400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Соғыс жылдарындағы Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Соғыс жылдарындағы Қазақстан
Материалдың қысқаша нұсқасы





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология

Күні:


Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Соғыс жылдарындағы Қазақстан. Қыстырма сөз

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.4.1 мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау;

7.4.4.5 қыстырма сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу


Сабақ мақсаттары:

Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтайды.

қыстырма сөздердің қызметін түсініп, ажырата біледі.



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

Сабақ кезеңдері


Ұйымдастыру




Психологиялық ахуалды қалыптастыру.Бір-біріне жақсы тілек тілейді.




Ғаламтор материалдары kaztube.kz tarlan.kz.


Сабақтың

басы








Тыңдалым алды






Болжам

1.Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстан қандай үлес қосты?

2. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлар туралы не білесің?

3. Суреттегі мәліметтерді қалай толықтырар едің?



Ойтүркі

Ойға қатысты сөйлеушінің көзқарасын білдіретін сөздер қалай аталады?



Өзіңді тексер

Қыстырмалар күмәнділікті, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай-ақ ойдың кімнің тарапынан екендігін білдіру үшін қолданылады. Қыстырмалар жеке дербес сөздер ыңғайында да, сөз тіркесі ыңғайында да, тіпті сөйлем ыңғайында да кездеседі.

Мысалы, Өзің білесің, мен қазақ баласына жалынып жорғалап көргем жоқ-ты (М. Ә.)

Қыстырма сөздер адамныі көңіл-күйін,сезімін білдіреді:амал қанша,бағымызға қарай, бір өкініштісі, және т.б. ойға, пікірге қатысты өз ниетін білдіреді: рас, сірә, мүмкін және т.б.; біреудің немесе айтушының пікірін білдіреді: сіздіңше, меніңше, оның ойынша т.б. және ойдың ретін білдіреді: біріншіден, оныншыдан және т.б.























Сабақтың ортасы

Тыңдалым кезі

































































Сабақтың аяғы

Тыңдалымнан кейін

1-тапсырма

Берілген мәтіндерді дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнеріне сай оқыңыз.

1-мәтін

Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Қазақстан экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру әскери бағытқа көшірілді. Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Өскемен қорғасын — мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді. Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді: 1.1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы; 2.1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Мәскеу, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді. Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украинадан Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.


2-мәтін

Қошқарбаев Рақымжан(1924 —1988 жж.) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы(1999).1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген.1942 ж. әскерге алынып, 1944 ж. Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген.1944 ж. қазан айынан бастап I Белорусь майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты.

Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды.1947 – 67 ж. Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор,1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды. Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.Рақымжан Қошқарбаев кешесіндегі С. Ғылмани атындағы мешіт.Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысында алғашқылардың бірі болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл туды тікті.

Дескриптор


-Өмірбаянын анықтайды;

-Балалық шағы, әскердегі қызметінен ақпараттар келтіреді;

-Майдандағы өмір жайлы сұрақтар құрастырады;

-Қыстырма сөздерді орынды қолданады;








2-тапсырма

«Пирамида» әдісімен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан туралы өзіндік ойларыңды жазыңдар.

1-қадам: берілген материалдармен танысып болғаннан кейін ол бойынша өзіндік түсінік, пікір қалыптастырады;

2-қадам: жұптасу; өз ойымен, пайымдауымен жұбымен бөліседі;

3-қадам: шағын топтарға бірігіп, туындаған мәселелерді талқылау, қорытындылайды;

4-қадам: мәселені шешудің ең тиімді жолдарын жазады





Қорытынды:







Сәйкестендір


Үлгі: Қаратпа: а), ...

Қыстырма: ...

Одағай: ...

а) Жігіттер, соғыстан аман келіңдер!

ә) Қорықпа, Нәзияш, мен өз елімді құтқарамын

б) Меніңше, сенің айтқаның дұрыс. Қаратпа сөз

в) Қазақтың даласы, шіркін, кең байтақ қой! Қыстырма сөз

г) Әрине, оның айтқаны рас. Одағай сөз

д) Тәйт, қалдыңды қой.

е) Ой, байғұс бала – ай!

ё) Қап, оны кеше сұрау керек еді. Пай - Пай!




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)

1:Оқу мақсаттарына сәйкес критерий құра алды;

2:Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындай алды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз)

1.Ішкі уәж

2:Белсенді оқу

Сабақ барысында сынып туралы немес жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек? Жеке жұмыс барысында белсенді оқуға,сараланған тапсырмалар беруді ойластыру керектігін түсіндім.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
2 мамыр
153
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі