Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері. Нүкте. Сұрау белгісі. Леп белгісі. Көп нүкте. Сөйлем соңына қабаттасып қойылатын тыныс б

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәніне сабақ өткізу кезінде 9-сыныпқа пайдалануға тиімді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың  тақырыбы :  Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері. Нүкте. Сұрау белгісі. Леп белгісі. Көп нүкте. Сөйлем соңына қабаттасып қойылатын тыныс белгі.

Сабақтың мақсаты : а)  Тыныс белгілері  туралы түсінік беру,  сөйлем соңына қабаттасып қойылатын тыныс белгілерінің  жасалу жолдарын түсіндіру;

ә)   оқушылардың ойын кеңейтіп тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету;

б)   Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, таблицалар, деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы: а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. “Мен бастаймын, сен жалғастыр” ойыны
1. Сөйлем аяқталған ….… (ойды білдіреді).
2. Сөйлем сөзден ………… (құралады).
3. Сөйлемдегі сөздер .… (бөлек жазылады).
4. Сөйлемнің бірінші …… (сөзі бас әріппен басталып жазылады).
5. Сөйлемнің соңына ……(нүкте қойылады).
6. Хабарлы сөйлемнен кейін ……… (нүкте қойылады).
7. Сұраулы сөйлемнен кейін ……… (сұрақ белгісі қойылады).

• Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.
• Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады
• Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады
• Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы

 Қойылатын орындары

Сұраулы сөйлем

лептік интона-

циямен (екіұдай

сезіммен)

айтылғанда,

сұрақ басым болса, сұрау белгісі

бұрын, көңіл күй

екпіні басым болса,

леп белгісі бұрын

қойылады.

Ой

аяқталмаған

жағдайда

бірінші бөлігі сұрау

мағыналы

болса, алдымен сұрау белгісі, сосын

көп нүкте

қойылады.


Жалғаулықсыз

қарсылықты

салалас

құрмалас

құрамындағы

жай сөйлемдер

арасына үтір,

сызықша

қойылады.


Төл сөз бен автор сөзі арасына

сызықша үтірмен,

леп белгісімен

қабаттаса келуі,

сондай-ақ тырнақша мен үтір, көп нүкте, нүкте, сұрау, леп белгілері қабаттаса қойылуы да мүмкін.


Мысалы: Осылай

боларын білдім бе

мен?!

Мына жайды байқадың ба?..

Көнгім

келмеді, —

амалым не?

«Көзіңе қарамайсың ба?!» — деп шаңқ етті.

 

Жаттығумен жұмыс:     129-жаттығу.  Сөйлемдегі тыныс белгілерінің қойылу мәнін түсіндіріп,дауыс ырғағымен оқып көріңдер.

Шығармашылық жұмыс: Өздеріңнің қатты қунаған кездеріңді еске түсіріп,сол сезімдеріңді тиісті тыныс белгілерін қоя отырып, жазбаша түрде суреттеңдер.

Тақтамен жұмыс: Бірнеше сөйлемдерге, морфологиялық, синтаксистік талдау жүргізеді.

Білімді бекіту :   Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1. Пунктуация деп нені айтады? / Тыныс белгілерін зерттейтін ілім пунктуация деп аталады. Ол латын тілінің «punctum» – «нүкте» деген сөзінен алынған./

2. тыныс белгілері не үшін керек? /Сөйлемдердің аяқталуын аңғарту үшін/

3. Тыныс белгілерінің қандай түрлері бар? /нүкте, үтір, қоснүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі, қосарланған белгілер !? ?! ?.../

4. Тыныс белгілерін қоюудың қандай принцптері бар?

5. Қандай тыныс белгілері сөйлем соңында қолданылады?

6. Нүкте қандай орындарда керек?

7. Қабаттасып қойылатын тыныс белгілерінің ерекшелігі неде?

 Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары
1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2 ә) 3 б) 4
2. Сұрауға жауап болып келетін сөйлемнің түрі
А) сұраулы ә) хабарлы б) лепті
3. Лепті сөйлем дегеніміз не?
А) білі және жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлем
Ә) адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлем
Б) Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем
4. Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі
А) лепті ә) хабарлы б) сұраулы
5. Өлең мазмұнына қарай жұмбақталып тұрған қандай тыныс белгісі екенін тап:
Қуану, ренжу, өкіну Ұранды да айтамын
Мақсатым соны сездіру Қарқындап барып қайтамын
А) нүкте ә) сұрау б) леп
6. Сұраулық мағына беретін сөзді белгіле
А) көтерді ә) неге б) айтпа
7. Сұраулық мағынада тұрған сөзді белгіле
А) барма ә) сүртпе б) бар ма
8. Сұраулы мағына беретін сөз сөйлем ішінде қалай оқылады?
А) бірқалыпты ә) бәсең дауыспен б) көтеріңкі дауыспен
9. Лепті сөйлем қандай мағына білдіреді?
А) сұраулық ә) лептік мағынаны ( өтіну, бұйыру, қуану, тілек, арман, сескендіру, ұран)
Б) біреу, бірнәрсе туралы хабарлау
10. «Тұр орныңнан!» деген лепті сөйлем қандай мазмұнды береді?
А) қуану ә) бұйыру б) ұран
11. Лепті сөйлемде лептік мағынаны білдіретін сөздер қалай оқылады?
А) көтеріңкі дауыспен ә) бірқалыпты б) бәсең дауыспен

Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма :   130-жаттығу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
6947
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12