1. Түркістан Ұлттық Одағы
Туркiстан Ұлттық
Бiрiлiгi “Түркістан ұлт-тық одағы”
– Түркістан халықтарының
мүддесін қорғау мақсатында 1920 – 1941 ж.
аралығында қызмет еткен қоғамдық-саяси ұйым. Бұл ұйым Зәки Уәлиди
Тоғанның белсенділік танытуымен құрылды. “Туркiстан Ұлттық
Бiрiлiгi” атты ұйым құруға шешім қабылданды және 7 баптан тұратын
бағдарламасы бекітілді.
Бағдарламада Түркістан өлкесін кеңестер
үстемдігінен азат ету, өлкеде демокр. республика құру, өлке
экономикасын дамыту, ағарту ісін жандандыру, дін
ісін мемлекетісінен
ажырату қажеттігі аталып көрсетілді. Ұйымның төрағасы болып Зәки
Уәлиди Тоған сайланды. 1920 ж.
5 – 7 қыркүйек аралығында Самарқандта “Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi”
ұйымының конгресі өтті. Бұл конгресте ұйымның жарғысы мен
Түркістанның ұлттық туы жасалып, қабылданды. Конгреске
қатысушылардың ұйғарымымен Түркістанның ұлттық туының ортасына ай
мен жұлдыз орналастырылды және ол тоғыз (бесеуі қызыл, төртеуі ақ
түсті) жолақпен безендірілді, сондай-ақ тудың шетіне көгілдір жолақ
жүргізілді. 1923 ж.
26 – 28 маусым аралығында “Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi”
ұйымының Кабулда жиналысы
өтті. Осы жиналыстың шешімі бойынша Зәки Уәлиди Тоған – “Туркiстан
Ұлттық Бiрiлiгi” ұйымының ішкі және сыртқы бөлімшелерінің бас
төрағасы, Мұстафа Шоқай Еуропа
бөлімшесінің төрағасы болып белгіленді.
1928 ж.
Зәки Уәлиди Тоған ғыл. жұмыстарға ойысып, саясаттан қол үзіп
кетуіне байланысты “Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi” ұйымына Осман
Қо-жаоғлы төрағалық етті. 1939 ж.
24 наурыз бен 2 сәуір аралығында Берлинде “Туркiстан Ұлттық
Бiрiлiгi” ұйымының конгресі өтіп, онда ұйымның төрағалығына Мұстафа
Шоқай сайланды. 1939 ж. 2-дүниежүз. соғыстың басталуына орай
“Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi” ұйымының қызмет етуі қиындай түсті.
Мұстафа Шоқайдың 1941 ж.
Берлинде қайтыс болуымен “Туркiстан Ұлттық Бiрiлiгi” ұйымы өз
қызметін доғарды.
2. Прометей Одағы
Шоқайдың Кеңестік билікке
қарсы жүргізген пікір-күресінде ең маңызды қолдауды, Польша
үкіметінің қамқорлығында құрылған «Прометей одағынан» тапқанын айта
аламыз.
«Прометей одағы» 1929 жылдың қарашасында
украина мен Кавказ халықтарының одағы ретінде өз жұмысын бастады.
Шоқай Түркістан ұлттық одағы атынан «Прометей одағына» мүше болып,
1927 жылдың көктемінде кірді. 1927 жылы Стамбулда өткен конгресте
Түркістан Ұлттық одағының «Прометей одағына» кіруіне шешім
қабылданды. Конгресс Шоқай мен бұхаралық Ахмет Наимге Парижде
украиндықтармен, кавказдықтармен ынтымақтастық жасау және Біріккен
Ұлттар Ұйымы мен әлем мемлекеттері алдында жұмыстар атқару міндетін
жүктеді.
«Прометей одағы» шынтуайтында, саяси
іс-әрекеттер орталығынан гөрі, баспасөз жұмыстарын, атап айтқанда,
газет-журнал шығару іс-қимылдарын үйлестіру орталығы еді. Одан
«Прометей» атты бір ортақ журнал мен одаққа кіретін ұйымдардың
баспасөз органдарының жұмыстарын реттеу қызметін атқарды. Прометей
журналының тысында, одаққа мүше ұйымдардың бірқатар жеке тәуелсіз
баспасөз органдары бар еді. «Прометей одағы» осы журналдардың
барлығының үйлесімді түрде жұмыс атқаруына қамтамасыз ететін
еді. Бұл
жағынан алғанда, «Прометей одағын» КСРО-ға қарсы идеялар клубы
деуге болады.
«Прометей одағына» қауіп-қатер күтілгеніндей
коммунизмнен емес, фашизмнен төнді. 1933 жылы Германияда билік
басына келген нацистердің 1936 жылдың наурыз айынан бастап Еуропаға
қыр көрсете бастауы және коммунизм мен кеңестерге қарсы жаппай
күшті науқандар жүргізуі «Прометей одағының» жұмыстарына кері
әсерін тигізбей қоймады. Бұл жағдай «Прометей» үшін ішкі және
сыртқы нәтижелер туғызды. соғыстың басталуымен Прометей одағы және
Шоқайдың бүкіл саяси жұмыстары тоқтап
қалды.
3. ХХ ғасыр басындағы түркі жұртының тағдыры, болашағы үшін күрескен
XX ғасырдың басындағы төл тарихымызға есімдері алтын әріппен мәңгілік жазылған ұлтымыздың осы алыптарының қазақ әлеміне шоқ жұлдыздай жарқырай шығуы – елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен тығыз байланысты болатын. Алаш алыптарының тобында Мұстафа Шоқай орны бөлек.Бір қоғамда туғанымен, тұлғалардың тарихи қалыптасуы жолдарының әр түрлі және әр деңгейде болатыны белгілі. Әркімнің өз тағдыры, басқаға ұқсай бермейтін өзіндік сүрлеуі бар. Мұстафа Шоқай өмірінің соңғы 20 жылдан астамын жат жерде өткізді. Бірақ 1941 жылдың аяғында көз жұмғанша жас кезінде таңдап алған туған халқының тәуелсіздігі үшін күресі бір сәт толастамады. Өйткені оның бүкіл ұстанымының мәні мен мағынасы, арманы мен мұраты өз ұлтының, Түркістан аймағының саяси егемендігі, рухани бостандығы болды. Халқының еркіндігін өзінің азаттығы деп білген, өз тағдырын ұлтының бақытынан іздеген, тарихи кезеңдегі көрікте шыңдалып, теориялық білімі мен кемелділігі жеткілікті сегіз қырлы саясаткер Мұстафа Шоқайдың саяси ой-пікірлерінің ұштала түсуіне 1905 жылдан бастап қазақ халқының ұлттық төңкерісінің басында болған, қазақ ұлттық партиясы «Алаштың» негізін қалаған, оның бағдарламасының авторы, Алашорда үкіметін басқарған Әлихан Бөкейханның әсерінің ерекше болғанын айта кету керек. Қазақтың ғана емес, барша түркі халқының азаттығы оның өмірлік арман-мұраты болды.ХІХ ғ. аяғы — ХХ ғ. басында саяси, əскери, экономикалық, мəдени отарлауды жан-жақты жүргізген патша үкіметі қазақ халқын мəңгүрттендірудің аз-ақ алдында тұр еді, бұл басқа да отарлық езгіде отырған түркі халықтарына қатысты. Осының бəрін көріп отырған Мұстафа Шоқай мұндай азуы кең алып күшке бүкіл түркі халқы бір азаттық туының астына бірігіп қана қарсылық көрсете алатындығын түсінді. Осыдан туындаған «Тұтас Түркістан» идеясы оның қоғамдық-саяси қызметінің арқауы болды.
4. М.Шоқайдың көзқарастарына сипаттама
М. Шоқай – қоғамдық-саяси
қайраткер.
Оның көзқарасы,
ойлары сол заманда халқының мүддесін қорғау. «Жас Түркістан»
идеясымен өз пікірін жеткізіп отырды. М. Шоқай шығармашылығының ашылмаған қырлары көп. М.Қойгелдиевтің айтуынша,
Мұстафа Шоқайдың тарихи көзқарасының бір жемісі
Түркістан идеясы 1985 жылдан бастап 1991 жылдың желтоқсанына біржолата аяқталған.
Кеңестер одағының ыдырауы көнеТүркістан жерінде дербес мемлекеттердің өмірге келуіне негіз болып қана қойған жоқ,сонымен
бірге белгілі дәрежеде тарихи «Түркістан»
ұғымының қайта жаңғыруына түрткі болып отыр деп көрсетеді Сөйтіп,Мұстафа Шоқайдың шығармаларында бір ғана Орта Азия, Түркістанның тағдыры ғана емес сонымен
қатар Еділ,Орал бойларындағы Кавказ бен Қырымдағы Шығыс Түркістандағы тілі бір, діні бір бауырластардың хал-ахуалы
жөнінде де ойлар
кездеседі. Ол алған тақырыбына орай кейде тарихшы, тағы бірде саясатшы ретінде көрінеді,
еңбектерінде
экономикалық,
мәдени, рухани мәселелерді бірлестіре сөз етеді көзге ерекше шалынатыны оның түрікшілдік идеясын, аманда ардақ тұтып,ерекше қасиет, құндылықдеп танитын.
Қорыта айтқанда, Мұстафа Шоқайдың мол тарихи мұрасын әлі де жинақтап, жүйелі зерттей отырып,оны ұлт игілігіне айналдыру, жаңа қоғам құрып жатқан белсенді іс – әрекетімізде ұтымды пайдалана білу – біздің парызымыз. Өйткені,Мұстафа
Шоқайдың есімі қоғамымыз демократиялық ұстанымда ілгері жылжыған сайын
шамшырақтай жарқырап, халқыны қызмет етіп, оның жер бетінде қазақ барда мәңгі
өлмейтін саяси идеялары мен ой-пікірлері бүгінімізді байытып, келешегімізді кемелдендіре түсері сөзсіз.
5.М.Шоқай-Түркістан, Қоқан автономиясының тұңғыш президенті
Түркістан («Ұлы Түркістан») идеясын қайта жаңғырту арқылы Мұстафа Шоқай қанағаттандыруға тырысты, оған жауап ретінде «Түркістан автономиясы дүниеге келді. Ол өзінің осы мақсаттағы ойын білдірді: «Түркістан- бөлінбес айырылмас бір өлке. Халқының ханы бір, тілі бір, діні бір, мақсаты бір. Түркістанның мақсаты-өзінің құртылысы, милли үкіметін болып тұру. Біздің мақсатымыз-алғыз Түркістанның ғана емес, бүтін түркі өлкесінің, бүтін түркі халқының дос болып , өзара бірлік- пірадарлықпен жасап, сырқы дүшанға қарсы өзінің толықтығын, үкіметінің толықтығын білдіріп қою. Түркістан мұсылмандарының 1V Төтенше Құрылтайы 1917 жылы 26 қараша күгң Қоқан қаласындағы Хан сарайында Шоқайдың сөз сөйлеуімен ашылды. Сонымен большевиктердің құрылтайды болдырмау үшін жасаған бүкіл шаралары нәтижесіз қалған еді. Ақырында болтшевиктер де құрылтайды мойындап, комиссар Полтарацкийді өкіл ретінде жіберуге мәжбүр болды. Үш күнге жалғасқан құрылтай кезінде қатысушылар Түркістан аймағының келешектегі саяси құрылысының қандай болуы керектігі жөніндегі пікірлерін ортаға салды. Мұның нәтижесінде 27 қараша күні, түннің кеш уақытында Түркістан автономиясын жариялауға бір ауыздан қаулы қабылданды. Бұл қаулыда: «Жасасын Түркістан автономиясы! Түркістан Мұсылмандары ІV Төтенше Құрылтайы Түркістан аймағында өмір сүріп жатқан халықтардың талап-тілегіне сәйкес, Ресей төңкерісі тарапынан белгіленген ережелерге сүйене отырып, федерация негізінде құрылған Ресей Республикасының құрамында бола отырып, Түркістанның жерге негізделген территориялық автономиясын жариялайды» делінді. Құрылтай сонымен қатар Түркістанда азшылықтағы халықтардың құқықтарын да толық қорғайтындықтарын мәлімдеді.Сөйтіп, 28 қараша күні құрылған мемлекет «Түркістан автономиясы» деп аталды.
6.Қоқан автономиясының күйреуі
29 қаңтар күні Түркістан автономиясын жақтаушы, бірақ кім екендіктері беймәлім бір топ әскер Қоқан қорғанын қоршауға алды. Қорғанның алдында күзетте тұрған әскер қарусызандырылып, тұтқындалды. Бірақ қорғанды таң атқанға дейін қоршауда ұстаған әскер Қоқан Кеңесінің төрағасы Е. А. Бабушкинді қолға түсіре алмады. Таңертең автономияшыл әскер шегінгенен кейін Бабукин жұмысшылыарды жинап, өзінің басқаруымен төңкерістік комитет (реаком) құрды. Дұдан кейін қоңырау соғылып, оқ атылып. Қаладағы теміржол жұмысшылары қорғанға шақырылды. Жиналған жұмысшыларға қару таратылды. 30 қаңтар күні Қоқан төңкерістік комитеті Түркістан Уақытша үкіметіне ультиматум жолдап, үш сағат ішінде тұтқындалған әскердің босатылуын және қорғанға шабуыл жасағандардың өздеріне тапсырылуын талап етті. Сондай—ақ төркерістік комитет төрағасы Бабушкин Шоқайды, Зиегель мен өкімет хатшысын тұтқындау үшін төңкерістік комитет мүшесі Сазановты әскермен Түркістан Уақытша үкіметі орналасқаан Хан сарайына жіберді.Бұл арада большевик күштері қалаға оқ жаудырып, гранаталар лақтырды. Осындай азаматтық соғыс жағдайында Түркістан уақытша үкімет басшысы Шоқай Сазановты қабылдады. Сазанов естеліктерінде Шоқайдың өзін өте сыпайы қабылдап, қонақ ретінде шай беріп, күткенін баяндайды. Сазанов Қоқан қорғаныныда жасалған шабуылға байланысты Қоқан төңкерістік комитетінің ультиматумын білдірді.халық күштерінің қарсылығы ұзаққа берілген кезде Қоқан қаласының көрінісі адам шошырлық еді. Қираған өқаланың үлкен бөлігі өртеніп жатты. Қаланың кем дегенде үштен бір бөлігі адам тұра алмас жағдайда еді. Қала тұрғындарынан 10 мың адам өлтірілді. Қаланы большивик күштері тонап, талан –таражға салды. Большивиктерге мойынсұнбаған кейбір топ тауға бой тасалап, кеңес билігіне қарсы белгілі бір уақытқа дейін күрестерін алғастырды. Бұл бас көтеру тарихта «басмашы қозғалысы» деген атпен қалды.Сөйтіп, Қоқан автомониясы большивиктер тарапынан құлатылды. Қоқан автономиясының Түркістан Уақытша үкіметі екі айдай ғана өмір сүре алды.
7.М.Шоқайдың шетелге шегінуі
Қоқан қаласында құрылған «Түркістан
автономиясын» большевиктер «заңсыз» үкімет деп жариялаған соң,
«оның басшыларын» тұтқындау туралы қаулы шығарды. Автономия басшысы
болған Мұстафа Шоқайдың басы үшін 1000 сом сыйлық тағайындалды.
Автономия құлатылған соң оның басшыларының бір бөлігі тұтқындалып,
бір бөлігі жан-жаққа тарап кеткен болатын. Мұстафа Шоқай аз уақыт
партизандардың арасына бой тасалайды. Одан кейін жасырын атпен
Ташкентке келіп, ол жерде де тұрақтап қалмай, 1918 жылдың 1
мамырында әйелі Мария Яковлевнамен Ташкентті тастап
шығады. Ол -елінің демократиялық құқтарын қорғау үшін
1921 жылы шетелге кетті. Шетелде елінің тәуелсіздігі жолында сан
түрлі қиыншылықтарға төзе отырып мойымай, күресіп жүргенде 1941
жылы қайтыс болды. Бірақ, кеңес билігіндегі Қазақстанда халық жауы
болып жарияланып, күрес жолы мен идеяларының таныстырылуына тиым
салынды. Осындай тиым-шектер Қазақстан тәуелсіздікке қарай нақты
қадамдар басып келе жатқан кезде ғана
жойылды.Бірақ Мұстафаның қаладан шығуы
үшін керекті рұқсаты мен пойыз билеті жоқ болатын. Бұл қиыншылықты
да жары Мария шешті. Ол ойлаған жоспар
бойынша, Мұстафа Мәскеуге операция
үшін кетіп бара жатқан, басы, көзі таңылған, ауыр жарақаттанған
адам сияқты пойызға отыру керек еді. Азамат соғысы кезінде
Ташкентте медбикелік жұмыс атқарған Марияның қасында жаралы адаммен
жолға шығуы еш күмән тудырмайтын. Осы айланы орындау барысында
Марияның науқас рөліндегі Мұстафаға жалған бір куәлік пен шығуға
рұқсат алуы да қиынға соқпады.1918 жылы 1 мамыр күні алдын ала
дайындалған жоспар бойынша, Мария мен бет-аузы таңылып тасталған
Мұстафа пойыздың
жылжуынан сәл бұрын станцияға
келіп, күтпеген бір жағдайға тап
болды. Қызметкерлер пойыздағы жолаушылардың шығу рұқсаттарын
бір-бірлеп тексеріп жатты. Бұл Мария мен Мұстафаны қатты абыржытты.
Бірақ тексеру кезегі дәл соларға келгенде тексеруші артына қарап
біреумен сөйлесе кетті. Әңгімесі біткеннен кейін, қалған жерінен
тексеруге бастаған кезде ол жаңылысып, олар отырған купеден
аттап кетті. Осылайша
ерлі-зайыпты Шоқайлар бір қатерден құтылды. Сағат 13.00-де жылжуы
тиіс пойызы кешігіп 17.00-де Мәскеуге қарай жолға шықты /5/.Пойыз
Ақмешіт, сонан соң Ақтөбе станцияларына келіп
тоқтады. Ақтөбе станциясында Орынбордағы соғыстың
салдарынан теміржол байланысы үзілгендіктен пойыз мүлде тоқтап
қалып, Мұстафа зайыбымен пойыздың жүруін тосуға мәжбүр болды. Көп
кешікпей қаладан 5 шақырым қашықтықтағы Темір
қалашығына, одан кейін Қызылқұрт деген үлкен
қазақ-татар ауылына жетті. Бұл жерде Алашорда жетекшілерінен Халел
Досмұхамедовтың үйіне бір күн қонды. Тамыз айы ішінде Самара арқылы
Уфаға жетті. Ол жерде Зәки Уәлидиді тауып, оның Иорматыдағы үйіне
түсті. Шоқай бұл жерден З.Уәлидимен бірге Орынборға өтті. Онда Алаш
жетекшілерімен бұдан кейінгі ұлт-азаттық қозғалыстың бағыт-бағдарын
белгілеу мақсатында кездеспек еді. 1918 жылдың 30 тамызы мен 7
қыркүйек арасында Орынбор және Самара қалаларында тізбекті бірқатар
жиналыстар өткізілді. 6 қазан күні Уфадағы конгресс аяқталғаннан
кейін Мұстафа Шоқай жанына жұбайы Марияны алып, Құрушы Мәжіліс
мүшелерімен бірге Екатеринбург қаласына аттанды. Мұстафа қай жерде
жүрсе де жұбайын қасынан тастамады
21 қараша күні
таңертең сағат 02.00-де Челябинскіге жетті. Онда Мұстафа жұбайымен
уақытша қоштасып, жолдасы Чайкинмен жол жүруге мәжбүр болды.
Маңғыстау арқылы ақпан айының соңында Бакуге, сәуір айында Бакуден
Тбилисиге өтті. Мұстафа онда бірнеше аптадан соң жұбайы Мариямен
қауышты /6/.Тбилисиде Марияны станцияда М.Шоқай шоқ гүлмен қарсы
алды. Сонымен қарашада Челябинскіде айырылысқан екеуі алты айдан
кейін Тбилисиде қауышып, бақытқа кенелді..1921 жылдың 25 ақпан күні
көптен күткен жайсыз хабар да келіп жетті. Большевик күштері
Тбилисиге басып кіре бастады. Мария бұл хабарды таңертең естіген
кезде үйде болатын. Ол бірден жол дайындығына кірісті. Бұл кезде
жұбайының станцияға кеткенінен бейхабар Мұстафа Шоқай баспаханада газетін
бастырып жатты. Үйге келген соң ол таныстарынан Марияның пойызбен
Батумиге кеткендігін естіп білді. Мұстафа Тбилисиден кетіп, Стамбул
арқылы 1921 жылдың ортасында француз кемесімен Францияға аттанады.
Жайлы өткен сапардан кейін Францияның Марсель портына жетіп, сол
күні кешкілік отарбамен Парижге жүріп кетті.Парижде ұзақ уақыт
қалуды ойлаған жұбайлар бірнеше күннен кейін Порт
Дофинге жақын маңнан бір қарт журналистің жанынан бөлме
жалдады.
7.ШЕТЕЛ
Түркістан ұлттық ұйымдарының тапсырмасымен 1918 жылдың 1 мамырында Мұстафа Шоқай Ташкенттен кетті. Челябинск, Уфа, Баку, Тифлис арқылы Ыстамбұлға, одан әрі Францияға жеткенше, сол қалалардағы пікірлес ұлт-азаттық күрескерлерімен кездесіп, болашақ қозғалыс туралы ойларын ортаға салады. Мұстафа Шоқай жұбайы Мария Яковлевнамен екеуі Париж түбіндегі шағын ғана Ножан-Сюр-Марн деген қалашыққа қоныс тебеді. Сонда ол өз пікірлестерімен бірге еуропалық мерзімдік басылымдармен байланыс орнатуға тырысады.
1917 жылдың 7 қарашасынан бастап шетелге кеңес үкіметінің рұқсатынсыз кеткендерді, сондай-ақ ақ гвардияшылар сапында болғандар мен контрреволюциялық ұйымдарға қатысқандардың бәрін Ресей азаматтығынан айыратынын мәлімдегеніне қарамастан, кеңес үкіметі Мұстафа Шоқайға КСРО-ның шетелдегі бір өкілдігінің (атап айтқанда кемалшыл Түркияның) қызметкері болуға бірнеше рет ұсыныс жасайды. Мұстафа Шоқай одан бас тартады. Осы себептен Мұстафа мен Мария Шоқай Франция азаматтығын қабылдады.
- Мария Шоқай «Менің Мұстафам» атты естелігінде 1923 жылы Парижден Германияға көшіп барып, сол жақта 6 ай тұрып, кейін қайта Парижге көшіп келгендерін жазады.
10.М.Шоқайдың Париж басылымдарында мақалаларының жариялануы
Шоқайдың шетелдердегі өмірінің соңғы аялдамасы Париж қаласында саяси шығармашылық тәжірибесінің шырқау шегіне жеткені байқалады. Әр түрлі газеттер мен журналдарда мақалалары жарық көрді. Оның бұл мақалалары орыс, француз, түрік және ағылшын тілдерінде шығатын түрлі журналдарда басылды. Сондай-ақ, екі журналдың баспа өміріне қадам басуына жетекшілік етті. Парижге келді. Керенскийдің «Дни» газетінде және Милюковтың «Последние новости» газетінде«Иени Түркістан» журналына атсалысып, басылымдары.
