Күні:
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:Гүлдер әлемі
Мақсаты: Балаларды гүлдер түрлерімен таныстыру. Гүлдердің түр-түстерін ажырата білуге баулу. Өсімдіктерді күту ережелерімен таныстыру. Дала гүлдері мен бөлме гүлдерін ажырата алуға үйрету.
Міндеттері:
1.Балаларды гүлдер түрлерімен таныстыру, ажырата білуге көмектесу.
2. Балалардың танымдылық қасиеттерін дамыту
3. Туған елінің табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге, күтуге тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын
Билингвалдық компонент: гүлдер-цветы-flowers, дала гүлдері-полевые цветы-wildflowers, бөлме гүлдері-комнатные цветы-houseplants
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
|
1.Мотивациялық қозғаушылық 2.Ізденіс ұйымдастыру.
3. Рефлексиялық түзетушілік |
Шаттық шеңбер Шеңбер бойына тұрады, бір-біріне гүл сыйлап жақсы тілектер айтады. Дидактикалық ойын «Өз түсін тап» Шарты: Балалар гүлдер түрлерін тандайды, түсіне сай құмыраларға орналастырады. -Балалар мынау не? Балаларға гүлдерді тарату. -Ал мынау не? -Бұл құмыра не үшін керек? -Онда сендердің қолдарындағы гүлдерді құмыраның түсіне қарай саламыз. Сұрақ жауап: -Балалар біз немен ойнадық? (гүлдермен) -Гүлдерді қалай бөлдіндер? (түсіне қарай) -Ал біз қандай гүлдер аттарын білеміз? -Гүлдер қайда өседі? (далада) -Тағы гүлдерді қайда өсіруге болады? Яғни гүлдерді далада және бөлмеде өсіруге болады екен. -Балалар сендер бөлмеде гүлді қалай өсіру керектігін білесіндер ме? Енді мен сендерге көрсетейін, балаларға құм салынған құмыраны көрсету. - балалар мынау құмыраның ішінде не бар? -Осы құмға біз ең алдымен су құямыз,қопсытамыз, осыдан кейін біз гүлдің тұқымын отырғызамыз. -Балалар енді барлығымыз теледидарға көңіл аударайықшы, осы видеодан біздің тұқымымыз қалай өсетінін көрейікші.Балалар қарандаршы ең алдымен сабағы шығады, одан кейін жапырағы осылай шығады екен. -Өте жақсы, балалар даладағы гүлдер адамдарға таза ауа, жақсы көңіл күй береді. Бөлме гүлдері біздің топтың ауасын тазартады, топқа әсемдік сыйлайды екен. Гүлдерді күту үшін біз гүлдерге міндетті түрде су құямыз, жерін қопсытамыз, жапырағын сулы матамен сүртеміз. Топтағы, даладағы гүлдерді жұлуға, аяқпен басуға болмайды. -Ал біз сендермен қазір ойын ойнаймыз. Қимылды ойын: «Гүлдерді ажырату» Шарты: балалар дала мен бөлме гүлдерін ажыратады. -Мынау неге дала гүлі деп ойлайсындар? -Ал мынау қалай ойлайсындар неге ол бөлме гүлдеріне жатады? -Жақсы балалар, енді біз сендермен не жайында айттық? Балаларды шеңбер бойына орналастыру, гүл күлтешелерін алып сабақта не түсінгендерін айтады, гүл құрастырады. -Осы гүлдің күлтешелері арқылы біз білгенімізді, ойға күйгенімізді айтып көрейік, ол үшін гүл күлтешелерін алып,тақтаға гүлді құрастырамыз. |
Шеңбер бойына тұрады, бір-біріне тілектер айтылады. Балалар үстел үстінде тұрған құмыраларға түсіне байланысты гүлдер салады. Дала, бөлме гүлдері жайлы не білетіндерін айтады. Тұқымның өсу жолдары жайлы бейне сюжет көрсетіледі. Өсімдіктерді күту жолдарымен танысады. Балалар үстел үстінде жатқан карточкаладры алып, белгіге дұрыс орналастырады. Не түсінгендерін айтып, гүл бейнесін құрастырады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:Жыл мезгілдерін ажырата
Игеру керек: Көктем мезгілінің ерекшеліктері жайлы
Меңгеру керек: Жаңа сөздерді меңгеріп алу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: Гүлдер әлемі
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:Гүлдер әлемі
Мақсаты: Балаларды гүлдер түрлерімен таныстыру. Гүлдердің түр-түстерін ажырата білуге баулу. Өсімдіктерді күту ережелерімен таныстыру. Дала гүлдері мен бөлме гүлдерін ажырата алуға үйрету.
Міндеттері:
1.Балаларды гүлдер түрлерімен таныстыру, ажырата білуге көмектесу.
2. Балалардың танымдылық қасиеттерін дамыту
3. Туған елінің табиғатына, гүлдер мен өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге, күтуге тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын
Билингвалдық компонент: гүлдер-цветы-flowers, дала гүлдері-полевые цветы-wildflowers, бөлме гүлдері-комнатные цветы-houseplants
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
|
1.Мотивациялық қозғаушылық 2.Ізденіс ұйымдастыру.
3. Рефлексиялық түзетушілік |
Шаттық шеңбер Шеңбер бойына тұрады, бір-біріне гүл сыйлап жақсы тілектер айтады. Дидактикалық ойын «Өз түсін тап» Шарты: Балалар гүлдер түрлерін тандайды, түсіне сай құмыраларға орналастырады. -Балалар мынау не? Балаларға гүлдерді тарату. -Ал мынау не? -Бұл құмыра не үшін керек? -Онда сендердің қолдарындағы гүлдерді құмыраның түсіне қарай саламыз. Сұрақ жауап: -Балалар біз немен ойнадық? (гүлдермен) -Гүлдерді қалай бөлдіндер? (түсіне қарай) -Ал біз қандай гүлдер аттарын білеміз? -Гүлдер қайда өседі? (далада) -Тағы гүлдерді қайда өсіруге болады? Яғни гүлдерді далада және бөлмеде өсіруге болады екен. -Балалар сендер бөлмеде гүлді қалай өсіру керектігін білесіндер ме? Енді мен сендерге көрсетейін, балаларға құм салынған құмыраны көрсету. - балалар мынау құмыраның ішінде не бар? -Осы құмға біз ең алдымен су құямыз,қопсытамыз, осыдан кейін біз гүлдің тұқымын отырғызамыз. -Балалар енді барлығымыз теледидарға көңіл аударайықшы, осы видеодан біздің тұқымымыз қалай өсетінін көрейікші.Балалар қарандаршы ең алдымен сабағы шығады, одан кейін жапырағы осылай шығады екен. -Өте жақсы, балалар даладағы гүлдер адамдарға таза ауа, жақсы көңіл күй береді. Бөлме гүлдері біздің топтың ауасын тазартады, топқа әсемдік сыйлайды екен. Гүлдерді күту үшін біз гүлдерге міндетті түрде су құямыз, жерін қопсытамыз, жапырағын сулы матамен сүртеміз. Топтағы, даладағы гүлдерді жұлуға, аяқпен басуға болмайды. -Ал біз сендермен қазір ойын ойнаймыз. Қимылды ойын: «Гүлдерді ажырату» Шарты: балалар дала мен бөлме гүлдерін ажыратады. -Мынау неге дала гүлі деп ойлайсындар? -Ал мынау қалай ойлайсындар неге ол бөлме гүлдеріне жатады? -Жақсы балалар, енді біз сендермен не жайында айттық? Балаларды шеңбер бойына орналастыру, гүл күлтешелерін алып сабақта не түсінгендерін айтады, гүл құрастырады. -Осы гүлдің күлтешелері арқылы біз білгенімізді, ойға күйгенімізді айтып көрейік, ол үшін гүл күлтешелерін алып,тақтаға гүлді құрастырамыз. |
Шеңбер бойына тұрады, бір-біріне тілектер айтылады. Балалар үстел үстінде тұрған құмыраларға түсіне байланысты гүлдер салады. Дала, бөлме гүлдері жайлы не білетіндерін айтады. Тұқымның өсу жолдары жайлы бейне сюжет көрсетіледі. Өсімдіктерді күту жолдарымен танысады. Балалар үстел үстінде жатқан карточкаладры алып, белгіге дұрыс орналастырады. Не түсінгендерін айтып, гүл бейнесін құрастырады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:Жыл мезгілдерін ажырата
Игеру керек: Көктем мезгілінің ерекшеліктері жайлы
Меңгеру керек: Жаңа сөздерді меңгеріп алу
шағым қалдыра аласыз


