Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сөз таптары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі пәні бойынша қысқа мерзімді жоспары

Бастауыш сынып мұғалімі Жеңіс Ұлжан

1

Мерзімі

Күні

Сабақта 7 модульдің қамтылуы

2

Сынып

3

Сабақтың өне бойында А-өте жақсы, Б- жақсы, С-төмен оқушылар назарда ұсталды.


3

Пәні

Қазақ тілі



4

Тақырыбы

Сөз таптары



5

Мақсаты

1) Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
2) Сын тұрғысынан ойлауын, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамыту.
3) Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, бірінің сөзін бірі зер салып тыңдай білуге, құрметтеуге үйрете отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.



6

Күтілетін нәтиже

Тақырыпты толығымен ұғады.Топпен,жұппен жұмыс жасайды. Өз ойын еркін жеткізеді және өзіндік ой түйеді. Сөз таптарына мысал келтіріп, сұрақ қоя біледі.



7

Сабақтың типі

Жаңа білім беру



8

Сабақтың түрі

Аралас сабақ



9

Әдістері

 Баяндау,ортада қаламсап, «Т» кестесі, «Атом - молекула» әдісі, «Сөздер банкісі», «крестиктер мен нөлдіктер» әдісі, постер қорғау, жеке жұмыс, топтық жұмыс, кестемен жұмыс, т.б.



10

Ресурстар

Тақырыпты суреттер, постер, таратпа материалдар, стикер, маркер, кесте, үлестірме қағаздар.



11

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


12

Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық жүргізу.

Оқушылар хормен жауап береді.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дана тілім - деп сабағымызды бастаймыз.

Сынып 4 топқа бөлінеді.

І топ «Зат есім» ІІ топ «Сын есім» ІІІ топ «Сан есім» ІҮ топ «Етістік»

Психологиялық дайындық жүргізеді, бір-біріне тілек тілейді.

4 топқа бөлінеді.

АКТ

13

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыпты қайталау. Диктанттың бағасын хабарлап, қатемен жұмыс жүргізу.




14

Үйтапсырмасын бекіту

Өткен тақырыпты бекіту. Сұрақтар қою.

«Крестиктер мен нөлдіктер», «Қар кесегі» әдістері бойынша оқушыларға өткен тақырыптардан сұрақтар қою.

Оқушылар өзара алған білімдерін топта толықтырады, талдайды, қорытындылайды.


15

Жаңа сабаққа дайындық


















Электронды оқулық


Сабағымызды Ұлықбек Есдәулетовтың өлең жолдарымен бастаймыз.

Мынау - сары қарындаш,

Мұнымен кунді бояймын.

Мынау – қоңыр қарындаш,

Мұнымен құмды бояймын.

Мынау - жасыл қарындаш,

Мұнымен гүлді бояймын.

Мынау – көк қарындаш,

Мұнымен суды бояймын. 


Балалар, осы өлең жолы бойынша сендерге бірнеше сұрақтар қоямын. Осы сұрақтарға жауап бере отырып бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын білетін боласыңдар.

  • Қандай қарындаш?

  • Сары қарындашпен не бояймыз?

  • Қоңыр қарындашпен нені бояймыз?

  • Өлеңде қандай түсті қарындаштар айтылған?

  • Біз қарындаштарды не үшін қолданамыз?

  • Өлеңдегі қарындаштардың саны қанша?

Сөздер мағынасына қарай әр түрлі сөз таптарына бөлінеді: зат есім, сан есім, сын есім, етістік.



Сұрақтарға шапшаң жауап беру.









Сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақпен танысады.

СТО, Диалог

16


Жаңа сабақ

(15 минут)













Оқулықпен жұмыс




















Дәптермен жұмыс









Тақтамен жұмыс






Сергіту сәті


1 – жаттығу. «Миға шабуыл» әдісі

Мәтінді оқы. Неліктен сөздер сөз таптарына топтастырылғанын ойлап көр.

Көп нүктенің орнына тиісті сөз табын қойып айт.


Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан – жағыңнан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.

Заттардың қимылын, іс – әрекетін білдіретін сөздер етістік деп аталады.

Заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы) ие. Заттың сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз.

Заттардың санын, реттік қатарын білдіреін сөздерді сан есім дейміз.

Электронды оқулық арқылы сөз таптарына мағлұмат беру.




2 – жаттығу. «Постер қорғау» әдісі

Әр сөз табы туралы білетініңді айт.







Shape1

Зат есім


Shape2

Shape3

Етістік


Shape4 Нені білдіреді?

Shape7 Shape6 Shape5

Сын есім


Қандай сұрақтарға жауап береді?


Shape8

Сан есім




3 – жаттығу. «Атом - молекула» әдісі бойынша шашылған сөздерді жинақтап, мағыналарына қарай сөз таптарына бөледі.

Сөздерді оқы. Оларға сұрақ қойып, мағыналарына қарай кестеге орналастыр.


Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Жұлдыз, тау, ата, ақын, адам, құс.

Оқыды, жуынды, жүзді.

Көк, үлкен, биік, жасыл.

Екі, жеті, отыз.



4 – жаттығу. «Т» кестесі әдісін қолдана отырып, сөз тіркестерін құрайды.

Сөздерді оқы. Қайсысы заттың атын, қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықта.

Зат есім: қайық, бала, бақа, доп, құс, ұшақ, ағаш, балақай.

Етістік: жүзеді, секіреді, ұшады, өседі, жүреді.

Қайық жүзеді. Бақа секіреді. Құс ұшады. Ағаш өседі. Балақай жүреді.


Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.


5 – жаттығу. «Кім зейінді?»

Жаңылтпашты оқып, жатқа айт.

Сөздердің қай сөз табына жататынын анықта.

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім.

Неше кіші ішік піштім?




7 – жаттығу. «Сөздер банкісі» әдісі арқылы мағынасына қарай банкіге жинақтап салу.

Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендір.

Shape9

Зат есім


Shape12 Shape11 Shape10

Әдепті, қызық, қоңыр, қышқыл.


Shape20 Shape19 Shape18 Shape15 Shape17 Shape16 Shape14 Shape13

Жеті, тоғыз, жиырма елу, мың.

Биледі, өсті, тазалады, ұшты.

Аққу, емен, оқулық, ауа.

Сан есім

Сын есім

Етістік



Сұрақтарға жауап бере отырып, сөз таптарымен танысады. Сөз таптарына мысал келтіреді.












Топпен жұмыс


Сөз таптары бойынша өз білімдерін ортаға салады.









Топ мүшелері өз араларында тақырыпты талқылайды.



.



Берілген сөздер бойынша сөз таптарын ажыратады.

Сөз тіркестерін құрайды.
















Шапшаңдық танытып, жаңылтпаштарды жаттап алады.








Топпен бірлесіп тапсырмаларды орындайды.













17

Жаңа сабақты жинақтау

7 минут

«Қай сөз артық?» ойыны арқылы топтарға тапсырма беру.

Сөздерді оқы. Әр қатарда берілген бес сөздің қайсысы артық? Неге?

  1. Көк, он алты, қою, үлкен, дәмді.

  2. Нешеу, жүзінші, жеті, жиырма бес, бір.

  3. Бұлбұл, жел, сатушы, мың, бояу.

  4. Ұшырды, жазды, келмекші, ойланды, аң.


Сабақты қорытындылау.

«Кезбе тілші» әдісі арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша бір – біріне сұрақтар қояды.



Жаңылтпаштан сөз таптарын табу.

Үшкір тұмсық

Сұр шымшық

Сордан ұшты

Құрт шымшып.


Сұрақ қоя отырып, артық сөздерді табады.






Сұрақ – жауап




Мұғалімнің қорытынды сөзін тыңдап, жиынтық ой айтады.


18

Кері байланыс

2 минут

Сабақ соңында алынған рефлекциядан оқушылардың ойларын,сабақтан алған әсері туралы білу. «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар сабақтан нені үйренгенін , сабақта қай әдіс-тәсілдер ұнағанын айтады.


Оқушылар сабақтығы жақсы кезеңдерді, келесі сабаққа деген ұсыныстарын жазады.


19

Бағалау

1 минут

Бағалау критериі бойынша оқушыларды бағалау, төрт топтың бағасын шығару.

Оқушылар өздерін бағалауды үйренеді. Бір-біріне деген сенімділік артады.

ОҮБ, формативті бағалау

20

Үйге тапсырма

6 – жаттығу. Борсық туралы қосымша мәліметтер жинау. Ережелерді жаттау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
440
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12