Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: Сөйлем құрау.
Мақсаты: «Сөйлем», «Сөйлемнің сызбасы» деген ұғымдарды бекіту.
Міндеттері: 1. Сөздерді қатыстырып, белгілі ретімен сөйлем құрай алу жəне сөйлемдегі
бірінші, екінші, үшінші сөздерді ретімен айта алу дағдыларын бекіту.
2. Сөйлем сызбасын құруға жəне сөйлемге мағынасына қарай сөз қоса алуға жаттықтыру.
3. Дербес жұмыс істей алуға жəне шыдамдылыққа тəрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құрал-жабдықтар: № 2 жұмыс дəптері, көркем суреттер,
мақал-мəтелдер.
Билингвалды компонент: құс – птица, ұя – гнездо.
ҰОҚ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Педагог балаларды «Жалпы атауын ата» ойынын ойнауға шақырады.
Балалар педагог айтқан сөздердің жалпы атауын жылдам айтып берулері керек.
1. Құлпынай, таңқурай, қарақат – ... (жидектер)
2. Түймедақ, қызғалдақ, раушан – ... (гүлдер)
3. Көбелек, қоңыз, маса, құмырсқа – ... (жəндіктер)
4. Сиыр, ешкі, қой, жылқы – ... (малдар)
5. Күн, түн, таңертең, кеш – ... (күн уақыты)
Жылдам əрі дұрыс жауап берген балаларды мадақтау.
2. Негізгі бөлім
«Сұрақ-жауап» əдісі арқылы қайталау.
1) Дыбыс деген не?
2) Қандай дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз?
3) Дауысты дыбыстарды қалай белгілейміз?
4) Жуан дауысты дыбыстар қалай жасалады?
5) Жіңішке дауысты дыбыстар қалай жасалады?
6) Қандай дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз?
7) Дауыссыз дыбыстарды қалай белгілейміз?
Дыбыстармен жұмыс
«Тиісті түсті көрсет» дидактикалық ойыны
Педагог дыбыстарды айтады: а, б, у, о, и,с, п, р, л, д, ф, ж. Балалар тиісті түсті көтереді,
егер дыбыс дауысты болса, қызыл, ал дыбыс дауыссыз болса, көк фишканы көтеру керек.
«Сөз айт, тез айт» дидактикалық ойыны
Педагог балаларды үш топқа бөледі. Бірінші топқа дауысты дыбыстардан басталатын
сөздер, екінші топқа қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын, үшінші топқа ұяң жəне үнді
дыбыстардан басталатын сөздер айтуға тапсырма береді. Сөз айтқан командаға педагог
жалауша беріп отырады. Ойын соңында жеңімпаз команда анықталады.
Мысалы: дауысты дыбыстардан басталатын сөздер: алма, ана, арна, ай, алқа, ауыз,
орындық, от, Омар, он, оң, ол, ыдыс, ымырт,ірімшік, ілгіш, үтік, үй, үйшік, үлкен, өрмекші,
өшіргіш, уық, уыз т.б.
Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын сөздер: қаймақ, қалта, қазан, қоңыз, қора, қап,
қатық, құй, қасқыр, қоқыс, таң, ферма, шаш, сабын, хат, циркуль, щетка, картоп, парта,
сағыз т.б.
Ұяң жəне үнді дыбыстардан басталатын сөздер: бақа, вагон, гараж, ғарыш, доп,
жаңбыр, зəкір, лақ, мақта, нағашы, радио, суық, гүл, балық, май, литр, жұлдызқұрт,
жұдырық, жұмыртқа, дақ, Дана т.б.
«Сөйлемді жалғастыр» дидактикалық ойыны
– Балалар, мен сөйлемнің басын бастап айтамын, сендер мағынасына қарай
аяқтайсыңдар.
Ойын шарты: педагог сөйлемнің басын айтады, сөйлемді балалар аяқтау керек.
Мысалы:
Педагог: Балалар:
Балалар бақта жүгірді.
Атам шалғымен шөп шапты.
Анам сиыр сауды.
Ағаштың түбі – қалың қар.
Аю қыста ұйықтайды.
Малдар жайлауда жайылды.
Балалар доп ойнады.
Үсен мəшинені жуды.
Дəптермен жұмыс
1. Суреттерді қара. Əр сурет бойынша сөйлем құра. Сызбасын сыз.
2. Суреттерді ата. С дыбысының орнын анықта. Сөздің басында болса – бірінші
бөлікті, ортасында болса – екінші бөлікті, соңында болса – үшінші бөлікті көк түспен боя.

Сергіту сəті
Сағат тілі соғады оңға-солға, оңға-солға,
Тықылдатып қағады, қағады.
Шырылдайды тым қатты, тым қатты,
«Шырр!» деп дауыс шығарады.
Дəптермен жұмыс (графикалық жұмыс)
3. Өрнектерді штрихта.
4. Үзік сызықтарды бастыр.
Педагог графикалық жұмысты бастамас бұрын үстелде отыру ережесін естеріне түсіріп
қайталайды. Дұрыс отырмаудың денсаулыққа, адам сымбатына зиян екенін айтып өтеді.
Қарындашты қолдарына алып, алдымен ауада жаздырады.
Саусақ жаттығуы
Екі үйрек келеді,
Бірін-бірі көреді.
Бір-біріне қарайды,
Сəлемдесіп алады.
3. Рефлексия
Педагог ҰОҚ-ны қорытындылайды. Балаларды мақтап, оларға жетістікке жету үшін
еңбектену керектігін айтады.
Оқу қызметінің қызықты өткенін жəне ұнағандығын сұрап білу.
– Қай тапсырманы орындау барысында қиындықтар болды?
– Егер сендерге бүгінгі тапсырмаларды орындау жеңіл жəне қызық болса, көңілді
смайлды, ал егер тапсырмаларды орындауда қиналсаңдар жəне қызықсыз болса, көңілсіз
смайлды бояңдар
Күтілетін нəтиже:
Жасайды: сөйлемді жалғастырады, сурет мазмұнына байланысты сөйлем құрайды.
Түсінеді: сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін түсінеді.
Қолданады: сөздердің жалпы атауын атайды.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сөйлем құрау.

шағым қалдыра аласыз