Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сөз мәйегі-мақал"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды халқымыздың асыл сөздері мақал - мәтелдерді жаттай білуге, оны күнделікті ауызекі сөйлеу тілдеріне қолдана білуге баулу. 2.Тәрбиелік: Оқушыларды туған елін, жерін сүюге, құрметтей білуге тәрбиелеу 3.Дамытушылық: Оқушыларды шапшаңдыққа, ептілікке төселдіру, тіл байлықтарын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы

«Мың бір мақал» (мақал-мәтел сайысы)

Сабақтың мақсаты

1.Білімділік:Оқушыларды халқымыздың асыл сөздері мақал - мәтелдерді жаттай білуге, оны күнделікті ауызекі сөйлеу тілдеріне қолдана білуге баулу.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды туған елін, жерін сүюге, құрметтей білуге тәрбиелеу 3.Дамытушылық: Оқушыларды шапшаңдыққа, ептілікке төселдіру, тіл байлықтарын арттыру.


Міндеттері

1. Оқушылардың белсенділігін арттыру.
2. Сабаққа деген қызығушылықтарын тудыру.
3. Оқушыларды жаттығулармен жұмыс барысында ойландыру, топтық жұмыста еркіндік беру.

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ

Күтілетін нәтиже

1. Мақал - мәтелдер айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.

2.Адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

3.Сауаттылықтары қалыптасады.

4.Ұжымдасып еңбек ете отырып, көшбасшылықты көрсетеді.

7 модульдің қолданылуы

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

топтық жұмыс, сұрақ - жауап, қорыту, талдау, бекіту, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары ( ой тастау, топтастыру, т. б)



Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

Бағалау критерий


3 мин

«Суреттермен топтастыру»

«Білімділер», «Алғырлар», «Тапқырлар» болып 3 топқа бөлу.Оқушылар, түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлу.

Оқушылар, түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлінеді


10 мин

Кіріспе
Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар, ойынға қатысушылар! Бүгінгі біздің ойынымыз «Мың бір мақал» - деп аталады. Ойынымыз 5 турдан тұрады. Ойынға қатысушыларды ойынның мақсатымен, жоспарымен таныстырып өтеміз.
Мақал - мәтелдер халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Мақалдар ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл - өнегесі мол көрініс тапқан.
1 - тур «Шатасқан мақалдар»
2 - тур «Жалғасын тап»
3 – тур«Ширату» әзіл аралас сұрақтар

4 - тур «Суреттер сөйлейді» Сурет бойынша мақал құрастыру

5-тур «Ойлан тап!» Әріптерден мақал құрастыру















1 - тур«Шатасқан мақалдар»

Оқушылар, адасқан сөздерден мақалдарды құрастырып шығаруы керек.Жылдамдықпен жұмыс жасаймыз.

1 Алғырлар:

Тәтті,тәтті,наны,жаны,еңбектің,жалқаудың

Отансыз,бұлбұл,адам,ормансыз

2.Тапқырлар:

Іледі ,ұяда,соны ,ұшқанда,не ,көрсе

Отан, отқа,түс,үшін,күймейсін

3.Білімділер:

ас,бидай,тас,күміс,екен,арпа,екен,алтын

Бала,бала,бала,бала,арлы,сорлы,әдепсіз, әдепті


Әр топтан жұмыла жұмыс жасайды

Мақалдарды құрастырады.


20 мин.

Талдау

2 - тур «Жалғасын тап»

Мақал-мәтелдердің тақырыптары бойынша ұяшықтар берілген.Ол ұяшықтағы мақал-мәтелдің жалғасын табамыз. 1. Оқу білім бұлағы, ...

2. Жаңбыр бір жауса, ...

3. Өнерлінің қолы алтын, ...

4. Еңбек етсең ерінбей, ...

5. Отан қуат, ...

6. Ұланы бар елдің , ...

7. Білген кісі тауып айтады,

8. Жақсыдан үйрен, ...

9. Жері байдың, ...


Мақал-мәтелдердің тақырыптары бойынша ұяшықтар беріледі.Ол ұяшықтағы мақал-мәтелдің жалғасын табады.



3-тур. «Ширату» әзіл аралас сұрақтар қойылады.Әр топ жұмыла,жылдамдықпен жұмыс жасаймыз.

  1. Тауық түс көре ме?

  2. Теңіз тамшыдан құрала ма?

  3. Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен
    тұрса қанша кг?

  4. Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?

  5. Теңіздің ортасында не бар?

  6. Алфавиттің ең соңғы әрпі?

Ненің көлеңкесі жоқ?


Әр топқа әзіл аралас сұрақтар қойылады.Жауаптарын тез тауып әр топ жарысады.



4 – тур. «Суреттер сөйлейді» Әр топқа бір суреттен көрсетеміз. Топ бірлесіп мақал-мәтел құрастырамыз. Мағынасын ашамыз.


Кітап,қоян,көз,қой,қыз,ат суреттері

көрсетіледі.

Әр топқа бір суреттен көрсетіліп,сол суретке топ болып,бірлесіп мақал-мәтел құрастырады. Мағынасын ашады.




5-тур «Ойлан тап!» Оқушылар қоржындағы асықта жазылған әріптерді алу арқылы мақал-мәтел құрастырады.Мағынасын ашады..



Әр топ тандаған әріптері арқылы мақал-мәтелдер құрастырады Мағынасын ашады.




2 мин.

Жинақтау

IV.Сабақты қорытындылау

Әділқазылар әр топқа ұпай беріп,жеңімпаз топты жариялау.





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
1012
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12