400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

"Сөз шебері" бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сөз шебері» элективті курсының негізгі мақсаты-оқушыларды ойлау еңбегіне дағдыландыру,ізденіске жетелеу,жазбаша көркем тілін дамыту,олардың қабілет дарынына әсер ету,шығармашылық жұмыстарға баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы

Шардара қаласы

№1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі













Сөз шебері

Элективті курс

8-9 сынып













Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:

Ахетова М











2019-2020 оқу жылы



«БЕКІТЕМІН» « КЕЛІСЕМІН» ӘБ ОТЫРЫСЫНДА ҚАРАЛДЫ:

Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі ӘБ жетекшісі Э.Мархабаева________ Е.Акбердиев____________ Б.Тоқшабай _____________ Хаттама №________«_____» ________________ «______» ______________ «______» _________________

















































Түсінік хат

Тіл қашанда ұлт мәдениетінің,өнер-білімнің ұлы қаруы,алтын тұғыры саналатындықтан,қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады.Осы тұрғыда алғанда курс оқушының талабын ұштап,шығармашылық,тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді,ой-өріс деңгейін биіктетеді. «Сөз шебері» элективті курсы бойынша өткізілген сабақтарда әроқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл оқушының қабілетін дамытады,белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып,оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады.Сонымен қатар оқушының білімді шала түсінген тұстарын тәжірибе жүзінде нақтылауда атқаратын қызметі зор. «Сөз шебері» элективті курста жүргізілетін оқу әрекеттері: мәнерлеп оқу,жаттау(өлең,мәтінінен үзінді,халық ауыз әдебиетінен үзінді, көркем әдеби сөздер); әңгімелеу (қысқартып,толықтырып,таңдауы бойынша);жазба жұмысы (сөздік тіл дамыту жұмыстары, эссе,шығарма мазмұнына).

Мақсаты:

«Сөз шебері» элективті курсының негізгі мақсаты-оқушыларды ойлау еңбегіне дағдыландыру,ізденіске жетелеу,жазбаша көркем тілін дамыту,олардың қабілет дарынына әсер ету,шығармашылық жұмыстарға баулу.

Оқушылардың таным көкжиегі кең,сөйлеу мәдениеті жоғары,өз ойын сенімді,жігерлі,шешен тілмен жетаізе білетін, көпшілікті өз сөзіне ұйыта алатындағды қасиеттерге бейімделіп тәрбиеленуі қажет.Осы мақсатта бағдарламада оқушылардың ойын ,тіл шеберлігін,сауаттылығын,шығармашылық қабілетін арттыратын, тіл шеберлігінің ұшталуын,тіл ұстартуды көздейтін жұмыс түрлері іріктеліп алынған. «Сөз шебері» элективті курсына құрылған жұмыстың жоспарына сәйкес өтетін тақырыптарды толық меңгерту астарлы ойды түсіну қабілеті

Ұшталған,ойын жүйелі жеткізуге бейімделген.Сөз сазына зер салатын, сөз шеберлігі мен кемшілігін аңғара білетін,жазба тіл шеберлігіқалыптасқан айшықты сөйлеуге бейімделген тұлғаның тәрбиеленіп шығуына жол ашылады.

Міндеттері:

1.Курс мазмұнын меңгерту арқылы оқушыларды сөз өнерін бағалай білуге үйрету.Сөз адамның ой-өрісін мәдени дәрежесін,байыптылығын,ақыл-парасатын көрсетілетінін ұғындыру.

2.Тіл-адамның ішкі жан дүниесінің айнасы екенін ұғындыру.

3.Эссе, әңгіме, мәтін, ертегі,өлең түйіндеме жаздыруға баулу.

4.Сөздік қорын молайтуға, өз ойын дұрыс жеткізуге дағдыландыру үшін мазмұны тартымды, тілі көркем фонетикалық жұмбақтар, анаграмма, ұйқасты өлеңдер құрғызу.

5.Сөз өнерінің құдіретін таныту арқылы кәсіби бағдар беру.

6.Оқушыларды шешендікке тапқырлыққа баулу ,олардың дүние танымын қалыптастыру.


Күтілетін нәтиже:

Шешен сөйлей білетін,сөз қадірін бағалай білетін,ойын көркемдеп қағазға түсіре алатын,сауатты жазуға жаттыққан,түрлі әдеби жанрларды жаза алатын тұлға қалыптасады.


№

Өтілетін тақырыптар

Сағат саны

мерзімі

Тіл мәдениеті туралы түсінік


1


Әдебиет тілі мен әдеби тілдің

ерекшеліктері

1


Тіл және сөйлеу


1


Сөйлеу мәдениеті


1


Өнер алды - қызыл тіл


1


Өлең


1


Тірек сөздермен өлең құрау


1


Ой толғау: Туған жерім

шабытымның көзісің.Ертегі әлемінде

1


«Мәңгілік ел құндылықтары»

Ойдан ертегі құрау

1


Шешендік өнер. Бұқар жырау,Қазыбек би оқушыларға тіл мәдениеті жайлы толық мәлімет беру

1


Мерекелік құттықтаулар. «Асыл жанға» арнаймын жырдан шашу

1


Шығармашылық диктант.

Эссе.

1


Отбасы –бақыт мекенім.

Қолжазба.

1


Қолжазба.(Журнал шығару) «Жас қалам».

1


Ұйқасын тап ойыны.

Өлеңдерді ұйқастыру

1


Эссе

Мен өскенде кім болам?

1


Поэзия тілінің құдіреті.

Өлеңдер жазу,жаттау

1


Сөйлем тыныс белгісін сұрайды


1


Сынып ақындары.Тірек сөздермен

өлең құрату.

1


Эссе.

Табиғат біздің анамыз.

1


Мәтіндік тапсырмалар

1


Түйіндеме.Берілген

мәтіндерді ықшамдау

1


Мазмұндама.

Отбасым-менің жылы ұям

1


Эссе.

«Қалдырған ізің мәңгілік »

1


Қолжазба.(Журнал шығару) «Жас қалам».

1


Мақала.

«Менің мектебім»

1


Пікірталас.

«Тіл-ел байлығы»

1


Мақал –мәтелдер. «Әдептілік,ар-ұят,адамдықтың белгісі»тақырыбында жаттау

1


Шешендік сөздер.Төле би,Жиренше шешен.

Шығармашылық жұмыс.

1


«Ең таңдаулы жұмыс» «Біз таңдаған қаламгер» оқыған шығармаларын құрылысына талдау

1


Үздік ақынды анықтау.

Мектеп білім тақырыбына өлеңдер жазу.

1


Қорытынды сабақ

Жылдық қорытынды жасау.

1

























































Пайдаланған әдебиеттер.

1.«Асыл мұра» негізгі бағдарлама.

14.09.2001

2. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту.

3.М.Балақаев. Алматы

Мектеп 1989

4.Тіл мәдениеті оқу құралы

З.Бейсенбаева т.б Алматы 2005

5.Шығармашылық қабілеттер және

дамыта оқыту

Б.Тұрғынбаева, Алматы 1999













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
26 қараша
1034
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі