейтін бала еді. Бірақ бір күні Есікбай Аянға өзі тиісіп, төбелесе бастады. Бәрібір соңында Аян барлық күшін жинап, жеңді. Аян мектепте де өзінің зеректілігін бірінші күннен бастап көрсетеді. II бөлім Бұл бөлімде Аянның әжесінен айырылғаны, ертегілері баяндалады. Әжесі қайтыс болғаннан кейін оны Бапай атты туысы асырап алады. Бірақ оған дұрыс күтім жасамайды. Әжесі өмірден кетсе де, баланың қамықпауы бәрін таң қалдырады. Балалар күнде оның ертегісін тыңдауды әдет қылдырған. Ауа райы суық болса да Аянның ертегісін өткізуге болмайды. Ол күнде бір ертегі ойлап тауып, күннің батқанын күтіп, бәріне айтып береді. III бөлім Аянның мінезі өте қызық еді. Бірде ол тұйық мінезді, бірде өзін мүлде танымай қаласың. Бір күні барлық ауыл балалары Аянның ертегісін тыңдауға жиналғанда, Аян көкесінің, өзінің киімінен жусанның иісі шығатынын айта бастады. Оның көңіл- күйі өте жақсы еді. Аян осы түні ерекше қызықты: бір көзді дәу туралы ертегісін бастайды. Сөйтіп отырғанда шөптің арғы жағынан өрт шығады. Балалардың барлығы қора үстінен секіріп, қаша жөнеледі. Ең соңында Аян қалып қойып, аяғын ауыртып алады. Осы кезде ауыл бригадирі Тұржан келіп, Аянды соққыға жығады. Ауыл адамдары Тұржанға наразылық білдіреді. Осыдан кейін Аян аяғынан тұра алмай төсек тартып, жатып қалады. IV бөлім Бөлімнің басында, әжесі қайтыс болып, Бапайдың қолына түскен Аянға, оның досы келеді. Аян қуанып өз ертегісін бастайды. Ертегісі «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталушы еді. Бапай да, оның әжесі де олардың әңгімесіне құлақ салмайтын. Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болды. Бұл ойынға Аян да қатысқысы келген. Лезде жүгіре алмайтындығынан атаманның екеуі де оны алудан бас тартты. Бұған ашуланған Аян Асылбек шалдан тобығын салып беруді сұрайды. Асылбек шал баланың өтінішін орындайды. Бірақ, амал не, Аян мұнан кейін де тобығын тайдырып алады. Кейін Аянды балалар үйіне жібереді. Аян халықпен қоштасып «Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын» деп кетеді.
2-тапсырма: «Талқылау кестесі»
2-тапсырма: «Талқылау кестесі» Өз жауап нұсқаңды салыстыр:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||









Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген