Білім мен ғылым саласындағы ұлттық және халықаралық жетістіктерді кіріктіру арқылы мектеп қауымдастығының зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ету
Бекітемін:__________Байганиева З.Ш.
|
|
Ақтөбе қаласындағы физика – математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
|||
|
ТАӘ: |
Ниязалина Анар Сериковна |
|||
|
КДМ |
Оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, топтық жұмыс арқылы көшбасшылық қасиеттерін дамыту |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі |
|||
|
Күні: |
Класс: 7 |
Группа: Болашақ,Достық |
Оқушылар саны: |
|
|
Мақсаты |
Оқушыларды Отанын, елін, туған жерін сүюге, ерлікке, Ұлы Жеңісті дәріптеуге тәрбиелеу. Ерлігі барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген, ерліктің мәңгі алауын жаққан қазақтың батыр қызы - Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі ете отырып оқушылардың шығармашылығын шыңдау. |
|||
|
Түрі/Әдісі |
Конференция |
|||
|
Күтілетін нәтиже |
Оқушылар батыр туралы тың деректермен танысады. |
|||
|
Құңдылықтар |
Жаупкершілік,патриотизм,құрмет |
|||
|
Уақыты |
Іс – әрекет |
Ресурстар |
||
|
17.30-17.45 17.45-18.00 18.00-18.05 18.05-18.10 18.10-18.35 18.35-18.45 |
Конференция қонақтарын қарсы алу Конференцияға қатысушы оқушыларды, көрмені әзірлеу Конференцияның ашылуы Бейнеролик «Ә.Молдағұлованың майданға дейінгі өмірі» Бекеев Н,7 класс Ә. Молдағұлованың майданға дейінгі өмірі Әлия Молдағұлова 1925 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысының Қобды ауданына қарайтын Бұлақ ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі Ілия. Әкесінің есімі Нұрмұхаммед Сарқұлов, анасы Маржан Молдағұлова. Әлияның Бағдат есімді артынан ерген інісі болды. Бірақ, Әлия 8 жасқа келгенде анасы қайтыс болып, әкесі екі баламен жазғыз қалады. Бұл кезең өте қиын болатын және әйелінен айырылған Нұрмұхаммед қызын әжесінің тәрбиесіне беруге мәжбүр болады. Осылайша, Әлия нағашы ағасы Әбібәкір Молдағұловтың отбасында өмір сүріп, балалық шағы өзімен қатарлас туысы Сапурамен бірге өтеді. 1935 жылы Молдағұловтар отбасы Мәскеуге, ал кейінірек соғыс алдында Санкт-Петербургке көшеді. Отбасылық жағдайға байланысты ағайы Әлияны №46 қалалық балалар үйіне береді. Осылайша, күздің сұрлы бір күнінде Ленинградтағы балалар үйіне көзі сәл қысыңқы 12 жасар қазақтың қараторы қызы түседі. Балалар үйіндегі орыс достары оны Лия деп атай бастады. Оларға Ілия дегеннен осылай атаған ыңғайлы болды. Ол балалар қатарына бірден қосыла алмады. Бала Әлия жолдастарына мұқият қарап, бірте-бірте олардың көңілін баурай бастады. Әлияның сабақ үлгерімі жақсы болды және ол пионерлер құрамында да белсенді жұмыс істеді. Сол еңбекқорлығының арқасында Артекке жолдама алды. 1941 жылдың жазғы күндерінде балалар үйінің пионерлері үлкен сапарға дайындалып жатты. Соңғы дайындық бітіп, қапшықтарға дейін салынып қойған еді. Бірақ, бұл демалыс болмады. Себебі, сол күні радиодан фашистік Германияның Совет Одағына шабуыл жасағаны туралы хабарланды. Сонда Әлия бірінші болып жұмысқа баруға өтініш білдіреді, бірақ оны балалар үйінен жібермеді. Соғыс туралы хабар тарағанда ересек топтағы балалар Ленинград айналасындағы бекініс құрылысына көмектесті. Олардың арасында жанын салып жұмыс істеп жүрген Әлия да бар еді. Қара жұмыстан қолы жарылып, қатайса да, Әлия күрегін тастамады. Керісінше, табандылығымен жігіттерді жігерлендіріп отырды. 