Сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының тиімді әдіс-тәсілдері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының тиімді әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада оқушылармен түзету дамыту жұмыстары жайлы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Арапова Таңшолпан Сабырқызы

Түркістан облысы, Төлеби ауданы,

Жаңажол жалпы білім беретін мектебі

Арнайы педагог







Сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалармен жүргізілетін

түзету жұмыстарының тиімді әдіс тәсілдері


Сөйлеу тілінің бұзылуы - қазіргі таңдағы кең таралған мәселелердің бірі. Балалардың сөйлеу тілінің бұзылуы оның психикалық дамуына, оқуда жетістіктерге жетуіне кері әсерін тигізеді. Сөйлеу тілінің бұзылуы тәрбиеленушілердің таным қабілеттерімен тығыз байланысты. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар зейіні тұрақсыз, ойлау қабілеті төмен, есте сақтау қабілеті нашар, тез шаршағыш болып келеді.Сөйлеу тілін дамыту балаларды оқу үрдісіне қызықтырумен тығыз байланысты.

Ауыр сөйлеу бұзылыстары бар балалардың сөйлеу дамуының ерекшеліктері баланың жеке басының қалыптасуына, барлық психикалық процестердің қалыптасуына әсер етеді. Балалардың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері бар, олардың әлеуметтік бейімделуін қиындатады және бар бұзушылықтарды мақсатты түрде түзетуді талап етеді.

Сөйлеудің ауыр бұзылуы мынандай топтарға бөлінеді:

  • сөйлеудің болмауы немесе дамымауы(алалия)

  • сөйлеудің толық немесе ішінара жоғалуы (афазия)

  • сөйлеудің айтылу жағын бұзу (дизартрия)

  • дауыс тембрінің және дыбысты айтудың бұзылуы (ринолалия)

  • Тұтығу

Сөйлеу қабілеті бұзылуының себептері әртүрлі болуы мүмкін, мысалы орталық жүйке жүйесінің перинаталдық зақымдаулары – ананың жүктілік және босану кезіндегі аурулары мен қиындықтары (ұрықтың гипоксиясы, құрсақ ішіндегі инфекциялар, шала туу, босану кезіндегі жарақаттар), артикуляциялық аппарат қызметінің ақаулары, есту қабілетінің зақымдануы, баланың жалпы психикалық дамуындағы артта қалушылық, тұқымқуалаушылық пен жағымсыз әлеуметтік факторлардың ықпалы. Дене дамуында ақаулары бар, ерте жасында ауыр ауруларға шалдыққан, әлсізденген, дұрыс тамақтанбайтын балалардың да сөйлеу қабілеті бұзылады. 

Сөйлеудің дұрыс қалыптасуы үшін мидың бүкіл құрылымдарының сақталып, мүлтіксіз қызмет атқаруы қажет. Сөйлеудегі ең маңызды элементтер – есту, көру, моторика жүйесі. Ауызекі сөйлеу - перифериялық сөйлеу аппаратының негізгі үш бөлімінің – дем алу, дауыс және артикуляция, бұлшық еттерінің үйлесімді жұмыс атқаруы нәтижесінде іске асырылады.

Күрделі сөйлеу бұзылысы бар балалармен жұмыстағы тиімді шаралар :

  • Артикуляциялық жаттығулар

  • Логоритмикалық жаттығулар мен логомассаж

  • Тыныс алу жаттығулары

  • Ұсақ моториканы дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

Артикуляциялық жаттығулар – дұрыс дыбыстауға қажетті артикуляциялық мүшелердің(еріндер,тіл,төменгі жақ) жаттықтыруына арналған жаттығулар. Бұл жаттығулар сөйлеуге қатысатын бұлшық еттерді дайындайды.

Тыныс алу жаттығуларының мақсаты баланың тілдік тыныс алуын дамыту. айтылған сөз дәлдігі, тазалығы және әсерлілігі тілдік тыныс алуға байланысты. Сондықтан да тілдік тыныс алуды басқара білуге үйрету қажет. Осы орайда тыныс алу гимнастикасы бойынша арнайы жаттығуларды ұсынуға болады.

Лого-ырғақ жаттығулары бұл-әуен ырғағымен және сөзбен үйлескен қимылдар жүйесі.Түзету жұмыстарында лого-ырғақтың атқаратын маңызы зор.Себебі музыка оқу қызметінде үнемі лого-ырғақтың элементтерін енгізу тілді,жалпы моториканы және үйлесімділікті жедел дамытуға ықпал етеді.


Баланың тілін дамытуда  «саусақ ойындарының»  алар маңызы зор. Саусақ ойындарын тіл үйретудің қандай да бір әдісі ретінде атай алмасақ та, оның қызықты, әрі пайдалы іс екендігінде сөз жоқ. Танымал педагог В.А.Сухомлинский: «Балалардың ақылы саусақтың ұшында» деген екен. «Қол – бұл өз алдына сыртқы ми» деп жазады Кант.

Саусақ ойындары баланың миын дамытады, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін, қиялын жетілдіреді.Дегенмен, оң нәтижеге жету үшін отбасының, ата – анасының белсенді көмегі қажет. Сөйлеу дағдысын қалыптастыруда ата – анасыда қатысса жұмысымыздың тиімділігі арта түседі.

Сөйлеу тілі бұзылған балалардың белсенді қозғалуында жетіспеушіліктер,соның ішінде саусақтың ұсақ моторикасында ауытқушылықтар байқалады.Қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл қозғалыстарын дамыту жұмыстары мектепке дейінгі кезеңде де мектеп жасында да маңызды болып табылады.Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда қолдың саусақ және буындарына массаж қолданудың маңызы бар.

Ұсақ моториканы дамыту барысында біз осы нәтижеге жетеміз:

1.Сөйлеу тілі жетіледі

2.Қимыл қозғалыс қабілеті артады

3.Икемділігі арта түседі

4.Логикалық ойлау қабілеті дамиды

5.Танымдық деңгейі артады.

Ұсақ моториканы дамытудың баланың жалпы дамуында да алатын орны ерекше.В.А.Сухомлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған.Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса,соншалықты ойлауы,сөйлеуі жақсы дамиды.

Сөйлеудің дұрыс қалыптасуы үшін мидың бүкіл құрылымдарының сақталып,мүлтіксіз қызмет атқаруы қажет.Сөйлеудегі ең маңызды элементтер-есте,көру,моторика жүйесі.Ауызекі сөйлеу перифериялық сөйлеу аппаратының негізгі үш бөлімінің-дем алу,дауыс және артикуляция,бұлшық еттерінің үйлесімді жұмыс атқаруы нәтижесінде іске асырылады.

Сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалармен жұмыс жасауда ата-аналарға

әдістемелік нұсқау

Жаттығуларды баламен бірге орындау.

Барлық нұқсауларды жәй, мейірімді дауыспен, артық сөз қолданбай, нақты түсіндіру. Қажет болса балаға көмек көрсету.

Балаға жаттығуды ешқашанда мәжбүрлеп орындатпаңыз. Жаттығуды орындаудан бас тарту себептерін анықтауға тырысыңыз, оларды жөнге келтіріңіз, қажет болса тапсырманы өзгертіңіз.

Баланы қызықтыруда және жаңа материалды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап,мадақтап қоюды да ұмытпаңыз.

Осы жұмыстарды жүйелі жүргізу негізінде көздеген нәтижемізге жетеріміз анық.

Әрбір баланың бойында мүмкіншілігі мен ерекшелігі болады, тек оны ашып,қолдау көрсетіп, дамыту біздің қолымызда.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі