«Сөз құдіреті» қалалық зияткерлік-поэтикалық сайысы
Өткізілетін орны: Колледждің мәжіліс залы .
Көрнекілігі: Слайд, кітаптар көрмесі.
Қатысушылар: Қала колледждерінің 1 курс білім алушылары.
І бөлім: Салтанатты ашылу
(Сахна сыртынан күй ойналып тұрады. Жүргізушілер салтанатты түрде шығады)
1-жүргізуші:
Сөз деген — кие, ұшқан оқпен тең келер,
Орынды айтсаң — өрге сүйреп, дем берер.
Жүрекке ем де, жанға жара салатын,
Құдіретіне бүкіл әлем бас иер.
2-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қатысушылар және бүгінгі сайыстың қонақтары! Сөз қадірін ұғынған, өлеңнің өрнегін сезінген барша қауым! Бүгін біз ерекше рухани кештің куәсі болмақпыз. Адамзат баласының асыл қазынасы – сөз өнерін ұлықтайтын, ой мен парасатты саралайтын «Сөз құдіреті» атты қалалық зияткерлік-поэтикалық сайысқа қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Сөз
– ұлттың жаны, рухтың үні. Сөз арқылы
тарих сөйлейді, сөз арқылы жүрек
тербеледі. Бүгінгі сайыс – сол сөз
құдіретін танытатын, жас дарындардың
өнерін шыңдайтын алаң.
2-жүргізуші:
Бұл
сайысқа қала колледждерінің білімді
де дарынды жастары қатысып, өздерінің
білімін, тапқырлығын және поэзияға
деген сүйіспеншілігін ортаға салмақ.
2-жүргізуші:
Олай
болса, бүгінгі сайысымызды бастауға
рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: «Өнер алды — қызыл тіл» дейді дана халқымыз. Сөзбен тасты жібітіп, сөзбен рухты көтерген бабалар аманатын арқалаған жастарымыз бүгін бақ сынайды.
-Сайысқа қатысушыларды құттықтау сөз Талдықорған индустриялық колледжінің директоры Джумадилов Асет Казыевичке беріледі
2-жүргізуші:
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Байқауымыздың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
(Қазылар алқасын таныстыру)
1. - Джумадилов Асет Казыевич - Талдықорған индустриалық колледжінің директоры.
2. Жабыкбаева Шолпан Едиловна – директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
3. Карипжанова Хафиза Советовна - директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
ІІІ бөлім: Сайыс кезеңдері
1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 4 негізгі кезеңнен тұрады: Қатысушылардың әр кезеңдегі бағасы ереже бойынша бағаланады. Енді сол байқаулар кезеңдерімен таныстырып өтсек:
1-кезең: «Сәлем — сөздің анасы» (Таныстыру: ақындық шеберлікпен өзін таныстыру).
2-кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр» (Зияткерлік кезең: әдебиет пен тіл біліміне қатысты сұрақтарға жауап беру).
3-кезең: «Суырыпсалма ақын» (Импровизация) кезеңінде берілген тақырыптарға 7 минут ішінде 3 шумақ өлең жолдарын шығару.
4-кезең: «Ұлы тұлғаға арнау» Әр команда қазақтың «Бес арысына» арнау өлең оқиды.
2-жүргізуші: Ал ендеше, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, бұл ойынға қатысушы білімді, талапты білім алушылармен таныс болыңыздар! «Ақ халатты шешендер» Авиценна колледжі, «Сөз аспаздары» Сервис және технология колледжі, «Болашақ жастары» Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, «Темір тұлпар» Талдықорған индустриялық колледжі, «Белес» Сервис және технология колледжі.Алдағы жарыста қатысушыларға сәттілік тілей отырып, алғашқы кезеңді бастауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші:
1-кезең «Сәлем — сөздің анасы» сайыскерлер өз топтарын таныстырады. Үміткерлер кезекпен шығып, өзін, колледжін, мақсатын өлеңмен немесе көркем сөзбен таныстырады. Уақыт шектеуі: 2 минут.
2-жүргізуші:
2-кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Ой түбіне үңілсең, сыры терең,
Ақылдыға әрқашан ашық белең.
«Тапқыр болсаң, тауып көр» деп тұрмын мен,
Жұмбақ сөздің жетегін берсем егер! - дей келе қатысушы топтарды кезекпен ұяшықтардағы әдебиет пен тіл біліміне қатысты сұрақтарға жауап беруге шақырамыз.
3-кезең: «Суырыпсалма ақын» ең қиын да, ең қызық кезең. Мұнда ақындардың нағыз шеберлігі сыналады. Импровизация кезеңінде төменде берілген тақырыптарға 7 минут ішінде 3 шумақ өлең шығарасыздар.
Тақырыптырды ұяшықтардан таңдайсыздар.
1-жүргізуші:
4-кезең: «Ұлы тұлғаға арнау»
Алаштың айбары боп туған ерлер,
Елім деп еңіреген, тер төккендер.
Мағжан мен Жүсіпбектей асылдарым,
«Бес арыс» — бес жұлдызы қазағымның ! – дей келе әр команда қазақтың «Бес арысына » арнап шығарған арнау өлеңдерін оқиды.
(Командаларды сахна төріне шақыру)
ІІІ. Қорытынды бөлім
2-жүргізуші:
Сөз деген — құдірет қой, түсінгенге,
Сөз болып айналады ісің де өңге.
Жүректен шыққан жылы сөз ғана,
Жылуын бере алады кісіге де.
– деп бүгінгі «Сөз құдіреті» қалалық зияткерлік-поэтикалық сайысымыз мәресіне де жетіп қалды олай болса, әділ қазылар алқасынан әділ бағасын беруді сұраймыз.
-Қазылар алқасы шешім шығарғанша, колледжіміздің білім алушысы Нұрзақ Алдиярдың орындауында әсем әнді қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі
2-жүргізушісі:
-Бүгінгі «Сөз құдіреті» атты қалалық зияткерлік-поэтикалық сайысымыз өз мәресіне де жетті. Сөз өнерінің құдіретін сезіндірген, ой мен жүректі тоғыстырған бұл кеш – баршамызға ерекше әсер сыйлады.
Сайысқа қатысқан барлық үміткерлерге алғысымыз шексіз! Сіздер өз білімдеріңізбен, тапқырлықтарыңызбен және поэзияға деген сүйіспеншіліктеріңізбен көпшілікті тәнті еттіңіздер. Әрбір қатысушы – бүгінгі кештің жеңімпазы!
1-жүргізуші:
-Құрметті көрермендер! Сіздердің қолдауларыңыз бен ыстық ықыластарыңыз бұл шараның көркін қыздыра түсті. Сіздерге де үлкен рақмет айтамыз!Осындай тағылымы мол, рухани кештердің жалғасы таба берсін! Сөз өнері – мәңгілік, ал оны дәріптейтін жастарымыз – ел болашағы.
Бірге:
Келесі кездескенше аман-сау
болыңыздар!
Көңілдеріңіз көтеріңкі,
жүздеріңіз жарқын болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Сөз құдіреті» зияткерлік-поэтикалық сайысы

шағым қалдыра аласыз