12.Жас Түркістан журналы
Жас Түркістан — журнал. Алғашқы саны 1929 жылы желтоқсанда Парижде жарық көрді. Ұйымдастырушысы — Мұстафа Шоқай. Түркістанның ұлттық тәуелсіздік идеясын насихаттады. Журналды Польша президенті Маршал Пилсудский тарапынан құрылған “Прометей” қоры қаржыландырды. 1939 жылдың тамызына дейін журналдың 117 саны жарық көрген. Мұстафа Шоқай Женент, Аткелтір деген лақап атпен әр түрлі тақырыпқа мақалалар жазып отырған. Ахмет Наим, Тәуекел батыр, Ахметжан Оқай, Ибрагим Жарқын, Найым Өктем сияқты жас қаламгерлердің де мақалалары басылған. 1939 жылы 2-дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты журналды шығару тоқтап қалған. Алматыда құрылған (1996) Мұстафа Шоқай қоры 1998 жылдың мамырынан бастап журналды “Жас Түркістан” атымен қайта шығара бастады. Журнал 2 айда бір шығады 1928-1930 жылдардағы байларды тәркілеу, тап ретінде жою, 1931 -1932 жылдардағы қолдан ұйымдастырылған алапат аштық, 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін, халықтың бетке шығар қаймағын қырып салу, ату, жер аудару, 1917-1940 жылға дейінгі ауыр түрмыс, бүкіл түркі әлемінің оқығандарын жою, Құрту тек қана бір үлтты көсем, дара, ұлы етіп көрсету - осы мәселелердің бәрі - "Жас Түркістан" журналында нақты фактімен, шынайы көріністермен жазылды. Сөз жүзінде: "Кеңес үкіметі барлық ұлттарға бірдей, кеңес үкіметі-терезесі тең республикалардың ерікті одағы, кедейкепшіктердің сүйікті отаны" деп жазып, айтып, баршаны соған сендіруге, көндіруге, айтқандарын істетуге жан-жақты жанталасты. Шындықты көзімен көріп, сөз бен істің арасында аспан мен жердей айырмашылық бар екенін айта алған, айтқысы келген жандарды аямастан ауыр жазаға тартып, көзін құртып отырған. Шындық айтқанды шырылдатқан. Халқының тағдыры үшін күресе алған Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Хәлел Досмұхамбетұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Смағұл Садуақасұлы халқының басындағы қиын тағдырды айтқаны үшін кеңестік қызыл үкіметтің құрбандығына айналды. Олар туралы, олардың тағдыры, қайраткерлігі жайлы Мұстафа Шоқай "Жас Түркістанның" әр санында мақтанышпен жазды.
13.Бірлік туы
Ташкентте 1917 жылдың маусымында шыға бастаған “Бірлік туы” газеті Шоқайдың алғашқы газет басқару тәжірибесі болып табылады. Газет Ташкентте тұратын қазақтар құрған “ықтият Одағының” баспасөз органы еді. Аптасына бір рет шығып тұрған газеттің баспасөз саясаты – Түркістан халқының ынтымақтастығын қамтамасыз ете отырып саяси таным-түсінігін толықтыру және осылайша Ресей Құрушы Мәжілісінің жұмыстарына дайындалу еді. Газет осы орайда Бөкейхановтың жетекшілігіндегі “Алашорда” қозғалысының баспасөз органы “Қазақ” газетімен үйлесімді әрекет етті.[1015] “Алаш” қозғалысына қарсы қазақ зиялыларынан Сәкен Сейфуллин Түркістандағы қазақ зиялыларының Ташкентте “Бірлік туы” газеті арқылы “Алаш” қозғалысына қолдау көрсеткендіктерін және кеңестерді сынағандықтарын айтады
“Бірлік туы” газеті жарияланбас бұрын Ташкент қазақтары үшін “Алаш” деген бір газет жарияланып тұрған еді. 1916 жылдың 26 қарашасынан бері шығып тұрған “Алаш” газетін Көлбай Тоғысов басқарды.[1017] Бірақ, газет Ташкенттегі қазақтардың талап-тілектерін тілге тиек етуде табысты бола алмады. Бұл жағдай уақыт өте келе Ташкенттегі қазақ зиялыларының наразылығын туғызды. Кейбір зиялылары осы наразылықтарын білдіре отырып, газет басшылығына қол ұшын беруді ұсыныс етті. Бірақ, бұл ұсынысты Тоғысов қабылдамады. Сондықтан, Ташкенттік қазақ зиялылары Мұстафа Шоқай мен Сұлтанбек Қожановтың төңірегіне топтасып, “·қтият Одағын” құрды және бұл ұйымның баспасөз органы ретінде “Бірлік туы” газетін шығаруға шешім қабылдады. Сөйтіп, “Алаш” газетінің шығарушысы Тоғысовтың зиялылардың жәрдем ұсынысын қабылдамай тастауы “Бірлік туы” газетінің дүниеге келуіне себеп болды.[1018] Газет басшылығына Шоқай сайланды.[1019] Шоқай Ташкенттен кеткеннен кейін, газетті басқаруды Қожанов мойнына алды.[1020] 1918 жылдың орта шеніне дейін шығып тұрған және отыз шақты саны жарық көрген газет Түркістан большевиктер қолына өткеннен соң жабылды.
16.М.Шоқай туралы М.Горинаның деректері
Қазір Парижде Мұстафа Шоқайдың саяси мұрағаты бар. Оның жеке мұрағатын «Жаңа Сорбонна Париж III» университеті жанындағы университетаралық Шығыс тілдері жəне өркениеті институтының кітапханасына жары Мария Яковлевна Горина 1953 жылы өткізген. жары Мария Шоқай Мұстафаның сүзекпен Түркістанда жүргенде ауырғандығын жəне оған қарсы иммунитеті болуы тиістігін өз естеліктерінде жазды. Сөйтіп, Алаштың аяулы азаматының қандай жағдайда, не себепті дүниеден өткендігі күні бүгінге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр.Мария ханым 1969 жылы 14 сәуірде Францияның Шелл деген шағын қаласында орналасқан қарттар қайырымдылық үйінде қайтыс болған.Оның соңғы естеліктерінің бірінде " Мұстафа Шоқаймен 23 жыл бірге өмір сүрдік. Бұл – өте ауыр болғанмен, бақытты кезеңдер еді. Бір елден екінші елге көшу кезінде біз үшін жат болғанмен, әр түрлі рөлдерде ойнауға тура келетін. Бірақ Алланың бізге көрсеткен көмегінің арқасында жағымпаз, екіжүзді, жала жабушы адамдардың рөлін ойнаған емеспіз. Сондықтан біздің арымыз таза" делінген. Мария Шоқай «Менің Мұстафам» атты естелігінде 1923 жылы Парижден Германияға көшіп барып, сол жақта 6 ай тұрып, кейін қайта Парижге көшіп келгендерін жазады. Бар өмірін «Бір Түркістан» идеясын іске асыруға арнаған Мұстафа Шоқай 1941 жылы күзде Польшадағы Түркістан легиондарын аралап, сондағы қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен ұлтты соғыс тұтқындары жағдайымен танысу сапарынан қайтарда кенет ауырып, 1941 жылы желтоқсанның 28-і күні Берлинде қайтыс болды. Яковлевна марқұмның бұ дүниеден өтер алдында Әлім Алматов ақсақалға айтқан мына бір жалынды сәлемін де келтіре кеткеннің артықтығы болмас: «Сен жассың ғой, бәлкім жақсы-жарқын күндерге аман-сау жетіп те қаларсың, солай бола қалған күнде Мұстафаның отандастарына айта бар, ол ешқашан да өз халқының жауы болған емес, ол өзінің бар болмысын ұлтының азаттығы жолындағы күреске арнап өтті».
14.М.Шоқай мұралары
Мұстафаның «қырғыз газеті» деп отырғаны «Ақ жол» екендігі түсінікті болар. Бір-екі жылдан кейін ол бұл басылымды тұрақты түрде алып тұрады. Оны «Түркістандағы Лениннің мұрасы» (1924), «Түркістандық «тамаша» (1924), «Ұлт мәселесінің зертханасында» (1924), «Қызыл Түркістанда» (1924), «РКП-ның ташкенттік мырзалары» (1925), «Ояну) (1926) деген еңбектерінде «Ақ жол» газетіндегі материалдарға сілтеме жасауынан көреміз.
М.Шоқайдың Орталық Азия халықтарының ауыз және жазба әдебиетін терең білетіндігін оның Париждегі «Мұсылман әлеміне шолу» («Revue de monde musulmane») журналында жарық көрген аудармаларынан да байқаймыз. М.Шоқайдың артында бай мұра қалды.Атап айтсақ, олар:
-
1917 жылы Ташкентте “Ұлығ Түркістан” ,
Қоқанда “Жаңа Түркістан” ,
-
1919 жылы Тбилисиде “Вольные Горцы” , “На
рубеже” ,
-
1921 жылды Ыстамбулда “Шөбнәме газетасы”
газеттерін, сондай-ақ , “Жаңа дүние” ,
“Түркістан” , “Орта Азия” секілді
француз,түрік,орыс тілдерінде кітаптар, “Жас
Түркістан”еңбектерін бастырып шығарды.
15.М.Шоқай және түркістандық саяси тұтқындар
1941 жылғы 22 маусымда гитлершілдер Кеңес
Одағына шабул жасаған күні әскершілер оны тұтқындаған еді. Сол
кезде Францияда жүрген М.Шоқайды Париж түбіндегі Компьен
концлагеріне қамайды. Мұстафанның зайыбы Мария Шоқайдың
айтуына қарағанда,ол фашистердің КСРО-ға шабул жасағанын естіп,
қатты қапаланған. Мұстафа концлагерде екі аптадай отырған. Ол кезде
немістер Мұстафа Шоқайды тұтқындағы Түркістандықтармен
жүздестіреді. Гитлершілдер оны өздерінің жағына шығарып алуға
тырысып бағады.
Ол өзінің үлкен Отанына адалдығын сақтап
қалды, концлагеріндегі әскери тұтқындармен кездескенде де
олардың рухын көтеруге, болашақ жеңіске деген сенімін шыңдауға күш
салады. Ұзақ уақыт М.Шоқайға немістерге қызмет еткен, немістің
генералы шеніне дейін көтерілген, "Түркістан легионын" құрушы -
деген айып тағылып, жалған лақап таратылды. Ал шын мәнінде М.Шоқай
"Түркістан легионын" құрушы көсем емес, себебі: ол жайлы қазір көз
көрген қариялар, кезіндегі легионерлер анық айтады. Солардың
қатарында кезіндегі легионер, кәзірде ақын Хамза Абдулла, жұбайы
Мария Яковлевна Шоқай т.б. бар. Олардың айтуынша М.Шоқай
тұтқындарға жағдай жасап, оларды Қызыл әскерге қарсы майданға
жібермеуге күш салған. Тұтқынға түскен Түркістандық солдаттардың
ауыр, адам аярлық халін көрген М.Шоқай оларды азық-түлікпен,
киіммен қамтамасыз етуге
көмектескен
Түркістандық тұтқындардың өмірін сақтап
қалуға ғана бағытталғаны, ешбір әскери саясат ұстанбағаны, неміс
генералы да болмағаны туралы дәлелдер жеткілікті. М.Шоқайдың
Түркістандық тұтқындардың алдында сөйлеген соңғы сөзінде "барлық
күшіміз" бен қуатымызды Ерікті, Тәуелсіз Түркістанды құру үшін
жұмсайық - деген еске түседі.
11.М.Шоқай-Еуропадағы озық ойлы саясаткер
Шоқай Еуропада халықаралық
саясат пен кеңестік Орта Азия мен
Қазақстандағы ішкі жағдайдың өзекті мəселелері жөнінде
баяндамалар жасап, мақалалар жариялады. Кітаптар шығарды. Көптеген
эмиграциялық басылымдарда еңбектері жарық көрді.
М. Шоқай өзінің
бірқатар Еуропа қалаларында (Париж, Лондон, Берлин, Варшава,
Женева және басқа) жұртшылық алдында сөйлеген көптеген
сөздерінде, сонымен қатар еуропа және шығыс тілдерінде (орыс,
ағылшын, француз, поляк, шағатай, т.б.) жарияланған еңбектерінде
әлемдік қауымдастыққа қазақ халқының қысымшыл жүйеге қарсы
тәуелсіздік үшін күресінің заңды да әділетті сипатын жеткізіп
отырды. Мақала Еуропа баспасөзінде Түркістанның толық
тәуелсіздік жолында күрес жүргізетіндігі туралы да тұңғыш материал
болатын.
М.Шоқайдың бұрынғы автономия туралы идеядан
толық тәуелсіздік идеясына көшуі жалғыз түркістандықтардың ғана
емес, бүкіл әзербайжан, татар-башқұрт, украин, грузин ұлттық
қозғалыстары үшін де аса маңызды факторға айналады. Мақала бүкіл
Еуропа жұртшылығының қоғамдық ой-пікіріне әсер етеді, себебі
көптеген мәселелердің басын ашуға көмектеседі, халықты «тарихи»
және «тарихи емес» деп бөліп-жарушы кеудемсоқ авторлардың
түсінігіне өзгеріс енгізді, Түркістан халықтарының саяси тұрғыдан
жетілгендігін көрсетті. Қазақ, өзбек, қырғыз, т.б. түркі-мұсылман
халықтарының өздерін «аға халық» ретінде есептейтіндер саясатының
нысаны емес, тарих субъектісі екендігін орыс, француз, ағылшын,
неміс, поляк, түрік, шағатай, грузин тілдерінде жазылған
еңбектерінде асқан шеберлікпен, бұлтартпас дәлелдермен
жеткізді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шокай омирбаяны

шағым қалдыра аласыз