Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы:Алтын бала (әңгіме).

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешілеріне тех карта
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ: Кітап – алтын қазына

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


ҰОҚ оқытылу

Мақсаты:

0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу

0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру

0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.

Көпшілік тәрбиеленушілер: Суретке қарап әңгіме құрайды, диалогпен сөйлейді.

Кейбір тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады.

Көптілділік:

кітап – книга – book, кітапхана – библиотека – library


Негізгі терминдер мен сөз тіркестері

Кітапхана, жазушылар, ғалымдар


Пікір алмасу сұрақтары:


Суретте не көріп тұрсыңдар?

Суреттегі балалар қайда жүр?

Кітапханада балалар не істеп отыр?

Кітапханада шулауға, дауыс көтеріп сөйлеуге бола ма?

Кітапты жыртқан балаға кітапханашы не айтады деп ойлайсың?


Өткен ҰОҚ алған білім

Отанның адам баласына қаншалықты қымбат екенін түсінеді.


Жоспарланған уақыт

уақыт Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


І. Дұрыс әсерлі көңіл

күй орнату.

0-2 минут

Шаттық шеңбері.

Балалар, мен сендерге қазір сұрақтар қоямын,

сендер менімен келіссеңдер, «Уәде береміз!» – деп дауыстап айтыңдар.


Бүгін бір-бірімізбен ренжіспеуге уәде бересіңдер ме?

Тату, дос боп ойнауға уәде бересіңдер ме?

Ойын бұрышын көрсетіп:

Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға уәде бересіңдер ме?



ІІ. Мақсатты болжам.

3-5 минут

ҰОҚ ортасы



Суретші бұрышын көрсетіп:

Қағаз, қаламдарды шашпауға уәде бересіңдер ме?

Кітапхана бұрышын көрсетіп:

Кітаптармен дос болуға уәде бересіңдер ме?

Балалар, тек адамдар ғана бір-бірімен дос болмайды, кітаппен де дос болуға болады.

Балалардың назарын кітапхана бұрышына бұрып,

кітапханаға жақындайды.

Біз барлық білімді осы кітаптан аламыз. Кітапты сызып бүлдіруге, жыртуға болмайды. Халық «Кітап – алтын қазына» деп, кітапты мол байлыққа, қазынаға теңеген. Көп кітап жинақталған жерді «кітапхана» дейміз.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Сен кітапханада болып көрдің бе?

Сен ата-анаңмен бірге қандай кітап оқыдың?

Суретте не көріп тұрсың, суреттегі балалар қайда

жүр?

Кітапханада балалар не істеп отыр?

Кітапханада шулауға, дауыс көтеріп сөйлеуге

болмайды.

Балалар суретке қарап әңгіме құрайды.

сотқар бала мен кітапханашы сөзін балаларға

диалогпен айтқызады.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Балалардың қылығына баға бер. Дұрыс суретті көк түсті қаламмен, дұрыс емес, істеуге болмайтын суретті қызыл қаламмен белгілейміз.

Кітапханада өзін ұстау ережесін құруды

ұсынады. Бірлесіп талқылау.


Сөздік жұмыс: қазына – байлық.

Сергіту сәті:

Қызық кітап табайық,

Қолға оны алайық.

Ішінде не бар екен деп,

Парақтап ашып қарайық.

Әртүрлі кітаптарды балаларға көрсетеміз.

Кітапты жазушылар, ғалымдар, білімді адамдар

жазады. Кітаптар үлкен-кіші, қалың-жұқа, суретті-суретсіз және әртүрлі тақырыпта болады. Ертегілер жинағы, аңдар туралы, киімдер туралы, тағамдар туралы кітаптар болатыны түсіндіреді.

Кітапхана бұрышы, кітаптар

Әліппе-дәптермен жұмыс:

3-тапсырма. Қай кітапта не туралы айтылған деп

ойлайсың, сызық арқылы қос.

Ойын: «Сөз айт, тез айт»

Шарты: Балалар мен сөйлемнің басын айтам,

сендер аяқтайсыңдар.

Өлең жазатын адам ... (ақын)

Байды алдайтын кейіпкер? (Алдаркөсе)

Бәйгеде шабады ... (ат)

Ең сұлу құс ... (аққу)

Қонжықтың анасы ... (аю)

5-тен кейінгі сан ... (6)

Аң патшасы ... (арыстан)

Ұлттық ойынның бірі ... (асық, алтыбақан, ақсүйек)

Жеміс түрі ... (алма, алмұрт)

Қасқыр, түлкі, қоян ... (аң)

Әкемнің әкесі ... (ата)

Көлік күтетін жер ... (аялдама)

Ең қадірлі ас ... (нан)

Анамның туыстары ... (нағашы)

Бір өркешті жануар ... (нар)

4-тапсырма. Жаңылтпашты жаңылмай айт:

Айланбадан арба айналып барады,

Арбадағылар айбарланып барады.

Жарайсыңдар балалар!

Кітапхана

бұрышы, кітаптар












Әліппе дәптер











ӘЛІППЕ ДӘПТЕР



















Әліппе дәптер

IV. ҰОҚ

қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 минут

Қорытынды жасайды, балаларды

марапаттайды.Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап

қорыту

Әліппе-дәптер, түрлі

түсті қарындаштар




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
761
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12