400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шоқан - ұлт мақтанышы "

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдеби - танымдық сағат
Материалдың қысқаша нұсқасы





«Семей қаласының №6 гимназиясы» КММ














Әдеби-танымдық сағат

«Шоқан – ұлт мақтанышы»





Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі: Рысбекова М.Р.























Семей қаласы

2025 ж.





4 «Б» сыныбы

Сыныптан тыс әдеби-танымдық сағат

Тақырыбы: «Шоқан – ұлт мақтанышы»


Мақсаты:

  1. Оқушыларға Шоқан Уәлиханов өмір жолымен таныстыру;


  1. Оқушыларды ізденімпаздыққа, есте сақтауға дағдыландыру;


  1. Жас ұрпаққа елін сүйген ғалымның өмірін үлгі ету, отансүйгіштікке, білімпаздыққа тәрбиелеу;


Көрнекіліктер:

Ш. Уалихановтың суреті, видео, презентация кітап көрмесі, слайд.

Жоспар:

І. Ғалымның өмір жолы

ІІ. Викторина «Шоқанды таны»

ІІІ. «Аққан жұлдыз» кітап көрмесі

ІV. Қорытынды

Барысы:

Оқушылар , бүгін біз қазақ халқының тұңғыш ғалымы, саяхатшы, этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған әдеби - танымдық сағатқа жиналып отырмыз...


Шоқан 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Ол кішкентайынан зерек болды. Жастайынан сурет салды, көп оқыды. Кейін ол үлкен ғалым, саяхатшы атанды.


Ш. Уалиханов туралы видео көрсету "C:\Users\Dexp\Desktop\Мейрамгуль\ВИДЕО ШОКАН.mp4"

Оқушылар Ш.Уалиханов туралы білетін ақпараттар мен М. Ерімбетов пен С. Бегалиннің өлеңдерін жатқа айтады


«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» - демекші ол өлген жоқ, мәңгі тірі.


Сондықтанда біз оны қазақтың аспанында жарқыраған мәңгі шоқ жұлдыз деп білеміз.


Викторина «Шоқанды таны»


Сұрақтар:


1. Шоқан қай жылы дүниеге келді ?

1835 жылы.




2. Ол қандай бала болды?

Ақылды, талантты, мейірімді, білімді.



3. Шоқан немен айналысты?

Ғалым, саяхатшы, суретші болды.


4. Шоқан қайда оқыды? Ресейде, Омбы кадет корпусында


5. Шоқанның достары кімдер? Г.Н. Потанин, Ф.М. Достоевский


6. Шоқанның негізі есімі ? Мухаммедханафия


«Аққан жұлдыз» кітап көрмесі

Ш. Уалиханов еңбектері туралы презентация көрсету


"C:\Users\Dexp\Desktop\Мейрамгуль\Презентация ШОКАН.pptx"

Қорытынды


Оқушылар, Шоқан Уалиханов – біздің мақтанышымыз. Ол бала кезінен білімге

құштар, ізденімпаз болып, қазақ халқының Тұңғыш ғалымы, атақты тұлға.  Сіздер

де Шоқандай білімді болыңыздар! Сіздер Шоқан Уалихановтың елі үшін атқарған ісін жалғастырыңыздар!

ЖИ- тен Ш.Уалиханов өсиетін тыңдату "C:\Users\Dexp\Desktop\Мейрамгуль\ШОКАН У..mp4"


Оқушылар: Білімді боламыз, Отанымызды сүйеміз!


Ән: «Менің Қазақстаным» авт. Е. Хасангалиев.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15.10.2025
57
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі