Материалдар / Сөнбес сауле
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөнбес сауле

Материал туралы қысқаша түсінік
М. Мақатаевтың туғанына 90жыл
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2021
306
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1


Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл!
СӨНБЕС СӘУЛЕ
Қазақстан!
Пай, пай, пай!
Ардағым-Ай!
Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай.
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!...,-деп жырлаған ақиық ақынымыз,
қазақ әдебиетінің Хантәңірі шыңындай биік тұлғасы, қымбатты жерлесіміз
Мұқағали Мақатаев тірі болса, дәл бүгін 90 жасына толатын еді. Небары
қырықтың бесеуінде мынау жарық дүниеден ғайып болып кете барған аяулы
ақынның екінші мәңгілік жыр ғұмырының жалғасып келе жатқанына міне, 45
жыл болды. Туған Отанын, ыстық мекенін, елі мен жерін жанындай жақсы
көріп кеткен ақын ғұмырының тым келте болғанына шын мәнінде жанымыз
ауырады.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-деп жырлаған ақын қалың
қазағының жүрегінде. Жырын қастерлеп, өлеңін пір тұтқан оқырманы
тауындай тұлғалы, даласындай кең, бұлақтарындай тұнық, гүлдеріндей
көркем мінезді ақынын жадынан шығарған жоқ. «Мұқағали – ХХ ғасырдың
таңғажайып ақыны»,-деп белгілі ақын, Қазақстанның Халық жазушысы
Әбділда Тәжібаев көзі тірісінде шынайы бағасын берген ақынның өлмес
жырлары көгімізде қалықтап жүр. Мұқағалидың талантын бағалаған,
ақындық құдыретін мойындаған қалың оқырманының жүрегінде өлеңдері
бірге жасасып келеді. Ақын өмірге келген Қарасаз топырағында дүниеге
келіп, өсіп-өніп келе жатқан жас ұрпақ Мұқағалидай ақын аталарының
жырымен сусындап, өлеңінен қуат алып, қалыптасқан азаматтар болып үлкен
өмірге қанаттанып жатыр. Қастерлі топырақтан ақын жырын жатқа айта
алмайтын бірді-бір балапанды кезіктіре алмайсың. Тіпті, Қарасазды
айтпағынның өзінде республика көлемінде ақын жырын жатқа білетін,
өлеңді сүйетін, өнерді қадір тұтқан жастарымыз жетіп-артылады. Біз бұған
шын көңілімізбен қуанып, жұбанамыз. Небары қырық бес жасында өмірден
өткен ақын аз ғұмырының өзінде артындағы елі-жеріне мол мұрасын
қалдырып кетті. Ақынның кез-келген тақырыпта жазған өлеңдері жүректің
төріне бірден ұялап жатады. Мынау жарық ғаламды түрлі сезімдер


Page 2

құшағында жүрген жандар ақын жырымен тілдесіп, ақынның үнімен үндесіп,
сырласып, мұңдасып жатады. Мұқағали жырларынан жанына жұбаныш
іздейтін, жарық күннің шуағындай сәуле іздейтіндер көп. Мұның бәрі ақын
өлеңдерінің шынайылығы, жүрекпен, сезіммен жазылған жырларының
құдыреті деп білеміз.
... Айналайын!
Атамекен, Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен-ғой,
Тәтті екен!,-деп ақын жырлағанындай, туған елі-жері, туған
Отаны, кең байтақ Қазақстан уақыт көшімен жайнап, жаңғырып, өркендеп
келеді. Аяулы ақын туған Отанының өз алдына Тәуелсіздік алғанын көре
алмай кетті. Көріп, жанымен сезінген болса, еркін ел болған қазағы туралы
шат-шадыман жырларын жазар еді. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында
туылғанына 90 жыл болған ақын бақытты. Ақпарат құралдарынан естіп-біліп
жатқанымыздай, биыл Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығында туып-өскен
Райымбек ауданының орталығында ақынның еңселі ескерткіші
тұрғызылатын болыпты. Бұл үлкен жақсылық. Ақынға деген лайықты
құрмет.
Таулар, таулар, тауларым, тауларым-ай!
Сағынысып қаппыз-ғой тарланым-ай!
Таудағыдай еш жерде күн шықпайды,
Түн болмайды еш жерде таудағыдай!,-деп ақын жырына қосқан
асқақ та айбынды таулары, өзен-көлі, бал бұлақтары, ел мен жұрты аман.
Өлмес жырына қосқан Хантәңірі шыңы, Шәлкөденің атырабы, Айғайтасы,
Елшенбүйрегі, қастерлі Қарасуы, ақ қайыңы мен бозқарағаны аяулы ақынын
сағына іздеп тұратындай. Ақынның дәл осындай мерейлі күндерінде таулары
күрсініп, орман-тоғайы мұңайып қалатындай. Бәрі орынды. Мұқағалидай
ақиық ақынның жырларын жаттап жүрген жас ұрпағы бар да, ақын өлеңдерін
қастерлеп келе жатқан қалың қазағы бар жерде ақын өлмейді. Ақынның
ғұмыры – мәңгілік!
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, №89 «Қайнарбұлақ» жалпы орта
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бекбаева Замира
Джумангалиевна.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!