1941 жылдың қараша айында Әлия Молдағұлова комсомолға жіберілді. Комсомол билетін алғаннан кейін, ол өзін жауынгер қатарында жүргендей сезінді. Жау қолы қаланы бомбалауын тоқтатпады. Өзгелермен бірге Лия да үйдің төбесінде кезекшілік етіп, жарылғыш заттарды сөндіруге ат салысып, жараланғандарға көметкесті. Сонда алғаш рет қан көрген Әлия «Жаудың жүрегіне оқты өзім атқым келеді!» деп, соғысқа аттануға ниет етеді. 1942 жылдың наурызында балалар үйімен бірге Әлия да Ярославль облысының Данилов ауданындағы Вятской кентіне көшірілді. Мұнда қазақ қызы 7 сыныпты бітіреді. Күзде ол Рыбинске барып, авиациялық техникумға түседі, бірақ онда небәрі 3 ай оқиды. Ол 25 қазанды асыға күтті. Себебі, бұл күні ол 17 жасқа толады. Сөйтіп, 25 қазанда кешкі уақытта аудандық военкоматтың есігіне кіп-кішкентай, арық қыз кіреді. Ол Әлия еді. «Мен, комсомол мүшесі Лия Молдағұловамын. Ярославльге Ленинградтан көшіп келген балалар үйімен бірге келдім. Қазір техникумда оқимын. Бірақ, майданға барғым келеді»,- дейді Әлия. Бірақ, военком кішкентай қазақ қызының жасы 18-де екеніне сенбей, он сегізге толғанда бір-ақ кел деп, қатарып жібереді. Әлия бірнеше рет армияға баруға өтініш береді, бірақ оның өтінішін қабыл алмайды. Майданға аттануға ұмтылған Надежда Матвеева да Лияның өзін соғысқа алу туралы өтінішін қабылдау үшін барын салғанын айтып, есіне алады. Ақыры, 1942 жылдың желтоқсанында, майданға аттануға деген үздіксіз өтініші бойынша Әлия снайпер нұсқаушылар мектебіне оқуға түседі. Сол күндері екі қыз Лия мен Надежда Матвеева дос болып кетеді. Кейіннен Надя Лияның серіктесі болды, олар бірігіп снайпермен шабуыл жасайтын. Қиындықтарға қарамастан, Әлия қызығушылықпен оқыды. Майданға барып, жек көрінішті фашистерді атқысы келді. Сонымен қатар, ол бір ғана тілектің жеткіліксіз екенін түсінді. Ол бәрін шебер жасау керек екенін білді. Ал командирлер: «Нағыз снайпер – бұл жоғары білікті маман. Қай жерде нағыз снайперлер болса, жауда бір минут тыныштық болмайды» дегенді құлаққа құйды. Бағдарламада арнайы және дене шынықтыру бойынша әр түрлі іс-шаралар болды. Сондықтан, ептілік пен айлакерлік, төзімділік пен шыдамдылықты дамыту қажет болды. Бірақ, негізгі міндет – дәл тигізуді үйрену болатын. Әлия ұзақ уақыт бойы бірінші атысын жасаудан қорықты. Өйткені, жауынгерлік мылтықтың құлақ тұндыратын дауысының өзі үрейді ұшыратын. Взвод командирі оған «сен әлі асықпа, алдымен шүртпені бас» деп үйретті. Оқу барысында Әлия бүкіл казарманы тік тұрғызды. Бірде тәуліктік кезекші Әлияның казармада жоқ екенін байқап, рота командиріне баяндайды. Барлығы қызды іздей бастайды. Сонда командир ағаштың басында отырған Әлияны көргенде қатты таңғалады. Сол кезде Әлия: «Командир жолдас, мен ағашқа қалай шығу керектігін білмеймін, өйткені біздің ауыл далалы. Ал сіз мұнсыз снайпер бола алмайсың деген едіңіз. Сондықтан, түнде ағашқа шығып жаттығуды жөн көрдім», деп ақталады. Ол оқу кезінде өте мұқият болды, тәлімгерлер үйреткеннің бәрін үйренді. Ал мылтықты өте қымбат зат ретінде көріп, әрқашан оны таза ұстады. Көпшілігінен жылдам атуды үйреніп, нысананы дәл көздеді. Сөйтіп, ату техникасын сәтті меңгеріп шықты. Әлиямен бірге оқыған әр адам оның төзімділігі мен мінезінің беріктігіне таңғалатын. «Бұл 1943 жылдың аязды қаңтары болды. Роталар кешкі уақытта тактикалық жаттығудан келе жатты. Ең соңында төртінші рота келе жатқан болатын. Ал оның артынан жалғыз өзі келе жатқан кішкентай адамның бейнесі көрінді. Қарасам Лия екен. Сонда ол батылдықпен маған жақындап:«Курсант Молдағұлова рота командирінің рұқсатымен тактикалық оқытудан қатардан тыс келе жатыр!» деді. Оның сөзінен аяғын қатты қажап алғанын байқадым. Оған жарақаттанған аяғымен жаттығу қиын болса да, бірақ ол қатардан қалмады. Лияның мінезі осындай еді»,- дейді снайперлік мектептің саяси бөлімінің басшысы Никифорова. Әлияда бос уақыт бола бермейтін. Егер бос уақыты болса өзімен жасты туысы Сапураға хат жазатын еді. Осы хаттардың көшірмелері қазір Молдағұлова көшесінде орналасқан №891 Мәскеу орта мектебінің музейінде сақтаулы. Ол хаттарда жақын адамдардың бір-біріне деген сағынышы мен жеңіске деген сенімдері көрсетілген. Әлия туысына жазған хаттарының бірінде: «Қымбатты Сапура, мен өзімді сендердің жанында, туған Қазақстанымда өмір сүріп жатқандай елестетін боламын. Сендермен көрісіп, туған ауылыма барғым келеді. Бірақ ештеңе етпейді, біздің кездесуімізді, отанға оралуды және жеңісті бірге атап өтетін уақыт келеді әлі»,- деген. Бұл жолдарды Әлия оқуды бітіретін жылы жазған. Үздік курсант ретінде, оған снайпер мектебінде нұсқаушы болып қалуды ұсынады. Бірақ, Әлия бұған келіспейді. Ол өзін әскер қатарына жіберуді талап етеді. Әлия табанды және алған бетінен қайтпайтын қыз болды. Ол снайперлік мектепті үздік аяқтаған кезде, оған эфрейтор атағы берілді. «Аққан жұлдыз» Ә.Молдағұлованың майдандағы ерлігі,Үзембай Е,7 класс Әлия 1942 жылы Ленинградтағы №46 мектепті бітіріп, Рыбинск қаласындағы авация техникумына оқуға түседі. Осы жылдың 18 желтоқсанында аудандық әскери комиссариаттың жолдамасымен Мәскеудегі мерген қыздарды даярлайтын орталық мектепке қабылданады. Әскери мектепті үздік бітірген Әлия өз өтініші бойынша 17 жасында 1943 жылдың тамыз айында майданға аттанды. Ол екінші Балтық жағалауы флотының 22 әскери тобы 54 атқыштар тобының бригадасы құрамында отан алдындағы борышын өтейді. Осы жылдың қазанында мерген қыз 32 жау солдаты мен офицерінің көзін жойыпты. Сұрапыл шайқастар жүріп жатты. Бұл шайқастарға снайпер Лия Магдагулова белсенді қатысты. 1944 жылдың 14-16 қаңтарындағы шайқаста Дедорухново селосы маңындағы қарсыластардың күшейтілген қорғанысын бұзу кезінде Лия Молдағұлова шайқасқан батальон жаудың күшті артиллериялық және пулеметтік оғының астында қалды. Бірақ Лия Молдағұлова: «Сталин үшін, Отан үшін», деген ұранмен жерден көтеріліп, алға жүгірді. Батыл қазақ қызының үндеуі жауынгерлерді жігерлендіріп, олар Әлияның артынан шабуылға шықты. Молдағұлова бірінші болып жау траншеясына жетті және автоматты шеберлікпен қолданып, 10 солдат пен бір офицердің көзін құртты. Фашистердің қорғанысы соққыға төтеп бере алмады. Қайтарып алынған учаске қайтадан советтік болды. Воско селосы үшін шайқаста Лия Молдағұлова тағы да солдаттарды бастап алда келе жатты. Бұл ұрыста ол тағы да 12 неміс солдаты мен офицердің көзін жойды. Насва атты теміржол стансасына шабуыл кезінде батыр қыз Молдағұлова батальонның барлаушыларымен қоян-қолтық әрекет етті. Сол кезде ол біздің жаяу әскерге атқылаған жау минометін байқап қалып, жақындап келіп, граната лақтырды. Ал тірі қалған жау солдатын тұтқынға алды. Қазақ халқының батыр қызы Лия Молдағұлова үш рет жауға қарсы контршабуылға шықты. Бұл ұрыстарда ол 23 неміс солдаты мен офицерлерін жойды. Лияның жау десе қаны қайнайтын еді. Ол өзінің жасаған істеріне қанағаттанбай, әлі де Отанына пайдасын тигізгісі келіп, жауды торып жүріп жойғысы келетін. Лияның соңғы шайқасы траншеяда өтті. Ол неміс офицерімен бетпе-бет келіп, қоян-қолтық ұрысқа көшті. Бірақ күш тең емес еді. Сонда да Лия фашисттің қолынан сытылып шығып, автоматпен неміс офицерін атты. Фашист өлер алдында пистолеттен қазақ халқының батыл қызы Молдағұлованың кеудесіне оқ атып үлгерді. Қазақтың батыр қызы 1944 жылдың 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданы Казалиха деревнясы үшін болған соғыста фашист офицерінің қолынан қаза тапты. Ол Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген. 1944 жылдың 14 қаңтары. Казалиха деревнясындағы ұрыста Әлия Молдағұлова берен мылтықты құшағына жастай қалып, Фашист басқыншыларының мығым жеріне оқ жаудырады. Алайда жауды қыспаққа алғанда Әлия Молдағұлова атойлап алға шығады. Дәл осы сәтте фашист офицерінің қолынан қаза тауып, соғыстан қара қағазы ғана оралды. Кейін мерген қызға майдандағы ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағы және Ленин ордені берілді. 1976 жылы «Золотой Орфей» байқауында 17 жасар Роза Рымбаева «Әлия» әнін шырқап, Әлия Молдағұлованың қайсар мінезін жеткізді. Мерген қыздың есімі ел жадында мәңгіге сақталып қалды. Әлияның өмірінде ерлік пен қайғылы парақтар қатар жатты. Бірақ тарихта Әлияның аққан жұлдыздай жарық ізі қалды. «Ақын-жазушылардың шығармаларындағы батыр қыз Әлияның тұлғасы»,Бекеев Н,7 класс Әлия тұлғасы –Бауыржан Момышұлы сияқы есімімен елді біріктірген өз ұлтының меншікті «Меніне» айналып кеткен тұлға. Сондықтан да батыр қыз Әлия тұлғасы бейнеленген ақын-жазушыларымыздың шығармаларының дені жастарға бағытталып,елін,жерін,халқын қастерлеуге,оларда азаматтың,кісілік,имандылық қасиеттердің болуын меңзейді. Әлия — қазақтың аяулы қызы. Әлия туралы аз айтуға да, көп айтуға да болады. Даңқы шыққанннан бері қайсар қыздың өшпес ерлігі жөнінде Кеңес Одағының баспасөзінде де, еліміздің барлық басылымдарында да кеңінен жазылды. Әлия туралы қазақ әдебиетінде, Қазақстан әдебиетінде көптеген шығармалар жазылды. Олардың бәрінде де Әлияның бейнесі, Әлияның ерлігін мадақтау, Әлияның ерлігін кейінгі ұрпаққа өнеге етіп ұсыну басты мұрат болды. Дегенмен сол жазылған дүниелердің бәрін бас-аяғын тең басқан дүниелер деуге болмайды. Сол туындылардың ішінде айрықша айтатын, айтпай кетуге болмайтын шығармалар бар. Соның ең бастысы — қазақтың атақты ақыны Сағи Жиенбаевтың «Әлия» поэмасы. Бұл туынды Әлия туралы жазылған шығармалардың бастапқылары ғана емес, шоқтығы биік туынды екендігімен де ерекшеленеді. Бұл шығарма — Әлияның сүйкімді бейнесі, жан-жүрегінің тазалығы, оның ағайынға деген бауырмалдығы, Отанға деген сүйіспеншілігі бәрі-бәрі көрініс тапқан таза лирикалық поэма. «Әлияны» оқығанда көзіңе жас үйірілетін шумақтар бар… Екінші айтулы туынды — белгілі ақын Ертай Ашықбаевтың «Гүл-ғұмыр» поэмасы. Ертай Ашықбаевтың шығармасының басқа шығармалардан озық болуының бір себебі, ақынның Әлия рухын, Әлияның ерлігінің рухын бала кезден бойына сіңгендіктен деп ойлаймын. Әлия ерлігі — ұрпаққа үлгі. Талай ұрпақ Әлия рухымен шыңдалып өсетініне еш күмән жоқ. Әлия рухы — мәңгілік рух, — деп Қажығали Мұхамбетқалиұлы әңгімесін аяқтады. “Әлия-Мәншүк” жинағы, “Песнь Праматери Хобды” (А.Утегенов), “Гүл-ғұмыр” поэмасы, ән “Он тоғыз жас” (Е. Ашықбаев), ”Қызғалдақ-ғұмыр Әлия” мен “Сағыныш”әні (Г.Аймаханова), “Әлия” әні (Б.Тәжібаев пен С.Байтереков), “Ару қыз, ержүрек қыз, Әлия қыз” әні (композитор Қ. Қожанбаев), “Әлия”әні (Ә.Садуакасова), “Әлия”деректі повесі (Ә.Оралбай), “Әлия-Мәншүк” поэмасы (Т.Молдағалиев), “Әлияның жүрегі” (Я.Хелемский), “Әлия Молдағұлқызы” повесі (Ж.Жұмақанов), “Әлия” дастаны (С.Жиенбаев), “Шығыс шынары” повесі (Ә.Нұрмаханова), “Әлия” поэмалары (К.Деркаченко, Р.Трофимов), балет “Әлия” (М.Сағатов), “Әлия” атты деректі фильм (режиссер Ю.Пискунов) және «Снайперлер» фильмі (реж. Б. Шәмшиев), “Әлия” спектаклі (Ә.Тарази), “Жарық жұлдыздар” поэмасы (С.Жиенбаев). Сейдолла Бәйтерековтің “Әлия” әнін орындаған әнші Роза Рымбаева дүниежүзілік байқауда лауреат атанды. «Ә.Молдағұлова атындағы нысандар,ескерткіштер», Досқали Н,7 класс Екінші Дүниежүзілік соғыста көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға Ақтөбеде ескерткіш орнатылды. Ескерткіш авторы Е.Н.Штамм, сәулетші Л.Б.Рапутов. Ескерткіш тұғыры 4 қырлы, граниттен жасалған. Батыр қыздың қоладан құйылған кескінінен өжеттіктің, қайсарлықтың нышаны айқын аңғарылады. Облыстық мемориалдық музей /Ақтөбе қаласы/, №891 Мәскеу орта мектебінде, №140 Санкт-Петербург орта мектебінде, Әліпбайсайдағы патриоттық орталығында. 1979 жылы Новосокольники қаласында Әлия Молдағұловаға арналған ескерткіш ашылды. Қаланың көрікті жерлерінің біріне орнатылған бұл жерде кеңестік кезеңнен бері көптеген патриоттық шаралар өткізіліп келеді. Мұнда мектеп оқушылары үшін экскурсиялар ұйымдастырылып, дәстүр бойынша жас жұбайлар гүл шоқтарын қояды. Қаһарман қыздың ерлігі жыл сайын жаңа құжаттармен, кітаптармен, қазақ достарының сыйлықтарымен толықтырылып тұратын тарихи-өлкетану мұражайының көрмесінде мәңгілік сақталады. Әлия Молдағұлованың құрметіне Қазақстанның Ақтөбе облысы Хобда ауданындағы Әлия ауылы (2005 жылға дейін – Алпайсай) аталып, сол жерде оның есіміне арналған мұражай орналасқан. Мәскеу, Санкт-Петербург, Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Ақтөбе қалаларының көшелері Әлия Молдағұлованың есімімен аталады. КСРО Әскери-теңіз күштері министрлігінің кемесі оның есімімен аталады. Қарағандыда Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжі бар. Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Шымкенттегі №29 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі мен әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий теңізіндегі жүк таситын теплоходына қазақтың қайсар, мерген қызы Әлияның есімі берілген. Сонымен қатар Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосокольники қалаларында және Қазақстанның Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент қалаларында және Әлия Молдағұлованың туған жерінде ескерткіштер орнатылған. Әлияның есімі «Артек» халықаралық балалар лагеріндегі Артек батырларының құрметіне арналған стелада қашалған. Әлия Молдағұловаға «Әлия» балеті, бірнеше өлеңдері мен поэмалары, көптеген әндері арналған. Роза Рымбаева Әлия Молдағұловаға арналған «Әлия» әнін орындады (музыкасы С. Бәйтереков, сөзі Б. Тәжібаев). Әнді орындағаны үшін Роза Рымбаева 1977 жылы «Алтын Орфей» фестивалінде Гран-при алды; ән «Ән-77» телефестивалінің лауреаты атанды. Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы «Әлия» деректі фильмі (реж. Мансұр Сағатов) және «Мергендер» (1985, режиссер Болотбек Шәмшиев) көркем фильмі түсірілді. Оның есімі Волжская жағалауындағы «Рыбинцы - Кеңес Одағының Батырлары» стеласында қашалған. «Қазақтың батыр қыздары», Дәрібаев Б ,7 класс Қан майданға аттанғандар арасында ер азаматтармен бірге қазақ қыздарының да көп болғанын білеміз. Қазақстаннан ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысқан қыздардың нақты саны белгісіз. Деректер әр жерде әртүрлі жазылады. Еліміздегі батыс өңірі қазаққа батыр қыздарды сыйлаған мекен. қазақтың жалғыз ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова еліміздің батыс аймағынан қанат қаққан. Әлия мен Мәншүктің есімдері бүгінде әр қазақтың жадында сақтаулы. Ал, Хиуаз апамыздың ерлігін екінің бірі біле бермейді. Оған себеп, ұшқыш қыздың уақытында Кеңес Одағының батыры деген атаққа қол жеткізе алмауы. Хиуаз Қайырқызы Доспанова – 1922 жылдың 15 мамырында Атырау облысы Ганюшкин ауылындағы қарапайым балықшының шаңырағында дүниеге келген. Оқушы кезінен комсомол ұйымында қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытанын Хиуаз апамыз мектеп қабырғасын аяқтарда ұшқыштарды даярлайтын арнайы курсқа жазылады. Мектепті тәмамдағаннан кейін № 1 Мәскеу медицина институтында оқуға аттанады. Осы оқу орнының 1-курсын аяқтар уақытта аяқасты соғыс өрті лап берді. Екінің бірі армандаса да, ілкіде біреу ғана ұшқыш болады. Көк аспанның төрінде әуелеуді аңсаған Хиуаз бала арманына соғыс басталғанда жетті. Марина Раскова басшылық жасап, Кеңес әскеріне көмек ретінде тек әйелдерден құралған түнгі бомбалаушы-ұшқыштар полкі құрылды. Кейіннен жасаған ерліктеріне сай Қызыл Ту орденді Таман гвардиялық, 3-дәрежелі Суворов орденді түнгі бомбалаушы әуе полкі деп аталған нәзік жандылардың қатарында жалғыз қазақ қызы болды. Бойы небәрі 150 сантиметр талдырмаш, нәзік Хиуаздың жасы ол уақытта 19-да еді. Жер бауырлап ұшатын ПО-2 ұшағын тізгіндеген бомбалаушы ұшқыштардың негізгі міндеті – түн ішінде жаудың соғыс техникалары мен қару-жарақ, оқ-дәрі сақталған қоймаларын бомбалау. Күтпеген жерден жау қонысын бомбамен тұншықтыратын нәзік жандылардың полкін немістер "түнгі мыстандар" деп атаған. Түн қараңғысында қоныстарына қырғидай тиетін Марина Раскова қыздарының ұшағын құлатып түсірген фашиске Гитлердің өзі темір крест беріп, аз күнге үйіне демалысқа жібруге уәде берген екен. спанда қалықтаған қазақтың қыран қызы 588 түнгі бомбалау авиаполкіне штурман-атқыш ретінде тіркеліп, 300-ден аса жауынгерлік тапсырманы орындап шыққан. Осындай ерлігі мен батырлығы үшін ол «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдармен марапатталған. Соғыстан Хиуаз Доспанова І топтағы мүгедек болып оралды. Соған қарамастан қоғамдық өмірге белсене араласты. Алайда ол зейнеткерлікке ерте шықты. Зейнетке шыққанға дейін Алматы қалалық компартиясының екінші секретариаты болып қызмет атқарды. 2004 жылы 7 желтоқсанда Қазақстан Президентінің қаулысымен қазақтың батыр қызына «Халық қаһарманы» атағы беріліп, оған қоса Алтын Жұлдыз ерекше белгісі мен «Отан» орденімен марапатталды. ты аңызға айналған атақты ұшқыш, Ұлы Отан соғысының батыры Хиуаз Доспанованың есімімен Атырауда Спорт мұз айдыны сарайы бар. Сондай-ақ, 2013 жылы Атыраудың халықаралық әуежайында арнайы Хиуаз Доспанованың есімімен аталатын ұшақ келіп қонды. Конференция қонақтары ұсынған тың деректер |
Интерактивті тақта
|
||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Соғып тұр,мерген қыздың жүрегі әлі.

шағым қалдыра аласыз