Сөйлеу қабілеті бұзылған бастауыш сынып оқушыларында фонематикалық қабылдауды дамыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлеу қабілеті бұзылған бастауыш сынып оқушыларында фонематикалық қабылдауды дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада сөйлеу қабілеті бұзылған бастауыш сынып оқушыларының фонематикалық қабылдауын дамыту мәселесі қарастырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

УДК 911.3

Казиева С.Б.

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

Жетекшісі: Утилова А.М

Қазақстан, Павлодар қ.

Тақырыбы:

Сөйлеу қабілеті бұзылған бастауыш сынып оқушыларында фонематикалық қабылдауды дамыту

Аңдатпа

Мақалада сөйлеу қабілеті бұзылған бастауыш сынып оқушыларының фонематикалық қабылдауын дамыту мәселесі қарастырылады. Фонематикалық қабылдау – дыбыстарды ажырату, тану және дұрыс байланыстыра білу қабілеті, ол сөйлеудің, оқу мен жазу дағдыларының қалыптасуында негізгі рөл атқарады. Автор зерттеу барысында бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу ерекшеліктерін ескере отырып, түзету жұмыстарының тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану қажеттігін негіздейді. Зерттеу Павлодар қаласындағы арнайы білім беру ұйымында жүргізіліп, эмпирикалық және теориялық әдістерге сүйенген. Мақалада фонематикалық қабылдауды дамытуға арналған арнайы жаттығулар кешенін дайындау мен оны қолдану тәжірибесі баяндалады.

Түйінді сөздер: фонематикалық қабылдау, сөйлеу қабілеті бұзылысы, бастауыш сынып, логопедия, түзету жұмысы.

Кіріспе

Адам баласының жануарлар дүниесінен айырмашылығының бірі және оны табиғатты тануға жетелейтін ерекше қабілеті – дыбысты анық сөйлеу тілі болып табылады. Дыбысты тіл адамның қарым-қатынас жасауының, ойын жеткізуінің және тәжірибесін келесі ұрпаққа табыстауының басты құралы. Тіл – бұл сөздік бейнелер мен белгілер жүйесі. Ал сөйлеу – осы тілді пайдалана отырып адамдар арасындағы өзара түсініс пен пікір алмасуды жүзеге асыратын әрекет[1].

Сөйлеу тілі ми қызметінің күрделі нәтижесі ретінде пайда болады, әрі сөйлеу мүшелерінің қозғалысынан, дыбыстарды естіп, танудан және оларды талдап-синтездеуден тұрады. Баланың сөйлеуі оның жалпы психикалық дамуымен тікелей байланысты. Сондықтан баланың сөйлей алуы – оның айналасымен толыққанды қарым-қатынас орнатуы үшін маңызды шарт. Ал сөйлеу қабілетіндегі ауытқулар оқу мен жазуға кедергі келтіріп, баланың дамуында түрлі қиындықтарға алып келеді [2].

Сөйлеу бұзылыстарының ішінде фонематикалық қабылдау кемшілігі кең тараған және ол баланың дыбыстарды дұрыс қабылдай алмауына, дыбыстық талдау мен синтезде қателесуіне әкеледі. Бұл бұзылу оқу мен жазу дағдыларына тікелей әсер етіп, баланың тілдік, когнитивтік және эмоционалдық дамуын тежейді.

Фонематикалық қабылдау – бұл тіл дыбыстарын есту, тану және ажырату қабілеті. Бұл қабілет сөйлеудің қалыптасуы мен жазу-оқу дағдыларын меңгеруде шешуші рөл атқарады. Дыбыстарды дұрыс айту мен есту – фонематикалық қабылдаудың өзара тығыз байланысқан екі қыры. Ғалым С.Я. Бернштейннің айтуынша, “біз тек дұрыс айта алатын дыбыстарды ғана дұрыс ести аламыз” [4].

Соңғы жылдары бірінші сынып оқушыларының арасында фонематикалық бұзылыстардың саны артқан. Қазіргі уақытта мектепке түскен балалардың 60%-ында фонематикалық қиындықтар байқалады. Бұл мәселе сөйлеу тілі мен сауаттылықтың дұрыс дамуына кедергі келтіреді [5].

