|
Басы 10 мин
|
«Тақырып көлеміндегі
әрекеттер»
Саптық жаттығуларды
орындату:
-
«Оңға» «солға» «кері айнала»
бұрылып саппен жүру,
Жүру жаттығулары:
Қолды белге қойып, аяқтың ұшымен, аяқтың
өкшесімен, табанның ішкі қырымен, табанның сыртқы қырымен
жүру.
Жүгіру жаттығулары:
Екі қолды белге таяп, аяқтарын алға кезек – кезек
сермеп жүгіру.
Оң қапталмен қолды алға айналдыру.
Сол қапталмен қолды артқа айналдыру.
Тізені алға көтеріп жүгіру.
Аяқты артқа сермей жүгіру.
Толық отырып секіру.
Толық отырып жүру.
Дем алуға арналған жаттығулар. Терең дем алып, қолды жоғары көтеріп
аяқтың ұшымен көтерілу, қолды жанына түсіріп, демді сыртқа шығару.
Бір қатардан 3 немесе 4 қатарға тұрып жаттығу
жасату.
Бағалау:
Оқушылар
тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау
көрсету.
|
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
|
Қол шапалақ
|
Оқулық,
суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар,
топтық тапсырмалар
|
|
Ортасы 25 мин
|
Оқушылар дайындық жаттығуларын
орындайды.
Түрлі отырған қалыптан, арқада жатқан қалыптан
топтасу.
Тіреле отырған қалыптан, тізеде тұрған қалыптан
алға аунау.
лға домалау:Орындау техникасы. Матқа жақындау;
тізені бүгіп, денені алға еңгейту, алақанды маттың шетіне қою.
Саусақтар алға бағытталуы тиіс; иек кеудеге жанасып тұрады. Одан
кейін шынтақты бүгіп, аяқпен аздап серпіліп, баспен аунайды – матқа
желкені, мойынды, жауырынды, белді ретімен қою. Егер дене бүгіліп
тұрса, жұмсақ аунап түседі. Үйрету реттілігі:
Артқа домалау:Орындау техникасы.Артқа домалап түсуде әуелі
шалқалап жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа тербетілуден
бастаған жөн, жауырынға тұрған қалыптан артқа қарай аударылып,
қолды иықтан асыра еденге тигізіп, қайтадан жүрелеп отыру. Егер
дене бүгіліп тұрса, жұмсақ аунап түседі. Үйрету реттілігі:

Жауырынға тұру: Орындау техникасы.Жауырынмен тұру топтамада артқа
аунап орындалады. Иыққа дейін аударылып, шынтақты денеге
жақындатып, төсенішке қойыңыз, сол мезетте денені тік қалпында
ұстап тұрыңыз, содан кейін қолдың буынын арқаға жауырынға
жақындатып қойыңыз, сирақты тік ұстаңыз.
Үйрету реттілігі:
Көпірге
тұру(мостик):Көпір жасап тұру үшін екі аяқты алшақ қойып,
жамбасты ілгері жіберіп шалқайғанда, бас пен екі қолды артқа қарай
қатар иіп, қолды жерге тіреу керек.

|
Біріккен әрі тиімді жұмыс
көрсетеді
Жаттығу кезінде әр-түрлі физикалық әрекеттерде
дағдыларды түсініп қолданады
Жаттығуларды орындау кезінде аяқтың қолдың белдің
дұрыс бағытта қозғалуын дұрыс орындайды
қатаң түрде
сақталуын ескереді
|
Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
Топ белсендісі анықталып, топ басшысы болып
тағайындалуы
|
Гимнастикалық орындықтар,
Гимнастикалық маттар(төсеніш),
гимнастикалық
таяқтар.
|