жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шоқтығы биік педагог
Шоқтығы биік педагог
Айдарбекова Л.А
Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Шағалалы негізгі мектебі
8 705 733 10 44
Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы. Осы орайда «Адам бір жылын ойласа - дән себеді, бар ғұмырын ойласа - ағаш отырғызады, ал ғасырлық болашағын ойласа - ұрпақ тәрбиелейді» дейді дана қазақ . Сол ұрпақтың бойына тәрбие мен білімді , ақыл мен сананы , парасат пен пайымды жиятын ұстаздар қауымы . Қазақ қашанда білімі мол , ақылы тасқан , ұлағатты ұстаздарды қадір тұтқан . Ұлтымыздың бұл салт-санасын жазушылардың роман-повестьтері мен режисерлердің көркем туындыларынан байқауға болады .
«
Ұстаз –жас
ұрпаққа» өз өнерін, тәжірибесінен, білімін үйретуші,
ақылшы, тәрбиеші». Мұғалім-мемлекет қызметкері. Мұғалімді мемлекет
оқытып, білім беріп мемлекеттің болашағын сеніп
тапсырады. Ол қоғамның мұң-мұқтажын жоқтайды, болашағын ойлайды,
соған қызмет етеді. Мұғалім мәдениеттің қайнар көзі, жастарды
қалыптастыратынн мүсінші, адамтану мамандығының иесі. Ол
сол білімнің баспалдағы – Бастауыш
. Бүгінгі мұғалім, әсіресе
бастауыш сынып мұғалімі өте жан-жақты білімді әмбебап ұстаз болуы
тиіс. Бастауыш сынып мұғалімі жас балалардың тілін
таба білетін, олардың жұмысын ұйымдастыра алатын, өзіне
қатал талап қоя білетін, өзінің әріптестерін түсінетін,
ата-аналармен ынтымақтастыққа еңбек ете алатын болуы керек.
Ұстаздық қызметтің қиындығы мол. Себебі, ол бір екі ғана баланы
тәрбиелемейді. Ол қабілеті мол бейімділігі, қызығушылығы,
мінез-құлқы, түсінігі мен көзқарасы әр деңгейдегі жасөспірімдерді
тәрбиелейді, оқытады, біліммен сусындатып, өмірге жолдама береді.
Сондықтан да , ұстаздарға артылар жүк те ,сенім мен үміт те ауыр .
Бұл тұрғыда Елбасымыз «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер
бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан
сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр»,деп
қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі ғана емес,
тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық,
саяси-экономикалық білімділік, ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың
жаңа технологиясын шебер меңгерген мұғалім болуы тиіс. Мен де осы
саланың маманы болып бой көрсетіп жүргеніме биыл 34 жыл
. Мектеп — балалардың екінші үйі
болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық
етпейді . Өзімнің тегімді емес өзгенің
тентегін артық көріп , білім нәрімен сусындатып , барынша
тәлім-тәрбие беріп келемін .
. Әр үйдің еркелерін бір
арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды.
Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір
үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз
санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім,
өнер нәрімен сусындату мына біз мұғалімдердің
еншісінде.
Жаһандану дәуірі –
әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде
өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім –
пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық,
әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз ететін
болғандықтан менің мамандығым ең
жауапты
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген