«Соғады жүрек» Мұқағали Мақатаев рухына арналған іс-шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Соғады жүрек» Мұқағали Мақатаев рухына арналған іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясының ақиық ақыны атанған Мұқағали Мақатаев өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

«Кәсіптік- техникалық колледжі» КММ






Бекітемін:

директордың ТІ жөніндегі

орынбасары

______ Ж.Р.Ұлтарақов

«___»________2020ж





Ашық тәрбие сағаты


М. Мақатаев рухына арналған «Соғады жүрек»









Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы:

Куанышова Укитай Жумабаевна

_____________________________________________________________


ЖӘБ отырысында қаралды

Хаттама №3__ «15»_01_2020ж.

Жетекшілердің әдістемелік бірлестігі жетекшісі_________С.А. Оспанова



«Соғады жүрек» Мұқағали Мақатаев рухына арналған іс-шара.


Кештің мақсаты:


Қазақ поэзиясының ақиық ақыны атанған Мұқағали Мақатаев өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Көрнекілік құралдар:

Ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал-жабдықтар, аудио аппаратура.


Кіріспе сөз:

Білімділік: Бүгін біз студенттер мен оқытушылар, қонақтарымыз арасында М.Мақатаев өлеңін оқудан жарыс-байқау өткізгелі отырмыз. Мұқағали ақиық ақын, сыршыл ақын, оқырманына ерекше қанат бітіретін, қайталанбас тамаша өлеңдерін оқып қана қоймай, өмірде өзіне үлгі ете білу, өлең сырын ұға білу, елін-жерін, халқын, Отанын сүйе білу, қадірін білу.


Тәрбиелік: М. Мақатаев ақынның өлеңін оқи отырып өзіндік жазу стилінің тамаша бір ерекше тәрбиелілігін қабылдап,үйрене аламыз. Ақын өлеңдерін оқып, жатқа айту арқылы өмірімізге тәрбиелік мәнінің, өлең құдіретінің зор екенін ұғамыз.


1-жүргізуші: Жансая


Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-


деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.


Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады.


Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.


2-жүргізуші: Данагүл


Бүгін менің туған күнім,

Ой пәлі – ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! –


деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен жансыз суреттері.


1-жүргізуші: Жансая


Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты – Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»,- деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали атап кеткен. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. (Слайд көрсетіліт жатады)


2-жүргізуші: Данагүл


Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сияқты дастандары бар. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алуған.


Ендеше әнге кезек берейік.

Нұрболат бауырымыздың орындауында» Шәмші Қалдаяқов әндерінен папури қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші: Жансая


Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім?

Алабұртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім,-


деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.


Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.


(Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады)

Мұқағали тобы

1.Диас Жүрегім неге өртенді?

2.Ринат Оңалбеков Шыда , шыда

3. Мұрат Бақытұлы Назымды кімге шағамын?

4. Ажмағанбетов Мейрамбек Екі өмір

5. Нұрымбеков Әділ Өтініш


Данагүл Саркеева мен Бекмұрза Жансая орындауында «Есіңе мені алғайсың әні»


Фариза тобы

1.Данагүл Саркеева Көңілде ән, көгімдегі күн, Сен бақыттысың!

2.Бекмұрза Жансая Әке, Әкеме, Ей өмір, Әйелдер-ай,

3.Гүлнарай Есенкелдиева Үш бақытым, Шын ғашықпын

4.Гүлхан Сұлтанова Сәби ана, Керемет күн!

5. Данагүл Саркеева Сен бақыттысың! Жоқ, дәрігер!


Нұрымбеков Әділ мен Ринат Оңалбековтың орындауында Фариза әні


2-жүргізуші: Данагүл


Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.


Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен,

Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген...


деген ақын өлеңінің сырларын суреттеп, бояумен өрнектеген жас ақын, журналист Олжас Мырзаға сөз берсек..



1-жүргізуші: Жансая


Бар байлық, бар білім кітапта. Осындай байлықтың жинақтап оқырманға ұсынып отырған иесі – кітапханашы. Кезекті сөз колледжіміздің кітапханашысы Үкітай Жұмабайқызы сіздерге викториналық сұрақтар қояды:


1. - Гарсиа Лорка ақын жайлы қандай тамаша сөз айтқан?

- «Ақын болу- бұл ең мұңды бақыт...

2. -Шынайы поэзия дегеніміз не?

- Шынайы поэзия-бұл махаббат, батылдық, құрбандық... Мұқағали Мақатаев мұны өте жақсы білген, терең сезінген.


3. - Тән мен рухты үйлестіруші кім деп ойлайсыздар?

- Әлем, тән мен рухты, Жаратушы мен Жаратылысты үйлестіре білу- ауыр әрі трагедиялық міндет, бірақ бұл әрбір ұрпақтың алдынан шығатын міндет. Ақын қоғамда ештеңені өзгерте алмайды, алайда өзін-өзі және әлемді тану арқылы шешкен әрбір мәселесі- өзгелерге қиналғанда сүйеу боларлық дүниелер.

4. - Жан қиналысынан құтылудың жолы қандай?

- Жан қиналысынан құтылудың жолы жалғыз-ақ жолы еңбек. «Бар жанымды сөзбенен ақтарамын» дейді ақын.

5. - Нағыз поэзияның әсері қандай?

- Нағыз поэзия қашанда – күш. Өте тыныш , ешқашан арқырап, сарқырамайтын Мұқағали Мақатаев өлеңдерінде нағыз күш бар. Оның күші айқындығында, тереңдігінде, жеңіл, үстірт дүниелердің бәрінен бас тартуында.


2-жүргізуші: Данагүл


О, махаббат!

Сен әлі тірі ме едің!?

Көзімнен ғайып болған күнім едің,

Гүл едің

Елтіген түнім едің.

О, махаббат!

Сен әлі тірі ме едің?


Ақынның махаббат сезіміне жазылған әнін тамашалап көрейік. (Ән орындалады)

Гүлнарай Есенкелдиева «Шын ғашықпын» өлеңі


1-жүргізуші: Жансая


Жақындық сеземін-

Жерден де, аспаннан,

Жылылық сезінем-

Мұздардан, тастардан.

Өмірім, сірә да,

Арыдан басталған,

Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

Осы мен өлмейтін шығарман,

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын,-


деген өлең жолдары бір көрегендікпен, сезімталдықпен жазылғандай. Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тірі екеніне бүгінгі кеш, оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйер елі куә.




2-жүргізуші: Данагүл Саркеева Жоқ, дәрігер!


Осымен ақын рухына арналған шығармашылық кешіміз аяқталды. Әрқашан жүректеріңізді ән әуелеп, жанадарыңызды жыр тербесін.


Назарларыңызға рақмет!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.06.2020
1219
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі