400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шортанбай Қанайұлы «Зар заман" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып қазақ әдебиеті пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары . Тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы «Зар заман»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлімнің атауы:

Толғауы тоқсан қызыл тіл

Мектеп:


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Стахан М.А.


Сынып: 7 Пәні: қазақ әдебиеті

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Шортанбай Қанайұлы «Зар заман»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады:

Өлеңдегі кейіпкерлер портреті мен іс- әрекетіне анализ жасай алады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Талдау негізінде кейіпкерді анықтап, образын сипаттай отырып, мысал келтіре алады;

Кейбір оқушылар орындай алады:

портрет пен маңызды әрекеттер негізінде кейіпкер образына қатысты өз ойын нақтылай алады;

Бағалау критерийі

1.Өлеңдегі кейіпкерлер портреті мен іс- әрекетіне талдау жасайды

  • үзінділердің қай кейіпкерге қатысты екенін анықтайды;

  • кейіпкерлердің образын өз сөзімен сипаттайды;

2. Талдау негізінде кейіпкерді анықтап, образын сипаттайды

  • «Зар заман» белгілеріндегі ең маңызды әрекеттерді ажыратады;

  • портрет пен маңызды әрекеттер негізінде кейіпкер образына қатысты өз пікірін 1 сөйлеммен жеткізеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» көркем шығармасындағы кейіпкерлердің типтерін аша алады, жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Кесапат, айбар, дуан, заманақыр, сүр, асылық, жөргем, керт бас.

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Орыс –бүркіт, біз- түлкі,

Аламын деп талпынды..»- деген өлең жолын қалай түсінесің?

Шортанбай заман өзгерісін қалай түсінді және қалай жырлады?

Заманды бұзған кімдер еді?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» атты тармағындағы идеялар Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңін оқыту барысында ішінара іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы , география

Алдыңғы оқу

3 мин

«Екі шындық, бір өтірік» ойыны

«Зар заман» өлеңінен екі шындықты, бір өтірік ақпаратты жасыру .

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

7 мин


С.

Қызығушылықты ояту мақсатында

«Зар заман» өлеңінің желісінде бейнематериал көрсету.

Сабақтың мақсаттары мен критерийлерімен таныстыру


Топқа бөлу

«Би,болыс, халық»


Көркем шығармада кездесетін кейіпкерлердің типтері бойынша топқа бөлінеді

Сабақтың ортасы

30 мин







С. «Қазына іздеу» әдісі (10 мин)

Бұл әдісті жүргізу үшін оқушыларға мәтін немесе бөлім мазмұны бойынша олардың іздейтін қазыналарының сипаттамалары беріледі. Қазына ретінде кейіпкер бейнесін айқындайтын түйінді сөздер, сөйлемдері бар үзінділер алынуы мүмкін. Оқушылар әрбір қазынаны тапқаннан кейін, өлеңдегі лирикалық кейіпкердің жиынтық бейнесін жасалу тәсілі тұрғысынан құрастырады.

Ж. (5мин)

«Автор пікірі, менің көзқарасым» стратегиясы

Портрет пен маңызды әрекеттер негізінде кейіпкер образына қатысты өз пікірін 1 сөйлеммен жеткізеді.

ТЖ. (15мин)

1 –топ: Би «Фишбоун» әдісі

Оқушылар топқа бірігеді. Мәтіннен тапқан көркемдегіш құралдарды талқылап, «Фишбоун» әдісі арқылы сызбаға түсіреді. Сынып алдында қорғайды.

Shape1

басы – тақырыптың мәселесі;

үстіңгі сүйектері – көркемдегіш құрал түрлерін жазу;

астыңғы сүйектері – көркемдегіш сөздерге мәтіннен

тапқан мысалдарды жазу;

құйрығы – шығарманың көркем тілі жайлы түйінді сөз.

Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек. Олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалық сөздерден болуы мүмкін.

2- топ:Болыс «Қарым- қатынас аймағы әдісі»

«Зар заман» белгілеріндегі ең маңызды әрекеттерді ажырату.

«Зар заман» кезеңіндегі кейіпкерлердің кескін-келбеті

«Зар заман» кезеңіндегі ең маңызды әрекеттер



3-топ: Халық

«Түсіндірме күнделік» бойынша жұмыс жасайды. Оқушылар автор қолданған сөздердің кейіпкерді бейнелеудегі әсерін талқылайды.

Өлеңдегі сөз

Менің пікірім





Shape2


А3, маркер

5сөйлем






Shape3






















А3 , маркер

Shape4 Shape5

Сабақтың

соңы



5 мин






Кері байланыс:

ПОПС формуласы арқылы

«Менің ойымша, бұл....»

«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім....»

Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

ҚБ

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Интербелсенді тақта


Shape6


Shape7

Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Тапсырмаларды жүйелі түрде бере отырып, кейіпкерлер бейнесін ашуға бағыт беру.

Көтерілген мәселелер бойынша өз ойын анық жеткізуге , маңызды идеяларды ортаға салуға бағыттау.

«Шығу билеті» әдісі арқылы бағалауды жүзеге асыру.

-Сіз бүгін не үйрендіңіз?

-Сіз тағы не білгіңіз келеді?

Қазақстан тарихы: ХІХ ғасыр кезеңіндегі Қазақстандағы жағдай;

География: Сол ғасырдағы Қазақ елінің территориялық жағдайы;

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

  • Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

  • Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

  • Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

  • Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

  • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

  • Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
1 қараша
9423
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі