Материалдар / Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесінің жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ жоспары

Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесінің жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10- сыныпқа арналған Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесінің жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ жоспары. Сабақ жоспарында белсенді әдіс-тәсілдер қолданылады, Блум таксономиясы негізге алынады. Оқу мазмұны құрылымына сәйкес жүзеге асырылады.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесінің жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ жоспары


Жолымова Света Камалқызы


Сынып

10


Сабақ 17

IV бөлім. Заман, дәуір тұлғасы.


Сабақтың тақырыбы

Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі


Осы сабақ арқылы күтілетін нәтижелер

1) Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасау. 2 ) Көтерілген мәселелерге сын тұрғысынан баға беру; шығарма идеясын жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан талдап, әдеби сын, әдеби эссе жазу.


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1) Кейіпкерлер бейнесін алынған эпизодтар арқылы ашады;

2) Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтап, даралайды.

3) Көтерілген мәселені қазіргі заман шындығымен байланыстырып, өзіндік пікір білдіреді.


Сабақ мақсаты

Барлық білім алушы үшін:

1) Кейіпкерлер бейнесін ашады, шығарма жүйесін жинақтайды, өзіндік көзқарасын білдіреді.



Бағалау критерийлері

1.Шығарманың мазмұнын түсінеді.

2.Мазмұнына қарай бөліктерге бөледі.

3.Кейіпкерлерді іс-әрекетіне қарай талдайды.

4.Сюжеттік-композициялық жоспар жасайды.

5. Үзінділер арқылы шығарманың идеясын анықтайды.


Тілдік бағдар

Оқушылар: түсінеді, талдайды, мәселені анықтайды, заман шындығымен байланыстырып қорытынды жасайды.


Құндылыққа баулу

Азаматтық жауапкершілік, ашықтық: ойын заман шындығымен байланыстырып еркін айтуға дағдыландыру.


Пәнаралық байланыс

Тарих.


Алдыңғы оқу

Ш.Құсайыновтың «Томирис» драмасының тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.


Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығу түрлері.

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

2. «Тілек айту»

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Мұғалімнен кері байланыс. «Тамаша, жарайсыңдар»

Г.Орда, С.Дәрібаев, А.Сатылова

Қазақ әдебиеті

10-сынып,

2019 ж.

Сабақтың ортасы

Тақырыппен, мақсатымен таныстыру. Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі.

Оқылымалды тапсырма: «Ойлан-талқыла» әдісі.

-Тәуекел сөзін қалай түсінесіз?

-Көзжұмбай тәуекел деген не?

-Нартәуекел деген не?



1-тапсырма

Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымы.

Ш.Мұртаза. Шығармалар жинағы.


Электронды оқулықтар.


Композициялық құрылым

1.Оқиғаның басталуы.

2.Оқиғаның байланысы.

3.Оқиғаның дамуы.

4.Оқиғаның шиеленісуі.

5.Оқиғаның шарықтау шегі.

6.Оқиғаның шешімі.

Шығармадан мысал

1.Керімқұл қуанышы.

2. «Ағайының бай болса »

3.Қонақтарды қарсы алу.

4. «Құр келген» қонақтар.

5.Шырқы бұзылған той.

6. «Көрпеңе қарай көсіл»


Бағалау критерийі:

1.Шығарманың мазмұнын түсінеді.

2.Сюжеттік-композициялық жоспар жасайды.

Дескриптор:

-Сұрақтарға нақты жауап береді;

-Автордың ойын анықтайды;

-Көтерілген мәселеге пікір білдіреді.

Оқушыдан кері байланыс: Өзара бағалау.

Бағдаршам әдісі бойынша бағалау.

Қызыл- мен ештеңе түсінбедім.

Сары- маған әлі түсініксіздеу.

Жасыл- маған бәрі түсінікті.

Мұғалімнен кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.



Бағалау критерийі:

1.Кейіпкерлерді іс-әрекетіне қарай талдайды.

2.Үзінділер арқылы шығарманың идеясын анықтаңыз.

2-тапсырма. Жұппен жұмыс: «Ойлан және бөліс» әдісі

-Үйге кім сияды? Мен бес жүз адам шақырамын.

- Маған десең, 1000 адам шақыр. Бірақ ақшаны қайдан табасың? Әлде баяғы Есей байдың Қыршынды тауына тығып кеткен алтынын тауып алдың ба? – деп Төкең күйіне бастады.


-Ой, Төке-ай, - деп Керімқұл сасырдың сояуындай қолын бір-ақ сілтеді. – Бес жүз адам әрқайсысы ең құрығанда бес мыңнан теңге әкелмей ме? Қайта, менің есебім бойынша, ресторанның төлемінен артылып, өз қалтамда қалады.


-«Ата дәстүрін білмеген албастылар, - деді ішінен Керімқұл.

- Қай қазақ бұрын тойға гүл ұстап келуші еді?

-«Осыларды да бауыр, жанашыр дейді-ау,- деп күйінді Керімқұл.

-Атаңа нәлет саудагер. Жұмыртқадан жүн қырыққан иттер. Бұларды туысқан деп несіне шақырдым?»


Саралау тапсырмасы: «Қолдау әдісі» бойынша кейбір баяу ойлайтын студенттерге қолдау жасаймын.

Дескриптор:

-Кейіпкерлер іс-әрекетін талдайды.

-«Кім, қашан, қайда?» сұрағы арқылы білгенін дәлелдейді.

-Іс-әрекеті арқылы кейіпкерлерді таниды.

Оқушыдан кері байланыс: Өзара бағалау. «Қолмен белгі беру» әдісі

«+-сұрақ»

Әдісі бойынша жұмыстарының оң тұсын атап көрсетеді, дамыту керек тұсына ұсыныс айтады, түсініксіз тұстарына сұрақ қояды.


3-тапсырма. Оқылым кезі тапсырмасы:

Бағалау критерийі: Көтерілген мәселені қазіргі заман шындығымен байланыстырып, өзіндік пікір білдіреді.

Әне ана бір бала жүр адамдарды жағалап. Шашы өсіп кеткен. Сірә, үшінші, төртінші сыныптың баласы-ау. Үсті-басы жертөледе түнепшыққандай мыж-мыж. Әркім-әркім сол баланың өзіндей мыж-мыж болған жыртық-жыртық үш теңгелік, бес теңгелік бірдеңелерді берген болады да әлгі көзі мөлиген міскінге тура қарауға дәті шыдамай, теріс айналып кетеді. Жас баласы қайыр сұраған елдің тойы да жарамсыз шығар.

Бала Керімқұлға жақындап келді. Күйіп тұрған Керімқұл:

-Кет, әйда! – деп бұрылып кетті.

Дескриптор:

-Жетім-жесірлер тағдыры ойланта ма?

-Ешкімге пайдасы жоқ даңғаза, мақтаншақтық, ысырапшылдық қоғамға қажет пе?

Оқушыдан кері байланыс: Өзара бағалау.

Бағдаршам әдісі бойынша бағалау.

Қызыл- мен ештеңе түсінбедім.

Сары- маған әлі түсініксіздеу.

Жасыл- маған бәрі түсінікті.

Мұғалімнен кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.


«+-сұрақ»

Әдісі бойынша жұмыстарының оң тұсын атап көрсетеді, дамыту керек тұсына ұсыныс айтады, түсініксіз тұстарына сұрақ қояды.


4-тапсырма.Бағалау критерийі:

1.Шығарманың мазмұнын түсінеді.

2.Үзінділер арқылы шығарманың идеясын анықтайды.


Шығарманың басты идеясы- соңғы кездегі қазақи тойлардың белең алып, асқынып кеткен мақтаншақтық, ысырапшылдық, дарақылық мінездерді ащы мысқылмен әжуалай отырып, халықты ақылға, ынсапқа, қанағатқа шақыру;

Автор ақкөңілдік пен соқыр дүниеқоңыздықты, асабалық салты мен жанын жалдау, кісі ақысын жеуді ащы шындықпен көрсетеді.

Дескриптор:

-шығарма идеясын жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан талдайды;

- әдеби сын, әдеби эссе жазады

Екі жақты кері байланыс: «Қосу, Алу, Қызықты»


«+-сұрақ»

Әдісі бойынша жұмыстарының оң тұсын атап көрсетеді, дамыту керек тұсына ұсыныс айтады, түсініксіз тұстарына сұрақ қояды.

Сабақтың соңы

Сабақты бекіту





Үй тапсырмасы

Рефлексия:

Жеке жұмыс: «Шығу парағы» сұрақтары:

1.Бүгінгі сабақта не үйрендіңіз?

2.Сабақ бойынша қандай сұрағыңыз бар?

3.Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару керек?

4.Сабақтағы материалдардан өзіңізге қандай ой түйдіңіз?

Үйге тапсырма:

Шығарма идеясын жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан талдап, әдеби сын, әдеби эссе жазу.




ЖИ арқылы жасау
01 Желтоқсан 2021
4321
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі