жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Сөз мәйегі - ой түйіні" мақал-мәтел сайысы
Мақсаты:
Мақал - мәтелдердің мағынасын ұғынуға, олардың айырмашылығын айыра білуге үйрету.
Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.
Адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: шарлар, гүлдер, интерактивті тақта т.б
І. Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл- қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім.
Мұғалім сөзі:
Топқа бөліну үшін мына менің алдымда шашырап жатқан гүл күлтелерін таңдап алайық. Енді таңдап алған күлтелерімізді артында жазылған сөзге қарай құрастырамыз. «Ынтымақ түбі – береке» мақалының мағынасын қалай түсінесіздер?
-Олай болса балалар, бүгінгі сайысымызда ынтымақпен бірлесе отырып тапсырмаларды орындайық.
Сөйтіп 3 топ болып 3 гүлдің бейнесін құрастырамыз. Ал мен сіздердің ұпайларыңызды осы гүлге қонатын көбелектер арқылы беріп отырамын. Қане, көрейік гүлдеріңізге қанша көбелек қонар екен?!
Қайырлы күн құрметті қонақтар!
Бүгінгі «Сөз мәйегі – ой түйіні» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер. Мәйек сөзіне түсінік беріп өтсем. Мәйек - жас төлдің ұлтабарынан алынып,сүттен ірімшік жасауға пайдаланатын ұйытқы.Ал, сөз «мәйегі»сөздің ұйытқысы,құндылығы деген мағынада айтылып тұр.
Мақал-мәтел – ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұқыпты сақтап келген еңбек тәжірибесінің жиыны, ой пікірінің түйіні, өмір тіршілігінің арнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы. Бұрынғы кезде ата-бабамыз сөзге тоқтаған , сөз құдіретін сыйлаған халық болған. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін»осындай түйінді сөздермен жеткізе білген. Жалпы, мақал-мәтел дегеніміз – нақты бір ойды қысқаша, нақышты әрі сынаушы көзбен жеткізу. Мақал-мәтел ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді
Мақалда қорытынды тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі»- деген мақалда елді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр. Мәтелде ой тікелей білдірмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен көрген –ұлы той»- мұнда не көрсең де халықпен көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
Сонымен сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар.
І бөлім: «Жалғасын тап» бөлімінде әр топқа берілген 10 мақалдың әр дұрысына 1 ұпай беріледі.
ІІ бөлім: «Кім тапқыр?» бұл бөлімде берілген смайликтерден мақал-мәтел құрау.
ІІІ бөлім: «Ойлы болсаң озып көр» бұл бөлімде жұмбақтың жауабын шешіп, сол сөзге мақал құрау.
ІV бөлім: «Жеті жұрттың тілін біл» деп аталады. Бұл бөлімде мақал ішіндегі жасырылған сөзді тауып, оны үш тілде айту.
V бөлім: Бұл бөлімде мақал-мәтелдердегі сөздердің орындары ауыстырылып беріледі.
Сайыс барысы:
І бөлім: «Жалғасын тап» бөлімі
1
– топқа:
1.
Кітап – білім бұлағы,.... (білім – өмір
шырағы)
2. Досы көпті жау алмас,....
(ақылы көпті дау алмас)
3. Әркімнің
өз жері.........( жұмақ)
4. Еңбек етсең
ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
5.
Жері байдың –... (елі бай)
6 .Батыр
туса-ел ырысы, .....(жаңбыр жауса жер
ырысы).
7.Әдепті бала - арлы
бала......(Әдепсіз бала –сорлы бала).
8.Еңбек
етпесең, елге өкпелеме,......(Егін екпесең
,жерге өкпелеме).
9. Қыз өссе- елдің
көркі......( гүл өссе жердің көркі)
10.
Мектеп-кеме......( білім теңіз)
ІІ-топқа
1.Сөздің
көркі-мақал (Жүздің көркі-сақал)
2.Өз
елім… (өлең төсегім)
3.Балапан ұядан
не көрсе…(ұшқанда соны іледі)
4.Сөзің
тәтті болсын…(ашуың қатты болсын)
5.Жақсы
кісі байқап сөйлер…(жаман кісі шайқап
сөйлер)
6.Ананың көңілі балада…(баланың
көңілі далада)
7.Ұста пышаққа
жарымас..(етікші етікке жарымас)
8.
Батыр
туса ел ырысы…(жаңбыр жауса жер
ырысы)
9.Балалы үйдің…(ұрлығы
жатпас)
10.Оқу- білім бұлағы…(білім-өмір
шырағы)
ІІІ- топқа
1.Тіл
тас жарады…(Тас жармаса ,бас
жарады)
2.Ашу-дұшпан, ақыл дос..(Ақылына
ақыл қос)
3.Тіліңмен жүгірме,.(Біліммен
жүгір)
4.Сөзде қаңқу жаман…(ауруда
шаншу жаман).
5.Білекті бірді жығар,... (Білімді мыңды жығар)
6.Оқусыз білім жоқ,...(Білімсіз күнің жоқ)
7.Отансыз адам,...(Ормансыз бұлбұл)
8.Алтау ала болса ауыздағы кетеді,...(Төртеу түгел болса төбедегі келеді)
9.Ас адамның - ... (арқауы)
10.Жақсы тауып айтар,...(Жаман қауып айтар)
ІІ бөлім: «Кім тапқыр?»
ІІІ бөлім: «Ойлы болсаң озып көр»
1.
Аспан
түстес сұйық,
Әркім ішер құйып.
/су/ Судың да сұрауы бар.
2.Көп бытыра
қорғасын,
Көбейткен жердің олжасын
/жаңбыр/ батыр туса- ел ырысы,жаңбыр
жауса- жер ырысы.
3.
Үйіңді
қорғайды,
Үйшікте тоңбайды. /ит/ Ит
үреді,керуен көшеді.
4.Отыз екі орағым
бар ғажайып,
Әттең кейін кетеді ғой азайып. /Тіс/ Отыз тістен шыққан сөз,отыз рулы елге тарайды.
5.Аузы бір, қос құбыр. /Шалбар/ Адам сәні-шүберек
6.Кезікті бір жануар,
Үстінде екі таы бар. /Түйе/ Соңғы түйенің жүгі ауыр.
7.
Талдың
басында, жемі бар қасында,
Там
тұр саялы, достары аялы. /құс
ұясы/
Балапан
ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі.
8.Беттескен қос табақ,
Ортасында бас тамақ. /Нан/ Нан бар жерде, ән де бар.
9.
Далада
жүр шапқылап
Керемет бір
саққұлақ./қоян/
Жігітті
намыс,қоянды қамыс өлтіреді.
ІV бөлім: «Жеті жұрттың тілін біл»
І топқа
1.... - денсаулық кепілі. (Тазалық-чистота-)
2.... инемен құдық қазғандай. (Оқу-учеба-study)
3.... оттан да ыстық. (Отан-родина-)
4.Ашу – дұшпан,ақыл-... (Дос-друг-friend)
5.Білекті бірді,білімді ... жығады. (Мың-тысяча-thousand)
6.Мектеп – кеме, білім-... (Теңіз-море-see)
V бөлім:
1.Құрмет,тілге,құрмет,елге.
2.Жерде,тіл,жоқ,ұлт,жоқ.
3.Тіл,жарады,бас,тас,жармаса.
4.Мектеп,білім,теңіз,кеме.
5.Ыстық,отан,оттан да.
6.Жау,алмайды,көпті,досы,ақылы,көпті.
7.Ұяда,соны,ұшқанда,іледі,не көрсе.
Қорытынды:
Мұғалім сөзі:
Мақал-мәтелдің көмегімен айтайын деген ойыңды ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Жаманнан сақтандырып, жақсыны үлгі етер мақал-мәтелдің адам өміріне азық болары анық. Мақалды көп біліп, көп қолданатын адамның білімі де, ақылы да арта түседі дей отырып бүгінгі «Сөз мәйегі – ой түйіні» атты сайыс сабағымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға көп рахмет!
«Боранқұл орта мектебі» КММ
Сөз мәйегі – ой түйіні
(Сайыс сабақ)
Сыныбы: 4 «Б»
Сынып жетекші: А.Б.Мырзаханова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген