Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Сөйлеу мəдениетіне үйренемін.

Материал туралы қысқаша түсінік
тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша əңгіме құрау;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Сөйлеу мəдениетіне үйренемін.

Мектеп: №3 ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Сарсембаева Гүлім

Күні: 24.09.2020 жыл

СЫНЫП: 3

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша əңгіме құрау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəнестилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.2.4.1 өз бетінше мəтіннің тақырыбын жəне мұғалімнің көмегімен негізгі ойдыанықтау;

3.3.3.1 оқыған, тыңдаған жəне аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімніңкөмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу.

Сабақ мақсаттары:


Барлық оқушылар: - мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;

Көптеген оқушылар: - мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

Кейбір оқушылар: - берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийі

-Мәтіндегі негізгі ойды табады;

-Мәтінге ат қояды

-Мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап бере алады;

-Өзінің пікірін еркін жеткізе алады;



Тілдік мақсаттар:

Пәндік сөздер

Сөйлеу мәдениеті, сыпайы сөздер, әдеп.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

- Сыпайы сөздер адам өмірінде не үшін қажет?

- Сыпайы сөздер арқылы дау-жанжалды шешуге бола ма?

Құндылықтарды дарыту:

Қоршаған ортада сөйлеу мәдениетін сақтау маңыздылығын түсінуге баулу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар:

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ) «Жүгіртпе» жаттығуы

Мұғалім жүгіртпе сұрақтарды қояды, бірінші болып қол көтерген оқушының жауабы тыңдалады. Дұрыс болмаса басқа оқушы түзетеді:

1. Таңертең оянғанда не дейсің? (Қайырлы таң)

2. Қоштасқанда не дейсің? (Сау болыңыз, көріскенше)

3. Мектеп дәлізінде байқамай басқа оқушыны қағып кетсең де дейсің? (Ғафу ет, кешір)

4. Ас ішкенде не айтасың? (Ас дәмді болсын)

5. Кезек соңын қалай сұрайсың? (Кезектің соңы кім?)

6. Ұйықтар алдында қандай тілек тілейсің? (Жайлы жатып, жақсы тұр).

7. Біреуді ренжітсең не дейсің? (Кешіріңіз)




3-слайд










Сабақтың ортасы










Оқулықпен жұмыс

60. Мысалды түсініп оқы.

Жер Тауға шағынды.

-Менің үстімде не болып жатыр? Білемісің? Адамдар аяуды қойды. Бетімді бейберекет айғыздап бітті. Тұқымдары құрып біткен аң-құстарым мынау. Сұлап жатқан теректерім анау. Өзендерім суалды, теңіздерім құрғады... Енді менде не қасиет қалды?!

Жердің көз жасы мөлдіреп, шық болып құйылды.

Жер жылап жатты...

-Мен қайтейін? – деді Тау күңіреніп. – Бәрін де көріп тұрмын. Бірақ қолымнан не келеді? Өзімнің де халім мүшкіл.

Тау күрсінді.

Мысалдағы негізгі ойды тап. Автор осы мысал арқылы не айтқысы келеді?!

Қарамен жазылған сөздерді басқа сөзбен алмастырып көр.

Мысалды ары қарай жалғастырып көр. Ол үшін «тау» сөзін «жұбату» сөзімен толықтыр. Үшінші кейіпкерді – Адамды әңгімеге қосып, ол туралы айтылатын ой бөлігінде кешірім сұрау сөздерін қолдан.

Бағалау критерийі

-мәтіндегі негізгі ойды табады;

-мысалды жалғастырады;



Жауабы:

Жер Тауға мұңын шақты. Жер Тауға жағдайын айтты.

Өзендерім суалды, теңіздерімнің суы тартылды.

Жердің мұңы. Жер жылады. Жердегі шық қайдан пайда болды?





61. Мәтінге ат қой.

Ағасы Мирас пен Әлімге алма үлестірді.

Мирас: Рақмет.

Ағасы: Оқасы жоқ.

Ал Әлім үндемеген қалпында тұра берді.

Мирас: Әлім, сен неге рақмет айтпайсың?

Әлім: Ағам «Оқасы жоқ» деді ғой.

Оқасы жоқ деген қандай мағына береді!?

Әлімнің айтқанына кедісесің бе? Келіспесең, өз пікіріңді төмендегі сөздермен баста және аяқта.

  • Кешіріңіздер. Мен Әліммен келіспеймін. Өйткені Әлім ағасына рақмет деген сөзді айтпай оқасы жоқ деді. Себебі, Әлім рақмет пен оқасы жоқ деген сөздердің мағынасын білмеді.

Бағалау критерийі

- мәтінге ат қояды;

- негізгі ойды анықтайды;

- сөздердің мағынасын біліп алмастыра алады;

- мәтіндегі ойды жалғастыра алады.

Жауабы:

Оқасы жоқ деген - әуре болмау, сөз айыбы жок деген мағынаны білдіреді. Монғол тілінен енген сөз.

Сергіту сәті «Күн ашылды»

Күн ашылды жарқырап, 
Түтін көкке өрледі. 
Қарлығаштай қанатын 
Жайып көкке ұшырды.

62. Журналист 3-сынып оқушыларынан әдептілік туралы сұхбат алды. Балалар төмендегідей пікірлер білдірді.

Сәкен: Адамдардың әдептілігі асықпай, анық, әдемі сөйлеген сөзінен көрінеді.

Марғұлан: Әдептілік, менің ойымша, әдепті қылықтар мен әдеттер: үлкендерге жол немесе орын беру...

Әсел: Әдептілік – бұл сиқырлы сөздер. Оған «мархабат», «кешір», «рақмет» сөздері жатады.

Назира: Ең бастысы – бір-бірімізге жылы көзқараспен, әдепті қимылмен, күлімсіреп қарау. Сөйлеушінің көзіне, бет құбылысына мұқият назар аудару – әдептіліктің негізгі белгілері.

Маржан: Әдептілің, меніңше, кез келген іс-әрекет: кішілерге қамқор болу, үлкендерге көмектесу.

Тапсырмалар:

1. Қай жауап өзіне көбірек ұнағанын айтып, дәлелде.

2. Әдептілік туралы сұхбат құрастырып жаз.

Бағалау критерийі

-ұнаған жауапты тандап, дәлелдейді;

-өзінің жауабын жазбаша білдіреді.

Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:

- Сыпайы сөздер адам өмірінде не үшін қажет?

- Сыпайы сөздер арқылы дау-жанжалды шешуге болады ма?

63. Өз әдептілік деңгейінді тест тапсырмасын орындау арқылы бағала. Сұраққа «иә», не «кейде», не «жоқ» деп жауап бер.

Тест тапсырмалары

иә

кейде

жоқ

1

Көршілеріңмен үнемі амандасасың ба?




2

Тамақ ішіп болғаннан кейін анаңа алғысыңды білдіресің бе?




3

Сабаққа кешіккен жағдайда мұғалімнен кешірім сұрайсың ба?




4

Абайсызда біреуді қағып кетсең, сен одан кешірім сұрайсың ба?




5

Қиын есепті шығаруға көмектескен үлкендерге рақмет айтасың ба?




6

Бір нәрсеге келіспеген жағдайда дауысыңды көтермей, бірқалыпты сөйлейсің бе?




7

8 наурыз мерекесімен анаңды, әжеңді, әпкеңді құттықтайсың ба?




8

Ұйықтар алдында үйдегілерге «Қайырлы түн!» деп айтасың ба?












4,5-слайд

















































6-слайд









































Сабақтың соңы





Машықкер: Сарсембаева Г.Қ.

Әдіскер: Сахариева З.Д.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2020
420
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12