Материалдар / Сөз есептер жинағы 1-4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сөз есептер жинағы 1-4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөз есептер жинағы 1-4 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2024
129
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1


1


Сөз есептер жинағы




Мәтін есептермен жұмыс жасау енді тіптен оңай!







1-4 сыныпқа арналған















Page 2


2



Бұл кітапта:

- 45 таңдамалы тақырып,
- 1500 ке жуық есеп жауабымен

- Қарапайымнан күрделіне дейін сөз есептер

- Логикалық және олимпиадалық есептер

- Көңілді және танымдық есептер

- СОЧ және СОР да жиі кездесетін есептер

- Бала санасын дамытуға ареалған шығармашыл тапсырмалар!



























Page 3


3



Қосындыны табуға арналған есептер

1. Шабындықта 4 қой мен 3 ешкі жайылып жүрді. Шабындықта қанша
жануар жайылып жүрді?

2. 2 қызыл және 3 көк шар үрленді. Қанша шар үрленді?

3. 2 терекқұлақ өсті, сосын олардың жанына 3 шыбынжұт өсіп шықгы.
Сонда қанша саңыруқұлақ өсіп пшқты?

4. Сәнияға 3 қуыршақ, Серіқке 4 машиина сатып алды. Балаларға барлығы
қанша ойыншық сатып алынды?

5. Үстелдің үстінде 4 қызыл және 5 сары алма жатты. Үстелдің үстінде
қанша алма жатты?

6. Ең басында гүлбағында 7 түймедақ, ал сонан соң тағы 3-уі өсіп шықты.
Гүлбағында қанша түймедақ бар?

7. Карина 4 жасыл және 5 ақ монщақган алқа жасап алды. Алқада қанша
моншақ болды?

8. Досымжан гербарий жасауға 3 қайың жэне 6 терек жапырағын жинап
алды. Досымжан қанша жапырақ жинады?

9. Бақшада қара қарақаттың 4 бұтасы және қызыл қарақаттың 6 бұтасы өсті.
Бақшада қарақаттың қанша бұтасы өсті?

10. *Көк сауытта 7 жаңғақ, ал сарыда 5 жаңғақ бар. Екі сауытта барлығы
қанша жаңғақ бар?

11. Шырша астында 4 кірпі жүрді. Оларга тағЫ біреуі келіп қосылды. Сонда
қанша кірпі болды?

12. Анам 7 қызыл және 3 жасыл алма сатып алды. Анам барлығы қанша
алма сатып алды?

13. Бұтақта 6 сарышымшық отырды, оларға тағы 3-уі ұшып келді. Сонда
қанша сарышымшық болды?


Page 4


4

14. Мектеп бақшасына 8 бұта қара және 7 бұта қызыл қарақат отырғызылды.
Барлығы қанша бұта қарақат отырғызылды?
15. Сәкен 5 тор көзді және 4 кең жол дәптер сатып алды. Сәкен барлығы
қанша дәптер сатып алды?

16. Шабындықта 5 сиыр мен 4 ешкі жайылып жүрді. Жайылымда барлығы
қанша жануар жайылып жүрді?

17. Бұтада 3 раушан гүлі шешек атты. Бір күн өткеннен кейін, тағы 6 раушан
гүлі шешек атгы. Бұтада қанша раушан гүлі бар?

18. Нағимада 5 құттықтау қағазы болды. Мерекеге оған тағы 4 құттықтау
қағазын жіберді. Сонда Нағимада қанша құттықтау қағазы болды?

19. Асланда 4 мультфильм таспасы болды. Оған тағы 2 таспа сатып алып
берді. Асланда канша таспа болды?

20. Маршруттық таксиде 2 адам келе жатгы. Аялдамадан тағы 8 адам
отырды. Таксида қанша жолаушы болды?

21. Шабындықта 2 ешкі мен 7 қой жайылып жүр. Шабындықга қанша
жануар жайылып жүр?

22. 4 қызыл және 2 көк шар үрленді. Сонда барлығы қанша шар үрленді?

23. 4 саңырауқұлақ өсіп шықты, содан кейін олардың қасынан тағы 5
саңырауқұлақ өсті. Сонда барлығы қанша саңырауқүлақ өсіп шықты?

24. Сараға қуыршақтың 3 жиынтығын, ал Сә кенге машинаның 3
жиынтығын сатып әперді. Балаларға барлығы қанша ойыншық жиынтығы
сатып алынды?

25. Үстелдің үстінде 4 мандарин мен 3 апельсин болды. Үстелдің үстінде
барлығы қанша жеміс жатгы?

26. Гүлбағында алдымен 6 түймедақ, сосын 3 көктікен өсіп шықты.
Гүлбағында барлығы қанша гүл өсіп түр?

27. * Гүлім 6 сары және 5 жасыл маржаннан өзіне моншақ жасап алды.
Сонда моншақта қанша маржан болды?

28. * Дарын гербарий үшін 13 кайың және 2 көктерек жапырагын жинап
алды. Дарын қанша жапырак жинады?


Page 5


5


29. *Бақшада 14 бұта қара және 2 бұта қызыл қарақат өсіп шықты. Бақшада
қанша бұта қарақат өсті?

30. Бір қараторғай торғай үйшігінің қасындағы бұтакта ән салып отырды.
Оған тағы 4-уі ұшып келіп қосылды. Бұтақта барлығы қанша ән салғыш құс
болды?

31. Ермекте 4 машина болды. Оған тағы 3-ін сыйға тартты. Ермекте қанша
машина болды?

32. Балалар Жаңа жылға дейін мектепте 4 ай және Жаңа жылдан кейін 5 ай
оқиды. Жалпы балалар қанша ай оқиды?

33. Құрылысқа 3 машина құм және 7 машина кірпіш әкелді. Құрылысқа
қанша машина құрылыс материалын әкелді?

34. * Вася мерекеге деп анасы мен әжесіне 1 Қызғылт, 5 ақ және 9 қызыл
қалампыр сатып алды. Вася барлығы қанша қалампыр сатып апды?

35. Есік алдындағы көгалда 5 тауык жүрді. Оларға тағы 5 тауык косылды.
Көгалда барлығы канша тауық болды?

36. Балалар құстарга арнап дүкеннен 2 кг қарақұмық және 3 кг тары
жармасын сатып алды. Балалар қанша килограмм жарма сатып алды?

37. Залда 5 орындық тұрды. Оған тағы да 4 орындық әкелді. Сонда барлығы
қанша орындық болды?

38. Бірінші күні Аслан 5 сурет салды. Екінші күні тағы сонша салды. Аслан
қанша сурет салды?

39. Бір бұтақта 5 алма, ал екіншіде тағы да сонша алма өсіп тұрды. Екі
бұтақта қанша алма болды?

40. Мысықтың 2 ақ және тағы сонша қара марғауы бар. Мысықтың неше
марғауы бар?

41. Үстелдің үстінде 3 кесе және сонша табақша тұр. Үстелдің үстінде
қанша ыдыс тұр?


Page 6


6

42. *Бірінші күні мектеп кітапханасына 6 бума, екінші күні 4 бума, ал
үшінші күні бірінші және екінші күндегі бумалардың қосындысындай кітап
әкелінді. Үшінші күні қанша бума кітап әкелінді?
43. Қорапта 5 көк, 3 жасыл жаңажылдық шар болды, ал қызыл шар көк пен
жасылдың қосындысындай болды. Қорапта қанша қызыл шар болды?

44. Бірінші командада 7 ұл бала, екіншіде 3 ұл бала болды. Ал үшінші
командада, бірінші мен екіншідегі балалардың қосындысындай бала болды.
Үшінші командада қанша бала болды?

45. Заринаның туған күніне 2 қуыршақ, 3 жұмсақ ойыншық сыйға тартты,
ал үрлеме шарлар қуыршақ пен жұмсақ ойыншықтың қосындысындай
болды. Заринаға қанша үрлеме шар сыйға тартты?

46. Бір пәтерде 5 адам тұрады, ал екіншісінде 4 адам, үшіншісінде бірінші
және екінші пәтерлерде түратын адамдар қосындысындай тұрады. Үшінші
пәтерде қанша адам тұрады?

47. Сыныпта 3 қыз бала гимнастикамен, 4 ұл бала күреспен айналысады. Ал
хорға гимнастика мен күреске баратын балаларды бірге алғандағыдай бала
қатысады. Сонда хорда қанша бала ән айтады?

48. Сәуле бірінші тоқсанда 4 кітап, екінші тоқсанда 3 кітап оқып шықты. Ал
үшінші тоқсанда бірінші және екінші тоқсанның қосындысындай кітап
оқыды. Сәуле үшінші тоқсанда қанша кітап оқып шықты?

49. Орман шетінде 2 ақ қайың, 3 терек ағашы өсіп тұр, ал қарағайдың саны
болса, қайың мен теректі бірге қосқандағыдай болады. Орман шетінде
қанша қарағай өсіп тұрды?

50. Автотұрақта 5 көк түсті, 2 қызыл түсті машина тұрды, ал кара түсті
машина болса, көкпен қызылдың қосындысындай болды. Автотұрақта
қанша машина тұрды?

51. Бақыт таңертең 3 есеп шығарды, түстен кейін 5 есеп, ал кешке таңертеңгі
мен түстегіні 1 бірге қосқандағыдай есеп шыгарды. Бақыт кешке қанша есеп
шығарды?

52. Мадияр бірінші тоқсанда 2 дәптер жазып бітірсе, екіншіде 5 дәптер, ал
төртіншіде бірінші мен екіншінің қосындысындай дәптер бітірді. Мадияр
төртіңші тоқсанда қанша дәптер жазып бітірді?


Page 7


7

53. Денис 3 жаста, Қайрат 5 жаста, ал Оляның жасы балалардың жасының
қосындысына тең. Оля неше жаста?
54. *Дала қаздары 50 жыл, ал иттер 20 жыл өмір сүреді. Қырандар қанша
жыл өмір сүреді, егер олар қаз бен итгің өмір сүру жылын бірге қосқандай
өмір сүрсе?

55. *Мерекеге арналып 3 қызыл, 4 сары және 2 көк шар үрленді. Барлығы
қанша шар үрленді?

56. *Тиін ағаштағы қуысына 5 ақ саңырауқұлақ, 7 майқұлақ және 8 түлкішек
әкелді. Тиін өз қуысына барлығы қанша саңырауқүлақ әкелді?

57. Жаңажылдық сыйлыққа 15 кг шоколад кәмпитін және 10 кг тосын сыйы
бар кәмпит сыйлығын сыйлады. Балаларға барлығы қанша килограмм
тәттілер сатып алынды?

58. Автобуста 10 жолаушы отырды. Аялдамадан тагы 9 жолаушы мінді.
Автобуста қанша жолаушы болды?

59. Балалар еңбек сабағына деп 20 үйеңкі және 30 қайың жапырағын
кептірді. Балалар барлығы қанша жапырақ кептірді?

60. Машина бірінші күні – 50 км, екіңші күні 20 км жол жүріп өтгі. Машина
2 күнде қанша километр жол жүріп өтті?

61. Біздің мемлекетімізде аңдардың 20 түрі мен құстардың 30 түрін аулауға
тыйым салынған. Аңдар мен құстардың қанша түрін аулауға тыйым
салынған?

62. © Анама әкем 5 қызыл раушан гүлін және Гүлім 2 қызыл қалампыр гүлін
сыйға тартты. Анама қанша қызыл түсті гүл сыйланды?

63. © 5 қыз бала жүйек суарды, 3 ер бала қыздардан тығылды. Егер ер
балалар жалқауланбаса, қанша адам жұмыс істер еді?

64. © Екі сұр түсті кірпі мен бір қоңыр түсті кірпі жолықты. Сонда қанша
кірпі кездесті?

65. © Үйшігінің қасында бір қараторғай ән шырқап отырды. Оған тағы 5
қараторғай ұшып келіп, бірге ән шырқай бастады. Құстар хоры қанша
құстан тұрды?


Page 8


8

66. © Катяға 2 үлкен қуыршақ пен 2 кішкентай қуыршақ сыйлады. Егер
Катя үлкен қуыршақтарын тығып қоймағанда, онда қанша қуыршақ болар
еді?

67. !Орман шетінде 3 қайың, 4 қарағай және 12 жөке ағашы өсіп тұрды.
Орман шетінде қанша шырша ағашы өсіп тұрды?

68. *Балалар мектеп бақшасында түрлі сұрыптағы, салмақтары әртүрлі –
7кг, 6 кг, 5 кг, 4 кг, 3 кг, 2 кг, 1 кг асқабақ өсіріп шығарды. Оларға
асқабақтарды көрмеге әкелу үшін 4 сөмке қажет болды. Асқабақты барлық
сөмкелерге салмағын теңдей етіп қалай орнапастыруға болады?

69. !Балық аулауға 3 балықшы бара жатты. Оларға қарсы 2 балықшы
жолықты. Өзенге қанша балықшы жол тартты?

70. !Гүлбағына бірінші күні 5 түп түймедақ гүлі, ал екінші күні тағы 4 түп
лалагүлі мен 3 түп түймедақ гүлдері отырғызылды. Барлығы қанша түп
түймедақ гүлі отырғызылды?

71. !Орман шетінде 5 қарағай, 2 қайың және 3 терек ағашы өсіп түрды.
Орман шетінде барлығы қанша қарағай ағашы өсіп тұрды?

72. ! * Дариға екі жыл бұрын 3 жасқа толды. Ал 5 жылдан кейін ол қанша
жаста болады?


73. ! Тоғанда 4 ақ, 5 сұр қаз бен 1 үйрек жузіп жүрді. Тоғанда қанша қаз
жүзіп жүрді? (9, 10,4,6 қаз)

74. ! Аулада 8 ақ, 3 шұбар тауық және бір балапан жүрді. Аулада барлығы
қанша үлкен тауық жүрді? (11,12,4, 8 тауық)

75. Сыныпта 15 қыз және 5 ер бала болды. Екінші тоқсанда сыныпқа тағы
4 ер бала келді. Сыныпта қанша оқушы болды? (24,16,14,6 оқушы)

76. Менің 6 ұлым бар. Олардың әрбіреуінің туған әпкесі бар. Менің қанша
балам бар? (6, 12,7, 13 бала)

77. ^ Айгүл еңбек сабағында 8 көк, ал Гүлмира 5 қызыл және 3 жасыл
кішкене шам жасады. Қыздар барлығы қанша кішкене шамдар жасады?
(6,0,16,10 кішкене шам)


Page 9


9

78. ! Екі дос бірге жол жүру үшін бесінші вагонға отыруға келісті. Бірақ
біреуі бесінші вагонға пойыздың басынан, ал екіншісі бесінші вагонға
пойыздың соңынан мінді. Достар бір вагонда болуы үшін, бұл пойызда
қанша вагон болуы керек?

79. ! Дәрігер науқасқа әр сағат сайын бір- бірден, үш дәрі егуді белгіледі.
Барлық дәріні егу қандай уақыт аралығында аякталады?


80. ! 3 футболшы мен 3 хоккейші келді, барлығы 5 адам. Бұлай болуы
мүмкін бе?

81. !!Түйеқұс Африка, Оңтүстік Америка және Аустралияда мекендейді.
Африка түйеқұсы салмағы 115 кг-ға, аустралиялық Эму түйеқүсы 45 кг-ға,
ал оңтүстікамерикалық Нанду 25 кг-ға дейін жетеді. Үш түйеқүстың
салмағы қанша?

82. !!Қазақстандағы ең ұзын өзен – Ертіс өзені. Оның Қазақстан
аумағындағы ұзындығы 1700 км, ал одан сырт аумақта 2548 км құрайды.
Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы қандай?

83. !!Орман топырағының бір гектарынан 106 жұлдызпішінді бактерия, 103
инфузория және 104 шұңғылша амёба түрлері табылды. 1 га орман
топырағынан барлығы қанша қарапайымдылар дарағы табылды?



















Page 10


10

Сандарды бірнеше бірліктерге арттыруға (азайтуға) арналған есептер
Жай есептер

1. Сауытта 5 қызыл және одан 2-ге көп жасыл алма бар. Сауытта қанша
жасыл алма бар?

2. Бірінші қатарда 7 көрермен, екіншіде одан 3 көрермен артық отырды.
Екінші қатарда қанша көрермен отырды?

3. Гүлбағында 7 түймедақ және одан 2-ге көп гүлкекіре өсті. Гүлбағында
қанша гүлкекіре өсті?

4. ! Автотүрақта «Нан» деген жазуымен 3 жүк көлігі және 5 жеңіл көлік
түрды. Автотүрақта қанща жеңіл көлік тұрды?
5. Антон бірінші күні 5 түлкіжем саңырауқұлағын жинады, екінші күні
майқұлақ саңырауқұлағының 4-уін артық жинады. Антон екінші күні қанша
саңырауқұлақ жинады?

6. Сәнияда 10 жабыстырма, ал Сәуледе 5 жабыстырмаға кем болды. Сәуледе
қанша жабыстырма болды?

7. Сары кесіндінің ұзындығы - 4 см, ал қызылдікі одан 5 см-ге артық. Қызыл
кесіндінің ұзындығы қандай?

8. Балабақшада үшдөңгелекті 8 велосипед бар, ал екідөңгелекті велосипед
одан 4-ке кем. Балабакшада қанша екідөңгелекті велосипед бар?

9. Бақшаның ұзындығы 6 метр, ал ені одан 2 метрге кем. Бақшаның ені
қандай?

10. Апам 17 бәліш пісіргеннен кейін, оған тағы 4 бәліш пісіру қалды. Сонда
апам қанша бәліш пісіреді?

11. Мектептің бірінші қабатындағы дәліздің ұзындығы 12 метрге тең, ал
екіншісіндегі одан 5 метрге кем. Екінші қабаттағы дәліздің ұзындығы
қандай?

12. Шаянның 10 аяғы, ал араның одан 4-ке кем аяғы бар. Араның қанша
аяғы бар?

13. Бірінші үйде 90 терезе бар, ал екінші үйде одан 10 терезеге аз. Екінші
үйде қанша терезе бар?


Page 11


11

14. Бір машинамен бір күнде 40 т тыңайтқыш, ал екінші күні одан 15 т кем
әкелінді. Екінші күні қанша тыңайтқыш әкелінді?

15. Бір қалада 24 кітапхана бар, ал басқа қалада одан 16 кітапханаға көп.
Екінші қалада қанша кітапхана бар?

16. Бір қорапта 15 кг, екіншісінде одан 4 кг артық кәмпит бар. Екінші
қорапта қанша кәмпит бар?

17. Балабақшаның бір тобында 27 бүлдіршін бар. ал екіншісінде одан 3
бүлдіршінге аз. Екінші топта қанша бүлдіршін бар?

18. *Мерекеге 45 қызыл шар сатып алынды, көк шардың қызылдан 5-уі аз,
ал жасылдың көктен 10-ы көп. Мерекеге қанша жасыл шар сатып алынды?
19. Құрылысқа 540 т цемент әкелді, ал құмды 120 т-ға аз әкелді. Құрылысқа
қанша тонна құм әкелді?

20. Қаланың саябақ аумағына 745 ағаш отырғызылды, ал қала сыртына одан
250 ағаш артық егілді. Қала сыртына қанша ағаш егілді?

21. **Бірінші жүйекке оқушылар 40 көшет, ал екіншіге 30 көшет
отырғызды. Қай жүйекке оқушылар көп көшет отырғызды және қаншаға
көп? (10,70,20, 80 көшетке)

22. **Айман 30 пішінді еске сақтаса, Сәуле 10 пішінді есіне сақтады. Сәуле
Айманға карағанда канша пішін кем есіне сақтады? (20, 40, 10, 50 пішін)
23. **Бассейнде таңертең 16 топ, ал кешке 10 топ шұғылданады. Кешкіге
карағанда танертең канша топ артық шұғылданады? (26, 6, 10, 16 топқа)

24. **Түске дейін бапалар 30 көшет, ал түстен кейін 10 көшет кем суарды.
Балалар түстен кейін қанша көшет суарды? (20,40, 10, 30 көшет)

25. **Аспанға 10 ұшақ көтерілді және аэродромда 17 ұшақ қалды. Аспанға
көтерілген ұшақтарға қарағанда, аэродромда қанша ұшаққа көп қалды?
(27,7,10,17 ұшаққа)







Жанама түрдегі жай есептер


Page 12


12


26. Сыныпта ақ түсті гүлдерге арналған 5 кұмыра бар, бұл қоңыр түстілерге
қарағанда 3 құмыраға кем. Сыныпта қанша қоңыр түсті құмыра бар?


27. Бір қорапта 18 қарындаш бар, бұл екіншісіндегіден 6 қарындашқа кем.
Бірінші қорапта қанша қарындаш бар?


28. Үлкен тобатайда 6 литр сүт бар, бұл кішкентай тобатайдағы сүтке
қарағанда 3 литрге көп. Кіщкентай тобатайда қанша литр сүт бар?


29. Бір батон нан 500 г тартады, ол екіншіге қарағанда 200 г-ға ауырлау.
Екінші батонның салмағы қандай?


30. Бір қойын дәптер 60 теңге, яғни басқасына қарағанда 20 теңгеге арзан
тұрады. Басқа қойын дәптері қанша тұрады?


31. Үй иесі 7 кг қияр тұздады, бұл қызанаққа қарағанда 2 кг кем. Үй иесі
қанша кг қызанақ тұздады?


32. Таня 12 торкөз дәптер сатып алды, бұл кеңжол дәптерге қарағанда 5
дәптерге көп. Таня қанша кеңжол дәптер сатып алды?


33. *Асқарда 53 белгі бар, бұл Болаттағыдан 13 белгіге көп. Болаттта қанша
белгі бар?


34. Қораптардың бірінде 12 кг кәмпит бар, бұл екіншісіне қарағанда 6 кг
артық. Екінші қорапта қанша кәмпит бар?


35. Қораптардың бірінде 18 кг кәмпит бар, бұл екіншісінен 8 кг кем. Екінші
қорапта қанша кәмпит бар?


36. Үй тауығы жылына 300 жұмыртқа табады, бұл дала тауығына қарағанда
270 жұмыіртқаға артық. Дала тауығы қанша жұмыртқа табады?


Page 13


13



37. © Мәрияш бір минутта 10 рет, ал Данияр одан 1 рет кем езу тартты.
Данияр қанша рет езу тартты?


38. © Сарышымшық күніне 100 км ұшып өтеді, ал Мәрияш болса, түсінде
одан 200 км-ге артық ұшады. Мәрияш түсінде қанша километр ұшып өтеді?


39. © Үстелдің үстінде 6 таза шай кесесі түрды, ал таза емесі одан 1 -ге аз
болды. Баян бір күнде қанша кесе шай ішті?




























Құрама есептер


Page 14


14

40. Сауытта 5 қызыл алма бар еді, ал жасыл алма одан 2-ге артық болды.
Сауытта барлығы қанша алма болды?



41.Гүлбағында 7 түймедақ және одан 2-ге артық гүлкекіре өсті. Гүлбағында
барлығы қанша гүл өсті?



42. Автотұрақта «Нан» деген жазуы бар 3 жүк көлігі және одан 5-уі көп
жеңіл көлік тұрды. Автотұрақта барлығы қанша көлік тұрды?



43. Аслан бірінші күні 5 ақ саңырауқұлақ жинаса, екінші күні шалғынды
түбіртекті саңырауқұлақтың одан 4-ін көп жинады. Аслан екі күнде
барлығы қанша саңырауқұлақ тапты?


44. Сәнияда 10 жабыстырма, ал Сәуледе оған қарағанда 5 жабыстырмаға аз
болды. Қыздарда қанша жабыстырма болды?


45. Сары кесіндінің үзындығы 4 см, ал қызылдікі одан 5 см-ге ұзын. Екі
кесіндінің ұзындығы қандай?

46. Балабақшада үшдөңгелекті 8 велосипед болды, ал екідөңгелектінің оған
қарағанда 4-уі кем. Сонда барлыгы қанша велосипед болады?



47. Бақшаның ұзындығы 6 метр, ал ені одан 2 метрге кем. Бақшаның
ұзындығы мен енінің қосындысы қандай?



48. Бірінші үйде 90 терезе, ал екіншісінде одан 10 терезеге кем. Екі үйде
қанша терезе бар?

49. Шаянның 10 аяғы бар, ал араның аяғы одан 4-ке аз. Екеуінің аяғын
қосқанда қанша аяқ бояады?


Page 15


15


50. *Сатушы көрме сөреге 7 данадан 3 қатар апельсин және 4 данаға артық
алма қойды. Сатушы қанша жеміс қойды?


51. Бір кітапта 35, ал екіншісінде одан 15-ке артық бет бар. Екі кітапта
қанша бет бар?


52. Жаңа жылға балалар 12 кұттықтау қағазын толтырды, ал 8-ңаурызға 18
құттықтау қағазын артық жазды. Балапар қанша құттықтау қағазын жазды?


53. Аспашамда 15 үлкен шам бар, ал кішкентайлары оған қарағанда 7-ге аз.
Аспашамда барлығы қанша шам бар? .


54. Аспашамда 8 кішкентай шам болса, үлкені одан 7 данаға көп. Аспашамда
барлығы қанша шам бар?


55. Бір калада 24 кіпшхана, ал екіншісінде 16 кітапханаға артық. Екі калада
барлығы канша кітапхана бар?


56. Бір машинамен 40 т тыңайтқыш әкелді, ал екіншісімен одан 15 т аз
әкелінді. Екі машинамен қанша тыңайткыш әкелінді?


57. Бір қорапта 15 кг кәмпит, ал екіншісінде одан 4 кг көп. Екі қорапта
қанша кәмпит болады?


58. *Балабақшаның бір тобында 27 бүлдіршін бар, ал екіншісінде одан 3
бүлдіршінге аз. Екі топта қанша бүлдіршін бар?


59. *Мерекеге 25 қызыл шар сатып алынды, көк шардың қызылға қарағанда
5-уі аз, ал көк шардан 10 жасыл шар артық. Мерекеге барлығы қанша шар
сатып алынды?


Page 16


16

60. *Еңбек сабағына түрлі түсті 10 беттік 4 бума қағазды сатып алды, ал ақ
түстісі одан 15 бетке көп болды. Қанша ақ түсті және түрлі түсті қағаз сатып
алынды?

61. Сүт дүңгіршегіне 100 литр сүт әкелді, сүтке қарағанда айранды 50
литрге аз, ал қатықты айраннан 20 литрге көп әкелді. Дүңгіршекке қанша
литр сүт өнімі әкелінді?


62. Бір қалада 14 ескерткіш, ал екіншісінде бдан 8 ескерткішке аз. Екі қалада
қанша ескерткіш


63. !Дөңгелек гүлзарға 24 түп раушан гүлін отырғызды, сопақшасына
дөнгелекке қарағанда 12 түп аз, ал ромб тәріздес гүлзарга дөңгелек және
сопақ гүлзарлардың қосындысынан 18 түп аз екті. Ромб тәріздес гүлзарға
қанша түп раушан гүлін отырғызды?


64. Оля түрлі түсті қағазды 80 теңгеге, ал Салтанат дәл сондай қағазды 55
теңгеге сатып алды. Салтанатқа қарағанда Оля 5 бетке көп сатып алды.
Қыздардың әрбіреуі қанша бет қағаз сатып алды? (5 және 14, 27 және 11, 16
және 11, 16 және 5 бет)















Жанама түрдегі құрама есептер

65. Бір қорапта 12 кг кәмпит бар, бүл екіншіге қарағанда 6 кг-ға артық. Екі
қорапта барлығы қанша кәмпит бар?


Page 17


17


66. Бір қорапта 18 кг кәмпит бар, бүл екіншіге қарағанда 8 кг-ға аз. Екі
қорапта барлығы қанша кәмпит бар?


67. Бір машинамен бір күнде 40 т тыңайтқыш тасымалдады, бүл екіншіге
қарағанда 15 т-ға аз. Екі машинамен қанша тыңайтқыш тасымалданды?


68. Еңбек сабағына 10 беттен 4 бума түрлі түсті қағаз сатып алынды, бұл ақ
түсті қағаздан 15 бетке көп. Қанша түрлі-түсті және қанша ақ қағаз сатып
алынды?


69. Бір қалада 24 кітапхана бар, бұл екіншісіне қарағанда 5 кітапханаға көп.
Екі қалада қанша кітапхана бар?


70. Үй иесі 17 кг қияр тұіздады, бұл қызанақтан 12 кг-ға аз. Үй иесі қанша
килограмм қияр мен қызанақ тұздадьі?


71.Таня 32 торкөз дәптер сатып алды, бұл кеңжолға қарағанда 15 дәптерге
көп. Таня барлығы қанша дәптер сатып алды?


72. Асқарда 53 белгі бар, бұл Болаттікіне қарағанда 18 белгіге көп.
Балаларда барлығы қанша белгі бар?


73. * Бау-бақшада 12 түп ақ раушан гүлі бар,бұл қызыл түстісіне қарағанда
3 түпке аз. Бау-бақшада барлығы қанша түп раушан гүлі бар?


74. *Бау-бақшада таңқурайдың 64 бұтасы бар, бұл қарлығанға қарағанда 35
бұтаға көп. Бау-бақшада таңқурай мен қарлығанның қанша бұтасы бар?

75. Бір алманың салмағы 100 г, оның салмағы басқа алмадан 300 г-ға аз, Екі
алманың салмағын табыңдар.


76. Бір альбомда 350 марка бар, бұл басқа альбомдағыдан 100 маркаға көп.
Бұл альбомдарда барлығы қанша марқа бар?


Page 18


18



77.Асханада 300 шұңғыл тәрелке бар, бұл кішкентайга қарағанда 70
тәрелкеге аз. Асханада барлығы қанша (кішкентай және шұңғыл) тәрелке
бар?


78.Бір бумада 500 бет, бұл екіншісіне қарағанда 200 бетке көп. Бұл
бумаларда барлығы қанша бет бар?


79. !Үш көпес квас сусынының 7 тольқ, 7 жартылай толық, 7 бос - барлығы
21 бөшкесің өзара бөліп алғысы келеді. Әрбіреуінде бірдей көлемде квас
пен бөшкелер болу үшін не істеу керек?


80. !Төрт дос: Айдос, Берік, Сеня және Қайрат төрт қабатгы үйдің әр түрлі
қабатында тұрады. Айдос Беріктен жоғары, бірақ Сенядан төмен, ал Қайрат
Беріктен төмен тұрады. Олардың әрбіреуі қандай қабатта тұрады?


81. ! Екі әке мен екі бала үш апельсинді өзара болісті. Кімге қаншадан келді?


82. Азаматта 14 торкөз дәптер бар, бұл кеңжолға қарағанда 3 дәптерге көп.
Азаматта қанша кеңжол дартер бар? (25,17,11,31)


83. © Данияр мен Дәурен балды қатты ұнатады. Олар балара ұясының
балының дәмін татып көрмекші болады. Дәуренді баларасы 13 рет шағып
алады, бұл Даниярдікіне қарағанда 4 шағуы артық. Балапар шаққан жерге
қанша бастыру салды?


84. © Маржан бір кеш ішінде 30 дана кәмпиттен 2 қорап шоколад жеп алды,
бұл түнде жегеніне қарағанда 1 қорапқа аз. Маржан таңертең мектепке неге
келмеді?


85. © Маша бір минутта 99 рет, ал Дима одан 1 рет артық езу тартты.
Балалар бірігіп минутына қанша рет езу тартгы?


Page 19


19

86.© Жәнібек 2 қар түйірін жасады, ал Саша одан 3-ін артық жасады. Егер
Жәнібек пен Саша әрбір түйірді мүлт етпей қыздарға тигізген болса қанша
сыныптастары оларға ренжуші еді?


87. © Шымшық күніне 150 км-ді үшып өтеді, ал Вова өз арманында одан
700 км-ге артық ұшып өтеді. Вова шымшықпен бірге қанша километрді
үшып өтеді?


88. © Жәмила 18 коттедждің суретін, ал Құмар одан 2-ін артық салды.
Балалар қандай «жылжымайтын байлыққа» ие болды?


89. Шілде айында оңтүстік шөл далада ауаның орташа температурасы 29
градус, ал солтүстік орманды далада - 10 градусқа төмен. Шілде айыңда
орманды даладағы ауаның орташа температурасы қандай?


90. Алматы қорығында құстардың 200 түрі, ал Қорғалжын қорығында - 115-
ке артық түрі бар. Қорғалжын қорығында құстардың қанша түрі бар?


91. Жержүзінің ең биік нүктесі - Джомолунгма тауының биіктігі 8848 м
құрайды. Ал Қазақстандағы Хан-Тәңірі шыңы одан 1853 м төмен. Хан-
Тәңірі шыңының биіктігі қандай?









Белгісіз қосындылар мен қалдықтарды табуға
арналған есептер


1. Кішкене қыз екі күнде кіталгшң 10 бетін окып шықты. Бірінші күні ол 2
бет оқыды. Екінші күні ол кітаптың қанша бетін оқыды?


Page 20


20


2.Сауытта 8 алма болды. 5 алманы жеп қойды. Сонда кашпа алма қалды?


3.Оқушыға 6 есепті шығару керек. Ол 4-ін шығарды. Енді қанша есеп
шығару қалды?


4. Екі күнде саяхатшы 8 км жол жүрді. Бірінші күні ол 5 км жүріп өтті.
Саяхатшы екінші күні қанша км жол жүріп өтті?


5. Самат пен Берік көлден 10 мөңке балығын аулап алды. Берік 4 балық
ауласа, Самат қанша балық аулады?


6. Ұя басқан тауықгың 7 балапаны бар. Оның 2- уі қара, ал қалғандары сары
балапан. Сары түсті балапан қанша?


7. Отбасылық дәрігердің 9 емделушісі бар. Ол 6 емделушіге барып шықты.
Дәрігерге қанша емделушіні қарап шығу қалды?


8.Аулада 8 бала ойнап жүрді. Олардың 4-уі ұл бала, қалғандары қыз бала.
ұл балалармен бірге қанша қыз бала ойнады?


9.Үстелдің үсгінде 8 шыныаяқ тұрды. Олардың 2-уі сынып қалды. Қанша
шыныаяқ қалды?


10.Еңбек сабағына деген жиынтықта әртүрлі 30 бет қағаз бар. Оның 12 беті
ақ қағаз. Жиынтықта қанша бет түрлі түсті қағаз бар?

11.Үйдің төбесінде 19 көгершін үшып жүрді. Олардың арасында 3 сұр,
қалғандары ақ түсті көгершін болды. Қанша ақ түсті көгершін үшып жүрді?


12. Кітаптың 30 беті бар. Катя оның 20 бетін оқыды. Оқып шығуға қанша
бет қалды?


Page 21


21

13.Сыныпта 15 бөлме өсімдігі бар. Кішкентай қыз 8 өсімдікті суарды. Оған
тағы қанша өсімдікті суару қалды?

14. Шамтізбекте 70 шам бар. Олардың 35-і сары, қалғандары қызыл.
Шамтізбекте қанша қызыл түсті шам бар?


15. Далада 100 жөке және үйеңкі ағашын отырғызды. Үйеңкі 30 түп болды.
Ал жөке қанша түп болды?


16. Бір көшеде 56 үй түр. Егер оңың 18-і ағаш үй болса, тас үй қанша?

17. Бір күнде бекеттің жаньнан 42 пойыз өтеді. Егер оның 37-сі тауар
пойызы болса, жолаушы пойызы қанша болғаны?


18.Бау-бақшада 43 түп раушан гүлі бар, олардың 12-сі шай раушан гүлі.
Қалған раушан гүлі қанша түп?


19. Саябақта 35 аттракцион бар, олардың 15-і ересектерге арналған.
Бапаларға арналған қанша аттракцион бар?


20. Ажардың дәптерінде 45 баға болды. Бес деген — 32 баға, қалғандары -
төрт деген баға. Төрт деген баға қанша?


21. Үйге ағылшын тілінен 40 сөз жаттауға берілген болатын. Әлия тек 15
сөзін ғана жаттады. Әлияға алі қанша сөз жаттау керек?


22. Автобуста 29 адам келе жатты. Аялдамада 15 адам шығып кетті.
Автобуста қанша адам қалды?


23. Марат достарымен бірге қараторғайларға арнап 28 ұя жасады.
Қараторғай ұясының 12-ін орнатты. Тағы нешеуін орнату қалды?


24. Сыныпта 36 оқушы бар. Концертке 17 оқушы қатысты. Қанша адам
концертке қатысқан жоқ?


Page 22


22



25. Мадияр 63 нобай сурет салды. Ол ең жақсы 25 суретті бірінші сынып
оқушыларына сыйға тартты. Мадиярда қанша нобай қалды?


26. © Сержанның анасы 8 самса пісірді. Сержан аулаға шығып, 5 самсаны
достарына бөліп берді. Таңырқаған анасы қанша қалған самсаны көрді?


27. © Ағашта 7 шымшық отырды. Қарындары ашқан кезде 3 шымшық ұшып
кетті. Ағашта тамаққа тойған қанша шымшық отырды?


28. © Сәкенге 20 есеп шығару керек. Ол Мақсаттан 2 есепті көшіріп алды.
Бірақ, енді Сәкеннің өзіне әлі қанша есеп шығару керек?

29. © Маратқа 30 жабыстырма сыйға тартты. Ол 13 жабыстырманы
маңдайына жабыстырып алды. Альбомға жабыстыру үшін онда қанша
жабыстырма қалды?


30. © Арманның сөресінде 50 кітап тұр. Ол тек бір кітапты ғана оқып
шықты. Арманның назарын қанша кітап күтуде?


31. Марқакөл және Батыс Алтай қорықтарында барлығы 1285 өсімдіктер
түрі өседі. Марқакөл қорығында 721 өсімдіктер түрі бар. Батыс Алтай
қорығында өсімдіктердің қанша түрі өседі?


32. Қазақстанда 693 жерасты сулары кен орындары барланды, олардың
70- і -артезиан, қалғандары арынды емес. Неше арынды емес су көздері
барланды?


33. Тянь-Шаньда 1 009 мұздық бар, бұл Жоңғар Алатауындағы мұздықтар
санынан 360-ка кем. Жоңғар Алатауындағы мұздықтардың саны қанша?



Page 23


23



















Азайғыш, азайтқыш және айырманы табуға
арналған есептер

Жай есептер

1. Мәликаның 9 дәптері болды. Ол бірнеше дәптерді жазып аяқтағанда,
оның әлі, 5 дәптері қалды. Мәлика қанша дәптерді жазып бітірді?


2. Тәрелкеде 8 шабдалы болды. Бірнеше шабдалыны жеп қойған кезде,
тәрелкеде 3 шабдалы қалды. Сонда қанша шабдалы желінді?


Page 24


24



3. Дүкен сөресінде 10 қуыршақ тұрды. Бірнеше қуыршақты сатқаннан
кейін, 5 қуыршақ қалды қанша қуыршақ сатылды?


4. Жөндеу жұмыстарына 7 орама тұсқағаз сатып алынды. Бөлмені
жабыстырып біткенде, 3 орама тұсқағаз қалды. Жөндеуге қанша орама
тұсқағаз кетті?


5. Бау-бақшаны көгалдандыруға 9 көшет сатып алынды. 4 көшетті
отырғызды. Отырғызуға қанша көшет қалды?


6. Орман алаңқайында 7 түлкі ойнап жүрді. Бірнеше түлкі қашып кеткен
кезде, 2 түлкі қалды. Қанша түлкі қашып кетгі?


7. Сауытта жаңғақтар жатты. Одан 5 жаңғақты алған кезде, 2 жаңғақ қалды.
Сауытта қанша жаңғақ жатты?


8. Сауытта 6 жаңғақ жатты. Одан бірнеше жанғақты алған кезде, 3 жаңғақ
қалды. Сауыттан қанша жаңғақ алынды?


9. Сәнияның күнделігінде 3 «бес» деген баға тұрды. Сәния тағы бірнеше
бестік алғаннан кейін, олардың саны 7 болды. Сәния тағы канша «бес»
алды?

10. 6 орындық сырланған болатын. Тағы бірнеше орындықты сырлаған
кезде, олардын саны 10 болды. Тағы қанша орындық сырланды?


11. Сыныпта 25 оқушы бар. Бірнеше бала ауырып калған кезде, мектепке 22
оқушы келді. Қанша бала ауырып калды?


12. Әткеншекте 27 бала ойнал жүрді. Бірнеше бала түсіп кеткен кезде.
әткеншекте 20 адам калды. Әткеншектен канша бала түсіп кетгі?


Page 25


25



13. Автобуста бірнеше адам келе жатты. Автобуска аялдамадан 11 адам
мінген кезде, 33 адам болды. Автобуста бастапқыда қанша адам келе
жатты?


14. Автобуста 14 адам келе жатты. Аялдамадан бірнеше адам кіріп,
автобустағы адамдардын саяы 27 болды. Аштобусқа канша адам кірді?


15. Мектеп манайында 25 терес өсіп түрды. Күзге карай тағы бірнеше терек
отырғызылғанда, олардын саны 40-қа жетті. Күзде канша терек
отырғызылды?


16. Бөшкеде 50 шелек су болды. Одан суаруға бірнеше шелек су алған кезде,
оның ішінде 30 шелек су қалды. Бөшкеден қанша шелек су алынды?


17. Спорт залда 16 адам шынығып жатты. Тағы бірнеше адам келген кезде,
онда 38 адам болды. Спорт залға қанша адам келді?


18. Ләйлә түсіп қалған бірнеше жапырақты кептіріп қойды, оның 12-сін
досына сыйлады. Бұдан кейін онда әлі 25 жапырақ қалды. Ләйлә қанша
жапырақ кептірді?


19. Тікұшақтан 12 адам шыққан кезде, оның ішінде 2 адам қалды. Тікүшақта
қанша адам болды?

20. 32 кг қиярды сатқаннан кейін, әлі 12 кг-ын сату қалды. Дүкеншіде қанша
килограмм қияр болды?


21. Монтер жөндеу үшін 42 метр электр сымын жүмсады. Оның әлі 18 метр
сымы қалды. Монтерде қанша метр электр сымы болды?


22. Гараждан 29 машина кеткен кезде, онда 11 машина қалды. Гаражда
қанша машина болды?


Page 26


26


23. Аспанға 10 ұшақ көтерілді, ал аэродромда 17 үшақ қалды. Аэродромда
қанша ұшақ болды? (17, 10,27,7 ұшақ)


24. Әскери аэродромда 42 ұшақ болды. Әскери тапсырмамен бірнеше ұшақ
үшып шықты, сонда аэродромда 28 ұшақ қалды. Тапсырмаға канша ұшақ ұшып
кетті? (28,14,21,70 ұшақ)


25. Арал теңізінің бастапқы тереңдігі 62 метрге тең болды. Құрғакшылық
пен ретсіз қолдану салдарынан су деңгейі төмендеп, 39 метрге дейін түсті.
Арал теңізінің су деңгейі неше метрге төмендеді?



















Құрама есептер

26. Аман бірнеше қорап тоқаш сатып алды. Ол үйіне 4 қорабын қалдырды,
3 қорапты әжесіне апарды, ал 6 қорабын достарына таратты. Аман қанша
қорап тоқаш сатып алды?



27. Бірнеше құты қияр тұздалды. 13 кг қиярды жеп, салаттарға 5 кг
қолданған соң, қалғаны 15 кг болды. Қанша қияр тұздалды?


Page 27


27


28. Залда 34 қызыл және 45 көк орындық болды. Егер бірінші залда 23
орындық қалса, басқа залға қанша орындық тасылды?


29. Ілияс альбомда 25 ергежейлі мен 16 чебурашканың суретін салды. Ол 9
ергежейліні эльфке және 5 чебурашканы аюға өзгертті. Қанша ергежейлі
мен чебурашка қалды?


30. Бау-бақшада 45 бақытгүлі бар. Олардың 18-і үлкен гүлбағында, ал
қалғаны 3 кішкентай гүлбағында теңдей етіп өсіріледі. Кішкентай
гүлбағында қанша бақытгүлі өсірілуде?


31. Мектеп ауласында 35 ұл және 7 қыз бала жұмыс істеді. Бірнеше адам
кетіп қалған кезде, онда 17 адам қалды. Қанша адам кетіп қалды? (25, 5,
|5,17)


32. ©! Жаңа сырланған 12 парта мен сырланбаған 5 парта болатын. Марат
жаңа сырланған бірнеше партаға отырған кезде, таңбасыз 7 парта қалды.
Барлығы қанша және қайтадан қанша парта сырлау керек?


33. © Мүсілім сабаққа даяр болмаған кезде, өз жауабын «э-э-э-э...» әрпінен
бастайтын. Бір күнде ол барлығы 24 рет «э-э-э-э...» депті. Сөньщ 8-ін
математика сабағында, география сабағында 5 рет ал қалғанын қазақ тілі
сабағында айтып шығыпты. Мүсілім қанша рет қазақ тілі сабағында, «э-э-э-
э...»деді?

34. Бамбук ең тез өсетік өсімдік екені баршаға мәлім. Оның жас өскінінің
биікгігі - 3 м 20 см. Келесі күні оның биіктігі 4 м 10 см-ге дейін жетті. Сонда
бір тәулік ішінде бамбук қаншаға өседі екен?


35. Бәйтеректің «алтын шарына» дейінгі биіктігі -97 м, ал жалпы биіктігі
105 метрге тең. Сонда «алтын шардың» диаметрі қанша екен?





Page 28


28
































Айырымды және еселі салыстыруға
арналған есептер
Жай есептер


1. Бау-бақшада 8 бұта таңқурай және 5 бұта қарақат бар. Қарақатқа
қарағанда таңқурай қанша бұтаға көп?


2. Жазда 4 кг саңырауқұлақ кептіріп, 10 кг тұздалды. Тұздалғанға қарағанда
қанша саңырауқұлақ аз кептірілді?


Page 29


29


3. Дүкенге 10 жәшік құрма мен 7 жәшік жүзім әкелді. Дүкенге жүзімге
қарағанда, қанша жәшік құрма көп әкелінді?


4. Аман 7 жаста, ал Мәдина 10 жаста. Мәдина Аманнан қанша жас үлкен?


5. Болат 8 саңырауқұлақ, ал Анар 10 саңырауқұлақ тауып алды. Анармен
салыстырғанда, Болат қанша саңырауқұлақ аз тапты? |


6. Үйдің биіктігі 16 метр, ал қораның биіктігі 4 метр. Қора үйден қанша метр
төмен?


7. Емен діңгегінің құлашы 10 метр, ал баобаб діңгегінің құлашы - 50 метр.
Баобаб ағашы діңгегінің құлашы қанша метрге артық?


8. Пойыз Астанадан Алматыға дейін 2 күн, ал Алматыдан Мәскеуге дейін 4
күн жүреді. Астанадан Алматыға дейінгі пойызға қарағанда, Алматыдан
Мәскеуге дейін жүретін пойыз қанша күнге үзақ жүреді?


9. Анам 7 кг карамель және 3 кг шоколад кәмпитін сатып алды. Анам
шоколад кәмпитті карамельге қараганда қанша килограммға аз сатып алды?


10. Аспашамда 15 үлкен және 8 кішкентай шам бар. Үлкенге қарағанда
кішкентай шам қаншаға аз?


11. Мектеп буфетінде 35 орындық, 7 үстел бар. Үстелге қарағанда,
орындықтар қаншаға көп?


12. Мектеп буфетінде 30 орындық, 5 үстел бар. Үстелге қарағанда,
орындықтар неше есе көп?


13. Бір баланың салмағы 36 кг, екіншісінікі -29 кг. Бірінші баланың салмағы
қанша кг көп?


Page 30


30


14. Ер адамның қадамы 75 см, ал жас баланың қадамы 50 см болады. Жас
баланың қадамы ер адамнан қаншаға аз?


15. Көрмеде екі асқабақ болды: біреуі 40 кг, ал екіншісі 37 кг тартады.
Бірінші асқабақ қанша килограмға ауырлау болды?

16. Әжесі 56 жаста, ал немересі 10 жаста. Немересі әжесінен қанша жас
кіші?


17. Анасы 30 жаста, ал қызы 5 жаста. Анасы қызынан қанша жас үлкен?



18. Қазақстанда 8,5 мың үлкен және кіші өзендер, 48 мың көлдер бар. Көлдер
саны өзендерден қаншаға көп?


19. ЕҢ жүйрік құс - сапсан қыраны. Оның жылдамдығы 320 км/сағ дейін
жетеді, ал еұр қарлығаштың ең үлкен жылдамдығы - 160 км/сағ. Қыранның
жылдамдығы қарлығаштың жылдамдығынан неше есе артық?






Құрама есептер


20. Кәдінің салмағы 2 кг, ал асқабақ 4 кг тартады. Асханаға осындай 9 кәді
және 6 асқабақ әкелді. Кәдіге қарағанда, асқабақ қанша килограмға көп?


21. Мадияр 4 күнде 12 бет оқып шықгы, ал Амангелді 30 күн ішінде 18 бет
оқыды. Мадиярға қарағанда, Амангелді күніне қанша бет көп оқиды?


22. Кәді 2 кг, ал асқабақ 4 кг тартады. Асханаға осындай 4 кәді мен 8 асқабақ
әкелді. Бір асқабақ бір кәдіден неше есе ауыр? Барлық асқабақтан барлық
кәді қанша есе ауыр?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!