Шолушы сарбаз. Далалық оқу жиыны 14-сабақ

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Шолушы сарбаз. Далалық оқу жиыны 14-сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тактикалық дайындық 1. Шолушы болып тағайындалған сарбаздың əрекеттерін біледі. 2. Шолушылардың қозғалысын, жергілікті жерді және заттарды шолу тәсілдерін біледі. 3. Бақылау нəтижелері туралы мəлімдей алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

    Сабақ тақырыбы: Шолушы сарбаз

Бөлім:

Тактикалық дайындық

Педагогтің аты-жөні:

Абдикешов Д.А.

Күні:


Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Шолушы сарбаз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1. Шолушы болып тағайындалған сарбаздың əрекеттерін біледі.

2. Шолушылардың қозғалысын, жергілікті жерді және заттарды шолу тәсілдерін біледі.

3. Бақылау нəтижелері туралы мəлімдей алады.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Шолушы болып тағайындалған сарбаздың əрекеттерін, шолушылардың қозғалысы, жергілікті жерді және заттарды шолу, нəтижелері туралы мəлімдеуді біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Шолушылардың қозғалыс барысындағы, сондай-ақ жергілікті жерді және ондағы заттарды қарау кезіндегі әрекеттерін дұрыс көрсетеді

Кейбір оқушылар:

Аға шолушының бақылау нәтижелерін мәлімдеу тәртібін түсіндіре және көрсете алады.



      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресур-р

Басы

3'

Амандасу, түгелдеу, оқушылардың сырт көріністерін, құрал-жабдықтардың дұрыс сәйкестігін тексеру.

Взвод командирінің орынбасары оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға сабаққа дайындығы жөнінде баяндама жасайды.



Ортасы

5'

Білу

Қарсыласты дер кезінде байқау және жергілікті жерді барлау үшін барлау жүргізетін немесе өзінің басты күштерінен алыста басқа тапсырмаларды орындайтын бөлімшеден шолу құрамдары жасақталады. Мұндай бөлімше жаяу, жаяу әскердің ұрыс машинасында (бронетранспортерде), қыста шаңғыда әрекет етеді.

Шолу бөлімі жүріс барысында және қысқа аялдау арқылы бақылау жасайды. Егер қандай да бір нысанды машинада барлау қиын болса, оған жаяу шолушылар жіберіледі. Олардың басты мақсаты – қарсыласты анықтау үшін жергілікті жерді және заттарды қарап шығу. Шолушылар алға немесе екі тарапқа 300м қашықтыққа дейін жіберіледі. Бұл қашықтық шолушыларды бақылауға және оларға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Шолушылар бөлімі құрамындағы жеке құрам әрекетке дайындалу кезінде қару-жарағын, қорғаныс құралдарының жарамдылығын, оқ-дәрінің жеткіліктігін тексеру, құжаттарын, хаттарын және қойын дәптерін рота сержантына тапсыруы, қозғалыс кезінде дыбыс шығармауы және қолайсыз болмауы үшін киім мен жабдықты реттеп, баптап алуы тиіс. Зарарланған жергілікті аймақтарды және тосқауылдарды белгілеу үшін арнайы ескерту белгілерін жасап алуы қажет.


  • Тыңдайды, сұрақтарға жауап беру арқылы диалогқа түседі.

























Қ/Б













АӘТД оқулығы


6'


Түсіну

Шолушылардың құрамы әдетте екі сарбаздан тұрады, олардың бірін басшы етіп тағайындайды. Оларға қозғалу бағыты, қарау бекеттері және байланыс белгілері түсіндіріледі.

Шолушылардың құрамы әдетте екі сарбаздан тұрады, олардың бірін басшы етіп тағайындайды. Оларға қозғалу бағыты, қарау бекеттері және байланыс белгілері түсіндіріледі.

Шолушылар бақылауға қолайлы бір бақылау бекетінен екіншісіне жолдардан тыс қозғалады. Бұл жағдайда машина тасада тұрады, жаяу әскердің ұрыс машинасындағы көздеуші-оператор (бронетранспортер оқшашарының көздеушісі) шолушыларды оқ атып қолдау көрсетуге дайын тұрады.

Аға шолушы командирдің белгілерін орындай отырып, шолушы сарбаздың соңынан жүреді және қажет болса, оқ атып оны қолдайды.

Шолушылар жасырын және жылдам әрекет жасап, жергілікті жерді және заттарды тыңғылықты қарайды. Олар қарсыласты байқауға мүмкіндік беретін барлық белгілерге (ұрыс машинасының іздері, газеттердің жыртығы, тамақ қалдықтары, оқ-дәрінің қапшықтары, басылған шөп, от орындары, жаңа сынған бұтақтар, жолды (даланы) қаптаған шаң және тб) назар аударуы тиіс.

Диалогқа жалғасады.







Қ/Б

АӘТД оқулығы

20'


Қолдану

1. Жергілікті елді мекенді қарау.

2. Орманды қарау.

3. Өзенді қарау.

4. Терең жыраны қарау

5. Тауларда шолу жасау

6. Түнде шолу жасау ерекшеліктері

Шолушылардың қозғалыс барысындағы, сондай-ақ жергілікті жерді және ондағы заттарды қарау кезіндегі әрекетін көрсету.

Дескриптор

- шолушылардың қозғалыс барысындағы, сондай-ақ жергілікті жерді және ондағы заттарды қарау кезіндегі әрекеттерін дұрыс көрсетеді.

Дескриптор

арқылы бағаланады

АӘТД оқулығы

4'


Жинақтау

1. Қандай жағдайда және қай мақсатта шолушылар жіберіледі?

2. Шолушылар қарсыласпен кезіккенде қандай әрекеттерді қолдануы тиіс?

3. Аға шолушының бақылау нәтижелерін мәлімдеу тәртібін түсіндіріңдер

- Cұрақтарға жауап береді.

Қ/Б


Аяқталуы

2'


Кері байланыс

Толық жауап беруге тырыс.

- Сабақта жаңадан не білдің?

- Сені не таңғалдырды?

- Сенің ойыңша, нені жасай аласың?

- Нені жасай алмайсың? Неге?

- Нені есте сақтау керек деп ойлайсың?

Үйге тапсырма беру §8

Оқушылар сөйлемді толықтырады.

Бөлімше командирлері жақсы жұмыс жасаған жас сарбаздар мен бөлімшелерді атап өтеді.


     




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2025
145
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі