400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Соңғы қоңырау сценарий дайын

Материал туралы қысқаша түсінік
оқу жылын қорытындылауға арналған Соңғы қоңырау сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Бекітемін»

Директор *******

2022 – 2023 оқу жылына арналған «Мектебіме мың алғыс!» тақырыбындағы салтанатты жиынының сценарийі


Өтетін орны: Мектеп ауласы

Өтетін күні: 01.06.2023ж

Өтетін уақыты: 09.00

1 жүргізуші –

2 жүргізуші -


Іс-шара барысы:

Барлық қонақтар, ата-аналар, оқушылар, ұстаздар орындарына жайғасады. Мектеп ауласы тақырыпқа сай безендірілген


«Мұрагер» домбырашылар оркестрі


Мектептің АӘТД пәні мұғалімі рапорт береді.

  • Мектеп түзел, тік тұр! Назар ортада!

Мектеп директоры ******* бүгінгі «Мектебіме мың алғыс» тақырыбындағы мерекесіне арналған салтанатты жиынға дайын.

Директор *******

  • Жиынның ашылуына рұқсат!

Мектептің АӘД пәні мұғалімі

  • Мектеп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына қарап сап түзе!

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін!


(Дабыл үнімен ҚР Мемлекеттік Туы әкелінеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

Мектептің АӘД пәні мұғалімі: Мектеп, еркін тұр !

(Фонфар ойналады, жүргізушілер ортаға шығады)


1- жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар, құрметті қонақтар!

2- жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата – аналар және мектеп бітіруші түлектер!

1- жүргізуші: 1 - Маусым Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар келген «Мектебіме мың алғыс» атты салатанатты жиынымызға қош келдіңіздер!

2- жүргізуші: Міне, тағы бір оқушы жылы аяқталып, мектебімізді 3036 оқушы келесі сыныпқа көшіріліп, жазғы демалысқа шыққалы жатса, 236 оқушы 11 жыл оқыған білімінің нәтижесіне сеніп, үлкен өмірге қадам басқалы тұр. 236 түлектен 17 түлегіміз халықаралық білім грантының иегері атанса, 8 түлегіміз «Алтын белгіге», 31 түлегіміз үздік куәлікке үміткер.


1- жүргізуші:

Бүгінгі жиынымыздың қонақтарымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.


Мектеп директоры ******* құттықтау және түлектерімізге сәт сапар тілеу үшін ортаға шақырамыз.

(Келетін қонақтың және мектеп директорының құттықтау сөзі)


2- жүргізуші:


1. Ән: «Тыңда»

2. Би: «Озорные белочки»


Мектеп жетістіктері

(Дыбыстық хабарландыру)


3. Ән «65ке арнау»

4. Би «Не детское время»


2- жүргізуші: Құттықтау сөз қонақтардың аты – жөні Қамқоршылық кеңесінің төрайымы ****** және ата-аналар комитетінің төрайымы ****** ортаға шақырамыз.

5. Ән: «Мектебім»



1- жүргізуші: Қоштасады ұшқан ұяң- мектебің,

Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.

«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз

Тілейміз біз армандарға жеткенін!

Нық сеніммен бастайық өнегелі әр іске,

Шақырайық достарды есте қалар вальске


Би «Қоштасу вальсі»


2- жүргізуші: 2022-2023 оқу жылының Соңғы қоңырау қағу рәсімі мектебіміздің мақтаныштары, мектебіміздің белсенді оқушысы, Республикалық Ахмет оқулары байқауының жүлдегері, Республикалық балалар құқығының қорғау комитетінің Шымкент қалалық бойынша өкілі

11 «Е» сынып түлегі *******


  1. жүргізуші: және Алтын белгіге үміткер 11 «Д» сынып түлегі ****мен 11 «Ғ» сынып түлегі **** беріледі.


( Оқушылар кезектесіп қоңырауды соғады)

Ән: «Қош бол, мектебім»


Мектептің әскери жетекшісі ******:

  • Мектеп түзел, тік тұр! Назар ортада!

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!

  • Мектеп еркін тұр!


1- жүргізуші: «Мектебіме мың алғыс» тақырыбындағы салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Бірге: Сәт сапар, жас түлек!








4


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 қараша
205
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі