жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас
Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас
Қоғамдағы қарым-қатынас ауызша сөйлеу немесе жазбаша тілдесу арқылы жүреді. Ауызша сөйлеудің де, жазбаша тілдің де түп негізі – ұлттың ғасырлар бойы жасаған, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, жылдар сын нан өткізген жалпыхалықтық тілі. Қазақ халқының ұлттық дағдыдәстүрімен біте қайнасқан, елдің тарих, шаруашылық, мәдени, әдеби құндылықтарын жарқырата көрсететін – ауызша сөйлеу тілі. Ауызша сөйлеу тілі күнделікті тұрмыста қолданылатын, бетпе-бет көріп отырған екі немесе одан да көп адамдардың бірімен сөйлесуі, пікір алысуы. Бұны ауызекі сөйлеу тілі стилі қарастырады. Оның басты ерекшелігінің өзі-өзара сөйлесу кезінде адамдардың пікірі ғана емес, мінез-құлқы, ой-өрісі, сөйлесе білу, тілдесе алу мәдениет, әдебін де көрсететіндігінде. Әдептіліктің басы сөйлесу, тілдесуден-ақ аңғарылады. Ұлттық дәстүр, мәдениетті бойға сіңірген жанның халықтық сөйлеу әдебін үйренуі, білуі шарт. Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесін бір отбасы на теліп қоймай, ауыл, ел, ру болып қолға алған. Бір ауыл, ел, рудан өрескел іс істеген, әдепсіздік көрсеткен адам табылса, ел болып түзеген. Пікір алысу, сөйлесу кезінде адамның қимылқозғалысы, бет-әлпет өзгерісі де оның жан дүниесін, ішкі ойын білдіріп отырады. Дауыс ырғағы, сөзді орынды қолдану, екпін, кідіріс сияқты қосымша белгілер де сөйлеушінің пікір білдіріп қоймай, мәдениетін, тәрбиесін көрсетеді. Орынсыз дауыс көтеру, даурыға сөйлеу, жөнсіз айғайлау, дауысын құбылту, бет-пішінін өзгерту, сөйлесіп тұрған адамды соңына дейін тыңдамау, сөзді бұзып сөйлеу, сөйлемді бұзып айту, дөрекі сөздерді қолдану – тәрбиесіздік, әдепсіздік белгісі. Мәдениетті, тәрбиелі адам ойын еркін жеткізуді мұрат етіп, тілдегі сөздік қорды барынша мол пайдаланып, орнымен жұмсап, ойды жүйелі, нақты, сабырмен айтуды дағдыға айналдырады. Ауызекі сөйлесудің басты шарты – сөйлесушіні тыңдай білу, пікірін, ойын дұрыс түсіну. 53 Ауызекі сөйлеу тілінің өзіндік стильдік ерекшеліктері бар.
Сөйлеу тілі қарапайым қарым-қатынас жасау кезінде айтылады; – көбіне-көп алдын ала дайындықсыз өтеді; – сөздердің, сөйлемдердің қалыптасқан қалпы өзгеріске түзеді; – одағай, қыстырма, қаратпа сөздер көп қолданылады; – дауыс ырғағы, бет-пішін, қол қимылдары қосымша қызмет атқарады. Сөйлеу ауызша дыбыстар екпін, интонация ым-ишара қимыл-қозғалыс көзқарас айтамыз-естиміз жазбаша әріптер тыныс белгілері шрифті бөлу тарау, бөлім параграф жазамыз-оқимыз Сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлері Ауызекі сөйлеу. Жазбаша сөйлеу.
Қазақ әйелдері сөз мәдениетін, сөз әдебін ел дәстүр, дағдысын сақтаушылар ғана емес, қазақ ұғым, танымындағы сөз иесі, сөз киесі дегенді қадірлеп ұстап, баптаушылар да. Оған дәлел қазақ тілінде – табу мен эвфемизмдер. Табу, эвфемизмдерді қолданатын әйелдер болса, екінші жағынан ауызекі тілді көркемдеуші, бейнелеуші де – солар. Қазақ халқының тұрмысында табу төмендегідей жағдайларда қолданылған. 1) Келін қайын жұртының (қайын жұрты – күйеуінің елі, туыста ры немесе ер адамға әйелінің туған-туыстары, ауылы) адамдарын өз атымен атамай, әрқайсысына өзі ат қоятын болған. Оны ат тергеу дейді. Ат тергеу жақындығына, жасына, жолына қарай қойылады. Мысалы: қайын сіңлілерін (күйеуінің қарындастары) «Шырай лым», «Еркем», «Тотым», т.б. десе, қайындарын (күйеуінің інілері) «Төре жігіт», Сұлу жігіт», Сылқым жігіт», «Мырза», «Шырақ» деп атаған. Қайын ағаларының, қайын апаларының аттарын бейнелеп, өзгертіп немесе қасиет, мінез, сипат ерекшеліктерімен жұмбақтап атаған. Мысалы: «Ұзын қайын аға», «Үндемес апай» т.б. 2) Қазақ тіліндегі табу сөздердің тағы бір саласы табиғаттың, аңдар мен қауіпті жәндіктердің, жазылмайтын аурулардың атта рын екінші бір сөздермен жұмсарта алмастыру арқылы қолданған. Мысалы: найзағайды жасын, қасқырды атыжаман, ұлыма, қарақұлақ, жыланды ұзын деп атаған. Халық қасқыр деп тура атаса, атын атап шақырып аламыз деп астарлы сөзбен айтқан. Табу сөздер – халықтың әдет-ғұрпын, салтын, тұрмысын ашатын сөздер.
Жасы кішілерге қойылатын аттар, түр-түс, кәсібіне қарай кісі атының сыңарындағы сөздерді ауыстыруы «Шырайлым», «Еркем», «Қаракөз», «Бикеш», «Ортаншым», «Кенже», «Мырза», «Төре» т.б. «Бадырақ», «Семіз», «Ақын аға», «Жыршы ата», «Шешен қайнаға», «Ұста қайным» т.б. Ақ – «шаңқан», қара – «баран», сары – «шикіл», алты – «бестен бірі артық», пышақ – «жаныма» т.б. 39-жаттығу. Мәнерлеп оқыңыздар. 1. – Иә, біздің ауылдың кісілері! Ахкем үйінде қонақ болдың, ішер асыңды іштің (Ахкем деп ол қайнағасы Тәкежанды ай татын). Енді қайтыңдар. Малдарыңа, шаруаңа жөнел, түге! – деді (М. Әуезов). 2. Осындай мінезін бар жұртқа қолданғанмен, Мәнікенің тісі батпайтын бір ғана кісі бар. Ол – Абай. Қайны болса бір сәрі еді. Өзі қайнаға, оны және Мәніке амалсыз кішілік жолы, келіндікпен «Әйнеке» деп атайтын (М. Әуезов). 3. – Кенженің өзі де көзі тірісінде, туысқан ішінде бір Шыраққа табынып кетті ғой. Марқұм, сол кезде-ақ қойны-қонышына жинағаны өңшең Шырақтың таратпасы болды ғой (М. Әуезов). 4. Кейде Абайды «Мәніке келіні осылай кекеп отыр» дегенді естігенде Әйгерім сыңғырлай күліп қалатын. Ол үшін ұялғандай, қып-қызыл болып отырып, бұ да бір күні өзінің сыпайы, шебер мысқалын айтқан: – Бір Әжекеңе, – деп Ырғызбай деген атасының атын атай ал май, – екі бірдей кемеңгер қайдан ғана сыя алсын-ау! Абай білгіш болса, біздің Мәніке келін одан да озған. Бір қазанға екі дойдыр қошқардың басы сыймай жатқаны сол емес пе? (М. Әуезов) Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Ауыспалы мағынадағы сөздерді табыңыздар. 2. Табу деген не? Мәтіндегі табу сөздерді жазыңыздар. 3. Мәтіндегі кейіпкерлерді атап, жалғастыра әңгімелеңіздер. 56 40-жаттығу. Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар – жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреумен таныса қалса, мәнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең қолдан келсе, табанда өзгертіп, әдемі аттардың бірін иемденіп алар едің. Бірақ амалың нешік, сен қызылшақа болып, жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығынды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген... Менің атым – Қожа. Көріп отырсындар, пәлендей әйдік ат емес. Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Туу куәлігімнің өзінде солай деп жазылған. Бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстар бола беретін тәрізді, бертін келе «Қожабергеннің» құйрығы үзіліп түсіп қалыпты. Бұл құбылыстың дәл қай жылы, қай айда, қай күні болғанын тап басып ешкім де ай тып бере алмайды. Сонымен, мен өзім ес білгелі Қожамын. Ауылаймақтың бәрі солай деп атайды. Біз бір класта екі Қожа бармыз. Сүттібайдың үлкен баласының аты да – Қожа. Оқушылар екеумізді шатастырып алмас үшін өңімізге қарап, мені Қара Қожа, оны Сары Қожа деп атайды. Әуел баста мен бұған да шамданып қалатын едім. Бірақ жүре-бара құлағым үйреніп, дағдыланып кеттім. «Қара Қожа» дегендерге «әу» деп, жалт қарайтын болдым. Жантас тәрізді қылжақтар осының өзін де дұрыс айтпайды, әдейі бұзып, келемеж деп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара көже» дейді. Мен байқамай қалып «әу!» деймін. Бірақ бұл қылығы үшін, бишараның обалы нешік, тиісті сыбағасын менен талай рет алды. (Б. Соқпақбаев) 57 Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Қожаның адам аттары, ат қою туралы ойы мен ұлттық ат қою дәстүрінде сабақтастық бар ма? 2. Жаңа туған нәрестеге ат қоюға қандай халық дәстүрлері бар? Сол ғұрыпқа қатысты сөздер мен сөз орамдарын жазыңыздар. 3. Ат қоюдағы Қожа айтқан «әділетсіздіктер» туралы не айтасыздар? 4. Өз аттарыңыз, оның беретін мән-мағынасы туралы білесіздер ме? Өздеріңізге қандай атты лайық деп есептейсіздер... 5. Сөйлеу, әңгімелеу тілінің көркем әдебиеттегі қолданысының қандай ерекшеліктері бар? 6. Үлкендер сөйлеу тілінен балалар тілінің өзгешелігі қандай? Жұрт алдында сөйлеу Ауызша сөйлеу тілі әдеби тілде және ауызекі тілде сөйлеу бо лып бөлінеді. Ауызша сөйлеу тілі күнделікті қарым-қатынаста жүретінін айтып өттік. Ал әдеби тілде ауызша сөйлеудің де бірне ше түрі бар. Оны жұрт алдында сөйлеу тілі деп те атайды. Жұрт алдында сөйлеу: 59 – баяндамашы, лекторлар; – түрлі орындарда айтылар тілек, мадақ; – құттықтау, көңіл айту, көңіл аулауға қатысты сөздерден құралады. Баяндамашылар мен лекторлар тілінің басқалардан ерекшелігі белгілі бір мәтінді дайындап, нақты тақырып аумағынан шықпай сөйлеу болса, әр түрлі орындарға айтылар тілек, мадақ сөздер мен той үстіндегі құттықтау, көңіл айту, сүйінші сұрау, көңіл сұрау дәстүрлеріне қатысты сөздер көбінекөп көркем, бейнелі, әрі қалыптасқан сөздер мен сөз тіркестері нен, кейде сөйлем деңгейіндегі тұрақты сөздерден құралады. Әрқайсысының сөз қолдану ерекшелігі, өз ойын тыңдаушыға жеткізу тәсілі әр қилы болса да, ортақтығы – айтуда қажетті тіл дік орфоэпия заңдылықтарды меңгеру және сақтау. Жұрт алдын да сөйлеу кезінде ең бастысы – тіл заңдылықтарын сақтау мен сөйлеу техникасын меңгеру. Айтар ойын жеткізуде сөйлеуші өз сезімін, көзқарасын дауыс ырғағы, дауыс күші, ым-ишара, әр қимыл-қозғалысы арқылы да жеткізеді. Сөйлеуші сөзінің тыңдаушы көңіліне қонуы таңдап алған сөздерін дұрыс қолдану, байланыстыруымен бірге оның сөзін құлақпен естіп, қимылын көзбен көруінің де ықпалды екенінде. Сөйлеушінің ым-ишара, қимыл-қозғалысының екіжақты қызметі бар. Ойды дәл, нақты жеткіздің көмекші құралы болса, екіншіден орынсыз, артық, жөнсіз қолданылса, тыңдаушыларына кері әсер етеді. Қандай жағдайда болсын ым-ишара, сезім, қимылқозғалыстың көмекші құрал екенін ескіріп, айтылатын тақырып мазмұнын ашатындай болуына назар аударылуы керек Қорыта келгенде жұрт алдында сөйлеуде: – дауыс ырғағына, интонациясына, дауысты сан түрлі құбылтуға; – сөйлемнің эмоционалды бояуына; – сөйлеу темпіне; – дауыс күшіне; – сөздерді орфоэпия нормасына сай қоюға; – қимыл-қозғалыс, ым-ишараны орнымен қоя білуге назар ауда рылу керек. 1. Жұрт алдында айтылатын сөз жазбаша сөзден құрылысы жағынан ықшам болады. 2. Қаратпа, қыстырма сөздер жиі қолданылады. 3. Тыныс белгілері дауыс ырғағы, дауыс кідірісі арқылы байқалады.
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол – ақынның білімсіз бишарасы. Айтушы мен тыңдаушы көбі – надан, Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы... Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, 61 Сонда да солардың бар таңдамасы. Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы? Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап. Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел, Сендерге де келейін енді аяңдап. Батырды айтсам ел шауып алған талап, Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап. Әншейін күн өткізбек әңгіме үшін, Тыңдар едің әр сөзін мыңға балап. Ақыл сөзге ынтасыз, жұрт шабандап, Көнгенім-ақ соған деп жүр табандап. Кісімсінген, жеп кетер білімсіз көп, Жіберсем, өкпелеме көп жамандап. Амалдап қарағайды талға жалғап, Әркім жүр алар жердің ебін қамдап. Мақтан қуған мал құмар нені ұға алсын, Шықпаса, мыңнан біреу талғап-талғап. Мал жиып арамдықпен ұрлап-қарлап, Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап. Қақса-соқса бір пайда түсе ме деп, Елдің байын еліртіп «жау мұндалап». Ынсап-ұят, ар-намыс, сабыр, талап, Бұларды керек қылмас ешкім қалап. Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап. Уақыт Қашықтық Адам мінезі, қасиеті Қимыләрекет Басқа мағына 48-жаттығу. Сөздерді тұрақты сөз тіркестерімен ауыстырып жазы ңыздар. Үлгі: анық – тайға таңба басқандай. Белгілі, үндемеу, ұйықтамау, тез, ұялу, балағаттау, әдемі, ойламау, қорқу, алыс, жақын, сөзшең, таза, жас, өтірік, шын, мейірімді. Сөз қолдану мәдениеті Бұған дейін біз ауызекі тілде сөйлеудің түрлері, ерекшеліктері туралы айттық. Ауызша сөйлеудің қажеттілігі, қолданылатын орындарына қарай маңызды екені белгілі. Бүгінгі ғылым қарқын алған қоғамда сонау өткен-өткен ға сырлардан бері қарай ауызша сөйлеудің шаруашылық, тұрмыс пен мәдениетте, жалпы адамзат дамуы үшін жеткіліксіз екені байқалды. Қазақ қоғамында жазу мәдениетін болмады деген пікір дұрыс емес екенін бәріміз де білеміз. Бірақ көшпелі мәдениетті даму негізі санаған қазақ ұлты үшін ауызша сөйлеу, әдеби, рухани мұ раны жатқа білу есте сақтау қабілетін күшейтіп, сөз құдіретін та нуға әсер етіп, сөз киесінің сөйлеуші мен тыңдаушыға неғұрлым 64 тегеурінді жетуіне ықпалын жасады. Ауызекі тілде сөйлесу қарымқатынасты жасаушы, ұлтты ұйытушы, бірлік, ынтымағын жара стырушы болды, әлі де сол қызметін жоққа шығара алмаймыз. Жазу адам ойын жүйелі, тиянақты, толық жеткізуге мүмкіндікті молырақ береді. Жазбаша сөздің, қарым-қатынастың ерекшеліктері: – сөйлем құрылымы қалыптасқан үлгіден көп ауытқи бер- мейді (стильдік өзгешеліктерді болмаса); – емле ережесі ортақ, оны өзгертуге болмайды; – сөздердің жазылуының орфографиялық ұстанымдары сақталуы тиіс; – қаратпа, қыстырма, одағай сөздер ретсіз көп қолданылмайды (стиль өзгешелігіне қарай ғана). Қазақ халқы үш түрлі жазу жүйесін қолданған. 1929 жылға дейін мұсылман дінінің, ислам мәдениетінің таралуына байланыс ты араб әліпбиін пайдаланады. Кеңес өкіметі кезіңде 1929 жылдан латын жазуына көшсе, 1940 жылдан бері орыс жазуын қолдануда. Қазақ тілінің емле ережесі 1957 жылы, 1983 жылы (2003 жылы) жаңа толықтырулар мен өзгертулер негізінде түзетіліп отыр ды. Сөздердің дұрыс жазылуы «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне» сүйене отырып қадағаланады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген