400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ш.Мұртаза Тұтқын Бала 10 сағат

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып оқушыларына Тұрар Рысқұлбеков туралы танысу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні

Қазақ әдебиеті

Сыныбы

6«Б» сынып

Уақыты


Сабақтың тақырыбы

Шерхан Мұртаза: «Тұтқын бала» («Қызыл жебе» романынан үзінді 1-сағат)

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері

А) ақпараттық құзыреттілік – ақпарат көздері арқылы оқушыларға жазушы Шерхан Мұртазаның өмірбаянын, шығармашылығын меңгерту;

Ә)коммуникативтік құзыреттілік – оқушыларға «Тұтқын бала» әңгімесінің мазмұнын түсіндіру, алған жаңа материалдары бойынша жұмыстану дағдыларын қалыптастыру;

Б)проблеманы шешу құзыреттілігі – әр оқушыны өз бетімен жұмыстандыруға, жаңа материалды талдауға дағдыландыру;

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі

Көрнекілік әдісі, сөздік әдісі, көркемдеп оқу әдісі, практикалық әдіс.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, ақын портреті, топшамалар.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы.

педагогикалық технолгиялар


СТО, АКТ, білім беруді ізгілендіру.


Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

нәтиже

I.Ұйымдастыру

бөлімі

-Сәлеметсіздерме оқушылар.

-Бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ екенін айта ғой.

-Оқу құралдарыңды дайындап, сабаққа назар аударыңдар.

Мұғаліммен амандасып, кезекші орнынан тұрып сабақта жоқ оқушыны айтады. Сабақ құралдарын дайындап, зейіндерін мұғалімге аударады.

Мұғалім мен оқушылар арасында өзіндік түсінік қалыптасады.


II.Үй тапсырмасын тексеру


1). Мұқағали Мақатаев өмірбаяны.













2). «Қара өлең», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдерін оқу (қалағанын жаттау).


Мұқағали Мақатаев

  1. – 1976)

Қазақ поэзиясының қанатын кеңге жаюына қайталанбас зор үлес қосқан ақиық ақын–Мұқағали Мақатаев.Ол 1931ж 9 ақпанда Алматы обл, Нарынқол ауданында дүниеге келіп, 1976ж. 27 наурыз күні 45 жасында қайтыс болды. Оның «Армысың, достар», «Аққулар ұйықтағанда», «Дариға жүрек» жинақтары әдебиетке қосылған ұлы талант иесі екенін танытты. Ақын тау мен даласын, ұлы Отанын, адамзаттың асыл-бесігі жұмыр жерді сүйеді, қадірлейді.

Мұқағали мұраларына шолу жасап,13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екенін білдік. Мұқағали адамдарды, олардың қайшылықты тағдырын өлең тіліне түсірген, әңгіме ғып өрбіткен – ақын, жазушы, журналист, драматург, аудармашы.


Оқушылар үй

тапсырмаларын

жүйелі түрде,

тиянақты орындап

келеді, өлеңдерін

жаттап келеді.

III.Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдуға дайындық

1.Повесть дегеніміз не?

2.«Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? Ол жайында не білесің?

3.М.Мақатаев өмір сүрген жылдар?

4. «Менің атым Қожа» повесінің басты қаһарманы кім?

5. «Қан мен тер» трилогиясының авторы?

6.Қожаның мұғалімі кім?

7.М.Мақатаев дүниеге келген жер

8.Мұқағали кім?

9. «Балықшылар» қай романнан үзінді?

10.Б.Момышұлы әскерде неше жыл болған?

11. «Сен құрметте оны, қарағым!» өлеңінің авторы?

12.Лирика дегеніміз не?

13.Әбу Сәрсенбаевтың туған жері

14.Б.Момышұлы өмір сүрген жылдар

Оқушылар топшамалардағы сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың жаңа тақырыбын ашады. Жаңа тақырып: Ш.Мұртаза «Тұтқын бала». (Ш.Мұртазаның суретінің үстіне топшамаларды ілемін, ал оқушылар сол топшамаларды суырып сұрақтарына жауап береді, сөйтіп, топшамаларды бір-бірлеп суыра отырып, жазушының портреті ашылады. )

1.Баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрін повесть деп атайды.

2. Б.Соқпақбаев (1924-1992ж.ж)

3.М.Мақатаев (1931-1976ж.ж)

4.Қожаберген

5.Әбдіжәміл Нұрпейісов

6.Сәбира Майқанова

7.Алматы обл, Нарынқол ауданы.

8.Ақын, жазушы, журналист, аудармашы, драматург.

9. «Қан мен тер» романынан үзінді

10. 25 жыл

11. Әбу Сәрсенбаев

12.Лирика – ақынның сезімін, көңіл-күйін, қуанышы мен сүйінішін, арман-аңсарын, ішкі толғанысын сыр қып шертетін өлең.

13.Атырау обл, Теңіз ауданы.

14. 1910 – 1983 ж.ж


Оқушылар сұрақтарға

жауап беру арқылы

өткен

материалды естеріне

түсіріп, жаңа материалды меңгеруге дайындалады.

IV.Жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру



















































V.Жаңа материалды бекіту

А.Мұғалімнің көмегімен

Ә.Оқушының өз бетімен жұмыстануы


Шерхан Мұртаза

(1932 жылы туған)

Ш.Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. Москва мемлекеттік университетін бітірген. Оның әңгіме-повестері, негізінен, ел ішіндегі еңбекті, жас адам тағдырын арқау етеді. «Табылған теңіз», «Белгісіз солдаттың баласы», «Қырық бірінші жылғы келіншек», т.б. хикаяттары оқушы қауымға кеңінен танымал. Жазушының көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмір жолына арналған «Қызыл жебе» атты романдар циклы бар.

1-тапсырма

Оқушыларға әңгімені тізбектетіп оқыту. Қысқаша түсінгендерін сұрау.

2-тапсырма

Сөздікпен жұмыс

Камера –

Губернатор –

Надзиратель –

Кафедральды собор –

Әліпби –



3-тапсырма

«Алақан шапалақтау»

Шарты: “Мен қазір сіздерге әртүрлі кейіпкерлердің аттарын оқимын, ал сіздер осылардың ішінен «Тұтқын бала» әңгімесінің кейіпкелерінің есімдері аталғанда алақандарыңды шапалақтап отырыңдар.”

Кейіпкерлер: надзиратель, Аркадий, Жантас, Приходько, Жанар, Майқанова, Федоров, Тұрар, Бронников, Еламан, Рысқұл, Андрей, Наташа, губернатор, Қожаберген.


4-тапсырма

«Адасқан әріптер»

о х о и п р д ь к

қ л ұ ы с р

и н р о б в н к

а т а н а ш

а т р ұ р

5-тапсырма

Топтық жарыс

Шарты: оқушылар екі топқа бөлініп, ата-анаға қатысты мақал-мәтелдер айтысып жарысады.


6-тапсырма

Топтастыру

Шерхан Мұртаза


















Бекіту сұрақтары:

  1. Бүгінгі өтілген тақырып ұнады ма? Несімен?

  2. Тұрарға қандай мінездеме бересің?

  3. Шығармадағы жағымсыз кейіпкерлер кімдер?

  4. Өмірде осындай жағымсыз мінезді адамдар бар деп ойлайсың ба?

  5. Шығармадағы басты кейіпкер кім?

1-тапсырма

Оқушылар әңгімені тізбектеп оқып, түсінгендерін қысқаша баяндайды.

2-тапсырма

Сөздікпен жұмыс

Камера – түрмедегі тұтқын бөлмесі

Губернатор – сол кездегі Жетісу аймағының басшысы

Надзиратель – түрме бақылаушысы

Кафедральды собор – шіркеу

Әліпби – арабша әріп танып, оқып үйрену, яғни «Әліппе» үйрену


3тапсырма

«Алақан шапалақтау»

Кейіпкерлер: надзиратель, Аркадий, Жантас, Приходько, Жанар, Майқанова, Федоров, Тұрар, Бронников, Еламан, Рысқұл, Андрей, Наташа, губернатор, Қожаберген.








4-тапсырма

«Адасқан әріптер»

о х о и п р д ь к Приходько

қ л ұ ы с р Рысқұл

и н р о б в н к Бронников

а т а н а ш Наташа

а т р ұ р Тұрар


5-тапсырма

Топтық жарыс

Мақалдар:

1.Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

2.Әке – асқар тауың,

Шеше – шалқар көлің.

3.Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді,

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

4.Әке жүрегі таудан үлкен,

Ана жүрегі теңізден терең.

5.Анасын танымаған, Алласын танымас.

6-тапсырма

Т

Шерхан Мұртаза


оптастыру

Жазушы

1932 жылы д.к

Жамбыл обл, Жуалы ауд.

«Тұтқан бала» «Табылған теңіз»



(«Қызыл жебе» «Белгісіз солдаттың

романынан үзінді) баласы»









Бекіту сұрақтары:

  1. Оқушылар өз ойларын білдіреді.

  2. Тұрар – қайырымды, мейірімді, өжет, батыл, оқу-білімге құштар.

  3. Надзиратель, Аркадий, Приходько.

  4. Өз ойларымен бөліседі.

  5. Шығарманың басты кейіпкері – Тұрар.

Оқушылар Ш.Мұртазаның өмірі, шығармашылығы жайында

ақпарат

көздерімен танысып,

білімдерін кеңейтеді.


Оқушылар әңгімені тізбектеп оқу арқылы көркемдеп оқуларын дамытады.


Сөздікпен жұмыстану арқылы оқушылар сөздік қорларын байытады.





Оқушылар «Алақан шапалақтау» ойынын ойнау барысында

сабаққа қызығушылық-

тарын арттыра түседі.






«Адасқан әріптер» тапсырмасы бойынша, оқушылар ойлау қабілеттерін дамытады, ұшқырлыққа, тез ойлануға талпынады.




Оқушылар топтанып мақал-мәтелдер айтып жарыса отырып, тіл байлықтарын дамытады, сөздік қорларын молайтады.



VI.Үйге тапсырма

1.Шерхан Мұртаза өмірін оқып келу, қосымша іздену.

2. «Тұтқын бала» оқу. (202 бетке дейін)

Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Үй тапсырмасын тиянақты орындап келеді.

VII.Қорытынды

Бағалау

Сабаққа белсенді қатыса білген оқушыларды бағалау.


Сау болыңыздар!

Оқушылар алған бағаларын күнделіктеріне қойғызады.


Сау болыңыз!

Оқушыларды бағалау арқылы ынталанады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
569
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі