400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шоқан мен мүсінші бала"

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныпқа арналған қмж өте қолайлы алып қолдансаңыздар болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар

Күні:20.02.2019ж

Сынып: 3 «А»


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шоқан мен мүсінші бала

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Тақырыпқа сай сөздерді қолдана отырып, иллюстрация бойынша сөйлем құрау.Мұғалімнің көмегімен тыңдаған және оқыған материалдары бойынша қысқа жазбалар жазу.


Сабақ мақсаттары

  1. Тыңдаған оқиғаның соңын болжап айту.

  2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

3. Тірек сөздер көмегімен мәтіннің мазмұнын жазу.

  1. Айтылуы мен жазылуы өзгеше сөздерді дұрыс айту.

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі оқиғалардың соңын болжайды, жалғауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер негізінде сөйлейді, жалғауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады.

Бағалау критерийлері

Оқиғаның соңын болжап айтады.

Тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын жазады.

Айтылуы мен жазылуы өзгеше сөздерді дұрыс айтады.

Лексикалық минимум

танымал, әлем, мүсінші

Құндылықтарды дарыту


Оқу, білім алу, іздену маңыздылығын түсіндіру; балалардың қайырымдылыққа, өнерді сүюге деген құштарлығын арттыру.

Пәнаралық байланыстар

«Қазақ әдебиеті» пәні

АКТ қолдану дағдылары

аудиотаспа, интербелсенді тақта, таныстырылым

Бастапқы білім

Тұңғыш ғалым

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Үй тапсырмасын тексеру. «Сақина салмақ» ойыны. Бұл ойын ережесі бойынша кімнің қолында сақина қалса, сол үй тапсырмасын айтады.

Ой қозғау. Шоқан Уәлиханов дарынды, ізденімпаз балаларды жақсы көретін. Сондай талантты балалардың бірі – Мысыққа қалай көмектескенін білесіңдер ме? Олай болса, мүсінші бала Мысықпен танысайық. Сабақтың тақырыбы – «Шоқан мен мүсінші бала».


Сабақтың ортасы

25 минут


























































































































































Сабақтың мақсатымен таныстыру

1. Тыңдаған оқиғаның соңын болжап айту.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

3. Тірек сөздер көмегімен мәтіннің мазмұнын жазу.

  1. Айтылуы мен жазылуы өзгеше сөздерді дұрыс айту.


(МК, Ұ) Жаңа сөздерді сурет, анықтама беру, синонимдер арқылы меңгерту.

Shape1









МҮСІНШІ – саздан, ағаштан, металдан адамның, жануардың т.б. кескінін жасаушы адам.



Дұрыс айт!

Жазылады: мүсінші Айтылады: [мүсүншү]


(Ө) Тыңдалым. Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды. Әңгіме қалай аяқталғанын болжайды. Сұрақтарға жауап береді.



Shape2

Шоқан дарынды балаларды жақсы көретін, оларға көмектесетін.







Shape3

Шоқан ауылға келгенде мүсінші бала Мысықпен танысады.

Шоқан Мысықты Ресейге оқуға алып кетеді.











Shape4










Дескриптор:

  • - мәтінді аяқтайды;

  • - жүйелілікті сақтайды;

  • - сөздер мен сөз орамдарын орынды қолданады;

- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.


“Блиц-бақылау” әдісі: суреттердің көмегімен мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. (Сұрақтарды мұғалім қояды. Оқушылардан сұраққа толық жауап беру талап етіледі.):

1) Шоқан жазғы демалыста қайда келді?

2) Шоқан ауылда кіммен танысты?

3) Шоқан Мысыққа не үшін көмектесті?


(Ұ. Ө) Айтылым. Жазылым. Оқушылар берілген сөздерді айтқанда қандай дыбысты қолданатынын, жазғанда қай әріппен жазатындарын айтады. Сөздердің дұрыс жазу және айтылу транскрипциясын көрсетеді.

Shape6

ы

Shape5

і

Shape10

тұңғ...ш

Shape9 Shape8

мүс...нш...

Shape7

Shape13 Shape12

ү

Shape11

Shape14

ұ



Үлгі: ұлы [ұлұ], ......


Дескриптор:

  • - сөздің айтылуына байланысты әріпті анықтайды;

  • - сөздерді дұрыс айтады;

  • - сөздерді дұрыс жазады;

- айтылуы транскрипциясын көрсетеді.


(Ө) Жазылым. Оқушылар берілген тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жазады.

Shape15

Тірек сөздер: жазғы демалыс, дарынды бала, жақсы көру, көмектесу.






Сергіту сәті «Қызыл гүлім-ай».

https://www.youtube.com/

watch?v=sPX27NNVWCY



(Ж) Оқылым. Оқушылар мәтінді рөлге бөліп, дауыстап оқиды. Экпрессивті мәнді сөздерді қажет жерінде сол мәнерде оқып шығулары қажет.

Shape16

– Мына мүсіндерді кім жасады?

– Мен жасадым.

– Керемет! Сен атақты мүсінші боласың. Оқуға барасың ба?

– Әкем де жоқ, шешем де жоқ. Қалай барамын?

– Қорықпа, Мысық, мен саған көмектесемін.

Шоқан Мысықты Ресейге өзімен бірге алып кетті. Кейін Мысық әлемге танымал мүсінші болды.















Оқылымнан кейін мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгендерін, негізгі ақпаратты қалай қабылдағандарын тексеру үшін сұрақтар қойылады:

– Диалог кімдер арасында жүріп жатыр?

– Шоқан балаға не айтты?

– Мысық болашақта кім болып шығады?

– Автордың сөзі қайсы?


(Т) Жазылым. Оқушылар екі топқа бөлініп, Шоқан мен Мысықты сипаттап жазады. Жауаптарын дәлелдеп, ауызша түсіндіреді.


Шоқан

Мысық

...

...


Дескриптор:

  • - кейіпкерлерді сипаттап жазады;

  • - пайымдауларын түсіндіреді;

- сөйлеуде тілдік нормаларды сақтайды.


Б ір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы

бағалайды.



Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы. Оқулық, 4-тапсырма.


Рефлексия

Қызыл смайлик. Сұрақтарым көп.

Белсенді бола алмадым.


Көк смайлик. Сұрақтарым жоқ.

Белсенді болдым.


Жасыл смайлик. Маған бәрі түсінікті болды.

Өте белсенді болдым.



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
4380
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі