Сөз
байлығы
Сөз
байлығы –
оралымды тілге қойылар талаптың бірі.
Айтушының сөзі тыңдарман қауымға
тартымды болуы үшін сөз байлығы жақсы,
сөздік қоры мол болуы тиіс. Адамдар
сөйлегенде бос қайталауларға бой
алдырып, сөз жұтаңдығын танытады, тілдің
коммуникациялық сапасын күрт төмендетіп
жібереді. Әрбір айтылған сөздің салмақты
болғаны жөн. Құр бос ауаға айтылған
сөздің еш қадірі жоқ. Ол айтушының сөз
байлығының төмендігін көрсетеді. Әдемі
сөйлеуді, дұрыс сөйлеуді тіл мәдениетін
үйрену арқылы жетілдіруге болады. Сөздік
қорын молайту үшін кітапты көбірек оқу
керек, аса көрнекті қаламгерлерден, тіл
нақышы келісті сөз зергерлерінен үйрену
керек.
Сөздің
аса мол кені көркем әдебиетте жинақталған.
Мысалы, М.Әуезовтің 20
томдық шығармаларында сөздің саны 30
мыңнан астам. Қара сөздің қас шебері
М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында
16983 сөз қолданған. Мұндай деректі өзге
де әйгілі қаламгерле тілі жайындағы
статистикалық деректермен салыстырсақ,
цифр сыры ашыла түседі. А.С.Пушкин өз
шығармаларында 21197, У. Шекспир 15000 сөз
қолданған. «Абай
жолы» эпопеясында
1 және 2 рет қолданылған сөз саны – 8698,
Пушкин шығармаларында мұндай жиіліктегі
сөздің саны – 9301, Мамин-Сибиряктың «Приваловтар
миллионы» романында 11283 сөз қолданыс
бар. 1,2 рет қолданылатын сөз саны –
7312.\
Әрбір
тіл сөзге бай. Сөздердің санын математикалық
тұрғыдан санап, санын дәл айту мүмкін
емес. Қазір ғалымдар тіллің сөдік қорын
жуықтап айтады. Тіл байлығын олардың
құрамында сөз саны емес, олардың қолданысы
анықтайды.
Сөз
байлығы әр адамның лексикасындағы
сөздердің мөлшерімен, көлемімен
байланысты дегенмізбен де, ең негізгісі
— ой байлығы. Сондай-ақ, тілдегі бар
сөздерді бір-бірімен жалғастырып,
қиюластырып, әсем де әсерлі жеткізу
айтушы мен сөйлеушінің ой көкжиегінен
де елес береді. Бір сөзге бірнеше мағына
сыйғызып, әр сөзді мән-мазмұн, стиль
бояуымен жеткізу ойлау қабілетімен,
шығармашылық сипатпен ұштасады. Сөз
байлығын терең білудің ендігі бір жолы
— халық тілінің дәстүрі мен әдеп
ерекшеліктерін меңгеру. Қазақ тілі
көркем әрі әсем тіл дейміз. Осындай
әсемдік пен көркемдік тілді бүгінгі
дейінгі жеткізушілердің ой қабілетінің
тереңдігі мен қиялының шексіздігін
дәлелдесе керек.
Тілдегі
лексикалық қабаттың үнемі дамып, толығып,
өсіп, өзгеріп отыратындығын білеміз.
Бұл бірнеше тәсілдермен жүзеге асады.
— Сөз
тудырушы қосымшалар арқылы;
— сөз
мағынасының ауысуы арқылы;
— жаңа
сөздер кіру арқылы;
— басқа
тілден сөздер ену арқылы.
Аталған
тәсілдер тілді байытатын ең негізгі
әрі бастылары болып саналады. Бұдан
басқа тілде сөздің өзгеруі, жаңа мағынаға
ие болуы, тұрақты сөз тіркестерімен,
сондай-ақ бір сөздің қоғамдық өзгерістерге
қарай жаңаруы тәсілдерін атауға болады.