Фонематикалық қабылдау — бұл тіл дыбыстарын естіп, оларды дұрыс ажыратып, есте сақтау қабілеті. Ол сөйлеудің фонемалық құрылымын түсінуге және дыбыстарды сөздердің құрамында дұрыс қолдануға көмектеседі. Фонематикалық қабылдау жақсы дамыған балалар сөздердегі дыбыстардың айырмашылығын, ұқсастығын, орнын және ретін анықтай алады, бұл оқу мен жазу дағдыларын меңгеруде аса маңызды [3].

Фонематикалық қабылдау жеткілікті деңгейде дамымаған балаларда дыбыстарды ажыратуда қиындықтар туындайды. Бұл балалар үшін әртүрлі дыбыстарды тану, түсіну және дұрыс айту қиынға соғады[6]. Мысалы, бала "б" және "п" сияқты ұқсас дыбыстарды шатастыруы мүмкін. Фонематикалық қабылдаудың нашар болуы әріптер мен дыбыстарды қабылдаудағы қателіктерге, дұрыс жазып, оқи алмауға әкеледі. Мұның салдарынан балаларда дисграфия және дислексия сияқты оқу мен жазу бұзылыстары жиі кездеседі.

Сондықтан фонематикалық қабылдауды дамыту — бастауыш сынып оқушыларының сауаттылыққа алғашқы қадамдарын жасауында маңызды рөл атқарады. Фонематикалық қабылдау жақсы қалыптасқан жағдайда балалар сөздердің дыбыстық құрылымын тез таниды, бұл олардың оқу, жазу және сөйлеу қабілеттерін дамытуда үлкен үлес қосады.

Сөйлеу қабілетінің дұрыс қалыптасуы үшін фонематикалық қабылдаудың дамуы өте маңызды. Бұл процесс, әсіресе, балалардың сауаттылыққа алғашқы қадамдарын жасауы үшін қажет. Сондықтан балалардың фонематикалық қабылдауын дамытуда әртүрлі әдістер мен ойындар қолданылуда, олардың бірі – «Дыбысты ұста» ойыны.

Айта кету керек, зерттеу қазақ тілінде жүргізілгенімен, жұмыс орыс тілінде оқытатын мектепте өткендіктен, қолданылған ойындар мен әдістемелік материалдардың басым бөлігі орыс тілінде ұсынылған.



1.«Дыбысты ұста» ойыны: Фонематикалық қабылдауды дамыту әдісі ретінде.

Қазіргі таңда балалардың сөйлеу қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдістер мен ойындар кеңінен қолданылуда. Олардың ішінде фонематикалық қабылдауды жақсартуға бағытталған «Дыбысты ұста» ойыны ерекше орын алады. Бұл ойын логопедиялық жұмыстарда балаларға дыбыстарды дұрыс қабылдауға, оларды ажыратуға және әрбір дыбысқа нақты әрекет арқылы жауап беруге үйретеді. Ойынның қызықты әрі тиімді болуы балаға сөйлеу дағдыларын меңгеруге көмектеседі.

«Дыбысты ұста» ойынының негізгі мақсаты — баланың фонематикалық қабылдауын дамыту, яғни дыбыстарды тыңдап, оларды айыра білу қабілетін жетілдіру. Дыбысты ести отырып, баланың оны дұрыс түсінуі және тиісті әрекет жасау үшін әртүрлі жаттығулар қажет. Міне, осы кезеңде «Дыбысты ұста» ойыны үлкен рөл атқарады.

Ойынның бірінші кезеңінде берілген карточкалардағы суреттің атауын атайды. (Сурет 1,2,3 және 4) Мысалы, «с» дыбысы бар сөздерді айтқанда: "собака", "сахар", "сестра". Ал бала естіген дыбыстарға қол шапалақтайды. Мұндай ойын әрекеттері баланың дыбыстарды дұрыс қабылдауына мүмкіндік береді. Әрбір дұрыс жауапты мадақтау балаға мотивация береді және ойынның қызықты болуына көмектеседі.

