Сөз қадірі - өз қадірің

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөз қадірі - өз қадірің

Материал туралы қысқаша түсінік
сөз қадірі өз қадірің тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Абдуллаева Д

Сынып:9а

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: «Сөз қадірі - өз қадірің»

Сабақ мақсаттары

- Балаларды әдепке, қоршаған ортада өзін- өзі дұрыс ұстауға, дұрыс сөйлеуге, үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге үйрету. Адам бойындағы асыл қасиетті сөздердің мағынасын түсінуге үйрету. Адамдармен адамгершілік қарым - қатынасын көтеру. Балалардың есту, сөйлеу қабілетін дамыту, есте сақтау қабілетін жаңғырту.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

Сабақтың басы


-Өзек қуа ағады өзен судың саласы,
Алыстан сәлем береді әдепті елдің баласы: - деп әдептілігімізді көрсете отырып, ұстаздарымыздың калын жағдайын сұрай отырып, амандасайық.

плакаттар






Сабақтың ортасы



Сөз қадірі өз қадірің!


Сөз - адам үшін тәрбие құралы, білім-білік, мәдениет, өнер бастауы, ақыл-ой, әсемдік қазынасы. Сондықтан да сөзді шашпа - тегін дүние көріп, оңды-солды талғаусыз айта берсең, жұғымы, қадірі болмайды. Білімпаздар айтқандай: «Сөз қадірі - адамның өз қадірі, сөзі кұпсыздың өзі кұпсыз».

Сөз өнері - атаулының ең қиыны мен күрделісі. О. Бальзак

Айналасындағы адамдарға «Ей», «Сен» деп, дөрекі тіл қатпай «Сіз» деп сыпайы сөйлеудің мәдениеттілік, ізеттілік қана емес, қарым-қатынасқа жұмсақтық, жайдарылык дарытатын күш екенін ұғынып отырған жөн. Жылы шырай тек сәлемдескенде ғана емес, адамдарға тіл катканда, сөйлескенде де керек нәрсе. Сөйлесуге «ғафу етіңіз!», «кұлағым сізде», рұқсат етіңіз, өтінемін, «ләббай» - деген сиякты сөздерді орнымен кірістіріп отыру жағдайды жайландырып отыратыны есте болуы тиіс.
Сөйлеудегі ең жақсы қасиет - ой-пікірін қысқа әрі дәл айтып жеткізушілік. Алтын-гауһардың қымбат саналуы - олардың аздығынан. Олардың аздығы тазалығы десек, қысқа, қоспасыз, ұғымды сөз де қадірлі. Орыстың аса шебер жазушысы А.П. Чеховтың: «Қысқалық-таланттың сыңары» деуі де сондыктан Ал, қазақтың «Көп сөз көмір, аз сөз алтын», «Көп сөйлеген я жолдасынан, я кұрбысынан айрылады», «Жаксы байқап сөйлейді, жаман шайқап сөйлейді», «Аңғармай сөйлеген- ауырмай өледі», «Сөз куган бәлеге жолығады», «Жақсы сөйлесе аузынан нұр төгіледі, жаман сөйлесе аузынан жын төгіледі», «Жақсының сөзі назалы, жаманның сөзі ызалы». Ғұламалар: «Көп нәрсенің қадірі болмайды»- дегенді айтуынын сөйлеуге де тікелей қатысы бар. Олай болса мына суреттерге қараңдаршы... (Егер жапырақ жалғыз болса)

Сол сиякты сөздің де кадірін түсіну керек. Әр сөзді байкап, терең ойланып барып, тіл қату керек!

Презентация













Сабақтың соңы

Сөйлеудің қасиеті әдептілігі мен әдемілігіне қоса, шындығында жалған айту, өтірік сөйлеу кісілікке жатпайды. Халық өтірікшіні жексұрын ретінде жек көре отырып, айыптайды. Жеткіншек ұрпақты: «Өтірік сөз өрге баспайды», «Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді» деп, жалған сөйлеуден жирендіріп, шындыкка үндейді. Тегінде шын сөйлеу әдептіліктің ең негізгі белгісі. Данышпан Абай «Адамның бес душшпаны бар: өсек, өтірік, мактаншак, еріншек бекер мал шашпақ» деп көрсетеді. Сондықтан өз пікіріңді алдымен өзің кұрметте, айтылып, аяқсыз қалып қоятын сөзді айтпа. Әрбір сөзің мен ісің табиғатына, өмірлік қағидаларына сай болса «Адамдар қалай ойлап қалады екен» деп жалтақтама. Егер ісін мақұлдана калар болса, «ісіме берілген баға артыктау болып кетті-ау» деп те қысылма. Сөз бен акикат екі түрлі болған кезде сөзіңнен тез қайтқаның дұрыс. Айтқан сөзің түсініксіз болса айтар ойын түсініксіз болғаны. Кейде үндемей қалғанда үлкен сөз айтқанмен бірдей. «Сөйлесем, сөзім - өзіме тере, үндемесем өзім өзіме төре» депті Сағди.

Суреттер



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.04.2024
531
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі