Қауымдастық
Жаңа
ЖИ көмекші
Жаңа
Хабарламалар
Менің курстарым
Менің олимпиадаларым
Дайын ҚМЖ
Менің материалдарым
Менің іс-шараларым
Менің байқауларым
Менің турнирлерлерім
Журнал
Курс Олимпиада Дайын ҚМЖ ЖИ көмекші Материалдар
Аттестация Іс-шаралар Байқау Турнир Орталық туралы
Материалдар Журнал Көпшілік талқылауына арналған
білім беру бағдарламаларының белсенді жобалары
Орталық туралы
ЖИ көмекші
Қауымдастық
0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу
690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б.
  • 10 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 30 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 5 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    1 - айлық
    Стандарт
    2990 ₸ / айына
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 30 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 150 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 10 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • 1 - айлық
    Шебер
    7990 ₸ / айына
    Таңдау
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 150 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 300 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 50 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • Назар аударыңыз!
    Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
    Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
    Ок
    Материалдың қысқаша нұсқасы

    Ерлік сабағының қысқа мерзімді жоспар

    Ерлік сабағының тақырыбы

    «С.Нұрмағанбетов – халық үшін туылған батыр»

    Күні

    Сынып жетекшісі

    Сынып

    Оқу мақсаты

    Халық Қаһарманы, Тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы С.К. Нұрмағамбетовтің өмір жолына шолу жасау;

    С.К .Нұрмағанбетов тұлғасының Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қалыптасуы мен дамудағы алатын орнымен танысу; Генерал С.Қ.Нұрмағанбетовтің әдеби мұрасын паш ету; Батыр туралы замандастарының құнды пікірлерімен бөлісу;

    Құндылықты дамыту

    Ұлттық мүдде , ар-ұят , талап

    Әдіс-тәсілдер

    Сұрақ – жауап

    Өткізілу формасы

    Шығармашылық ізденіс сабағы

    Күтілетін нәтиже

    Халық Қаһарманы, Тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы С.К. Нұрмағамбетовтің өмір жолымен және ерлігімен толықтай танысады

    Көрнекілігі

    Слайд

    Өтілетін орны

    Тарих кабинеті

    Тәрбие сағатының барысы:

    Тәрбие сағатының жоспарлы кезеңдері

    Мұғалім әрекеті

    Оқушы әрекеті

    Ресурс

    Ұйымдастыру бөлімі

    5 мин

    Сәлемдесу , ерлік сағатының мақсатымен және күтілетін нәтижесімен таныстыру.

    Тренинг : «Мен үшін ОТАНЫМ ...»

    Амандасады, мақсатымен таныс болады.

    Тренинг шарты бойынша өз Отаны туралы жүрекжарды лебізін білдіреді.

    Слайд

    Негізгі бөлім

    30 мин

    ҚР ҚК туралы «Егемен елдің ертеңі – айбынды жастар» бейнебаян.

    Алғы сөз :

    «21 жасында Кеңес одағының батыры атанған қазақ халқының қаһарман ұлы С.К. Нұрмағамбетовтің туғанына биыл 100 жыл толуын атап өтеміз. Даңқты батырдың ерлік жолын насихаттау, ең алдымен, жастарға қажет.

    Қазақстан Республикасының Президенті – ҚР ҚК Жоғарғы Басқолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Жастар – бұл мемлекетіміздің күш-қуатын еселейтін ең негізгі мықты буын, жастарымыз отаншыл, білімпаз, еңбекқор, болуы қажет. Болашағымыз жастардың қолында» - деп атап өткен.

    Бүгінде әлемдік қорғаныс жүйесінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Осыған орай, Президентіміз жастар туралы «... олар егер мемлекет болмаса, онда ұлт болмайды деп түсінуі керек. Бүгінгі ұрпақ еліміздің тұтастығын сақтауға атсалысуға тиіс», - деп көрсеткені белгілі.

    Сондықтан, Қазақстан армиясының кез келген сын-қатерге дайын болуы, жастардың Отанымызды қорғауға әзірлігі – баршаға ортақ қасиетті парыз!

    Жастардың бойында Отанына деген патриоттық сезімді дарыту, дүниетанымы мықты жеке тұлғаны қалыптастыру ісіндегі басты бағыт – ел тарихын терең зерттеу, жастарды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы тәрбиелеу болып табылады.

    Осы орайда, Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Рахымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанованың және бір миллион екі жүзден астам біздің отандастарымыздың батырлығы үлгісінде патриоттық тәрбиелеу білім беру бағдарламасының маңызды бөлігі болып қала беруі қажет.

    Ел үшін туған, ел үшін ерлік көрсеткен осы батыр бабаларымыздың ішінде ерекше атап өтуге лайықты, есімі тарихқа алтын әріппен жазылған қазақтың батыр ұлы - Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов. Аты аңызға айналған батырдың жауынгерлік жолы Кеңес дәуірі мен Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы кезеңінің сабақтастығы мен тарихи өзара байланысын бейнелейді.

    Ел тарихында ерекше орны бар Сағадат Нұрмағамбетов өмірінің 50 жылдан астам уақытын әскери қызметке арнаған (1942 жылдан 1996 жылға дейін), тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің қалыптасу символына және парасаттылықтың, әдептіліктің, сондай-ақ өз ісіне, Отанына деген адалдықтың үлгісіне айналды».

    Ендігі кезекті әнге берейік.

    «Сағадат» әні шырқалады.

    Ендеше оқушылар , топ бойынша берілген тақырыптарға орай сабағымызды жалғастырайық.

    Бірінші топ: «С.Қ.Нұрмағанбетовтың өмір жолы»

    Екінші топ: «С.Қ.Нұрмағанбетовтың ҚР Қарулы Күштерінің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі»

    Үшінші топ: «Батыр туралы естеліктер»

    Оқушылар бейнебаян тамашалайды.

    Сынып жетекшісінің алғы сөзін тыңдайды.

    Бірінші топ:

    «Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы 25 мамырда кәзіргі Ақмола облысы Ақкол ауданы Қосым ауылында дүниеге келген. Үйдің кенжесі. Әкесі – Қожахмет, анасы – Айса, ағасы Сағит. Сағадат дүние есігін ашуға бір ай қалғанда әкесі Қожахмет өмірден озады. Айса жалғыз қалып, екі ұлын асырау үшін бар күшін салады. Алайда елімізді ашаршылық жайлаған 1932 жылы Сағит пен Сағадат отбасының тірегі болған аналарынан айрылып, тұл жетім қалады. Ол кезде Сағадат бар-жоғы 8 жаста еді.

    Сағадат үшін жалғыз ағасы Сағит әке де, шеше де болды. Бірақ сұм соғыс ағасын да көп ұзатпай майдан даласына алып кетеді. Ол ағасын жанындай жақсы көрген еді. Жас Сағадаттың еңбекқорлығы, талапшылдығы оның бір жыл ішінде екі сыныпты бітіргендігінде көрінді.

    Сағадат география және тарих пәнінің мұғалімі болуды армандаған.

    Батырдың замандастары естеліктерінде «Жұмулы көзбен ол әлем картасынан кез келген жерді көрсетіп бере алатын», дейді

    Ол мектепте оқуда озат, талапшыл, еңбекқор, мақсатшыл болып қалыптасты. Мектеп қабырғасында бос уақытын тек кітап оқуға арнады. Әсіресе ол қазақтың аңыз-жырлары мен қазақ батырларының ерлік-дастандарын сүйіп оқыды. Туыс атасы Әлжан айтқан Қобыланды батыр, Алпамыс батыр туралы жыр-дастандарды сүйсіне тыңдайтын. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының барлық халықтары үшін, оның ішінде қазақ халқы үшін де үлкен сынақ болды. Сонау қиын уақытта қазақстандықтар Кеңес Одағының басқа халықтарымен тең дәрежеде өз Отанын қорғап, фашистік Германияға қарсы күреске шықты. 1 200 000-ден астам адам әскерге шақырылды. Халқымыздың басына түскен 1 418 драмаға толы күндер мен түндер адамзат тарихында өшпес із қалдырды.

    Ұлы Отан соғысы майдандарындағы Қазақстандықтардың батырлық географиясы өте кең: олар Мәскеу, Ленинград, Сталинград маңындағы, Балтық, Украина, Польша, Германия аумақтарындағы шайқастарға қатысты; фашистер басып алған аумақтардағы партизандық күреске қатысты.

    Соғыс майдандарында батылдықпен соғысқан қазақ халқының көптеген ержүрек ұлдарының бірі - Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы».

    Екінші топ:

    «1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды.

    Егемен елдің бірден-бір белгісі – ол өз Қарулы Күштерінің бар болуы. Сол себептен, қазақ елі тәуелсіздігін алған соң, қауiпсiздiгi мен қорғаныс саласын нығайтуға кірісті. 1991 жылы Қазақстан Президентiнiң жарлығымен Мемлекеттiк қорғаныс комитетiнiң төрағасы қызметіне тағайындалған Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы бұл бағытта бар күшін салды.

    «Қарулы Күшіміз әлі құрылмаған. Сол кезде кадр мәселесі төңірегінде ойлана бастадық. Себебі өзге ұлттың өкілдері елдеріне кеткісі келді. Біз Президентпен кеңесіп, елде қалған әскери қызметкерлердің бетін бері бұрдық», - дейді С.Қ. Нұрмағамбетов өз естелігінде. Бұл орасан зор материалдық-техникалық ресурстарды ысырап ету, жақсы кадрлардан айырылу қаупі болды деген сөз.

    1992 жылғы 7 мамырда Сағадат Нұрмағамбетов қорғаныс министрi болып тағайындалды. Егемен еліміздің барлық қорғаныс мәселесін бір уыстың астында ұстау, бәрін орнықты қолдану, әскери машинаны қозғалысқа келтіру үшін ерлік, ерік-жігер, дәл осындай әскери басшының тәжірибесі қажет болды.

    ҚР Қорғаныс министрі лауазымын абыроймен атқарған даңқты қолбасшы сапалы әскери мамандарды даярлауға бар күшін салды, соның ішінде әскер ісін ұйымдастыруда кіші офицерлер легін дайындап шығаруға басымдық берді, соғыс жылдарында жауынгерлік құрамының үздіксіз легін қамтамасыз ету әдісін тәуелсіз Қазақстандағы әскери саланың нығаюына сәтті пайдаланып, тиімді реформа жүргізді.

    Сонымен қатар, бұл қызметте Сағадат Қожахметұлы өзін мемлекет қайраткері, әскери басшы ретінде ғана емес, дипломат ретінде де көрсетті. Мысалы, Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасының Қорғаныс ведомстволарымен әскери ынтымақтастық орната отырып, ол армия генералы Павел Сергеевич Грачевпен және генерал-полковник Чи Хаотянмен жеке келіссөздер жүргізді. Бір қызығы, сол жылдары ол ТМД елдерінің Қорғаныс министрлері арасында жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері болды, ал басқа шет мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарының басшылары оның пікірін тыңдап, оның ойын есепке алатын.

    ҚР Қорғаныс министрі қызметін 1995 жылдың қазан айына дейін атқарды, содан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі ретінде әскери құрылыс мәселелерімен айналысуды жалғастырды».

    Үшініш топ:

    «Сағадат Нұрмағамбетовтің, Патриоттың, Адамның және Азаматтың өмірі – өз халқына қызмет етудің ұлы үлгісі. Өскелең ұрпақ үшін елдің табысты тәуелсіз болашағын құру үшін осындай қаһарман тұлғалар туралы білу өте маңызды. Армия генералы – өзінің рухымен сергек, талғампаздығымен, сыпайылығымен, сүйкімділігімен, ойларының тазалығымен және мақсаттарының айқындылығымен таңғажайып шұғылалы тұлға. Сағадат Қожахметұлымен кездесу бақытына ие болған адамдардың жадында оның таңғажайып даналығы мен қарапайымдылығы сақталған.

    Қолбасшы, Кеңес одағының батыры, жазушы, ұлы ойшыл, әскери ғалым Бауыржан Момышұлы Сағадат Нұрмағамбетовті «Сыпайы генерал» деп еске алады екен. Өйткені мінезі көркем, жайдарлы, ісіне адал болғанын айтады.

    Осылайша, КСРО маршалы, Кеңес Одағының Қорғаныс министрі Дмитрий Тимофеевич Язов …батыр туралы

    «Ең алдымен, мен қарапайымдылықты, сонымен бірге батылдықты, жоғары кәсібилікті және әскери қызметтегі ұзақ жылдық мол тәжірибе мен білім-білігін бағыныстыларға жеткізе білетін, әскерлердің жоғары жауынгерлік дайындығын нығайтуда ең күрделі міндеттерді байсалды, қарбалассыз шеше білетін тұлға екенін атап өтер едім» деді.

    «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуы мен қалыптасуының ең қиын кезеңінде оның өмірлік, майдандық тәжірибесі, ой-санасының кеңдігі, адамдардың ішкі дүниесін терең білу қасиеті, ең бастысы, орасан зор еңбекке қабілеттілігі қажет болды» деп еске алады.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті Әскери ғылыми-зерттеу орталығының Ақпараттық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері капитан Бергібаев Бақтияр Асылқанұлы былай есіне алады.

    «Менің армия генералы Нұрмағамбетовпен алғашқы кездесуім 2005 жылдың көктемінде «Жас Ұлан» республикалық мектебіне оқуға түскен кезде болды. Ол кезде қарапайым балалар болғандықтан, біз сол күні ұланның әскери антын қабылдадық. Әрине, біздің кейіпкеріміз оған Отанымыздың жаңа болашақ қорғаушылары ретінде бізді қолдауға келді.

    Оны алғаш көргенімде, бірінші кезекте оның саптық түзетуі көзіме түсті! Саптың алдында нағыз армия генералы тұрды, осы ойдан біздің жас жүректеріміз нағыз мақтанышқа толы болды.

    Біздің мектептің осындай ұлы адамның есімімен аталатынын біле отырып, біз «Атамыз» сияқты Отанға қызмет етудің арманынан бас тарта алмадық, алайда білім алу оңай болған жоқ».

    Аңызға айналған адам, Кеңес Одағының батыры, Армия генералы, егемен Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, № 1 Халық Қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов 2013 жылы 89 жасында дүниеден озды. Алматы қаласындағы Кеңсай зиратында жерленген.

    Бүгінде қазақ халқының бір туар ұлының есімі бірқатар әскери оқу орындарына, сонымен қатар саябақтар мен көшелерге берілген.

    Сағадат Нұрмағамбетов - Ел патриоттарының бірі және бірегейі.

    Сағадат Нұрмағамбетов үшін армияның ар-ұжданы - қаншама жылдар бойы термен келген өзінің ар-ұжданымен тең болды.

    Ол өзінің соңғы сұхбаттарының бірінде: «Мен Егемен Қазақстан армиясын мақтан тұтамын. Егер мен фашизмді жеңуге, Кеңес мемлекетінің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстандық Қарулы Күштердің құрылуы мен қалыптасуына белгілі бір үлес қосқан болсам, онда мен Отан алдындағы борышымды орындадым деп санаймын», - деді.

    Отанға қызмет ету, ел қорғау Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов үшін абыройлы іс болатын. Қазақстан әскерлерінің рухты, батыл, білімді де білікті болуын мақсат еткен, сол игі мақсатқа қол жеткізуге бар ынта-жігерін арнаған даңқты батырымыздың адами қасиеттері бүгінгі таңда әрбір азаматқа үлгі болу қажет.

    Ол Қарулы күштерін ел үшін өте күрделі, тоқырау, қиын кезеңде басқарды және сарбаздарға қолдау көрсетіп, оларды алға жетелеуден шаршамады. Дүниеден өткенше әскери салаға өмірін арнаған даңқты батыр Сағадат Нұрмағамбетов қазақстандық армияның негізін қалап, оның дамуына бағыт-бағдар көрсетті.

    Мемлекетіміздің даму жолында әрбір тарихи кезеңнің өзіне тән қиыншылықтары болатыны заңдылық. Дегенмен, кез-келген қиыншылықты Сағадат Нұрмағамбетовтың қалдырған өшпес мұрасын басшылыққа алып, батырдың үлгісінде, яғни - жауапкершілікпен және адалдықпен шешуге ынталансақ болашағымыз жарқын болары сөзсіз.

    Жарқын болашақ дегеніміз – ол, ең алдымен, халықтың туған жерінде бейбіт өмір сүруі, өз елінде еркін дамуы, көрші елдермен тату болуы, сонымен бірге – туған жерді қорғауға азаматтарының дайын болуы.

    Отан үшін от кешкен, барлық саналы ғұмырын еліне, халқына қызмет етумен өткізген батырлардың жарқын бейнелері халықтың жадында мәңгі сақталады және өскелең ұрпаққа ерліктің және адалдықтың символы болып қалады».

    Бейне фильм

    Тәрбие сағатының соңы

    Кері байланыс :

    «Бес сөйлемді эссе»

    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    ЖИ арқылы жасау
    bolisu
    Бөлісу
    1 - айлық
    Материал тарифі
    -96% жеңілдік
    00
    05
    00
    ҚМЖ
    Ашық сабақ
    Тәрбие сағаты
    Презентация
    БЖБ, ТЖБ тесттер
    Көрнекіліктер
    Балабақшаға арнарлған құжаттар
    Мақала, Эссе
    Дидактикалық ойындар
    және тағы басқа 400 000 материал
    Барлық 400 000 материалдарды шексіз
    жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
    1 990 ₸ 49 000₸
    1 айға қосылу
    Материалға шағымдану

    Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

    Жариялаған:
    Сынып жетекші
    17 Мамыр 2024
    2647
    Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз

    "С.Нұрмағамбетов - халық үшін туылған батыр" ерлік сабағының қмж-сы

    Тақырып бойынша 11 материал табылды

    "С.Нұрмағамбетов - халық үшін туылған батыр" ерлік сабағының қмж-сы

    Материал туралы қысқаша түсінік
    Ерлік сабағының қмж-сы

    Файл форматы:
    docx
    Сынып жетекші Тәрбие сағаты Барлық сыныптар
    17.05.2024
    2647
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Жариялаған:
    Сынып жетекші
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курстар тізімі

    Химия пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Тарих пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Биология пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Ағылшын тілі пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    География пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Информатика пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Мектепке дейінгі білім беру

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    «Қазақ тілі» жəне «Қазақ əдебиеті»

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Дене шынықтыру

    пәні бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Білім алушылардың білім сапасын арттыру

    мақсатында сабақта цифрлық технологияларды қолдану
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Инклюзивті білім беру

    жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша педагогтердің кәсіби және пәндік құзыреттіліктерін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ
    Ғылыми-әдістемелік орталығы
    Редакциямен байланыс
    +7 (771) 234-55-99
    Жұмыс кестесі: Дүйсенбі –
    жұма, 9:00 – 18:00
    Мекенжай:
    Қазақстан, Алматы, Гоголья 86,
    4 этаж, 406-кабинет
    Электронды пошта
    ustaztilegi@gmail.com
    Сведения об организации
    Сайт Peaksoft веб-студиясында жасалған - Peaksoft.kz
    Политика конфиденциальности
    Сведения об организации