Сурет 1. «Р» дыбысына қатысты сөздер



Сурет 2. «З» дыбысына қатысты сөздер



Сурет 3. «Ш» дыбысына қатысты сөздер

Сурет 4. «Ж» дыбысына қатысты сөздер

Сондай-ақ, түрлі дыбыстардың бір сөзде қатар қолданылуын да талқылауға болады. Мысалы, «с» және «з» дыбыстары қатар кездесетін сөздермен жұмыс істей отырып, бала оларды бір-бірінен ажыратуға үйренеді.

Қорыта айтқанда, «Дыбысты ұста» ойыны — балалардың фонематикалық қабылдауын дамытуда, сондай-ақ сөйлеу дағдыларын жетілдіруде өте маңызды әдіс болып табылады. Бұл ойын арқылы балалар дыбыстарды тыңдап, оларды дұрыс ажыратуға үйренеді. Оның ішінде баланың қызығушылығын арттыру және ойынның нәтижелі болуы үшін түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Логопедиялық жұмыстарда ойындарды қолдану балалардың сөйлеу қабілеттерін дамытуға үлкен көмек көрсетеді. Сондықтан да «Дыбысты ұста» сияқты ойындар педагогикалық жұмыста маңызды рөл атқарады және балалардың сөйлеу дағдыларының қалыптасуына оң әсер етеді.

2.Бұл рифмалар фонематикалық қабылдау мен артикуляцияны дамытуға көмектеседі, сонымен қатар сабақты қызықты етеді.

1) Қиын дыбыстары бар рифмдер:

Шар — кумар — гараж

Бараш — кошка — шишка

Сок — топ — короб

Каша — мишка — гроза

Лиса — киса — краса

Роза — слеза — козел

Скоро — ворона — дорога

Школа — молоко — потолок

Торт — порт — аккорд

Река — лука — трека

Скала — шала — зала

2) Суретте бейнеленген рифмалар:

Ойынның осы бөлігінде балаларға рифмаларды бекіту үшін әрекеттерді бейнелеуді немесе суреттерді көрсетуді ұсынуға болады. (Сурет 5)

Сурет 5. Рифмаға келтіруге арналған сөздер.

Шар — бег — пар — кошка — рак

Гора — юла — шпора

Лодка — скаут — шпагат

3) Сөздердегі дыбыстардың әртүрлі позициялары бар рифмалар:

Ваза — газ — паста

Торт — кошка — борт

Крот — шот — ноут

Скоро — ворона — трава

Река — лава — каба

Рука — манга — канга

4) Дыбыстардың қиын үйлесімділігі бар рифмалар:

Шарик — тортик — крошка

Печка — сушка — грозка

Ручка — мишка — ложка

Жара — трава — шина

Барашек — мячик — свечка

Ложка — крыжовник — укромный уголок

3.«Фонемалық талдау» әдісі.

Бұл балаларға дыбыстарды ажыратуды үйренуге көмектеседі, бұл дұрыс айту және жазу дағдыларын дамытудағы маңызды қадам.

Бұл әдістің негізгі мақсаттары: сөздердегі дыбыстарды ажырату қабілетін дамыту (фонемалар). Балаларды сөздің әртүрлі позицияларында (басы, ортасы, соңы) белгілі бір дыбыстарды таңдауға үйрету. Сөзді буындарға және жеке дыбыстарға бөлу қабілетін дамыту. Жалпы сауаттылықты дамыту.

Берілген карточкалардағы суретті көрсетіп, оның не екенін болжауын сұраймыз. (Сурет 6,7,8,9)

Сурет 6. «Р» дыбысына қатысты сөздер

Сурет 7. «З» дыбысына қатысты сөздер

Сурет 8. «Ш» дыбысына қатысты сөздер

Сурет 9. «Ж» дыбысына қатысты сөздер

Сурет атауын атап болған соң, сөзді буындарға бөліп алуын сұраймыз. Буынға дұрыс бөлінгеннен кейін керек дыбыстың буынның қай бөлігінде тұрғанын оқушы анықтау керек. Дауысты дыбыс болса қызыл түс таңдалады, дауыссыз дыбыс болса көк түс таңдалады. (Сурет 10)

Сурет 10. Дауысты мен дауыссыз дыбыстардың буынның қай бөлігінде орналасақаны жайлы сұрауға болатын карточкалар

Әр түрлі буындар мен әр түрлі дыбыстары бар сөздерді таңдау арқылы қиындықтарды өзгертуге болады. Мұндай жаттығу есту және есте сақтауды дамытады, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға көмектеседі.

Осы теориялық мәліметтерге сүйене отырып, фонематикалық қабылдауды дамытуға бағытталған жаттығулар мен ойындардың балалардың сөздік қорына әсерін көрсету үшін жүргізілген практикалық жұмыс нәтижелерін қарастырайық.

Бұл зерттеу нәтижелері бойынша оқушылардың сөздік қорының дамуын бақылау жүргізілді «дыбысты ұста» ойыны (Кесте 1). Артем, Бинур және Самираның сөздік қорының өсу динамикасы көрсетілген. Әр оқушының сөздік қоры сабақ сайын артқанын көруге болады. Тек сөздік қор ғана емес, баланың зейінін, есте сақтау қабілетін жақсартты. Жаңа сөздерді жаттап, есте сақтады.

Артемның сөздік қоры сурет атауын табу бойынша 32 сөзден 1 сабақта – 26, 3 сабақта – 28, 5 сабақта – 32 сөзді құрады. Артемнің сөздік қоры 5 сабақ ішінде 6 сөзге өсті. Бұл көрсеткіш оқушының сөздік қорын дамытудың тұрақты процесін көрсетеді.

Бинур 1 сабақта – 24, 3 сабақта – 25, 5 сабақта – 28 сөзді құрады. Бинурдың сөздік қоры 5 сабақ ішінде 4 сөзге өсті. Бұл да сөздік қордың дамуы бар екенін білдіреді, бірақ өсім біршама баяу.

Самира 1 сабақта – 26, 3 сабақта – 29, 5 сабақта – 31 сөзді құрады. Самираның сөздік қоры 5 сабақ ішінде 5 сөзге өсті, бұл да тұрақты даму динамикасын көрсетеді.

(Кесте 1)

Жалпы алғанда, «Дыбысты ұста» ойынының оқушыларға әсері оң болды. Бұл ойын тек сөздік қорды ұлғайтуға ғана емес, сондай-ақ балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін және фонематикалық қабылдау дағдыларын жетілдіруге де әсер етті.

Екінші диаграммада бір керек дыбысты сөзде ұстап алу бойынша көрсетілген(Кесте 2). Оқушы ол дыбысты дұрыс естиді ме, оны қай бөлікте орналасқанын таный алды ма деген сұраққа жауап алуға болады. 12 сөзде берілген дыбысты естігенде шапалақтады. Артем 1 сабақта – 9, 3 сабақта – 10, 5 сабақта – 12. Артемнің дыбысты дұрыс қабылдау деңгейі 5 сабақ ішінде 3 сөзге өсті. Бұл көрсеткіштің өсуі оның тыңдау және дыбыстарды тану қабілетінің жақсарғанын көрсетеді. Бинурда 1 сабақта – 7, 3 сабақта – 7, 5 сабақта – 9 сөзді құрады. Бинурдың дыбысты қабылдау деңгейі 5 сабақ ішінде 2 сөзге ғана өсті. Бастапқы кезеңде оның нәтижелері тұрақты болды, бірақ кейінірек өсім байқалды. Самира 1 сабақта – 8, 3 сабақта – 9, 5 сабақта – 12 сөзздегі дыбысты қабылдап, шапалақтады. Самираның дыбысты қабылдау деңгейі де тұрақты өсті. Оның дыбысты есту және дұрыс тану қабілеті 5 сабақ ішінде 4 сөзге артты.

Бұл диаграммада көрсетілген мәліметтер бойынша оқушылардың дыбысты дұрыс қабылдау және оның сөздегі орнын анықтау қабілеті талданды. Әр оқушының дыбысты есту және тану деңгейі бойынша өзгерістер көрсетілген.

(Кесте 2)

Оқушылардың дыбысты дұрыс есту және сөзде оның орнын анықтау қабілеті сабақ сайын дамып, өсті. Артемнің көрсеткіштері ең үлкен өсуін көрсеткенімен, Бинурдың нәтижелері аздап баяу болса да тұрақты түрде өсті. Самира да жақсы нәтиже көрсетті, бірақ оның өсу деңгейі орташа болды. Бұл нәтижелер балалардың дыбыстарды қабылдауының даму динамикасын көрсетеді, әрі олардың оқу процесінде алған дағдыларының жақсара түскенін дәлелдейді.

Қорытынды

Сөйлеу қабілеті бұзылған бастауыш сынып оқушыларында фонематикалық қабылдауды дамыту мәселесі қазіргі білім беру жүйесінде өзекті болып отыр. Фонематикалық қабылдау — бұл дыбыстарды дұрыс қабылдау, оларды ажыратып, дұрыс айту қабілеті, әрі бұл қабілет баланың оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларда фонематикалық қабылдаудың дамымауы оқу және жазу процесінде қиындықтар туғызады, сондай-ақ, олардың сөйлеу тілінде түрлі мүкістіктің пайда болуына себеп болады.

Фонематикалық қабылдау баланың дыбыстарды тыңдап, оларды ажырата білу қабілетіне негізделеді. Осы қабілет дұрыс дамыған кезде бала сөздерді дұрыс оқи алады, сөйлеуінде қателіктер азаяды, жазуда да ережелерді сақтай алады. Алайда, фонематикалық қабылдау бұзылған балаларда бұл дағдылар дамымайды немесе баяу дамиды. Олардың дыбыстарды тыңдауда, ажыратуда және айтуда қиындықтар кездеседі, бұл оқу және жазу дағдыларына айтарлықтай әсер етеді.

Мысалы, балалар "р" мен "л", "ж" мен "з", "с" пен "ш" сияқты дыбыстарды шатастыруы мүмкін. Бұл жағдай оқу кезінде қателіктердің көбеюіне, жазудың бұзылуына және сөйлеу тілінің анық емес болуына әкеледі. Егер баланың фонематикалық қабылдауы дұрыс дамымаса, ол сөздерді толық әрі дұрыс оқып, жазып үйрену мүмкіндігіне ие болмайды. Бұл оқушылардың оқу процесінде тұрақты қиындықтарға тап болуына себеп болады.

Сөйлеу қабілеті бұзылған бастауыш сынып оқушыларында фонематикалық қабылдауды дамыту үшін арнайы түзету жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар логопедиялық көмек, арнайы әдістемелер, дыбыстық жаттығулар мен ойындар арқылы жүзеге асырылады. Балалардың фонематикалық қабылдауын дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар олардың дыбыстарды тыңдау, ажырату және айту дағдыларын қалыптастырады.

Логопедиялық көмек барысында мамандар баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы бағдарламалар арқылы дыбыстық есту мен айту қабілетін жетілдіреді. Мұндай жұмыстар балалардың өзіне деген сенімділігін арттырып, оқу мен сөйлеу процесінде табысты болуына жол ашады.

Жалпы алғанда, фонематикалық қабылдауды дамыту – сөйлеу бұзылыстары бар оқушылардың тілдік, оқу және жазу дағдыларын қалыптастыруда маңызды орын алады. Сол себепті бұл бағытта жүргізілетін жүйелі және мақсатты жұмыс — әрбір баланың толыққанды дамуы үшін қажетті шарт.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Выготский Л.С. Мышление и речь. — М.: Педагогика, 1982. — 320 с.

  2. Лурия А.Р. Основы нейропсихологии. — М.: Изд-во МГУ, 1973. — 400 с.

  3. Негневицкая Е.И. Формирование фонематического восприятия у детей. — М.: Просвещение, 1995. — 208 с.

  4. Берштейн С.Я. Фонетика современного русского языка. — М.: Высшая школа, 1975. — 256 с.

  5. Капустина М.В. Логопедия: теория и практика. — СПб.: Речь, 2001. — 288 с.

  6. Шевченко Ю.А. Развитие фонематического слуха у младших школьников. — М.: Владос, 2000. — 192 с.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.04.2025
193
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі