Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Сөйлеуді дамыту:Қысқы орман

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілеріне пайдасы мол
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ: Қысқы орман

Мектеп/МДҰ: Ахмер орта мектебі

Сынып/топ:0 «Г»

Педагогтің аты-жөні:Серікбайқызы Жайна

Қатысқандар саны: 19

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

0.1.2.1 Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын /қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану

0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып

жеткізу

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.

Көпшілік тәрбиеленушілер: Мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолданады.

Кейбір тәрбиеленушілер: Сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді. Сұрақтарға жауап береді.

Көптілділік: шырша - елка - conifer tree

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: қысқы орман, табиғат.

Пікір алмасу сұрақтары:

Балалар, сендер табиғат аясында демалғанды жақсы көресіңдер ме? Сендер қысқы орманда болдыңдар ма?

Өткен ҰОҚ алған білім

Жануарлар туралы білімі бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 минут

(Ұ) Педагог балаларды ортаға шеңберге тұрғызады.

  • Балалар, өзімізді әдемі де сұлу табиғатқа теңейікші.

  • Балалар өздерін биік тауға, жұпар иісті гүлге, сұлу құс аққуға, мықты тасқа теңеп, шаттық шеңберін



ІІ. Мақсатты болжам.

3-5 минут





ҰОҚ ортасы

ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.

6-27 минут

жасайды.

  • Балалар, сендер табиғат аясында демалғанды жақсы көресіңдер ме?

  • Сендер қысқы орманда болдыңдар ма?

  • Бүгін бізге ормандағы қорықшыдан хат келді. Ол өзінің кішкентай күшігінің орманда адасып кеткенін, көмек керек екенін жазыпты.

  • Күшікке көмекке барамыз ба? Қысқы орманға бару үшін қалың киіну керек.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

  1. тапсырма. Сен қысқы орманға бару үшін не киер едің? Суреттердің ішінен таңдап белгіле және ата. Бұлар қандай киім деп аталады?

2-тапсырма. Балалар, қысқы орманды қазір қалың қар басып қалған. Өзендер мұз болып қатып жатыр. Орманға бару үшін бізге қандай құралдар қажет? Суретке қарап, таңдап көрсет. Неге бұл заттарды таңдағаныңды түсіндір. Сөйлемді жалғастырып айт

.Омбы қарда шаңғымен ... (сырғанаймыз) Мұзда коньки ... (тебеміз) Шанамен жотадан ... (зулаймыз) Сергіту сәті:

Аяққа шаңғы ілеміз, Қолға таяқ аламыз. Оңға қарап,

Солға қарап,

Бір, екі, үш - жүйткиміз.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

  1. тапсырма. Балалар, біз орманға келіп қалдық. Не көріп тұрмыз?

Орманда қандай ағаштар өседі? Ата.

Олардың жапырағы жоқ, қай ағаш екенін қалай танимыз? (Әрине, бұтағы мен діңінен).









Әліппе-дәптер


















Әліппе-дәптер



Көптілділік: шырша - елка - conifer tree

Сөйлемді аяқта.

Егер терек қайыңнан биік болса, онда қайың теректен

....

Егер емен қайыңнан жуан болса, онда қайың еменнен

....

Қыста түн ұзақ, ал күн ....

Бұл сөздер мағынасы жағынан қарама-қарсы сөздер.

Қай сөз түсіп қалды:

(Күн) суытты.

(Қар) жауды.

Өзенде (мұз) қатты.

Бұталарды (қырау) басты.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

4-тапсырма. «Ненің ізі?» ойыны. Қайсысы ненің ізі екенін қосып көрсет.

  • Балалар, қараңдар, қар үстінде әртүрлі іздер жатыр. Қане қарайық, ненің іздері екен, мүмкін күшікті ізінен тауып алармыз.

Тапсырманы орындау барысында педагог балалардан ненің ізі екенін айтып отыруды сұрайды. Мысалы: аюдың ізі, құстың ізі т.б.

  • Балалар, ізі арқылы күшікті тауып алдық. Күшікті тауып бергенімізге қорықшы қуанатын болды.

Тіл ұстарту: [к]

Шік-шік-шік – кіп-кішкентай күшік. Шік-шік-шік – бұл әдемі үйшік.













Әліппе-дәптер

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.

28-30 минут

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.

Балалардан баскиімді түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
3887
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12