400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шоқанның Қашқарияға саяхаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға сабақ жоспары ретінде көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ әдебиеті  

Оқытушы: Бейімбетов Қ.Б.


Сабақтың тақырыбы: Шоқанның Қашқарияға саяхаты  

Сабақтың мақсаты: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын тарихи деректермен толықтырып түсіндіру, оны жан-жақты салада еңбек еткен ғалым ретінде таныту, студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау, зерттеуге дағдыландыру, ізденпаздық қасиеттерін дамыту, Шоқанның бойындағы алғырлық, зеректілік, білімге деген құшталық сияқты қасиеттерді студенттердің санасына ұялату.

 

Сабақтың көрінекілігі:мультимедиялық құралдар, «Лики Евразии»  филімінен үзінді, интерактивті тақта, оқушылардың жұмысы.

 

                                                        Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі / сабақтың мақсаты мен міндеттері , сабақтың барысы таныстырылады/

Бүгінгі сабағымыз Шоқан Уәлихановқа арналады.

Шоқанның өмірі мен шығармашылығына байланысты тапсырмалар орындау:

1. Шоқанның өмірі

2. Шоқанның еңбектері

3. Шоқанды Семеймен байланыстыру/

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Шоқанның Қашқарияға саяхаты. Өздеріңе белгілі 21 жасында Шоқан өзінің әйгілі Қашқария сапарына барады.Шоқанға дейін бұл елге Марко Поло мен Гоестен ғана барған. Қазір осы сапар туралы бейнетаспадан үзінді көрейік/7 минуттық « Лики Евразии» 4 эпизодтан үзінді көрсетіледі/

  • Осы сапардан келген соң , Шоқан бірнеше еңбектер жазады. Соның бірі

  • «Алтышаһар немесе Қашқария туралы» Сендерге осы еңбектен үзінді беріп отырмын.

Алтышаһар немесе Қашқария туралы./ 3 слайд/

Қашқария-үш жағы бірдей биік тау жоталарымен қоршалған, төртінші-шығыс жағы Гоби даласымен ұласып жатқан құмды сахара. Шекаралық тау жоталарының ішінде жол қатынасына қолайлысы Тянь- Шань.

Бұл тау арқылы үш жол өтеді.

Таудан талай өзен ағып шығады.Осы өзендер болмаса, бұл құлазыған құнарсыз жерлер адам мекені бола алмас еді.

Қытайдан Қашқарияға келетін жалғыз-ақ жол бар. Ол бір жақсы өңделген жол және оның бойындағы елсіз жерлерде почта тасу міндетін атқаруға тиісті қашқарлықтар мекендейді.

Ауа райы жақсы, жергілікті адамдарға оның таза ауасы қандай жақса, шетелдіктерге де сондай жағады. Қысы ұзақ болмайды, қары көп жатпайды.

Өлкенің минералдық байлықтары аз зерттелген, әйтсе де алтын және мыс кендері бар екенін аңғартқандай белгілер кездеседі.

Бұл елде жүзім, мақта, астық және бақша өсімдіктері егіледі.

«Алтышаһар» халқының санын анықтау мүмкін емес.Қытайлардың қала деп санап жүрген ең үлкен қыстақтарының өзінде халық саны өте аз. Қашқар округының ең үлкен қыстақтары Файзабад пен Ханрықта небәрі 2 мыңға жуық үй бар.

Қашқарлықтар мейірбан әрі бауырмал, жарқын мінезді, еңбекқор және мейлінше сыпайыгер халық.

Мәтінмен жұмыс

  1. Оқу, аудару, қиын сөздермен жұмыс

  2. Осы мәтінге жоспар құрыңдар.

  3. Сұрақ: Берілген үзіндіде Шоқан сендерге қандай жаңа қырынан көрінді? Шоқанның бойында қандай  қасиеттерді байқадыңдар?

  • Қашқария мен сол кездегі Қазақстанды салыстыр

  • Қашқарияға барар кезде Шоқанның алдында қандай қиындықтар болды деп ойлайсыңдар?

  • Қашқария сапары несімен құнды?

Оқытушы сөзі

Сонымен, бүгінгі сабағымызда біз сендермен халқымыздың ойшылы, ұлттық мақтанышы, ғылымның барлық саласында еңбектер, пікірлер қалдырған Шоқан Уәлиханов туралы өттік. Шоқанның өмірі, оның бойындағы алғырлық, зеректілік, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі сендерге үлгі — өнегі болуы тиіс. Бұқар жырау  «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»дегендей Шоқанның мұралары әлі күнге дейін халықтың жүрегінде сақтаулы, әлде сақтала бермек.

Үйге: Шоқан туралы нақыл сөздер.

 Бағалау:Студенттерді сабақтағы белсенділігіне қарай бағалау.



 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі