Сөз өнері тақырыбында эссе

Тақырып бойынша 20 материал табылды

Сөз өнері тақырыбында эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөз өнері тақырыбында эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сөз өнерінің құдіреті

Сөз айтуға жеңіл болғанымен, салмағы ауыр. Жай ғана сөз үлкен оқиғалардың бастамасы болуы да мүмкін. Бір-ақ сөз үлкен кикілжіңге нүкте қоюға да құдіретті. Өзімізге хақ еліміздің сонау атақты билері бар мәселені күшпен емес, сөзбен шешкен. Келе жатқан асау жауды сөзбен қайырған. Осындай алапат күшке ие сөздің құдіреті қайда жатыр десеңші! Ал енді бүгінгі таңдағы сөз құдіреті қандай?

Аңғал сөйлеп, аспа, Ойланып ал, саспа” дегендей, ойланып сөйле дейді ғой халқымыз. Себебі, ол сөзіңнің астарында үлкен жауапкершілік тұрады. Жоғарыда бүгінгі таңның сөз құдіреті жайлы тақырып қозғағандықтан , оны анықтау үшін президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдауын алып отырмын. Жолдау 2022 жылы 1 қыркүйекте жарияланған. Мұнда алдағы жылдарға қойылған мақсаттар мен көзделген өзгерістер жазылған. Айтып өткенімдей, сөздің артында үлкен жауапкершілік тұрады, сол себепті жолдауда қозғалған мәселелерді саралап көрейік. “Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім” - дейді Елбасы. Алысқа шолу жасамайық, бүгінге дейін өз қаламыздағы жолдарға жөндеу жұмысы жасалғанын білеміз. Қазіргі уақытта да көше жолдарын кезегімен жөндеуде. 2025 жылға дейін жолдарымыз жақсартылатыны анық. “Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі.” Шынымен емдеу мекемесі жоқ ауылдар бар, сол ауылдың тұрғындары ауыр жарақат алса дер кезінде емделе алмай, оқыс оқиғаның құрбаны болуы мүмкін. Сол үшін Президентіміз әрбір ауылда емдеу мекемелері болуын қолына алды, бұл Елбасының халық жағдайы мен денсаулығын алғашқы орынға қоятынына дәлел. Әр елдімекенде өзінің ауруханасы болса тұрғындары үшін де өте тиімді болар еді. “Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынды”, білім елдің тірегі мен маңызы. Білімді ұлт қана алға қадам жасап, биік асуларды еңсеруге қабілетті. Бүгінгі күн біліммен өлшенеді. Әрбір оқушы сапалы білім алуға құқылы. Сапалы білімге қол жеткізу үшін әуелі оқитын орын қолайлы болуы қажет. Сол себептен “Жайлы мектеп” жобасын қолға алды. Болашақта мықты мемлекеттермен иық тірестіру үшін жас ұрпақ озық ойлы, жоғары білімді болуы керек екенін жақсы білеміз. Бұл ой Президентті де толғандырған тәрізді. “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” дегендей, жолдауда мына бір жолға назар салайық: ”Білімді және бірнеше тілді меңгерген ұрпақ болашаққа сеніммен қадам басады. Біздің күшіміз – жастардың білімінде”. Жас ұрпақ халықтың үміті. Өзге елдердің тілін меңгеру дәрежемізді түсірмейді, керісінше, екі есе көтереді. Бұл біздің еліміздің сенімді өскелең ұрпағының барын көрсетеді. Жолдаудағы Президенттің айтқан сөзін жаза берсем көп: ұлт, кәсіп, тұрғын-үй, бала, білім, отбасы, заң, құқық, экономика, саясат, денсаулық, автожол, бизнес , шетел компаниялары. Бұның бәріне жеке тоқталып өткенше жолдаумен неге дербес таныспасқа? Мұндағы жазылған әрбір Елбасының ойымен толық келісемін және қолдаймын.

Сөзімді жолдаудағы осы жолмен қорытындылағым келеді. ”Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы. Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ. Ел бірлігі қашанда ең басты құндылық саналған. Қазір оның өзектілігі арта түсті. Халқымыз татулық пен тұрақтылыққа ерекше мән берген. Оны бәрінен биік қойған. Біз дәл осы кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білуіміз керек.” Елбасының бұл жерде айтпақ болғаны біздің күшіміз бірлікте, халқымыз баяғы заманда хан, билердің сөзіне қалай құлақ салса, біз қазір Президентіміздің сөзіне дәл солай елді жұмылдыруымыз керек. Жолдауда айтқан мақсатына қол жеткізуге ел болып көмектесейік, жолдауды бірге іске асырайық. Құндылығымызды жоғалтпайық, сөз құдіретінен аттамайық! Қазақ халқымыз бұрынғы заманнан сөзді жоғары қойған, сол арқаннан біз де ұстанып “сөз өнерінің құдіретін” дәріптейік!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2025
185
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі