Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сөйлеу дамыту Презентация
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітілді: _______ Б. Длмұханова
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
ТАҚЫРЫБЫ: Мен білімді баламын |
Мектеп/МҰ: Жамбыл орта мектебі |
||
Күні: 04.09.2017 |
Педагогтың аты- жөні: Балгожина Ж.Е |
||
СЫНЫП-ТОП: ДАЯРЛЫҚ |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау 0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру 0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу |
||
Күтілетін нəтиже |
Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді. |
||
Көпшілік тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрайды. |
|||
Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжайды. |
|||
Тілдік мақсат
|
Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, диалогпен сөйлесе алады. Сөздік қорын кеңейтеді. Көптілділік: үйрету-учить- to teach Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Балабақша, мектеп, оқушы, студент Пікір алмасу сұрақтары: Балалар, сендер білімді баламын деп айта аласыңдар ма? Білімді бала болу үшін не істеу керек? |
||
Өткен ҰОҚ-дан алған білім |
Кітап туралы білімі, кітапхана туралы түсінігі бар |
||
Жоспар |
|||
Жоспарланған уақыты |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Ресурстары |
|
1. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 0–2мин.
II Мақсатты болжам. 3–5 мин
III.Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин |
Педагог: - Балалар, көңіл күйлерің қандай? Өз көңіл күйлерін эмоциямен, ым- ишарамен, қимыл-қозғалыспен көрсетуді сұрайды. Педагог: - Менің де көңіл күйім өте жақсы. Өйткені білімге құмар, талантты,талапты балалармен бүгін тағы бірге боламын. - Балалар, білімді бала болу үшін не істеу керек? - Сендер өздеріңді білімді баламын деп айта аласыңдар ма? Тақтадағы суретке назар аударыңдар, суретке қарап әңгіме құраңдар. Балалар қайда жүр деп ойлайсыңдар? Мектепте оқитын балаларды кім дейміз? Өздеріңнің аға, әпкелерің бар ма? Олар қайда оқиды? Әліппе-дәптермен жұмыс: 1-тапсырма. Суреттегі балалардың іс-әрекетінің қайсысын жасай аласың, сол суретті белгіле. Өзің белгілеген сурет бойынша әңгімелеп бер. Көптілділік: үйрету-учить- to teach Тіл ұстарту: (л, р) Ла, -ла, -ла - ол білімді бала Ла, -ла, -ла - салынып жатыр қала Ла, -ла, -ла - жайнап тұр ғой дала Рет, -рет, -рет - бала салды сурет Тер, -тер, -тер - алып келдім дәптер Дар, -дар, -дар - келді біздің қыздар Тыр, -тыр, -тыр - біздің Қайсар батыр «Р»-ға тілің келе ме? Қаламқасқа «тұр», - деші, Қарындашқа «жүр», - деші. «Қара қарындашты Қаламқас алып тұр», - деші, Ал енді өзің-ақ «Р-р-р-р», - деші |
Қуыршақ Әліппе-дəптер Әліппе-дәптер |
|
|
Сергіту сәті: Қаламсапқа кәнекей Өзімізді теңейік. Ақ қағазға жүгіріп, Жазу жазып көрейік. Сөз соңына келгенде Нүктені де қояйық. Керек болса егерде Суретті де бояйық Педагог балалардан оқу үшін қандай оқу құралдары қажет екенін сұрайды. Балалардың жауабын тыңдағаннан кейін оқу құралдары туралы әңгіме айтып береді. Танысу Оқу құралдары - дәптер, кітап, қалам, қаламсап мүлде бір-бірін танымайды екен. Райхан әже немересі Ләйлаға сыйлық жасамақ болып, дәптер, кітап, қарындаш, қаламсап сатып алады. Сатушы оларды бір сөмкеге салып береді. Сөмке ішінде кездескен оқу құралдары бір-бірімен жөн сұрасып, танысыпты. Тіпті неден, не үшін жасалғандарын да айтыпты... Педагог әңгіме желісін тоқтатып, ықылас білдірген балаларға оқу құралдарының атрибуттарын кигізіп, қайсысы өзін қалай таныстыруы мүмкін диалогті сұрақ-жауап арқылы сахналап жалғастыруларын сұрайды. (Балалар кітап, дәптер, қарындаш, қаламсап ретінде өздерін таныстырады.) Әліппе-дәптермен жұмыс: 2-тапсырма. Қуаныш сөмкесіне қандай заттарды салады? Сызықпен қосып көрсет. Әліппе-дәптермен жұмыс: 3-тапсырма. Артық затты сыз. «Төртіншісі артық» ойыны. 4-тапсырма.Мақалдардың мағынасын түсініп ал. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. Ақыл азбайды, білім тозбайды. Күш – білімде, білім – кітапта. Педагог балалармен бірге мақалдардың мағынасын талқылайды |
Əліппе-дəптер Әліппе-дәптер
|
|
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия. 28-30 мин. |
Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды. (Ө) Рефлексиялық бағалау:өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан арқақоржынның суретін түсті қарындашпен бояуын сұраңыз: Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен |
Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар |
Бекітілді: _______ Б. Длмұханова Білім беру саласы: «Коммуникация» Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
№2 ТАҚЫРЫБЫ: Бақытты отбасы |
Мектеп/МҰ: Жамбыл орта мектебі |
||
Саны: 11.09.2017 |
Педагоктың аты- жөні: Иеменова Ш |
||
СЫНЫП-ТОП: «Д» сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
ҰОҚ-ның оқытылу
мақсаттары
|
00.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.2 Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну, оларды сөйлегенде қолдану 0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру 0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу |
||
Күтілетін нəтиже |
Барлық тәрбиеленушілер: Дыбыстарды ажырата біледі.Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілерді қолданып жеткізеді. |
||
Көпшілік тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады. |
|||
Кейбір тәрбиеленушілер: Ауыспалы мағынада айтқан сөздерді түсінеді |
|||
Тілдік мақсат |
Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, әңгіме құрастырып айтады. Көптілділік: отбасы–семья– family; бақыт – счастье – happiness Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: 770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |