Тақырыбы:
«Ғылымға
жол ашқан дара тұлға»
әдеби-танымдық
кеш
Мақсаты
: Шоқан
Уәлихановтың өмірі мен ғылыми еңбектері
туралы білімдерін кеңейту;Жастарды ұлт
тарихына, ғылымға қызықтыру,
логикалық
ойлауды дамыту.
Ұйымдастырушылар:
Отесинова
Д.М.,Таджибалиева Г.К.,Қабылова А.Р.
Өткізілген
күні:
17.11.2025ж
Жүру
барысы:
1-бөлім.
Кіріспе
Жүргізуші
1:Қайырлы
күн, қадірлі қонақтар, ұстаздар мен
студенттер!Бүгін біз қазақ халқының
ұлы тұлғаларының бірі — ғалым, саяхатшы,
этнограф, ағартушы Шоқан
Шыңғысұлы Уәлихановтың
өмірі мен мұрасын еске алып, оның асыл
бейнесін тағы да жаңғыртамыз.Шоқан —
ұлтымыздың мақтанышы, ғылым көгіне жол
салған алғашқы қазақ ғалымы.
Оның
қысқа ғұмыры — халқына деген адалдық
пен ізденіске толы өмір жолының үлгісі.
2-бөлім.
“Шоқан өмірі” бейнеролик
Шоқан
туралы презентация қорғау
бөлім.
“Шоқан әлемі” поэзиялық композиция
4-бөлім.
Танымдық минут “Шоқан кім еді?”
Жүргізуші
:
Шоқан
Уәлиханов – тек ғалым ғана емес, көпқырлы
тұлға.
Ол:
Этнограф
— қазақ, қырғыз, ұйғыр халықтарының
тұрмысын зерттеген;
Саяхатшы—
Қашқарға алғаш барған еуропалық ғалым;
Ағартушы
— халықтың еркіндігі мен білімін
насихаттаған;
Қаламгер
— “Қырғыздың «Манас» жыры туралы”,
“Қазақ халық поэзиясының түрлері
туралы” еңбектердің авторы.
Сұрақ-
жауап кезеңі
Сұрақ
|
Дұрыс
жауап
|
Ш.
Уәлиханов қашан туған?
|
1835
ж.
|
Қай
жерде туған?
|
Қостанай
облысы, Құсмұрын
бекінісі
|
Шоқанның
атасы кім?
|
Абылай
хан
|
Қай
оқу орнында оқыған?
|
Омбы
қаласындағы Кадет
корпусы
|
Қай
жылы қайтыс болды?
|
1865
ж.
|
Қай
жерде жерленген?
|
Алтынемел,
Көшентоған
|
Қашқар
сапары қашан болды?
|
1858
ж.
|
Сапардың
мақсаты?
|
Орталық
Азияны зерттеу
|
Қандай
халықтарды зерттеген?
|
Қазақ,
қырғыз, ұйғыр және т.б.
|
“Манас”
жыры туралы не жазған?
|
Эпостың
тарихи мәнін талдаған
|
Орыс
достары
кімдер?
|
Достоевский,
Потанин
|
Қандай
тілдерді білген?
|
Қазақ,
орыс, араб, парсы, қытай
|
Шоқанның
негізгі мамандығы?
|
Ғалым,
этнограф, саяхатшы
|
Негізгі
еңбектері?
|
«Қырғыздар
туралы жазбалар», «Манас жыры туралы»
|
Шоқанның
өмірлік ұстанымы қандай?
|
Азаттық
пен білімге ұмтылу
|
бөлім.
“Мұра
және мағына”
“Шоқанан
қалған сөздер”
(дәйексөз оқу)
3
студент кезекпен Шоқанның нақыл сөздерін
оқиды:
1
студент. «Халықтың
кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен
азаттық пен білім керек.»
2
студент. «Қазақ
халқы – ертеден еркіндік сүйгіш, өнерге
бай халық.»
3
студент «Менің
арманым – туған елімнің ғылым мен
мәдениетке қол жеткізуі.»
Шоқанның
ағартушылық идеясын
, нақыл сөздерді бүгінгі өмірмен
байланыстырып, дәлелдеу ( пікір айту)
🎶 5-бөлім.
Қорытынды
сө:
Таджибалиева Г. Қабылова А
Жүргізуші
:
Шоқан
— қазақтың тұңғыш еуропалық білімі бар
ғалымы, ғылым мен руханият арасындағы
көпір салған тұлға.Ол қысқа ғұмыр кешсе
де, артына мәңгі өшпес із қалдырды.
Бүгінгі
жастар — сол іздің жалғасы.
Шоқан
Уәлиханов – қазақ халқының ғылым мен
руханият көгіне жол ашқан жарық
жұлдыз.
Оның ізін жалғау – әрбір
жастың парызы!