Шорт-тректің жүрек пен бұлшықетке әсері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шорт-тректің жүрек пен бұлшықетке әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Шорт-тректің жүрек пен бұлшықетке пайдасын толығырақ білдім
Материалдың қысқаша нұсқасы



Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті


Реферат



«Дене мәдениеті және информатика» кафедрасы

Тақырыбы: Шорт-тректің жүрек пен бұлшықетке әсері






Орындаған: «Дене шынықтыру және спорт»

білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Умарова Н.А

Тексерген: PhD,қауымдастырылған профессоры

Мендигалиева А.С









Орал-2024 жыл


Жоспар


КІРІСПЕ............................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ...............................................................................4 1.Шорт-трек тарихы........................................................................4

2.Шорт-тректің ережелері………………………………………..5

3.Шорт-тректің жабдықтары және жаттығулары........................7 4.Шорт-тректің Қазақстанда дамуы..............................................8

5.БҚО-ғы шорт-тректің жетістіктері…………………………….10

6.Шорт-трекке келуім…………………………………………….13

7..Шорт-трек спортының жүрекке əсері.......................................16 8.Шорт-трек спортының бұлшықетке əсері................................16 ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................18

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………..19




























КІРІСПЕ


Шорт-трек. XIX ғасырдың соңына таман пайда болған спорттың бір түрі. Шорт-тректен жарыс былайша өтеді. Əйелдер де, ерлер де 1500, 500, 1000 жəне 3000 метрлік қашықтықтарда күш сынасады. Бірінші орын алған спортшы - 5, екінші орын алған спортшы - 3, үшінші орын алған спортшы - 1 ұпайға ие болады. 1000 жəне 1500 метрлік қашықтықтарда мəреге алты спортшы шықса, 500 метрлік қашықтықта олардың сандары төртеуден аспайды, ал 3000 метрлік қашықтықтағы бəсекеге алдыңғы үш қашықтық боынша бірінші-сегізінші орын алған спортшылар ғана жіберіледі. Ереже бойынша іріктеу жəне финалдық жарыстар өтеді. Жеңіске төрт қашықтықтың қорытындысында ең көп ұпайға ие болған спортшылар жетеді.Шорт-трек өткен ғасырдың соңғы жылдарында Солтүстік Америкада пайда болса керек. Ағылшындар мұны ойлап шығарған біздер едік, бірақ Англияда өpicтеп кете қоймады да, бір ағылшын онымен канадалықтарды таныстырып сол елде бастау алып кетті дейді.Бірақ канадалықтар бұған келісе қоймайды, олар: - біздерге шорт-тректі ешқандай ағылшын үйреткен емес, оны ойлап тапқан да, алғаш рет жарыстар ұйымдастырған да өзіміз дейді. Қазір бұлардың қайсысының дұрыс, қайсысының бұрыс екендігін анықтау қиын, бірақ біздердің білетініміз басқаларға қарағанда шорт-тректі дамыту үшін канадалықтардың көп еңбек сіңіргендігі. Канадада алғаш рет жарыс 1905 жылы ұйымдастырылып, жеңіске Фред Логен деген спортшы жетті. Бір жылдан кейін бұл жаңалықты Канаданың оңтүстік көршілері іліп алып кетті. АҚШ-тағы шорт-тректен алғашқы чемпион Моррис Вуд деген кісі болды. 1915 жылы АҚШ пен Канаданын арасында алғашқы халықаралық жарыс өтті. Мұнда канадалық Рассел Уйллер жеңіске жетті. Араға он бір жыл салғаннан кейін осындай жолдастық кездесу қайталанып, содан бері үздіксіз өткен жарыс "Солтүстік Америка құрлығының шорт-тректен чемпионаты" деп аталады.[1]




1 сурет: “Шорт-трек спортының эмблемасы”


НЕГІЗГІ БӨЛІМ


1. Шорт-трек тарихы


Шорт-трек жаппай стартпен өткен конькимен сырғанаудан құрылды. Конькимен жүгірудің бұл түрі, ең алдымен, АҚШ пен Канадада, халықаралық спорт түрінен (Еуропадан алынған) айырмашылығы, спортшылар жұптасып коньки тепті. 1932 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіру жарыстары масс-старт түрінде өтті. Солтүстік Америкадағы жарыстар әдетте үй ішінде, мысалы, Madison Square Garden, Нью-Йоркте, сондықтан ашық конькимен сырғанау үшін әдеттегіден гөрі қысқарақ курстарда өткізілді.

1967 жылы Халықаралық конькишілер одағы (ISU) шорт-трек спортын қабылдады, бірақ ол 1976 жылға дейін халықаралық жарыстарды ұйымдастырмаған. Шорт-тректен әлем чемпионаты ресми түрде 1981 жылдан бері өткізіліп келеді, дегенмен 1976-1980 жылдар аралығында әртүрлі атаулармен өткен жарыс ретроспективті түрде Әлем чемпионаты мәртебесіне ие болды. Жарыстың атауы 1989 жылы шорт-трек бойынша әлем чемпионаты ретінде белгілі болғанға дейін бірнеше рет өзгерді; Қазір чемпионаттар жыл сайын өткізіліп тұрады.

Шорт-трек 1988 жылы Канаданың Калгари қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарында демонстрациялық спорт түрі ретінде енгізілді. Ол 1992 жылы толыққанды олимпиадалық спорт түріне айналды және содан бері қысқы Олимпиада ойындарының бір бөлігі болды. 1992 жылғы Қысқы ойындарда шорт-тректен тек төрт оқиға болды, бірақ бағдарлама 1994 және 1998 жылдардағы алты оқиғаны және 2002 жылғы Қысқы ойындарда сегіз оқиғаны қамту үшін кеңейтілді. Жарыс ерлер мен әйелдер үшін бірдей: 500 метр, 1000 метр, 1500 метрге қосымша эстафета (ерлер үшін 5000 метр, әйелдер үшін 3000 метр). 2018/19 жылғы әлем чемпионаты маусымынан бастап 2000 метрге аралас командалық эстафета қосылды және 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында дебют жасады. 3000 метрге суперфинал Еуропа чемпионатына енгізілген, бірақ қазіргі уақытта Олимпиада шорт-трек бағдарламасына кірмейді.[2]



2 сурет: “Мұз айдыны сарайы”






2.Шорт-тректің ережелері

Трек әдетте кәдімгі хоккей алаңында орналасады. Бұрылыстар 8 м ішкі радиусымен орындалады, қисықтардың арасындағы қашықтық 28,85 м арақашықтық 111,12 - шетінен 0,5 м қашықтықты өлшеу арқылы алынады. Олар сағат тіліне қарсы қозғалады. Қысқа қашықтықтағы жарыстарда конькишілер «таза» мұзды қосу үшін жол және старт сызығы жарыстан жарысқа сәл ауыстырылады (фотофиниш жабдығы бар мәре сызығы тұрақты). Ұзақ уақыт бойы олар әр жарыстан кейін көлікті босатады.

Жарыс 500, 1000, 1500 және 3000 метрде өтеді.

Эстафета кезінде қатысушылар соңғы екі айналымнан басқа кез келген уақытта бір-бірін ауыстыра алады. Сонымен бірге олар жолдастарын итермелей алады. Құлаған спортшыны кез келген уақытта ауыстыруға болады (соның ішінде соңғы айналымдарда). Ерлер эстафетасы 5000 м, әйелдер 3000 м.

Көпсайыс төрт пәннен тұрады: 500 м (4,5 айналым), 1000 м (9 айналым), 1500 м (13,5 айналым), 3000 м (27 айналым).

Бүкіл жарыс тығыз бәсекеде өтетіндіктен, шорт-трек ережелері өте қатал.


Атап айтқанда, тыйым салынады:

басқа спортшыларға кедергі жасау;

қашықтықты кесіңіз;

жылдамырақ спортшының жолын кесіп өту;

лезвияны мұздан көтермеуді қоспағанда, мәре сызығына дейін аяғыңызды алға лақтыру;

әріптестерді итеру (эстафетадан бөлек);

екі немесе одан да көп спортшылар сөз байласып әрекет етеді.

Егер конькимен жүгіруші шеңбер бойымен өтіп кетсе, ол басып озған адамға рұқсат беруі керек. Егер конькимен жүгіруші екі айналымнан өтіп кетсе, ол жарыстан шығады (жақын жерде қарсыластар болған жағдайларды қоспағанда). Алайда, судьяның шешімімен түскен адам соңғы классификацияға енгізілуі мүмкін (мысалы, егер оны қағып кетсе)[3]





3 сурет.Шорт-трек бұрылыс(прокат)




4 сурет. Шорт-трек. Құлау сәті




3. Шорт-тректің жабдықтары және жаттығулары.

Споршынын жабдықталуына мыналар кіреді:

  • Коньки(лезвия,ботинка)

  • комбинезон

  • шлем

  • щетки

  • шорт-трекке арналған қолғап

  • шорт-трекке арналған очки

  • чехол(лезвияга арналған)

Шорт-трек спорты қысқы уақыттарда мұзда жаттығу жиының өткізеді.Ал, жазғы уақыттарда 100 метр,200 метр, 400-800 метрларды уақытқа жүгіріп шығады. Яғни, 200м (35-40cек). 400-800м (50сек-1мин-35сек) уақыттарды спортшы орындап шығуы тиіс.Жазда жеңіл атлетикаланың жұмыстарына сəл ұқсайды.Шорт-тректің негізгі жаттығулары-төмен отыру (посадка) деп аталады. Осы посадкада 2-3 минут спортшы отырады жəне ұзындыққа жүгіреді.Жəне шорт-трек спортында қысқа дистанцияларға арналған жаттығулар бар. Ол жаттығулар спортшының жылдамдығын арттыруға көмектеседі.Жаттығулар атауы- посадка қалпында жоғарыға максимально секіру 10 рет, посадка қалпында тізені кеудеге тигізу арқылы жоғарға секіру 7 рет жəне 1 аяққа секіреді,яғни, оң аяққа секірсе сол яқтың тізесі кеудеге тию қажет. Осы жаттығулар спортшының жылдамдығын арттырады жəне аяқ,жамбастың мышцылары өсуіне көмектеседі. Жəне ұзындыққа,биіктікке секіру арқылы жылдамдықты арттыратын жаттығулар жасайды.






5-сурет. .Оқу жиының жаттығулары.(посадка)



4. Шорт-тректің Қазақстанда дамуы.

Шорт-трек спортының пайда болғанына да ғасырдан асыпты.Шорт-трек конькимен сырғанау тəртібі.Шорт-тректің басты міндеті жеке-командалық жарыстрдың түрлері,онда спортшының мұзда қашықтықта ең жоғары жылдамдықпен жеңу болып табылады.Бұл спортта ептілікпен қозғалыс жылдамдығы,бұлшық еттері қатаяды.Ал,біздің Қазақ шорт-трегіне 28 жылға жуық.Осы уақыт аралығында біздің қазақ жігіттері Əлем Кубыгында,Əлем чимпионатында жақсы нəтижелер көрсетті.Үздіктер қатарысна Аслан Даумов,Абзал Ажғалиев,Нұрберген Жұмағазиев,Азамат Сұлтаналиев,Денис Никиша,Инна Симонова,Данабек Хайров,Ерхат Кубашев сынды дарынды қазақ шорт-трекшілерімізді атап өткен жөн.Біздің шорт-трекшілеріміз 2005-2006 жылдардан бастап Əлем Кубыктарына,Əлем чемпионаттарына қатысты.Жоғарыда айтып өткендей Құрама команданың бас бапкері Мəдіғали Қарсыбеков Қазақ шорт-трегінің дамуына,үлкен жетістіктеріне жетуіне аянбай тер төккен ағамыздың еңбегін жігіттеріміздің озық нəтижелерінен –ақ білуге болады.Сонымен бірге,елімізге Кореядан жаңа жатттықтырушы – кеңесшінің келуінде айта кету керек.«Тірі қалғандар ғана чимпион болады!»деген ұстаныммен өмір сүретін Джимми Джен бұған дейін АҚШ,Оңтүстік Корея,Австралия құрамаларын жаттықтырған болатын.Ал,қазір Джимми Джен шорт-тректен Қазақстанның Ұлттық Құрамасының жаттықтырушысы-кеңесшісі,əрі Əлем мойындаған өте білікті маман.



Нəтижелері:

2011 жылы Алматыда өткен Азия ойындарында эстафетасында ерлер командасы қола жүлдеге ие болады.

2018 жылы Канаданың Калгари қаласында өткен Əлем Кубогінің алғашқы кезеңінде қазақстандық шорт-трекші Абзал Ажғалиев финалда 500 метрлік қашықтықта 40.136 секунд нəтижемен күміс медаль жеңіп алды.

2017 жылы Беларусияда өткен Əлем Кубогінде ерлер 5000 метр эстафетда күміс жүлдеге ие болды.

2022 жылы Əлем Кубогі Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өтті. Ол жарыста Абзал Əжіғалиев пен Денис Никиша 500 метр қашықтыққа жүгіруден екі күміс медаль еншілесе, 1000 метрге жүгіруден Əділ Ғалиахметов қола жүлдегер атанды.



Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан əлем кубогы кезеңінде қола медаль еншіледі. Денис Никиша, Əділ Галиахметов, Еркебұлан Шамұханов жəне Мерсаид Жақсыбаевтан құралған команда 5 000 метрлік эстафета жарысында үшінші нəтиже көрсетті. Эстафеталық жарыста Қытай құрамасы жеңімпаз атанса, екінші орыннан Канада шорт-трекшілері көрінді.

Бұл жаңа қысқы маусымдағы Қазақстан құрамасының алғашқы жүлдесі.[4]

6-сурет: 2014 жылы Сочи Олимпиадасы, жаттықтырушы-Джимми Дженнің қуанышы.




5. БҚО-ғы шорт-тректің жетістіктері


Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында шорт-трек спорты 2001 жылы дамып бастады.Ол кезде жағдай қазіргідей бола қойған жоқ. Абзал

Ажғалиев,Нұрберген Жұмағазиев,Айдар Бекжан,Хайров Данабек,Адиль Галиахметов жəне Анита Нагай сынды спортшыларымыз облысымыздың атынан шығып көптеген жетістіктерімен жанкүйерлерін қуантты.


Нəтижелері:

Абзал Əжғалиев 2016 жылы қарашаның 11-13-і аралығында шорт- тректен Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен əлем кубогы кезеңінде 500 метрге жүгіруде алтын медаль иеленді.Жəне 2018 жылы Калгарида өткен Əлем Куобігінде күміс жүлдеге ие болды.2020 жылы Дордрехте өткен Əлем Кубогінде 500 метрден қола жүлдеге ие болды.

Нұрберген Жұмағазиев 2016 жылы желтоқсанның 16-18-сы аралағында Каннын (Оңтүстік Корея) қаласында өткен əлем кубогында 1000 метрде бірінші орын алды. 2017 жылы Алматыда өткен 28-ші Дүниежүзілік Уневерсиада ойындарында 1500 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болды.Жəне Минскте өткен Əлем Кубогінде 1000 метр қашықтықта қола жүлдені ұтып алды. Сочи Олимпиадасында 500 метрден жеке жетістігі 29 орын жəне 42,680 секунд уақыт орнатты. 2022 жылы 16 шілдеде шорт- тректен Қазақстан Құрама командасының бас бапкері болып тағайындалды.

Бұған дейін Қазақстан шорт-тректен əлемдік жарыстарда медаль алмаған. Тек 2011 жылы Астана мен Алматыда өткен Азия ойындарында Əжғалиев, Жұмағазиев, Артур Сұлтанғалиев жəне Айдар Бекжанов 5000 метрлік командалық жарыста қола алған. 2014 жылы Қазақстан құрамасы Сочи олимпиадасында командалық жарыста бесінші орын иеленген.[5]

Нагай Анита Артурқызы Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласында дүниеге келді. Мектеп спорт интернатын бітіріп, Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университетін бітіреді. Жетістіктері 2011 жылы Японияда өткен Азия ойындарында эстафетадан қола жүлдеге ие болады. Жəне Юниорлар арасында өткен Олимпиада ойындарынан қола жүлдені жеңіп алады. 2017 жылы Алматыда өткен 28-ші Дүниежүзілік Универсиада ойындарынанда қола жүлдені ұтып алады.







7 сурет: Əжіғалиев Абзал Абайұлы






8 сурет: Жұмағазиев Нұрберген Батырғалиұлы







9 сурет: Нагай Анита Арутрқызы


6. Шорт-трекке келуім


Мен Умарова Наргиз Аскаровна Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында 6шілде 2005жылы дүниеге келдім. Мен нөмір 25мектеп және 7-ші сыныптан бастап спорт мектебінде оқып бітірдім. Және де қазір Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде білім аламын. Коньки тепкенді ұнатқаным сонша шорт-трек спортына 7 жасымда бардым.Осы уақытқа дейін көптеген жетістіктерге жеттім.Сонын ішінде Қазақстан Республикасының спорт шебері(МСРК) атағын алдым.Көп жылдар бойы абсолют чемпионы болдым. 2019жылы Турция(Анкара) қаласында Данубия жарысына қатысып 2ші орын алдым. Қазіргі уақытта Қазақстан Кубогі жарысстарынан 1,2,3шы орындар алып жүрмін.








10 сурет. Турция(Анкара) Данубия жарысы. 2-ші орын.




11-сурет. Эстафета. Астана қаласы.











12-сурет. Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы.



7. Шорт-трек спортының жүрекке əсері


Циклдық спорт түріне шорт-тректі жатқызамыз.Циклдық спорт түрімен шұғылданатын спортшылардың қалыпты жағдайдағы физиологиялық көрсеткіштері орта есеппен; артериялық қан қысымы-110/60 пен 120/80 мм/ сын.бағ.., пульстық қысым 37-50 мм/сын.бағ.., жүрек соғу жиілігі 62-75 соғ/ мин аралығында болады. Спортпен шұғылдану жүрек-қан тамырлары жүйесіне оң əсер етеді жəне барлық адамдарға ұсынылады. Жаттығу кезінде адамның жүрек соғу жиілігі жоғарылайды. Бұл бұлшықет тіндері белсенді жұмыс істеуі үшін көбірек оттегі мен қосымша заттарды қажет ететіндіктен болады. Тиісінше, денеде бұл жүрек соғу жиілігін арттыру арқылы жүзеге асырылады.Дене белсенділігі кезінде денеде аз мөлшерде адреналин бөлінеді. Басқа компоненттермен бірге бұл тамыр қабырғасын нығайтуға жəне жүрек-тамыр жүйесінің тонусын арттыруға көмектеседі. Гормоналды компонент қан тамырларының белсенді қозғалысымен, сондай-ақ жүректің қарқынды жұмысымен бірге адам ағзасына жақсы жаттығулар береді жəне біздің жүрегіміз стресстік жағдайларға жақсы дайындалған.

Белсенді спорт түрлері қандай жүрек ауруларына қарсы?

Бəсекеге қабілетті жəне командалық спорт түрлері қарсы. Дегенмен, спорт əртүрлі болуы мүмкін.

Жалпы барлық спорт түрлерін бөлуге болады: - бəсекеге қабілетті;

- командалық;

- қуат;

- кардио жүктемелер.

Бəсекеге қабілетті жəне командалық спорт түрлері туралы айтатын болсақ, бізде тұрақты емес немесе "жыртылған" жүктемелер бар. Олардың барысында адамның жүрек-қантамыр жүйесі демалып, керісінше қатты шиеленіседі. Мысалы, шорт-тректе спортшылар əдетте 1-2 минут өте белсенді жүгіреді,ал жүрек соғу жиілігі минутына 200-220 соққыға жетеді. Содан кейін уақыт аралығы тыныш күйде болады. Бұл əрқашан жүрек-тамыр жүйесі үшін пайдалы емес. Мұндай жүктемелерде өмірге қауіп төндіретін жүрек ритағының бұзылуы жəне сол жақ қарыншаның гипертрофиясы қаупі бар.


8..Шорт-трек спортының бұлшықетке əсері.


Шорт-трек спортында жазғы сборларда тауға шығып жаттығулар жасаймыз.Жаттығулар əр спортшыға əр түрлі əсер етеді. Кейбір спортшы аяғындағы бұлшықеттерін созып алып жатады,бұл дегеніміз спортшы жаттығуға дұрыс дайындалмаған,аяқ-қол бұлшықеттерін дұрыстап қыздырмаған.Соның салдарынан спортшы бұлшықеттерін созып алып жатады. Шорт-трек ойын-сауық алаңы-бұл жолдың ұзындығы 111 м жəне дөңгелек бұрыштары бар хоккей корты, оның өтуі үйлестіруді, ептілікті жəне тепе-теңдік сезімін қажет етеді. Спортшылардың қозғалыс жылдамдығы сағатына 60 км-ге жетеді, сондықтан күшті, қажымас жəне өз мүмкіндіктеріңізді бағалай білу маңызды.Бұлшық еттердің белсенділік сипатына қарап жекпе-жекті кең ауқымды дене-күш жаттығуларына да жатқызуға болады, себебі оларды орындау кезінде барлық бұлшық еттердің жартысынан астамы қатысады.Физиологиялық сапаның қайсібірі басым болуына байланысты: 1\ жылдам күш жаттығулары, бұл кезде бұлшық еттер бір уақытта үлкен күш пен жиырылу жылдамдығын көрсетеді \секіру, \лақтыру; 2\ бұлшық еттер аз ғана күш пен жылдамдықта ұзақ уақыт жұмыс қабілеттілігін сақтайтын төзімділікке жаттығулар \ұзақ қашықтыққа жүгіру, шаңғы тебу\.

Конькимен жүгіру спортының балалардың денсаулығына əсері тұрғысынан: -өкпе мен аяқ бұлшықеттерін күшейту;

-метаболизмді, қан айналымы органдарының жұмысын жəне терморегуляция процестерін жақсарту;

-қатаю.

Спортпен шұғылдану-мінезді, төзімділікті жəне жеңіске деген ұмтылысты тəрбиелеу. Бұл тез шешім қабылдау жəне ауырсынуды жеңу мүмкіндігі. Бұл қарсыласты құрметтеу жəне басқалардың жеңістерін мойындау. Бұл қарапайым өмірде де пайдалы қасиеттер.

Шорт-тректе көп жаттығулар аяқ-қол, бел бұлшықеттеріне арналған.Əр жаттығудан кейін мышцыларымызды сеземіз.Көп спортшыда бел грыжалары пайда болады. Бұлшықеттерімізді созып алған жағдайда ең алғаш біз массаж жасап жұмсартып,қыздырамыз,қатты ауырған жағдайда дəрігерді шақырамыз. Адреналин қажет ететін,өз қорқынышымызды жеңе алатын,денсаулығымызға кері əсерін тудырса да осындай травмаопасный спортпен шұғылданатын жас спортшыларымыз көбеюде.
















3. ҚОРЫТЫНДЫ.

Қазіргі таңда жастардың дене шынықтырумен айналысуының ең басты мақсаты салауатты өмір сүру салты болып табылады , ал жастардың дене бітімінің келбетті болуына жастайынан шынығу себеп болды, ол үшін жастайынан , сəби кезінен бастап денсаулығына көңіл бөлу керек, мектеп жасындағы балалардың деннің саулығына , сергектігіне , ширақтыққа , шапшаңдыққа , жəне дене бітімінің қалыпты өсіуіне жеткілкті көңіл бөлінуі тиіс, басқада жат қылықтардан арылуға көмектесетін орасан зор жұмыстар атқару біздің міндетіміз, ол жұмыстардың басында спортпен шұғылдануды насихаттау айтылып тұр. Біздің қоғамыздың жас ұрпаққа тəрбие беруді алдына басты мақсат етіп қойып отыр, өйткені жастар біздің болашағымыз.

Шорт-тректегі жүгіру,қашықтыққа жүгіру, биікке секіру арқылы жылдамдықты арттыратын спорт түрі қазіргі жастарға өте қажет спорт.Бұл

адамның дамып жетілуіне салауатты өмір сүруіне нағыз керекті спорттың бірі. Ол ерте заманнан келе жатқан спорт болып күнделікті ойындарда қозғалыстарда қолданыс тапқан.
























Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Карпман В.Л. Сердце и спорт. – М.: Медицина, 1968;Коньки тебу спортының физиологиялық негіздері.


  1. Физиология спорта и движений, Уилмар Дж.Х. Костил Д.Л. – Киев. Олимпийская литература,1997;Физиология мышечной деятельности: Учебник для институтов физической культуры.\под.ред. Я.М. Коца.-М., ФиС, 1982




  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%BE%D1%80%D1%82-%D1%82%D1%80%D0%B5%D0%BA




  1. https://translated.turbopages.org/proxy_u/en-ru.ru.b84321cd-6751e2bf-7d83b88e-74722d776562/https/en.wikipedia.org/wiki/Short-track_speed_skating



  1. https://russian-sports.ru/short-trek.html



  1. https://egemen.kz/article/326869-short-trekten-qazaqstan-quramasy-kumis-dguldeger-atandy





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2024
225
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі